БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ
ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Н.Ж.Дүйсекеева, Ә.М.Өмірзақова,
Педагогика және психология магистрлері
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Жоғары оқу орындары
мұғалім дайындау бөлімдерінің жұмысына
халықтық тәрбие
технологиясы негізінде
тәрбиелеу
студенттердің кәсіби дайындығына ұлттық
рең беріп, оның мазмұнын тереңдете түседі
жөне олардың келешекте оқушылармен жүргізетін
тәрбие жұмысына
жаңаша көзқарас қалыптастырып, қызығушылығын
арттыратынына іс жүзінде
көзіміз жетіп жүр.
Қазақстан
Республикасының "Білім туралы заңы" (2007) бұл салада атқарылатын
істердің жан-жақты бағыттарын айқындап берді. Оның
ішіңде жас ұрпақтың адамгершілік игіліктерін пайдаланып
шығармашылық қабілеттерін ояту, жалпы және
этностық мәдениеттің, кәсіптік деңгейін,
өзіндік білім мен тәрбие алу мәселелерін
қамтыған. Республикада
білім туралы заңды жүзеге
асырудың маңызды жолының бірі - болашақ
мұғалімдерді мектепте халықтық тәрбие
технологиясы негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне
даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат-оқушыларды
адамгершілікке,
имандылыққа,
жан-жақтылыққа, шығармашылыққа,
елжандылыққа тәрбиелеу. Тәрбиеде жеке
тұлғалық бағыт ұстау, жастардың
бостандығы мен әлеуметтік құқын мойындау, шығармашылыққа,
төзімділікке тәрбиелеу. Осыған орай болашақ
мүғалімнің өзіне ғана емес, оның
тәрбиеші ретіндегі дайындығына да талап күшейіп отыр.
Елімізде адамгершілік сапалары
жайындағы
түсінік елеулі
өзгеріске ұшыраған қазіргі кезеңде педагогтардың
кәсіптік дайындығын соған сай ұйымдастыру кажет. Болашақ
мұғалімді кәсіптік жағынан дайындауда
халықтық тәжірибелерді пайдалану қажеттігі осыдан
туындайды. Студенттерді
мектептегі сыныптан тыс
тәрбие ісін жүргізуге дайындауды жоғары
оқу орындарындағы
бүкіл оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесі
қамтамасыз етілуі керек.
Педагогика курсы бойынша
"Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу"
тақырыбының мазмұнын ашу процесінде оқытушы
педагогикалық ықпал ретінде мұғалімнің
кәсіптік әдептілігінің мәнін ашады, әйткені ол
бала санасына әсер ете отырып, оның адамгершілік сапаларын қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбие
берудің мазмұнын, әдістерін, жолдарын ашуда оқытушы
балаларға талап қоюдың халықтық үлгісіне
назар аударады. Ол үшін қазақ халқының мақал-мәтелдерін,
өлең-жырларын
пайдалануға болады.
Халық ақындары
адамгершілік қарым-қатынасты, жақсы мінез бен жаман мінезді
салыстырып, әдептілікке, кішіпейілділікке шақырады. Мысалы,
Майлықожа бір термесінде былай дейді:
Жақсы
сөйлер шешіліп,
Бастағы мінін жасырмай
Кішіпейіл әдепті,
Басынан сөзді асырмай,
Адырайған есуас,
Дүмбірлеп сөйлер тасырлай.
Болымсыздың қылығы,
Адамға жоқ жұғымы,
Қашатұғын қашардай.
Халық даналығы бойынша жастардың
жақсы, жаман болмағы өскен ортасына, жора-жолдасына, отбасына
байланысты дейді.Бұл пікір халық-педагогикасының қайнар
бұлағының бірі мақал-мәтелдерден орын
алған: "Жаксыдан шарапат, жаманнан кесапат",
"Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,
жаманмен жолдас болсаң, қаларсың
ұятқа","Үлкеннен -ұлағат","Ел
ағасыз болмас, тон жағасыз болмас". "Жеріңе
лайық елі туады, еліне лайық ері туады", "Ер бесіктен
танылар", "Отбасына қарап бала өсер,
қарағайға қарап тал өсер", "Ауылдасына
қарап, азаматын таны".
