Тасқын Тойбаев
Т.Жүргенов
атындағы Қазақ Ұлттық өнер
академиясының магистранты
Сандық хабар таратуға көшудің
Қазақстандық үлгісі
2012 жылдың шілде айынан бері сандық-эфирлік
трансляция Қазақстанда да басталды. Көптеген шалғай
орналасқан, бұрын ары кетсе 3-4 телеарна тамашалап отырған
елді мекендердің халқы енді жақсы сапада 15 арнаға
дейін қабылдай алады. 2015 жылдың соңына қарай
сандық эфирлік телехабар тарату желісімен Қазақстан
Республикасы аумағының 95 пайызын қамту көзделіп отыр.
Қазақстандықтар облыс орталықтары деңгейінде 30
арнаға дейін, өзге аумақтар деңгейінде 15 телеарнаны
сандық сапада абоненттік төлемсіз тамашалай алады.
2006-жылы
Халықаралық электр байланысы Одағына мүше елдер
қол қойған «Женева-2006» келісіміне сәйкес
Қазақстан 2015-жылға дейін толықтай сандық
эфирлік телехабар таратуға көшуі тиіс.
Бұл тапсырманы
жүзеге асыру жұмыстары екі кезеңге бөлінді.
Бірінші кезең –
201-жылы DVB S2 стандартындағы жерсеріктік телехабар тарату желісін іске
қосу.
Екінші кезең –
аналогтық эфирлік желіні жетілдіру, әрі 2011-2015 жылдары
сандық эфирлік телехабар тарату стандартына толық көшу.
2007
жылы Қазақстан Республикасында цифрлық телерадиохабарларын
таратуды дамытудың 2008 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды. Жоба мақсаты – телерадио хабарларын
таратудың сандық инфрақұрылымын құру
және дамыту, қазақстандық ақпараттық өнімді
сапалық және сандық жағынан күшейту, хабар тарату
нарығын қалыптастыру жолымен ақпараттық саланы
нығайту.
Қазіргі
заманғы әлемде теледидар мен радионың рөлі үлкен.
Мәдениеттің құрамдас бөлігі бола отырып,
теледидар мен радио қоғамның тілін, дәстүрін
сақтауға, діни және материалдық
құндылықтар деңгейін қалыптастыруға
әсер етеді. Бүгінгі күні телерадио хабарларын таратуды дамыту
ғаламдық сандық революция шеңберінде жүзеге
асырылады. Сандық теледидар мен радионың пайда болуы - осы
саланың 100 жылдық тарихындағы ең күрделі және
көп үміт күттіретін кезең. Сандық теледидар
хабарларын тарату саласындағы соңғы жетістіктер әлемдік
телекоммуникацияны дамыту барысын күрт өзгертеді. Теледидар
хабарларын таратуды бағалаудың техникалық өлшемдері -
бағдарламалардың саны мен олардың сапасы жаңа
тұтыну мүмкіндіктерімен – интерактивтілікпен және көп
функционалдықпен толықтырылады. Бұл 90-жылдары
неғұрлым көп таралған жылжымалы байланыс және
Интернет қызмет көрсетулеріне сандық интерактивті хабар
тарату қосылғанын білдіреді. Осыған орай республикада
телерадиохабарлар таратуды уақтылы енгізу маңызды басымдық
болып табылады. Мәселенің өзектілігі жалпыәлемдік
үрдістермен - "Женева-2006" келісімі шеңберіндегі
Халықаралық Электробайланыс Одағы белгілеген, сандық
хабар таратуды енгізу үшін (оның ішінде Қазақстан
үшін) өтпелі кезең болып 2007 - 2015 жылдар болып
айқындалды. Жерүсті сандық хабар таратуды дамытудың
бастапқы кезеңі - 2006 жылы іске асыру аяқталған.
