Сатанбаева Алматай Утековна
Студент
Бекмағамбетова Тойған Елемесқызы
г. Актау
КГУТиИ им. Ш.Есенова, Институт экономики и право
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫНЫҢ ҚҰЙЫЛУЫ
Қазақстанға тікелей шет инвестицияларының
келуі негізінен бірлескен
еншілес кәсіпорын құру арқылы
мемлекеттік
кәсіпорындарды шетел капиталының қатысуы мен жекешелендіру, шетел фирмаларының басқаруына ірі өнеркәсіптік объектілерді беру арқылы және
банк секторына инвестиция
салу арқылы жүзеге асырылады.
Инвестициялау өнеркәсіптік сектордағы диспропорцияның
тереңдеуімен
қатар жүреді,
негізінен мұнай-газ өндіру өнеркәсібі
мен металургияға шоғырланады. Бай жер
қойнаулары бірінші кезекте
өзінің
салалық
бәсекелестерінен
озуға тырысатын
тәуекелді шетел инвесторларын тартты. Әлем
биржаларындағы
жоғарғы
баға катеровкалары жақсы
сұраныспен сатып алу
қабілетімен сай
келген өндірістік маусымдар осының бәрі
тек сыртқы факторлардың көрінісі еді.
Сонымен қатар Қашаған мұнайының үлкен
көлемі
басталған кезде олар
үшін мұнай-газ саласының салалық
инфрақұрылымы
қызығушылық
білдіре бастайды. Тікелей шетел
инвестицияларының
Қазақстанға
тікелей келуі көрсетілген.
Республикаға
шетел инвестицияларды тартудың перспективалы формалары келесідей:
портфельді инвестициялар (акция сатып алу); бірлескен кәсіпорындарды
құруға кететін инвестициялар; кәсіпорынды
басқаруға алған фирмалардың инвестициялары;
кәсіпорындарды өздері иеленуге алған компаниялардың
инвестициялары. Шетелден капитал қазіргі уақытта негізінде екі
канал арқылы тартылады: үкіметтік кепілдік берілетін
халықаралық несие және тікелей инвестициялар.
Қазақстан
көптеген инвесторларды бай табиғи ресурстарымен, арзан жұмыс
күшімен және ішкі рыноктың дамымағанымен
қызықтырады.
2012 жылғы 31
наурыздағы жағдайы бойынша инвестор елдер бөлінісінде
(тәуелсіздік кезеңінде) негізгі инвесторлар Нидерланды (38,3 млрд.
АҚШ доллары, 25%), АҚШ (22,6 млрд. АҚШ доллары, 14,8%),
Ұлыбритания (11,5 млрд. АҚШ доллары, 7,5%) және Франция (9,3
млрд. АҚШ доллары, 6,1%) болып табылады, оларда инвестициялардың
үлесі 5% және тартылған инвестицялардың жалпы
көлемі одан артық. Сондай-ақ тікелей шетелдік
инвестициялардың ең көп көлемі Қытайда (6,3 млрд.
АҚШ доллары, 4,1%), Италияда (5,9 млрд. АҚШ доллары, 3,8%)
және Ресей Федерациясында (5,3 млрд. АҚШ доллары, 3,5%)
байқалады.
2012 жылғы 1
тоқсандағы инвестор елдер бөлінісінде негізгі инвесторлар
Нидерланды (3 млрд. АҚШ доллары, 51,6%), Қытай (545,0 млн.
АҚШ доллары, 9,3%) және Канада (327,5 млн. АҚШ доллары, 5,6%)
болып табылады, инвесторлар үлесі 5% және тартылған
инвестицялардың жалпы көлемі одан артық. Сондай-ақ
тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп көлемі
Францияда (245,1 млн. АҚШ доллары, 4,2%), Ұлыбритания (227,8 млн.
АҚШ доллары, 3,9%) және АҚШ (176,4 млн. АҚШ доллары,
3%) байқалады.
2012 жылғы 31
наурыздағы жағдайы бойынша экономикалық қызмет
түрлері бойынша (тәуелсіздік кезеңінде) тікелей шетелдік
инвестициялар ағынының ең көп көлемі
кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке
(геологиялық барлау және іздестірулер жүргізу бойынша
қызметтегі артықшылық) – 60,8 млрд. АҚШ доллары
(39,9%), тау-кен өндіруші өнеркәсіпке және карьерлерді
игеруге – 47,4 млрд. АҚШ доллары (31,09%), өңдеуші
өнеркәсіпке – 15,8 млрд. АҚШ доллары (10,4%)
бағытталған.
2012 жылғы 1
тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша
тікелей шетелдік инвестициялар ағынының ең көп
көлемі кәсіби, ғылыми және техникалық
қызметке (геологиялық барлау және іздестірулер жүргізу
бойынша қызметтегі артықшылық) – 2,05 млрд. АҚШ доллары
(35%), ақпарат пен байланысқа – 1,6 млрд. АҚШ доллары
(27,6%), тау-кен өндіруші өнеркәсіпке және карьерлерді
игеруге – 1,38 млрд. АҚШ доллары (23,6%), өңдеуші
өнеркәсіпке – 0,43 млрд.
АҚШ доллары (7,4%) бағытталған.
Бұл суреттен
Қазақстан экономикасына Тікелей шетел инвестициялары ең
көп көлемде Нидерленды елінен және Америка Құрама
Штаттарынан келетінін байқауға болады. Ең аз көлемде
Канада елі мен Италия елінен келіп түскенін көреміз.

Сурет - Инвестор елдердің
Қазақстан экономикасына инвестициялық салымдары (млн,
АҚШ доллары)
Қолайлы
бизнес-климат және саяси тұрақтылық Тікелей шетел
инвестициялардың Қазақстанға көп мөлшерде
құйылуына мүмкіндік туғызды, 2005 жылдан бері
Қазақстанға 170 миллиард АҚШ долларынан астам
сомаға Тікелей шетел инвестициялары тартылды.

Сурет - Барлық Тікелей шетел инвестициялары (млн, АҚШ доллары)
Инвестиция
құрымындағы шетелдік құралдардың ең
үлкен үлесі мұнайлы өлке Атырау, Маңғыстау
және Батыс Қазақстан облыстарына түсіп тұр (84%).
Бір жыл бұрын бұл көсеткіш 80% көрсеткен. Негізгі
капиталға шетел инвестициясын тартуда аймақтардың ішінде
ең жоғары үлес салмағын Батыс Қазақстан облысы
44% алып отыр.
Қазақстанға
тікелей шетел инвестициясын тартуды талдау жасай отырып келесі негізгі даму
тенденциясын анықтауымызға болады:
-
инвестициялық климатты үнемі жетілдіру;
-
инвестициялық қызметтің
құқықтық базасын жетілдіру;
-
инвестициялық процесте мемлекеттің және ұлттық
инвесторлардың қызметін жандандыру;
-
кәсіпорындағы тозған технологияларды жаңарту;
- ғылым мен
білімді жетілдіру;
- экономиканың
инвестиция саласында банк қызметін жандандыру;
- үнемі
инвестициялық жобаны басқару жүйесін жетілдіру.
Әдебиеттер:
1. nationalbank.kz
2. http://www.regions.ru
3. www.stst.kz
4.
Қ а з а қ с т а
н Р е с п у б л и к а с ы н ы
ң « Ш е т е л
и н в е с т и ц и я с ы т у р а л ы » З а ң ы , 1 9 9 4 ж, 2 7 ж е л т о қ с а н.
5. Ұлттық
экономика, А.В.Сидорович, Ә.Ә.Әбішов,Алматы 2011ж.