Туреханова Гулжанар Ильясовна

ЭЕМ  ПРОГРАММАЛАРЫ

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз,

Республика Казахстан

E-mail: Tyrekhanova@mail.ru

 

Бағдарлама — магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.

            Интерфейс – программалық   жабдықпен жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу  шарттары  мен келісімдер жиыны. ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:

1)      жүйелі программалық  жасақ;

2)      қолданбалы  программалық  жасақ.

Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.

Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады:

1)  операциялық жүйелер;

2)  утилиттер;

3)  сервистік программалар.

Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйелерге; МЗ (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады.

Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды. Әртүрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалык; жасақтың негізгі түрлері мыналар:

-   мәтін редакторлары;

-  графикалық редакторлар;

-  электрондык  кестелер;

-  оқыту және ойнау программалары;

информациялық жүйелер және т.б.

Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, басқа машинаға қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.

Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды, оларды безендіру жолдары женілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері  бар.

Көп тараған мәтін редакторларына WordPerfekt, Mikrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б.  жатады.

Графиктік редакторлар графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады.

Графикалық редакторлар мәліметтердің есептелу нәтижесін график бейнесінде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Мысалы;

Түзу немесе қыйсық сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гисто-граммалар бейнесінде алуға болады, оларга автоматты түрде масштаб енгізуге, керек болса координата остеріне сандар мен атауларды жазып қоюға да болады. Күрделі графикалық бейнелер түрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютермен жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауын  да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса өуестенудің зиян екенін есте сақтау жөн. Программалау жүйелері шыққанға дейін әр адам өзі қолданатын программа мәтінін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы мәтін редакторы арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы программа - компилятор (транслятор) көмегімен өз мәтінін машина тіліне аударатын. Ең соңында үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын.

Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өндірістік өнімдер санатына кіреді. Бүл программаларды жасау мен тарату — өндірісті жүргізу заңдылықтарымен бірдей деңгейде болады деген сөз.

Бүл күндері тегін берілетін, шартты түрде (жартылай) тегін және сатылатын программалар бар. Программаларды сатып алу және тарату шарттары сол программамен бірге берілетін оның сатушысы не авторы дайындаған құжаттарда жазылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

·                    Совместный семинар ИПИ РАН и ИНИОН РАН "Методологические проблемы наук об информации"

·                     Theoretical Computer Science: взгляд математика // Компьютерра. — 2001. — № 2. 

·                    Статьи по информатике и информационным технологиям из научных библиотек

Штонда В. О компьютерных науках.