Бұл телерадиохабарларын таратудың салалық
бағдарламасына сәйкес пысықталғанын атап өткен
жөн. Осы бағдарлама шеңберінде тестілік сандық хабар
тарату, жиілік ресурсын айқындау, көп бағдарламалы хабар
тарату жөніндегі ұсынымдар әзірлеу жөнінде
бірқатар іс-шаралар өткізілген болатын. Сонымен бірге
Қазақстанда сандық телерадиохабарларын таратуды енгізу
жөніндегі одан арғы жұмыстарды жүргізу,
орталықтандырылған стратегияны әзірлеу, ұйымдық,
экономикалық және институционалдық проблемаларды жою,
техникалық параметрлерді айқындау жөнінде шаралар кешенін
қабылдауды талап етеді. Сандық телерадиохабарларын таратуды
уақтылы енгізу қажеттілігі сондай-ақ, әсіресе
шекаралық хабар тарату аймақтарында ақпараттық
қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне негізделеді. Қазіргі
уақытта Қазақстанның шекара маңындағы
бірқатар елді мекендер қалыптасқан жиілік
құрылымына байланысты отандық теледидар орнына көрші
мемлекеттердің теледидар арналарын көруге мәжбүр болып
отыр. Радиохабарларын тарату саласында да осындай жағдай
қалыптасқан. Сандық телерадиохабарларын таратуды енгізу осы
мәселені болдырмауы тиіс. Тұтастай алғанда телерадио
хабарларын таратуды енгізу ауқымды мемлекеттік қолдауды талап
етеді. Теледидар мен радионы цифрлау үдерісін бастаған
елдердің тәжірибесі -
мұның айқын дәлелі. Іс жүзінде
әлемнің барлық елдерінде мемлекет өзі сандық
телерадиохабарларын таратуға көшуге бастамашы болып отыр.
Бұдан басқа, бұл мәселе мемлекеттік уәкілетті
құрылымдардың қатысуынсыз шешілуі мүмкін емес
проблемалар кешенін оңтайлы қарастыруды талап етеді. Олардың
қатарына сандық телерадиохабарларын таратуды енгізу мен оның
жұмыс істеуінің нормативтік- құқықтық
базасын әзірлеуді және қабылдауды, хабар таратудың техникалық
стандарттарын бекітуді, рынокқа қатысушылардың жұмыс
істеу жағдайларын айқындауды, радиожиілік спектрін бөлу мен
пайдалануды, инфрақұрылым объектілерінің әзірлігін
қамтамасыз етуді, халықтың әлеуметтік әлсіз
санатын қолдау жөнінде шаралар қабылдауды
жатқызуға болады. Мемлекет барлық үдерістің
үйлестірушісі болуы тиіс, өйткені сандық телерадиохабарларын
таратуды енгізу жоғары дәрежелі әлеуметтік жауапкершілікті
болжайды. Телерадиохабарларды тарату жүйесінің сандық
технологияға көшуі, ең алдымен халықтың
қалың жігіне бағытталуы тиіс, өйткені дәл осы
әлеуметтік фактор мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
тиімділігінің негізгі индикаторы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасының эфирлік телерадиохабарларын тарату кешені өзара
байланысты үш негізден тұратын күрделі жүйені
білдіреді:
–
телерадиобағдарламаларын қалыптастыру сегменті (теле және
радиоарналар, контентті қалыптастырушы теледидар және радио
студиялары);
–
спутниктік телерадиохабарларын тарату сегменті - телерадио белгісін
бірыңғай сандық стандартқа түрлендіру және
оны спутниктен жерүсті желілерге тарату;
–
жерүсті телерадиохабарларын
тарату сегменті - спутниктен белгіні қабылдау және бөлінген
радиожиілік жолақтары бойынша жерүсті бөлу.