![]()
Жоғарыда
келтірілген мақал-мәтелдер болашақ педагогтардың
көз алдында халық тәрбиешілерінің өнегелі
тұлғасын елестетіп қана қоймай, өздерінің
бала тәрбиесіндегі үлкен жауапкершілігін сезініп, оларды келешекте
мектеп жұмысында пайдалануға ынталандьіратыны сөзсіз. Сонымен қатар студенттер педагогикадан
лабораториялық бақтарда пайдалану үшін көнекөз
қарияларымыздан адамгершілік. инабаттылық, кісілік, имандылық
жөніндегі мақал-мәтелдерді,
аңыз-әңгімелерді жинап әкелу үшін окытушыдан
тапсырма алады. Халықтық педагогикадағы тәрбие
құралдарының бірі болып табылатын ырымдар мен тыйымдардың
болашақ педагогтардың кәсіби дайындығынан алатын орны
аз емес. Себебі ырымдар мен тыйым сөздер аркьілы халқымыз баланы
оғаштық жасаудан, жаман істен сақтандырып, адамгершілік
қасиеттерді бойына дарытуға ынталандырып отырған. Белгілі
ғалым Ә.Қоңыратбаевтың айтуынша, ырымдар мен
тыйым сөздер халқымыздың қоршаған ортаға,
табиғатқа, өзара қарым-қатынасқа байланысты
өмірдің өзінен түйіндеген пайымдаулары мен
кағидалары, әлеуметтік және мәдени көрсеткіші
болып табылады ғалымның құнды пікірін қолдай
отырып, ырымдар мен тыйым сөздерді халқымыздың ғасырлар
бойы жинақтаған этикасы деуге болады.
Енді балаларды
инабаттылыққа, адамдар арасындағы шынайы
қатынасқа, табиғатты аялауға тәрбиелейтін тыйым
сөздерге тоқталайык: 'Үлкеннің алдын кесіп
өтпе", "Кемтар адамға
күлме", "Аманатқа қиянат жасама",
"Өтірік куәлік жасама", "Көп ішінде
қатты күлме". 'Үлкеннің
бетінен алма' 'Әдепсіз сөзді айтпа. өтірік айтпа",
"Әйелге күш көрсетпе", "Жаман әдетті
үйренбе", "Үлкеннен бұрын сөйлеме".
'ІІІақырмаған жерге барма". "Кісіге қарап
керілме", "Жұрт алдында құлағыңды,
мұрныңды шұқыма', "Суға түкірме",
"Көкті жұлма". 'Аққуды атпа".
"Жалғыз ағашты кеспе", "Кұстың
ұясын бұзба", 'Жәндіктерді жәбірлеме","Малға
зәбір көрсетпе" т.б.Макал-мәтелдерді және тиым
сөздерді болашақ мұғалімдер педагогикалық
практикада және лабораториялық сабақтарда талдап,белгілі бір
такырып бойынша этикалық әңгімелердің жоспарларын
жасауға машықтанады, Мұндай сабақтарда студенттер көбінесе өздерінің
"Педагогикалық портфолиясында"-, "Қазақстан
мектебі", "Ұлт тағылымы" , «Сынып жетекшісі»
журналдарының беттерінде жиі жарияланып отыратын "Білім негізі -
мектептен", "Тәрбие тағандары" атты айдарлармен
берілетін мақалаларды тиімді пайдаланып
отыруына ықпал жасаймыз. Студенттер әр түрлі
тәрбиені жүргізу технологиясын халықтық педагогика
арқылы тиімді жүргізуге бет бұрады. Сөйтіп олар
сабақ беру, оқушылармен әңгіме өткізу барысында
бірсарындылық оқушыларды жалықтыратынына көздері жетіп,
тәрбиені жетілдіруде халық тағылымдарын жүйелі
пайдаланудың ықпалы зор
екендігін түсінеді.
Педагогикадан
лабораториялық және жеке жұмыс негізінде студенттерге инабат
такырыбына арналған әңгімелердің тақырыптарын
беріп, оларды тірек мектептердің окушыларымен талқылау талап
етіледі: "Ана тілің - арың", "Жақсымен жолдас
болсаң", "Үлкеннен ұлағат", "Ер елі
үшін туады, елі үшін өледі", "Досы көпті жау
алмайды", "Жорға жақсы жүрісінен пұл болады,
жаман жүрісінен құл
болады", "Әдет әдеп емес, жөн әдеп",
"Парыз бен қарыз", "Қыздардың
кадір-қасиеті", "Ағадан ақыл, атадан нақыл',
"Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді". Сонымен
өмірден көргені мен түйгені көп қариялардың
өсиет-сөздері мен мақал-мәтелдерін студенттер
педагогикалық тәжірибе жинақтау кезінде сынып оқушыларымен жүргізетін инабат
тақырыбындағы дөңгелек үстел арқау етеді.
