Дәстүрлі
музыка өнерін меңгертудің өзекті мәселелері
Матбуса Жұлдыз
Құрманғазы атындағы
Қазақ Ұлттық
консерваториясының
магистранты
Қазақстан
Республикасының жоғары педагогикалық білім беру
тұжырымдамасында: «Болашақ мұғалім тек өз
пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, педагогикалық
үдеріске қатысушының әрқайсының орнын
көре біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра
білуі, оның нәтижелеріне көз жеткізіп, реттей білуі тиіс. Мұндай
нәтижеге жету үшін жоғары оқу орындарындағы
мұғалім даярлау сатылы түрде, жеке тұлға ретінде
қалыптастыру мақсатында жүргізілуі керек» делінген. [1] Жоғары оқу орындарында болашақ музыка
мұғалімдеріне кәсіптік білімді меңгертуде
теориялық және практикалық даярлығымен қоса, педагогикалық шығармашылық
қызметке әртістік шеберлікті қалыптастыру арқылы
даярлаумен тікелей сабақтасуы тиіс.
Қазіргі
қоғам – ақпараттық технологиялар қоғамы.
Болашақ мұғалім өз бетінше белсенді әрекет етуге,
шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі
жағдайларына икемділікпен бейімделуге қабілетті болуға тиісті.
Сондықтан
қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты –
адамның интеллектуалдық және адамгершілік
тұрғысында дамуымен қатар ұлттық рухани
құндылықтарымыздыды жоғалтпай өскелең
ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбиелеуіміз
қажет.
Осы мақсатты
жүзеге асыру үшін, болашақ өнер мамандарының
бойында қоғамға қызмет ететін маман ретінде
оларға білім беру жүйесінің стратегиялық бағыты
айқын көрсетілуі тиіс.
Оған оқу
үдерісінің тиімділігі, пәндердің жүйелілігі мен
сапасы, оқу бағдарламалардың орындалу барысы, білім
берудің деңгейі барлық оқу тәрбие жұмысын
дұрыс жоспарлауға өзіндік ықпал ететіні анық.
Біздің елімізде, сонымен бірге Ресей және шетелдерде
болашақ кәсіпке бейімделу мәселесі еңбек психологиясы
және кәсіби оқыту аясында қарастырылып жүр.
Бірақ, бұл мәселені кәсіби оқыту кезінде
ғана қарастыру көзқарасы, бір жақты болып
табылады. Себебі, бұл кезде ең басты мәселе адамның
барлық өмірлік жолына деген әсер етуі ескерілмеген. Адам
өз өмірінің белгілі бір кезеңіне өте отырып,
әрі қарай өмір жолын таңдауы өзіне байланысты
болады.
Болашақ өнер
мамандарының кәсіби бейімделу аясына негізінен мыналар:
кәсіби бағдар, кәсіпке даярлық, кәсіби
орнығу, мамандық бойынша педагогикалық әртістік
шеберлігінің деңгейі, оқушылардың білім алудағы
ерекшеліктері, еңбек жағдайлары кіреді.
Болашақ өнер
мамандарының оның өмірлік іс-әрекетіне мамандықты
меңгеру мәселесі үлкен орын алады. Ол алдымен
мамандықты оқып үйренуге, мамандыққа
көңіл аударса, одан кейін мамандықты терең
меңгеруге кәсіби шеберлікке ұмтылуы қажет.
Сонымен, оқушылардың оқу
іс-әрекетінің нәтижелілігі, бейімделуі көптеген
факторларға байланысты. Оған: оқушылардың
танымдық іс-әрекетін реттеу функциясы, өмірлік жоспары мен қызығушылықтары,
мотивтері, құндылық бағдарлардың басым
түрі, ұмтылыс деңгейі, мінез-құлықтарын
саналы басқара алудағы дәстүрлі музыка
өнерінің орны.
Оқушылардың
дәстүрлі музыка өнерін меңгеру кезіндегі
тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуынан, шығармашылық
іс-әрекетінен, қызығушылығынан көрінеді.
Оқушылардың бейімделуі оның жаңа ұжымға
енуіне, құндылық бағдарының қалыптасуына
әсер етеді. Ол жаңа ұжымға, дәстүрлі музыка
өнері арқылы еңбекке талаптануы, қоғамдық
іс-шараларға белсене қатысу үдерісіне
қызығушылықтарының, жеке сапалардың осы
іс-әрекет талаптарымен арақатынасын көрсетеді.
