ӘЖК  37.01: 378: 316. 4. 063.3

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДА  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕГІ ПӘНДЕРДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

магистр-оқытушы  Нұргүл  Жалелатдинқызы  Дүйсекеева

магистр-оқытушы  Әсел  Махамбетқызы  Өмірзақова

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

          Бүгінгі Әлем  дамуының жаңа ұстанымдары  білім беру жүйесінен  күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді  талап етеді. Әлем қазіргі күні  «білім қоғамын» және  «білім экономикасын»  құру бағытында.  Бұл идея  бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды талап етеді.

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан  халқына  «Болашақтың іргесін  бірге қалаймыз!» Жолдауында   былай деген: «Біз білім беруді жаңғыртуды  одан әрі  жалғастыруға  тиіспіз... Біз университеттік  білім беру мен ғылымды дамытудың  жаңа деңгейін  қамтамасыз етуге  міндеттіміз... Сапалы  білім беру Қазақстанның  индустрияландырылуының  және инновациялық дамуының негізіне  айналуы  тиіс» [1].

        Еліміздің жоғары мектеп жүйесі Болонья процесінің  идеяларын толығымен қабылдап, өзінің мазмұны мен болашағын  осы үрдіспен байланыстыруы жоғары оқу орындарының  жұмысына елеулі өзгерістер енгізуді талап етіп отырғаны белгілі.

         Болонья процесі ауқымында оқу нәтижелері жоғары мектептің

негізгі қызметі  болып танылады. Осыған сәйкес оқу нәтижелерін құрастыру- әр жоғарға оқу орнының, оның ішінде  әрбір оқытушының, әр пәннің   міндеті болып танылуда. Егер бұрынырақта       жоғары оқу орындары  оқудың мазмұнын  құрастыруға ден  қойған болса, қазіргі кезеңде   пәндердің интеграциялық  негізінде  кең ауқымды жан-жақты білім беру мәселесінің өзектілігі   артуда. Бұл  талап білім саласында   педагогикалық пәндер арасындағы интеграция  және   басқа ғылым мен педагогика ғылымының  арасындағы интеграция негізінде іске асатынын  бағдарлауға  болады.

          Бізді қоршаған дүние заттарын зерттегенде біржақты және оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды: Себебі ғалымдардың пікірінше, затты шыңдап білу үшін, оның  барлық жақтарын, барлық байланыстары мен «жанама түрдегі байлансытарын  қамтып зерттеу керек»,- деген болатын». Демек, құбылыстарды бір бірімен байланыста, бірлікте қарастыру, оны ғылыми тұрғыда  танып – білуге  мүмкіндік береді. Міне, сондықтан оқыту процесінде оқу курстарын  байланыстырып оқыту қажеттілігі туындайды. Мұның алғы шарттары  Я.А.Коменский, И.Г. Пестолоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Ы.Алтынсарин, т.б.еңбектерінде қарасытырылған.

         Я.А.Коменский оқу пәндерін байланыстырып оқыту кезінде білімденушілерде  оқу материалы жайлы толық мағлұмат қалатынын, оның терең әрі жүйелі білімнің шарты екенін түсіндіре келіп, «Ұлы дидактика» деп аталатын  кітабында: «Байланысы барлардың  барлығын байланыстыра  оқыту керек»- деп көрсетті[2].

         Немістің көрнекті педагогі А.Дистерверг пәнаралық байланыстың қажеттілігін атай отырып, оның екі түрін  бір цикілдегі  және әр циклдегі  пәндерді байланыстырып  оқыту әдістемесін көрсетті. «Барлығы бір-бірімен жалғасуы керек. Бірі басқамен толықтырылып жетіледі»,- деп пәнаралық байланысты жастарға толық, терең білім берудің  әдіс-тәсілі ретінде қарастырады[3].

         Белгілі педагог О.Вильман пәнаралық байланыстың маңызын түсіндіріп , оны іске асыруда мұғалімге әдістемелік  кеңес береді.  Ол «Дидактиканың  білім  беру теориясы тұрғысынан  социология мен педагогика  тарихына қатысты» деп аталатын еңбегінде  «Оқытудағы пәнаралық  байланыс»  деген атпен арнайы тарау беріп, онда пәндерді байланыстырып оқытудың  мазмұны, тәсілдері, тиімділігі көрсетіліп, мұны іске асырмай келе жатқан мамандарды сынға алды.

          ХІХ ғасырдың басында білім беру мазмұнының  күрделенуі  мектепте оқыту пәндерінің  көбеюіне соқтырды. Нәтижесінде  оқу бағдарламасында  пәндерді байланыстырып  оқыту назардан  тыс қалады. 