Дөңгелек үстелді
жүргізердің алдында тәрбиеші іс-шараның
мақсатын түсіндіреді. Ол үшін талқыланып отырған
тақырыпқа нақты мысалдар келтіріп, окушылар сенімін тудыру
кажет. Бұл арада дөңгелек үстелге дейінгі
мұғалімнің психологиялық дайындығының
маңызды тұстары қажетті бейімділік, ішкі
қайшылықтарды жеңу, көтеріңкі эмоциялық
жағдай туғызып, оқушылардың ішкі дүниесіне әсер ете білуі болып
табылады. Дөңгелек үстелге сынып жетекшісінің
балалармен қарым-қатынасы терең сенім мен
құрметке, әділдікке құрылуы қажет.
Әдептілік тақырыбындағы
дөңгелек үстел жүргізу мазмұны окушылардың санасына ғана емес,
сезіміне де әсер етуге тиіс. Дөңгелек үстелді
өткізудегі басты мақсат балалардың белсенділігін арттырып,
жағымды мінез калыптастыру. Әрі дөңгелек үстел
жүргізушінің алдын ала дайындығын қажет етеді және окушылардың жас ерекшеліктері
мен ұғымталдық дәрежесі ескерілуі керек.
Төменде беріліп
отырған материалдарды окушылармен өткізетін түрлі
тәрбиелік іс шара ретінде
пайдалануға болады. Басты
мәселе тәрбиелік іс шара халық даналығын пайдалана
отырып, окушылардың өздерінің ой-пікірлерін жақтап
шығуына, өмірде оны өнеге етіп. қастерлеуіне әсер
ету. Осы негізде Жаңаша тәрбие технологияларының бірі –Ойын
технологиясы.
Ойын технологиясының
ерекшеліктері: барлық мектепке дейінгі кезеңнен бастап, негізгі
іс-әрекеттің түрі ретінде болып табылады және оны оқу-тәрбие
үдерісіне қосып келеді. Ойынды тәрбиелік іс-шара ретінде ұйымдастыру
барысындағы басты
мақсаты – тәлім- тәрбие беруді ойынмен ұштастыру.
Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның
ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.
Оның бір қарағанда қарапайым құбылыс не
әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет
ойын арқылы студенттер неге үйренеді ?
қисынды ой – қабілетін дамытады;
өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
сөздік қоры,,тілі дамиды;
зейіні қалыптасады;
байқампаздығы артады;
өзара сыйластыққа үйренеді;
ойынның ережесін бұзбау
яғни,тәртіптілікке баулу;
бір – біріне деген студенттердің сенімі артады, достыққа,
ынтымақтастыққа баулиды;
мектептегі тәрбие жұмысын жүргізуге
деген қызығушылығы артады, белсенділігі дамиды.
Ойын түрлері
![]()
Ойындардың ішінде іскерлік ойындар ерекше орын
алады. Іскерлік ойындар: оқу-тәрбиелік, өндірістік,
зерттеушілік болып бөлінеді.
Іскерлік ойындар негізгі белгілеріне мыналар кіреді:
Материалдардың басқарушылық
әрекеті үрдісін модельдеу;
Ойынға қатысушылар арасында рөлдерге
бөлу, рөлдерге сәйкес өзара әрекеті;
Ойынға қатысушылардың ортақ
мақсаттарының болуы;
Ойынға қатысушылардың шешім
шығаруы;
Шешімдердің көп
нұсқалығы;
Ойын соңында талдау жасау.
Әдетте ойын түрінің екі түрі
қолданылады:
а) белгілі бір мәселені шешуге
бағытталған жалпы жағдайаттық тапсырмалар;
ә) арнайы тапсырмалар.
Іскерлік ойындардың мақсаты: іскерлік
рйындар күрделі шешімдерді қабылдай білуге үйретіп,
ұжымдағы өзара қарама-қатынасты
айқындап,оқушының білімі, білігі мен жеке қасиеттерін:
жауапкершілік, шыншылдық, іскерлік, шешімпаздық,
мақсаткерлік, танымдық белсенділігін дамытады.
Қазіргі кезде студенттердің шығармашылық әрекеті
мен қоғамдық орнын белгілеуде танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын
ынталандыруға септігін тигізетін тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырудың
түрлі тәсілдерімен әдістері мен нысандарын іздестіру аса
маңызды міндет.
Шапшаң ойындар-бұл үшін оқулық, іскерлік
ойындардың барлық білім белгілерінің қажеті жоқ.