Мектептерде
оқушылардың дәстүрлі музыка өнері арқылы
шығармашылыққа қызығушылығын жеткілікті
дәрежеде қалыптастыру үшін, ұлттың рухани
байлығын шығармашылық түрде меңгере білуге
қабілеттілігін, эмоциялық сезімі арқылы оқушыларды
дәстүрлі музыка өнерін толыққанды меңгеруге
бағыттау қажет. Мектептегі жас
ұрпақтың ақыл-ойы, рухани дамуының негізі –
оқылатын пәннің мазмұнына, оқу-тәрбие
жұмысының мақсатқа сәйкестігі мен
меңгеретін ғылыми білімдер жүйесінің
шығармашылық сипатына байланысты.
Қазіргі кезеңдегі
білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке
оқушылардың шығармашылыққа
қызығушылығын қалыптастыру – оқушылардың
шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға тікелей байланысты.
Шығармашылық қызығушылық
тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын
дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі
құндылықтардың барлығы да жаңашылдық
бағыттар арқылы ғана болашақта өміршең
дамуына мұмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылық
оқушылардың ұлттық құндылықтарды
бойына сіңіре отырып дамуына, оның рухани жетілуінде мәні
терең, мотивациялық, білімділік бағдар
құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
Қазақстан білім беру парадигмасы Қазақстан
Республикасының Ата Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық
бағдарламасы, білім беру саясаты, заңдар мен ресми
құжаттарды терең талдау нәтижесінде қалыптасып
келеді [2]. Оқу процесінде оқушылардың
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларын дәстүрлі
мызыка өнері арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру
және оны болашақтағы кәсіби бағдарымен
сабақтастыра зерттеу мұғалімнің педагогикалық
құзіреттілігіне де байланысты. Өз пәнін жетік
меңгерген және оның мазмұнын жаңа біліммен
үнемі толықтыра отырып, шығармашылыққапен
жұмыс істеуі, өз болмысын терең зерделей отырып, жеке тұлғаның
дамуы мен қалыптасуына өзінің қолтаңбасын
қалдыруына, рухани тұрғыда терең түсінуі
мұғалімнің ішкі құндылық бағдарына
байланысты. В.П.Беспалько
[3], В.А.Штофф пікірінше, модельді құрастыру – арнайы аналогтарды
жасау жолымен нақты бар жүйені материалды немесе ойша
ұқсатуды іске асыру, бұл жағдайда аналогтарда осы
жүйенің ұйымдастыру және жұмыс істеу принциптері
көшіріледі [4,19].
«Модель» ұғымының мәнін
анықтауда М.К.Мамардашвили
«эмпирикалы түрде байқалатын шындықтың
барлық толып жатқан қасиеттері мен байланыстары тізілетін
сияқты, олар бұл жағдайда тек ғылыми жолымен алынады;
адам оларға қатысты зерттеуші болады», - деп атап көрсетеді.
Теориялық зерттеулеріміз көрсеткендей, «модель»
ұғымын В.А.Штофф былайша сипаттайды:«Ойша елестетілген немесе
материалды жүзеге асырылған жүйе, ол зерттеу объектісін
бейнелей отыра немесе қайта жаңғырту арқылы, оның
орнын басуға қабілетті болады, бұл жағдайда оны
қарастыру бұл объект жөнінде бізге жаңа ақпарат
береді» [4,19].
Әдіснамалық тұрғыдан
модель ұғымына анықтама беруде Б.А.Глинский, Б.С.Грязнов,
Б.С.Дынина және Е.П.Никитина т.б зерттеулер жүргізген [5,102].
Біздің зерттеулеріміз бойынша,
педагогикалық үрдістегі модельдеу мынадай жағдайларда
қолданылады:
1) педагогикалық міндеттерді және
педагогикалық жағдаяттарды моделдеу;
2) оқыту, тәрбие, үйренушілерді
дамыту үдерісін модельдеу;
3) білім беру мекемелерін басқару
жүйесі жағдайын модельдеу.