Эфирлік
телерадиохабарларын таратудан басқа қалалық жерлерде
аналогтық және сандық форматтағы әр түрлі
технологиялар негізінде кабельдік теледидар желілері айтарлықтай дамып
келеді. Осы құрауыштар жиынтығы еліміздің
телерадиохабарларын таратудың бірыңғай
инфрақұрылымын құрайды. Телерадио бағдарламаларын
қалыптастыру сегментін әр түрлі меншік нысанындағы 89
электрондық ақпарат құралдары, оның ішінде 52
телеарна және 37 радиостанция құрайды. Олардың ішінде
республикалық деңгейде 11 телеарна және 5 радиостанция хабар
таратуды жүзеге асырады. Өңірлік электрондық
БАҚ-тар саны 73-ті құрайды. Бұл ретте
өңірлік теле және радиоарналарды тарату аумағы,
әдетте, бір елді мекенмен шектеледі. Хабар таратудың барынша
кең аумағы республикалық арналардың иелігінде. Сонымен,
республика аумағын хабар таратумен қамту -
"Қазақстан" телеарнасы 98,06 %-ті, "Хабар" -
98,19 %-ті, "Еларна" 93,2 %-ті, «Еуразия» бірінші арнасы - 78,82
%-ті, "Шалқар" радиосы - 36,09 %-ті құрайды.
Республикалық деңгейде хабар тарататын басқа теле және
радиоарналар қамтудың анағұрлым төмен
көрсеткіштеріне ие, олар 1-кестеде келтірілген.
Тұтастай алғанда, телерадиохабарларын
таратумен халықты қамтуда қалыптасқан жағдайды
тым қанағаттанарлықсыз деп сипаттауға болады.
Толық көлемде республикалық хабар таратумен тек ірі елді
мекендердің - облыстық және аудан орталықтарының
тұрғындары қамтылған. Ауылдық аумақтар
көбіне тек мемлекеттік арналарды («Қазақстан», «Хабар»,
«Еларна» телеарналары) тамашалайды.
Спутниктік телерадиохабарларын тарату сегментін
спутник арқылы жерүсті қабылдау-беру
құрылғысына қалыптастырылған бірыңғай
теледидар ағынымен тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін
спутниктік хабар тарату операторлары білдіреді.
Соңғы жылдары республика аумағында
спутниктік телерадио хабарларын таратуды бір мамандандырылған компания -
"Кателко" АҚ жүзеге асыруда.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде сандық
телерадиохабарларын таратуды дамыту DVD (Digital Video Broadcasting)
еуропалық стандарты базасында жүргізілуде. Оның басымдығы
айқын - қабылдау жабдығының құны
төмен, эфирлік, спутниктік, кабельдік және ұтқыр хабар
тарату үшін бірегейлігі, кедергіге төзімділігі және теледидар
белгісінің сапасы, көп бағдарламалылығы, қосымша
қызмет көрсетулерді (деректер беруді, сұрау салу бойынша
бейне көрсетуді) ұйымдастыру мүмкіндігі, бір жиілікті
желілерді құру мүмкіндігі бар.
Тұтастай алғанда, хабар
тарату индустриясы сандық телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыру
үшін пайдаланылатын үш негізгі стандартты - АТSС (Advanced
Теlеvіsіоn Sistems Committee, АҚШ) және DVD (Digital Video
Broadcasting, Еуропа), ІSDB (Intergrated Services Digital Broadcasting,
Жапония) білдіреді. Әлемнің көптеген елдері, сондай-ақ
көрші мемлекеттер, оның ішінде Ресей өз таңдауын DVD
стандартына тоқтатты. Жоғарыда көрсетілген факторларға
қарай осы стандарт Қазақстан үшін де
анағұрлым қолайлы болып табылады.
