Бидақметова Б.С. География
мамандығының 4 курс студенті
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік
Университеті, Қазақстан.
Қазақстанның трансшекаралық өзеніне
экономикалық-экологиялық сипаттама
Су
әлемнің әрбір мемлекетінің ауқаттылығына
әсер ететін маңызды қайнаркөз болып табылады. себебі,
суды халық және экономиканың барлық салалары
пайдаланады. Осы табиғи ресурстың көлемі мен сапасына
тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму,
қоршаған ортаның жағдайы және экожүйеге
байланысты. Жұмыр жердің
¾ бөлігін су алып жатыр. Таяу болашақта адамзат су
тапшылығы қауіпі бар деген болжамдар бар. Планетемызда шамамен 1,4
млрд.текше шақырым су болса, оның 2,5 пайызы немесе 35 млн.текше
шақырымға ғана тұщы судың үлесіне тиеді.
Осы тұщы судың басым бөлігі Антарктида және
Гренландияның қарлары мен мәңгі мұз
қабаттарында, сондай-ақ жер қыртысының терең
қойнауындағы жығаларда шоғырланған. Ал адамзат
тұтынатын бүгінгі тұщы судың басты көзі
негізінен-көлдер мен өзендер және жердің үстіңгі
қабатына жақын орналасқан жерасты су қорлары болып
табылады. Ендеше адамзат пайдаланатын ауыз су қоры бар болғаны 200
мың шаршы шақырымды немесе барлық тұщы су
қорының 1 пайыздан да аз мөлшерін немесе Жер шарындағы
барлық судың 0,01 пайызын ғана құрайды.
Бүгінде жер бетіндегі 263 трансшекаралық өзен-көл
бассейндері әлемнің 145 мемлекетінің аумағын ғана
басып өтіп, планетамыздың жарты бөлігін ғана
қамтиды. Осығанбайланысты қазір әрбір мемлекет онсызда
тапщы суға деген өз сұранысын барынша молынан қамтып
қалуға тырысады. Соның кесірінен трансшекаралық су
көздерін пайдалануда екінші бір елдің мүддесіне
нұқсан келіп, халықаралық қатынас барысында
кикілжің туындап, бара-бара мемлекетаралық қарулы
қақтығыстардың орын алуы әбден мүмкін. Қазіргі уакытта
Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінде су үлесі
тұрғысынан ең соңғы орынды иеленеді. 1950
жылдары Қазақстанда 120
млрд.текше метр шамасында су қоры болса, қазір оның
көлемі 100млрд.текше метрге дейін кеміген. Еліміздегі 100 текше
шақырымды құрайтын жер үсті су қорының 58
пайызы ғана республика аумағында жинақталады,
қалған су қоры
шекаралас орналасқан көрші елдердің аумағынан
келетінт трансшекаралық өзендердің суымен толығады.
Қазақстанға су Ресей мен Қытайдан, сондай-ақ
Қырғыстан мен Өзбекстанан бастау алатын өзендерден
келеді.
Жоғарыда айтып
өткендей ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен
өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген.
Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс,
Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің
төменгі сағасында орналасқандықтан да болар,
Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен
қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге
енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда.
Қазақстанның 8 су бассейні болса, соның 7-уі
трансшекаралық өзендер (Ертіс, Орал, Тобыл, Есіл, Іле, Шу,
Талас, Сырдария) болып табылады. Қазақстанның барлық су
ресурстарының көлемі шамамен 100 шаршы километр болса,
мұның 57-сі ел ішінде, 8-і Ресейде, 19-ы Қытайда, 15-і
Өзбекстанда, 3-і Қырғызстанда қалыптасып, сол елден
бастау алады. Бұған қарамастан, Қазақстан су
ресурстары тапшылығынан әлі де зардап шегуде. Су тапшылығы
жағдайын ірі өзендердің Республиканың шет
аумағынан және іші өзен бассейіндерінің су аздығы
қиындатады, нәтижесінде өз территориямыздың
аумағында су қоры жеткіліксіз қалыптасып, тең
мөлшерде бөлінбеуіне әкеп соғуда. Қазіргі кезде
Қазақстаннің кең көлемде су ресурстарын
қолдану және қоршаған ортаға жаңа
проблемалар туындатпай шаруашылық айналымға қосу
мүмкіндігі азайған.
Сондықтан, су
ресурстарын су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау
Қазақстан Республикасының және трансшекаралық
бассейіндері ортақ мемлекеттерінің басты міндеті болып табылады.
Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен проблемаларды бейбіт
жолмен шешуді ұстанатын ел екенін атап өту керек. Шекаралас
мемлекеттердің экономикалық және экологиялық даму
балансын сақтау, шаруашылықты қауіпсіздікті және
экологиялық жағдайды ескере отырып жүргізу, яғни
қоғам мен табиғаттың гармониялық даму талаптарына
сәйкес болу - трансшекаралық өзен су ресурстарын
басқару механизміне жаңаша қараудың
қажеттілігінен туындады. Сонымен, Қазақстан
Республикасының трансшекаралық өзен су ресурстарын
басқаруды жетілдіруді қажет ететін қалыптасқан
проблеманы шешімі халықаралық деңгейде, үкіметтік
және азаматтық қоғамның бірігуі арқылы,
трансшекаралық бассейіндердегі мемлекет аралық байланысты
күшейтудің жаңа механизмдерін талап етеді.
Су
ресурстарының жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі,
оны тиімді түрде пайдаланбау және қаржы жүйесінің
жетіспеушілігі. Орталық Азия аймағы мемлекеттерінде бір
адамға шаққанда суды пайдаланудың жоғары
деңгейдегі көрсеткіштері беріледі. Түркменстан суды пайдалану
жағынан әлемде бірінші орында, жылына - 6216 м³, екінші орында
Өзбекстан Республикасы - 4007 м³, үшінші орында
Қырғызстан Республикасы – 2663 м³, Тәжікстан Республикасы
– 2376 м³ және
Қазақстан Республикасы - 2264 м³. Ал дамыған елдерде
суды пайдалану деңгейі екі есеге төмен.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі:
1.
Трансграничные воды Центральной Азии: напиться можно только вместе / автор:
З.Бахаутдинова, 2004 г. // http//www.centrasia.ru/news.
2.
Водные ресурсы Центральной Азии: споры и проблемы / автор: Малика
Рахимова, 2008 г. // http// ww.caucasuctimes.com/article.
3.
Токаев
К. К.
Правда о государственной границе РК / К. К. Токаев. - Алматы : ИД
Жибек Жолы, 2007. – С. 228.
4.
Кошматов Б.Т. Межгосударственные водные
отношения и использование водных ресурсов в Центральной Азии / Б. Т. Кошматов
// Экология и устойчивое развитие.- 2004. - № 2. - С. 17-18.