Біз
дәстүрлі музыка өнері арқылы оқушылардың
шығармашылыққа қызығушылығын
қалыптастыру моделін құрастыруда мынадай талаптарды тірек
етеміз:
–
қазіргі қоғам талаптарына сай, болашақ өнер
мамандарының кәсіби даярлаудың сапасын жетілдіру;
–
зерттеулердің негізгі идеяларын, олар оқушылардың
шығармашылыққа қызығушылығын
қалыптастыруды оңтайландыру;
–
оқушылардың шығармашылыққа
қызығушылығын қалыптастыру проблемаларын
педагогикалық жоғары оқу орындарында (университеттерде)
оқытудың біртұтас педагогикалық үдерісін
ұйымдастыру;
–
ғылыми, жалпы кәсіби және тереңдетілген кәсіби
сипаттағы білім, іскерліктер мен дағдыларды
шығармашылықпен меңгерту;
–
оқушылардың шығармашылыққа
қызығушылығын қалыптастырудың өлшемдерін
және деңгейлерін, көрсеткіштерін анықтау, жетілдіру.
Дәстүрлі музыка өнері
арқылы оқушылардың шығармашылыққа
қызығушылығын қалыптастыру моделінің
құрылымы мотивациялық, мазмұндық, эмоционалдық-еріктік
және іс-әрекеттік компоненттерін қамтиды.
Зерттеулеріміз нәтижесі көрсетіп отырғандай, дәстүрлі
музыка өнері қазіргі заманғы оқушы
тұлғасында қоршаған орта құбылыстарына
қарым-қатынасын бейнелейтін, сабақта қолданылатын
ақпаратты, ұлттық негізде жеткізуге мүмкіндік
беретін кәсіби маңызды сапа болып табылады.
Осылайша, кәсіби дәстүрлі музыка
өнері арқылы оқушылардың
шығармашылыққа қызығушылығын
қалыптастыру моделінің негізгі тұғыры ретінде
оқушылардың шығармашылық қызығушылығы
дәстүрлі музыка өнері арқылы қалыптасқан
критериялық базасы когнитивтік, креативтілік, әдіснамалық критерийлерін
таңдап алдық.
Оқушының
шығармашыл тұлғасын қарастыру оның көптеген
сапалық қасиеттерінен тұрады:
1) когнитивтік (танымдық)
сапалары – қоршаған әлемді түсінуі,
құбылыстардың мәнін білуге ұмтылуы,
танымдық ынтасының тұрақтылығы т.б.
2) креативтілік
(шығармашылыққа) сапалары – ойлау
белсенділігі, шығармашылыққа шабыт, қиял, болжай білу,
ой тереңдігі, қарама-қайшылықтарды көре білу
немесе сезу; өзекті мәселені табу; шығармашылыққа
қызығушылығының тұрақтылығы т.б.;
3) әдіснамалық
(ұйымдастырушылық) сапалар –
тапсырманың мақсаты мен мәнін
түсіну,мақсатқа жетуде іс-әрекетті оңтайлы
ұйымдастыру, нәтижеге жетудегі табандылық, рефлексиялық
ой-санасы, коммуникативтік қабілеттері т.б.
Сонымен,
білім берудегі инновациялық процестерді жүзеге асырып, дамыту –
бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен
тиімділігін арттырудың шарттары. Сондықтан да қазіргі
таңда балаға деген көзқарас пен
қарым-қатынаста баланы объект деп қарамай, оны дамушы
тұлға ретінде қабылдап,
оқу-тәрбие жұмысын осыған лайық
өзгерістерге сай, қазіргі педагогикадағы тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны
енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Ал жаңа технологияны
пайдаланудың мақсаты – міндетті деңгейдегі білімді
қалыптастыра отырып, шығармашылыққа деңгейге
жету.
Білім
берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім
мазмұнының жариялылығы заман талабына сай білім беру мен
ұлттық оқу-тәрбие процесінің гуманистік сипаты
жаңаша оқытудың әдіснамалық негізі ретінде
қызмет ете алады. Оқытудың мазмұнын, өзіндік
ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу
арқылы қазіргі ұлттық білім берудің
философиялық тұғырнамасын, әдіснамалық және
әдістемелік негіздерін жасауға болады, мұны ескермей
мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны
көздейтін тұжырымдамалық тұтастықты
қамтамасыз ету мүмкін емес.
Бүгінгі
білім жүйесінде, Д. Дьюи атап өткендей, «Үлкен
өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан Н. Коперниктің
жаңалығына (күн астрономиялық орталық,
басқа планеталар оның айналасына шоғарланады, оны айнала
қозғалады) тең болып отыр, яғни, оқушы
тұлғасы орталыққа айналып, барлық
педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра
жүргізіледі».