Қазіргі уақытта "Қазақтелерадио" АҚ ел
аумағында жұмыс істейтін барлық электрондық БАҚ
белгісін эфирде таратуды қамтамасыз етеді. Жерүсті желісі 3500-ден
астам таратқыштардан хабар тарататын барлығы 1214 хабар тарату
станциясынан тұрады. Жерүсті
телерадиохабарларын тарату сегментіндегі негізгі мәселе
антенналық-діңгектік шаруашылықтың физикалық
тұрғыдан тозуы және моральдық ескіргендігі болып
табылады. Өйткені, барлық ірі станциялар кеңес
дәуірінде салынған және қазіргі уақытта
қажетті қауіпсіздік шарттарын сақтау және
санитарлық нормаларды орындауға байланысты
бағдарламалардың көп санын тарату талаптарына жауап бермейді.
Сондай-ақ, жерүсті телерадиохабарларын тарату сегментіндегі ірі мәселелердің
бірі тек аналогтық белгілерді таратуға арналған
ретрансляциялаушы таратқыштардың қолда бар базасы болып
табылады. Осыған байланысты сандық телерадио хабарларын таратуды
енгізу кезінде барлық 1214 РТС үшін сандық хабар
таратқыштар сатып алуды ескеру қажет. Белгіні қалыптастыру
мен тасымалдаудың техникалық проблемаларымен қатар елде
сандық телерадиохабарларын таратуды табысты енгізу және дамыту
үшін маңызды мәні бар бірқатар басқа да
мәселелер бар. Біріншіден, анағұрлым өзекті
мәселелердің бірі сандық телерадиохабарларын тарату
мақсаттары үшін радиожиілік спектрін пайдалану болып табылады.
Халықаралық Электробайланыс Одағы әзірлеген және
2006 жылы Женева қаласында өткен Өңірлік радиобайланыс
конференциясында ұсынылған жиілік мақсаттарының
жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының
аумағында цифрлық телерадио хабарларын тарату (1-аудан) 3 (174 -
230 МГц), 4 (470 - 582 МГц) және 5 (582 - 862 МГц) диапазондарында,
яғни қазіргі уақытта аналогтық телерадио хабарларын
тарату ұйымдастырылған диапазондарда жүзеге асыру
жоспарлануда. Жиілік жоспары ұзақ мерзімді кезеңге есептелген
және сандық хабар таратуды дамыту үшін әрбір
елдің жиілік ресурсын айқындайтын болады. Оны енгізу біртіндеп
жүргізіледі және аналогтық әрі сандық станциялар
бір уақытта жұмыс істейтін ауыспалы кезеңнің болуын
болжайды. Ауыспалы кезең аяқталғаннан кейін тек сандық
хабар тарату жоспарлануда. 3 диапазонын сандық радиохабар таратуды
ұйымдастыру үшін пайдалану жоспарлануда (Т-DАВ - Теrrеstrіаl
Digital§Audio Вrоаdсаstіng, еуропалық сандық телерадиохабарларын
тарату стандарты), 4 және 5 диапазондары тек сандық теледидар
хабарларын тарату үшін бөлінетін болады. Қазіргі
уақытта республикада радиожиілік спектрінің шамамен 5%-ы
азаматтық радиоқұралдарын, қалған 95 %-ы не
бірлесіп, не ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мүдделеріне пайдалануға арналған. Ірі
қалаларда жиілік спектрінің аналогтық теледидар станцияларын
қарқынды пайдалану сандық телерадиохабарларын тарату
желілерін дамыту үшін радиожиілік спектрінің елеулі дәрежеде
шектелуіне әкелді. Осыған байланысты цифрлық телерадио
хабарларын тарату мақсаттары, жиілік ресурсын аналогтық
жүйелерден босату (жиілік конверсиясы), аймақтарды сандық
белгімен бүркемелеуді және қазіргі бар теледидар
желілерінің ауыспалы кезеңде сандық желілермен
үйлесімдігін қамтамасыз ету үшін радиожиілік спектрін айқындау
мәселелерін пысықтау қажеттілігімен байланысты бірқатар
мәселелер бар. Шекара маңы аумақтарындағы жиілік
ресурсын және хабар таратқыштардың қуаттылығын
келісу мәселелері аса маңызды болып отыр. Екіншіден, телерадио
хабарларын таратуды дамыту тиімділігі нарық ойыншыларының, жалпы
принциптері мен ережелерін, сапалық құрамы мен санын,
олардың ұйымдық-құқықтық
және өзара іс-қимыл жасасудың экономикалық
тетіктерін айқындайтын таңдап алынған нақты
құрылымдық модельге байланысты болады.
