Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
доценті, п.ғ.к., Әбілқасымова
Г.Қ.
ПО11 тобының
магистранты Тоқтыбаева Г.С.
Инфографика - коммуникациялық форманың
бір түрі
Елбасының «Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз
бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы,
18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық
технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына
бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын
құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ
17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «онлайн тәсілінде
оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын
құру қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні
білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға
негізделуін және ақпараттық құралдардың
кеңінен қолдануын қажет етеді.
Педагогика ғылымында жаңа
әдістерді, тәсілдерді, құралдарды,
бағдарламаларды пайдалану. Инновациялық білім беру
құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер,
интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық
құрал, электрондық оқулықтар мен
оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық
банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік
бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер
құруға мүмкіндік беретін векторлық және
графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс
табуда.
Осындай құралдардың бірі – инфографика
заманымызға сай қазіргі қоғамды
ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы
бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.
Оның басты мақсаты –болашақ педагог мамандарды
даярлауда, мәтінге қарағанда, графикалық ақпарат
арқылы меңгерудің қажеттелігін ескере отырып, педагог
мамандардың кеңістіктік
визуальдық қабілетін, қазіргі заман талабына сай
инфографиканы қолданумен жетілдірудің актуалды өнім екенін
дәріптеу,
оқыту үдерісін жеңілдету жолы [1].
Инфографиканың басты
концепциясы иллюстрация арқылы ойдың тұжырымды кілтін
тыңдаушыға жеткізу, яғни тақырыпты сараптамадан
откізгеннен кейін, инфографиканы қолдану арқылы өңдеу
және берілгендерді жүйелеу арқылы жетілдіру. Болашақ
педагог мамандарды даярлауда ақпаратты алу арқылы оқып,
жұмыс істеп, психологиялық және графикалық
визуальдық қабілетінің дамуын қалыптастыру.
Студенттердің ақпаратты қабылдауы бірдей емес екенін ескере
отырып, салыстырмалы түрдегі жаңа тәсілдердің бірі
инфографиканың педагогикалық негізін, білім беру саласында
қолдануды жетілдіру болып табылады.
Инфографика тек көлемді ақпараттарды үйлестіріп
қана қоймай, сонымен қоса кеңістікте заттардың
арақатынасын, мәтінді
немесе мақаланы суреттеп көрнекті түрде графиктердің,
диаграммалардың графикалық нұсқаларын
қағазда немесе электронды
түрде жеткізуде, ақпаратты тез және оңай
меңгертуде, берілгендерді өңдеуде, арнайы компьютерлік
бағдарламаларды қолдануды меңгерту.
Инфографика бойынша қорытынды жобаны кезеңмен
орындауда, оқытушы студенттерге жаңа компьютерлік
бағдарламаларды графикалық нысандарды өңдеу және
тұрғызу тәсілдерін кеңінен нақты қолдануда,
графикалық редакторлы бағдарламаларды таңдау
сұрақтары бойынша кеңес көмек береді. Болашақ
педагог мамандықтары студенттері
алдында, мектепте педагогикалық іс тәжірибеден өту барысында
оқушыларға өз пәндерінің сабақтарын
дұрыс жеткізіп түсіндіру үшін, айқын және
қысқа нұсқадағы көрнекі
құралдарды дайындауда
инфографиканы тұрғызу тапсырмасы қойылған [2].
Инфографика презентациялық мәліметтерді
тұрғызуда маңызды
орын алатын коммуникациялық форманың бір түрі. Бір ғана
сауатты кескін мың сөзден тұрады. Оның мағынасын
ықшамдап, сол уақытта қажетті барлық ақпараттарды
береді. Кескіндеу ақпаратты тартымды және көрнекті етеді.
Білім беру саласында инфографиканы қолдану топтық
қабылдаудың негізгі тізбесін көрсетеді. Инфографиканың
қазіргі заман талабына сай педагог мамандарды даярлауда өте
қажеттігінің қолайлылығын көруге болады. Ол
өте көлемді ақпараттардың көлемін ұйымдастырылған түрде,
қабылдаушыға ыңғайлы түрде көрсетеді.
Бүгінгі әлемде бұл өте қымбат дүние [3].
Қазіргі
таңда студенттер әлеуметтік желіде, фотоқоймаларда, блогтарда
қоғамдық ақпараттарды жеңіл түрде жеткізе
алатын қабілеттері бар. Әрине бұл аралықтада
инфографиканың ең қолайлы құрал екенін,
яғни әлеуметтік желіде студенттер қажетті ақпараттарын
тарата алады.
Инфографика
қазіргі заман талабына сай тек қана студенттердің ғана
емес, оқытушылардың
өз пәндеріндегі ақпараттарды қысқа
әрі нақты, студенттердің қызығушылықтарын
арттыра отырып түсіндіруде, қажетті ақпаратты біраз
шағындалған түрде жеткізуде ыңғайлы
құрал.
Қолданылған
әдебиеттер:
1 Президентінің «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2 Салтыкова Г.М. Обучение
дизайну и компьютерному дизайну учащихся УВК № 1637 с художественно-эстетическим
уклоном. / Научные труды Mill У. Серия: Гуманитарные науки. Сборник статей.-
М.: Прометей, 2002. С. 474-475.
3 Туранова Л.М.
Методическая система курса «Компьютерная графика и геометрическое
моделирование» для системы педагогического образования: Диссканд. пед. наук. —
Красноярск, 1997. — 182 с.