Дәстүрлі
музыка өнері арқылы оқушылардың
шығармашылық іс-әрекетке деген ынта-ықыласты оятуда
мынадай оқыту қызметтерінің маңызы зор:
оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқыту
формаларының түрлерін жетілдіру, оқу материалының
мазмұнын оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес
құру, білімді меңгерудің әдіс-тәсілдерін
оңтайландыру, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану,
мұғалім мен оқушының жағымды ықпалды
әрекеттерін жетілдіру, шығармашылыққа оқытуды
кеңінен пайдалану т.б.
Теориялық
зерттеулерімізбен тәжірибелік жұмыстарды сабақтастыра
зерделеу шығармашылыққа қызығушылықты
шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға
болатындығын көрсетті:
1) мақсатты
қызығушылық – оқушының белгілі
бір мақсатына байланысты, пәндік, болашақ мамандығына
байланысты міндеттері мен жоспарына сәйкес
шығармашылыққа іс-әрекетке ынтасы мен
тұрақты қызығушылығы;
2) әрекеттік
қызығушылық – оқушы
шығармашылыққа іс-әрекетте өзекті мәселені
шешуге ұмтылысы және жүргізіліп жатқан
жұмыстың ағымында ғана қызығып,
жолдастарымен бірлесе отырып жұмыс істеуі;
3) танымдық
қызығушылығы – оқушының
шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығы
мен ынтасы, жаңашылдыққа ұмтылу, жаңа
мақсаттарға сәйкес, жаңа нәтижеге жету, білімді
құндылық бағдар ретінде тануы. Зерттеулеріміз
нәтижесі көрсетіп отырғандай, Дәстүрлі
музыка өнері арқылы оқушылардың
шығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушының
жеке тұлғасының қалыптасуына, танымдық
біліктерінің жетілуіне, психологиялық механизмдер арқылы
оң әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз
іс-әрекетіне жауапкершілік, өз болашағына және
қоғам өміріндегі құндылықтар мен
дұрыс көзқарас принциптерінің қалыптасуына
мүмкіндік береді.
Педагогикалық-психологиялық
әдебиеттерді теориялық зерделеу мен мектептердегі тәжірибелік
жұмыстарымыз дәстүрлі музыка өнері
арқылы оқушылардың
шығармашылыққа қызығушылығын
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық
моделін жасауға мүмкіндік берді. Модельдің мазмұны:
мотивациялық-еріктік, мазмұндық-операциялық,
рефлексиялық-бағалау компоненттерінен тұрады.
Көрсетілген модельдің негізінде дәстүрлі
музыка өнері арқылы оқушылардың
шығармашылыққа қызығушылығын
қалыптастырудың үш деңгейі анықталды:
жоғары, орташа, төмен.
Дәстүрлі
музыка өнері арқылы шығармашылық
іс-әрекеттің жеке тұлғалық сапалық
қасиеттерінің дамуына әсерін талдай алмайды. Өз
сәтсіздіктері мен жетістіктерін сыртқы жағдайлардың
нәтижесі ретінде қарастырады.
Мазмұнды-операциялық компоненттерін меңгеру толымсыз жағдайда.
Сонымен, білім
берудің жаңа парадигмасы
жағдайында
оқушылардың шығармашылыққа
қызығушылығын дәстүрлі музыка өнері
арқылы қалыптастыру мәселесін жан-жақты талдай отырып,
біз зерттеп отырған мәселенің дәстүрлі
музыка өнері арқылы оқушылардың
шығармашылық қызығушылығын білімдік
құзырлылығын қалыптастыруда маңыздылығы
жоғары екенін анықтадық.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1
Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. http://www.enu.kz/downloads/tyzhyrymdamasy.pdf
2
Қазақстан - 2030». Астана. www.akorda.kz/kz
3
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: 1989. - 192
с.
4
Штофф В.А
Моделирование и философия. М.-Л., 1966. . – 302 с.
5
Оспанова Т.У. Роль преемственности в формировании музыкально-исторических
знаний будущих учителей музыки // Музыкальное искусство и актуальные проблемы
профессионально-педагогической подготовки тубущих специалистов. Материалы
научно-практического семинара. – Алматы, 2010. – 322 с.