Шарафиденова
Г.Т., экономика факультеті, қаржы 2 курс
Ғылыми жетекшісі: Ахметқали Т.А.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Қазақстан
Республикасының Қаржы жүйесіндегі бюджеттің
атқаратын рөлі
Қазақстан
Республикасы қоғам алдындағы өз міндеттерін орындау
үшін мемлекеттік бюджеттің кірісін қажетті түсімдердің
көлемін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет пен
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық
өзара қарым-қатынастағы мүдделерінің
теңгеріліміне қол жеткізу және стратегиялық, бюджеттік
жоспарлауының біртұтастығын қолдау мақсатында орнықты
бюджет жүйесін, әлеуметтік-экономикалық басымдықтарды
қалыптастыратын бюджет саясатын құруы қажет.
Қазіргі
кезеңді талдайтын болсақ, бүгінде бюджеттің
атқарылуында біраз жетістіктер бар, негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштердің тұрақтануына жағдайлар жасалып
жатыр. Тиімді бюджет жүйесін құру жөнінде едәуір
қадамдар жасалды. Мемлекеттік кіріс жүйесіндегі реформалау,
мемлекеттік бюджет қаражатының келіп түсуін бақылау мәселелеріне
байланысты барлық фискалдық органдарды бір ведомство шегінде
шоғырландыру іске асты. Шығыстардың тиімді жүйесін
жасау жөнінде шаралар қолданылды. Қазынашылық
жұмысы тиісті деңгейде жолға қойылды [1].
Нарықтық
экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі елдің
экономикалық дамуының және саяси
тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды
шарты болып саналады. Қазіргі заманғы мемлекет экономикалық
өмірді енжар бақылаушы болып табылмайды, керісінше мемлекет
елдің шаруашылық-экономикалық өміріне белсенді
түрде қатынасады және де керек кезінде елдің
экономикасын тұрақтандыру үшін керекті шараларды да
жүргізеді. Қазақстан
Республикасының
қазіргі уақытта инновациялық саясатты дамытуға
байланысты нарық экономикасын реттеуде мемлекет және мемлекеттік
бюджеттің атқаратын рөлі өте маңызды болып
табылады
Мемлекеттік
бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға
сәйкес келетін материалдың- заттай іске асырылуы болады: бюджеттік
қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай
қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты
экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша ағынында
өзінің көріні- сін табады.
Мемлекеттік
бюджет мемлекеттің орталықталықтандырылған ақша
қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта
бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді. Қаржы
қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын
өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының
бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын
қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді.
Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік
тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды [2].
Экономикалық
қосалқы категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы
өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен
қоғамдық өнімнің құнын бөлу
және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен
қоғамдық өндірістің басқа қатысулары
арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.
Нарықтық
экономикалық дамуы көп жағдайда елдің
ұлттық табысымен және ұлттың байлығымен,
сонымен қатар бюджет құрылымдары жағдайымен
анықталады. Қаржылық, несиелік, бюджеттің
қатынастардың рөлі, алатын орны және мәні анық
болып келеді. Себебі, бұл қатынастардың жағдайына жалпы
ішкі өнім өсімінің, жұмыссыздық пен инфляция
деңгейінің, төлем балансы мен валюта бағамының
жағдайы және басқа да макроэкономикалық
көрсеткіштерінің ұтымды деңгейге жетуі тәуелді.
Нарықтық экономикада бюджеттік жүйе мемлекеттің
тұтас бүкіл экономикалық жүйесінің бөлігі,
қаржы жүйесінің маңызды элементі ретінде көрініс
табады. Бюджеттік жүйе бюджеттік рәсімдер мен қатынастарда,
бюджет процесінд, бюджет құрылғысында орын алатын кенет
өзгертулерсіз, тұрақты түрде қызмет жасайды.
Аталған шарт мемлекет жүзеге асырып отырған қызметтер
мен тапсырмалардың толықтығын, мемлекет
бағдарламаларындағы даму мақсаттары мен параметрлеріне
қол жеткізу мүмкіндігін анықтайды.
Соңғы
жылдары мемлекеттік басқарудың төмен тұрған
деңгейлеріне берілетін қаражат көлемінің артуына
байланысты бюджетаралық қарым-қатынастарды топталған
кодтардың толық көлемімен қамтамасыз ету үлкен
мәнге ие. Осыған байланысты, бюджеттердің атқарылуы
туралы дұрыс және шынайы есептілікті алу, оны беру жөніндегі
қызметтердің сапасын жақсарту үшін
Қазақстан Республикасы бюджетті жоспарлау, атқару
жөніндегі орталық өкілетті органдармен өзара
іс-әрекет етуді күшейту жолымен біріңғай бюджеттік
сыныптаманы жетілдіру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен,
әдістемелік және түсіндіру жұмыстарын жетілдіру талап
етіледі[3].
Әдебиеттер:
1.
Жұмағалиев Е.Б. // Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етудегі бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жолдары // ҚазҰУ хабаршасы №3,
2012 ж.
2. Смадиев А.
// Қаржы жүйесіндегі бюджеттің атқаратын рөлі,
экономикалық мәні мен мазмұны // АльПари №3, 2008 ж.
3. Касенова
А. // Қазақстан Республикасының бюджеттік процесін
ұйымдастырудағы мемлекеттік биліктің функциялары // Экономика
и статистика №2, 2011 ж.