Сандық телерадиохабарларын тарату ақпарат
нарығының кіші салаларының бірі болып табылады. Бүгінгі
күні әлемдік тәжірибеде табысты жұмыс істейтін
және нақты нәтижелерге ие болған оны дамытудың
қандай да бір моделі айқындалмаған. Сандық хабар тарату
нарығы қалыптасу сатысында тұр және оның
жұмыс істеу қағидасын әрбір ел дербес айқындайды.
Қазақстанда сандық хабар таратуды дамыту үшін
қазірдің өзінде теледидар нарығындағы ерекшелігін
ескере отырып, оның жұмыс істеу шарттарын айқындау
қажет. Бұл жұмысты осы Бағдарлама шеңберінде
жүргізу қажет. Үшіншіден, сандық хабар таратуды жылдам
енгізу мәселелері мемлекеттік қолдау шараларымен тікелей
байланысты. Бүкіл әлемде сандық хабар таратуды дамыту
ең алдымен мемлекеттік басымдық болып табылады және осы
процестерді мемлекеттің кеңінен қолдауы олардың
жоғары әлеуметтік маңыздылығына
байланысты. Мемлекет хабар таратудың бір нысанынан екіншісіне
ауысудың жалпы көрермендер үшін, әсіресе оның
әлеуметтік әлсіз бөлігі үшін барынша зиянсыз болуын
қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте, жалпыға мәлім
дерек - халықтың өмір сүру деңгейі төмен
болса, сандық хабар таратуды енгізу кезінде үлкен рөлді
мемлекет атқаруы тиіс. Осыған байланысты қазіргі уақытта
тиісті нормативтік-құқықтық базаның
жоқтығы, қаржыландыру және халықты сандық
қабылдағыштармен қамтамасыз ету мәселелерінің
пысықталмауы проблема күйінде қалып отыр. Тұтастай
алғанда, Қазақстанның теледидар нарығының
ерекшелігі халықтың ақылы теледидарға жеткілікті
дәрежеде дайын еместігін атап өту қажет. Әсіресе осы
үрдіс сандық теледидардың пайда болуымен дами түсті,
себебі теледидар арналарының көп бағдарламалы пакетін тарату
техникалық жағынан мүмкін болды. Осылайша, қазіргі
уақытта сандық хабар таратуды енгізу үдерісін кешенді
мемлекеттік қолдау, сондай-ақ белсенді мемлекеттік реттеу қажет.
Сандық телерадиохабарларды таратуды дамытудың шетелдік
тәжірибесін зерделеу Қазақстан алдында туындайтын
проблемаларды шешу тұрғысынан аса тартымды болып табылады.
Қазіргі уақытқа дейін әлемнің бірқатар
дамыған елі сандық хабар таратуға толық көшуді
аяқтаған жоқ екендігін атап өткен жөн.
Аналогтық белгіні алып тастау мерзімін әрбір ел дербес
айқындады және әдетте, олар 5-тен 16 жылға дейін болды.
Бұл ретте, барлық елдер шығындарды қысқарту
мақсатында аналогтық және сандық стандарттарда бір
уақытта хабар тарату кезеңін азайтуға тырысатындығы
жалпыға ортақ ағым болып табылады. Әрбір елде шешім
қабылданғаннан кейін сандық хабар таратуға
көшудің барлық аспектілерін егжей-тегжей жоспарлаумен
бағдарламалар әзірленді.