           Пәнаралық интеграция мәселесі ұлы орыс педагогі К.Д.Ушинский еңбектерінде жан-жақты қарастырылады. Оның ойынша, әр түрлі ғылым саласынан  тамшылап берілетін білім, икемділіктер және  дағды білімденушінің  ми сыңарларында жаттанды  түрде жинақталмай, саналы түрде психикасында жеті түрлі ассоциативтік байланысқа сай берілуі керек.

          Н.К.Крупская  да пәнаралық байланысты  жетілдіруге елеулі үлес қосты. Ол «Кейбір пәндерді дидактикалық тұрғыдан оқыту» деп аталатын мақаласында пәнаралық байланыс,  оқушының оқу материалын терең, тиянақты  меңгеруінің  және теория мен практиканы тығыз байланыстырудың  тиімді шарты, принципі  деп қарады.  Автор пәндердің интеграциясының маңыздылығын  айта келе,  оны мақсатсыз, жасанды ұйымдастырудан аулақ болуға шақырады.

      Пәндерді  интеграциялау арқылы оқытудың тиімділігі ғылымда дәлелденгенмен, ХХ ғасырдың 50- жылдарына  дейін өз дәрежесінде  дамымады, өйткені  комплекстік  бағдарламаның  тиімсіздігі оған әсерін тигізді. Тек 50- жылдардың  екінші жартысынан  бастап М.Н.Скаткин, И.Д.Зверев, В.Н. Федорова, Д.П.Ерыгин, Д.М.Кирюшкин, В.Н.Максимова, А.А.Бейсенбаева, т.б. ғалым-педагогтардың күрделі зерттеулеріне  сай дами түсті. Педагогикамен тек  дәстүрлі байланыстағы  пәндер –психология, әлеуметтану, физиология ғана емес, информатика, статистика , және экономика және басқалары ғылыми, техникалық, ұйымдастырушылық, қоғамдық және мәдени  инновацияның  зор әлеуетін жинақтаған. Бұл әлеует жаңа оқыту технологиясының  ірге тасы болуы керек.

      Пәнаралық байланыс  жоғарғы оқу орындарының  оқу бағдарламасынан,

оқулықтарынан  орын алған.Мысалы, «Педагогика» оқу курсына арналған бағдарламаның әрбір тақырыбындағы педагогикалық ұғымдарды  философиямен, тарихпен, психологиямен  байланыстырған. Оны құрастырушы авторлар:  «Пәнаралық байланыс білімденушінің  ақыл-ойын кеңейтуге, оқу материалының қайталанбауын, танымдық қызығушылығын  қалыптастыруға  және жаңа  білімді меңгеріп, оны пайдалану белсенділігін жоғарлатуға көмектеседі»,- делінген.

        Пәнаралық интеграция жөніндегі ғылыми еңбектерге, оқулықтар мен оқу бағдарламаларын  талдау  нәтижесімен  олардың барлығында  пәнаралық интеграция  шәкірттердің ұғымы мен түсініктерін тереңдетіп, оны практикада қолдану икемділіктері мен дағдысын қалыптастыруға, таным  қабілетін дамытуға, белгіленген уақытты ұтымды пайдалануға көмектесетінін мойындап, бірі пәнаралық интеграция –оқыту процесінің шарты, келесісі – қағидасы , тағы бірі –амал-тәсілі деп қарастырады.  

            Ж.Асановтың  «Студенттердің этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың дидактикалық  негіздері» атты еңбегінде пәнаралық байланыс  түрлерін  айқындап талдаған .Оның екі  түрі: уақыттық (хронологиялық), ұғымдық ( идеалық) жиі айтылып жүр. Әдепкісі  әр түрлі пәндер бағдарламасының  өтілуін  уақыт бойынша үйлестіруді болжаса, соңғысы ғылыми ұғымдарды жалпы әдістемелік  талаптар негізінде  түсіндіруді  мегзейді [4].

            Тәжірибеде студенттер  көбіне пәнаралық уақыттық  байланыстың  өтілген, ілеспелі және песрпективалы  түрлерін жиі пайдаланды. Өтілген пәнаралық байланыс деп белгілі оқу курсының  материалын түсіндіру үшін студенттердің бұрын оқыған курстарда   алған білімдеріне сүйенуді айтады.

Мысалы, этнопедагогика  курсының материалдарын  түсіндіргенде, студенттердің педагогикалық , психологиялық және мамандық курстардан  алған  білімдеріне сүйенуді  айтады. 

1- кесте.  Пәнаралық интеграция түрлері

                                       Пәнаралық интеграция түрлері.

Өтілген пәнаралық интеграция

Белгілі  оқу курсының  материалын түсіндіру  үшін  студенттердің  бұрын оқыған курстардан  алған білімдеріне  сүйенуге болады.

Ілеспелі пәнаралық интеграция

 Оқу материалын  өту кезінде қатар, болмаса  бір мезгілде  оқытылатын  курс материалдарын пайдалануды айтады.

Перспективалы (мақсатты) пәнаралық интеграция

Тақырыптағы болмаса тараудағы  ұғымдардың  мәнін ашуда  өзге курстардың таяудағы  немесе келешектегі            оқу материалына бейімдейтін, ойландыратын байланыс түрі.

Қарама-қарсы пәнаралық интеграция

Қатар оқытылатын  екі курстың оқу материалдарын бір-біріне пайдалануды айтады.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Жаратылыстану пәндерін  байланыстыра оқытудың дидактикалық мәселесімен шұғылданған  В.Н.Максимова  оқу материалындағы арнайы ғылыми, әдіснамалық, идеалогиялық білімдерге сай  байланыстың  деректік, түсініктік (ұғымдық), теориялық, логикалық, идеалогиялық түрлерін көрсетеді.

2- кесте. В.Н.Максимованың  жіктеуі бойынша интеграция мәселесі.

Деректік интеграция

Деректер негізінде іске асатыне интеграция. Ол пәнішілік  және ұқсас пәндердегі  ұғымдарды, теориялық түсіндіруде  ыңғайлы.

Ұғымдық интеграция

 Ұқсас пәндерде  жалпы түсінікті қалыптастырудағы көмектесетін ұғымдық деңгейдегі  байланыс.

Теориялық интеграция

Ұқсас пәндерден алған білімдердің тұтастығын  дәлелдейтін  компоненттер негізінде  болатын байланыс.

Философиялық интеграция

Дүниенің  тұтастығын, бірлігін  жалпылап тануға  себепші болатын  байланыс түрі. Бұл диалектиканың жалпы және айрықша, себеп және салдар, қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіндік және мазмұн форма категорияларын білуді қажет етеді.

     Талдау жұмысымыздың нәтижесі пәндерді- оқу курстарын  байланыстырып оқытудың түрлері  көп екенін көрсетті. Оның бәрін оқыту процесінде пайдаланып, тиімділігін айқындау ұзаққа созылатын жұмыс. Сондықтан әр курстың оқу материалдарының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу курстарын  интеграциялау тұрғыда оқыту түрлерін  алдын ала белгілеген орынды [5].

         Педагогикалық  пәндердің атап айтар болсақ  педагогика «Мамандығына кіріспе»  пәнінің өзі педагогикалық  пәндердің көптеген түрлері мен интеграциялана оқытуға тура келеді, яғни    педагогика тарихы,  педагогикалық шеберлік, педагогикалық ғылыми әдістері мен технологиясы, жалпы педагогика, кәсіби  педагогика  т.б ғылымдармен интеграциялық түрде оқытуға  болады.

           Студент  қоғам өміріне  елеулі үлес қосуға ұмтылып, өзін келешек маман ретінде жан-жақты дамытуға, игерген  білім іскерлік дағдыларын   басқа ілім салаларымен интеграциялауға баса назар салу керек. Бұлай ету неге керек ?

Университет студенттері  жан-жақты өсуін қамтамасыз ету де тек білім алу тұрғысынан емес – олар ақиқатқа жету жолдарын  кеңейтіп, парасатты тұлға, кәсіби маман қалыптастыру- қазіргі  заман талабы.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан  халқына  «Болашақтың іргесін  бірге қалаймыз!» Жолдауы («Егемен Қазақстан», 29 қаңтар 2011 жыл).

2. История педагогики. Часть 2. С XVII века до середины XX века. Учебное пособие для педагогических университетов. /Под ред. А.И.Пискунова –М.; ТЦ «Сфера», 1997. –304с.

3.Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР. КонецXIX века – начало XX века. – М.; Педагогика, 1991. –446с.

4. Асанов Ж.І.  Студенттердің этгопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері.Алматы.Арыс, 2005,- 204 б

3. Максимова В.Н. Межпредметные связи и совершенствование процесса

обучения. М.: Просвещение, 1984,- 143 с

 

Түйіндеме

                Бұл мақалада автор  педагогикалық пәндердің   басқа пәндермен  байланысын

 нақты мысалдармен  әдістерін  болашақ мамандардың кәсіби  іс-әрекетінде тиімді пайдалану  жолдарын  айқындап көрсеткен.

Резюме

В статье автор на конкретных примерах указывает методы осуществления интеграции педагогика  с другими предметами что в определенной  степени способствуют в профессиональной подготовке  будущего специалиста.

 

SUMMARY

 

The author points out methods  of implementation of pedaqy in Hgration with other disciplines on the exact examples and in a certion degree they promote professional twining of future specialists.  

 

Тірек сөздер: байланыс,  әдіс, кәсіби,  болашақ мамандар