Олар қарапайым бола отырып, қуаттық және
уақыттың аз жұмсалуын қажет етеді.
Бұл ойындардың мақсаты оқытудың және
тәрбиелеудің мақсаттарын нақты түрде шешуде сол
арқылы танымдық белсенділігін арттыруда тиімді болады.
Рөлдік ойын бұның оқыту мен тәрбие жүйесіндегі,
сірә ең үлкені болар. Ойынның бұл түріне
рөлдің сипаты оны орындай отырып, қатысушылдар белгілі бір
атқаруды елестетеді.
Рөлдік ойындардың мақсаты: ойындық жобалау арқылы білім
алуды мәнді түрде белсенді жасайтын оның нәтижелірек ететін, сонымен қатар
білгілі бір проблемаларды шешуге мүмкіндік жасай отырып,
оқушылардың белсенділігін арттырады.
Рөлдік ойынның негізгі сипаттары болып:
Нұсқаның болуы;
Барлық рөлдік ұжымның жалпы
мақсатының болуы;
Ойынға қатысушылардың
рөлдерінің және арқатынасында рөлдік
мақсаттың болуы;
Балама көпвариантты шешімнің орын алуы;
Топтық және жеке бағалау
жүйесінің болуы;
Ойындық жобалау.
Ойындық жобалау сипаттары:
Қатысушылардың танысатын күрделі
проблемалардың болуы;
Жарыс негізінде әрекет жасайтын алда
тұрған проблеманы шешудің варианттарын түзетін топт
құру;
Әдісті қолдану;
Ойын төрт кезеңде өтеді:
Проблемаға кіріспе және ойындық
мақсат қою;
Кәсіби сипаттаманы құру бойынша
микротоптардағы жұмыс;
Жалпы сөзжарыс;
Ойынның қорытындысын жасау, рефлексия.
Сонымен
ойын келесі маңызды міндеттер баланың қоғамдық
қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени
құндылықтар мен әртүрлі ұлт
өкілдернің мәдениетін меңгеруі баланың шынайы
адамгершілік коммуникацияға еніге мүмкіндік беретін коммуникативті
іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады.
Баланың әр қырынан көрінуі интеллектуалдық,
шығармашылық, коммуникативтік және әртүрлі
қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
«Блиц турнир» ойынының жүргізілу реті:
Бөлім мазмұны бойынша дайындалған міндетті минимум
жауап. Мысалы:
Тәрбие бағытының
халықтық негіздегі мақсаты мен міндетін ата
Аңыз әңгімелердің
тәрбиелік мәнін аш.
Адамгершілік
тақырыбындағы нақыл сөздерді 2 минуттың ішінде неше сөз жаздыңыз.
Оқушылар берген жауаптарына сай алған фишкалары бойынша
өз орындарына отырады.
Сергіту сәті: Поэзия минуты « Ұстаз жайлы
үздік жыр»
« Түйін сөзді таңда» Қисынды
ойлау тапсырмасы. Оқушылар берілген түйін сөзден біреуін
таңдайды. Орындығына қояды не себепті себепті
таңдағандарын түсіндіреді. Мысалы: шыдамды, сабырлы адам
бастаған ісінің жақсы нәтижесін көреді.
Білім-білікке бастайтын баспалдақ. Өзіңе сен,
өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың
екі жақты.
Мүмкіндік деңгей тапсырмаларының
жұмысы.
Тапасырма түрлері: минимум, максимум,
мүмкіндік. Оқушылар орындағанына сай таратылады.
Жауап алу әдісі: « Раунд-Робин»
Тапсырма түрлері: « Табиғат-менің
өз үйім» блогы бойынша шығармашылық жұмыс
түрін құр; « Масатыдай құлпырар жердің
жүзі» блогы бойынша сипаттау мітінін құр.Поэзия минуты
« Болмасаңда ұқсап бақ» Абай
Түйін сөз.
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында «Имандылық»
тақырыбында әңгіме.
Сыпайылық заңдары
Әңгіменің мақсаты:
оқушылардың сыпайылық туралы ұғымдарын
қалыптастырып,оларды адамдармен кішіпейілділік ережелеріне сай қарым-қатынас жасауға
ұмтылдыру.
Әңгіменің үлгі жоспары:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
2. Мінез-құлық мәдениеті.
3.Әдептіліктің негізгі
қағидалары
4.Қорытынды.
Кіріспе: Мұғалім әуелі
оқушыларға адамның мінез-құлық сапаларын
білдіретін қасиеттің бірі сыпайылық болып табылатынын айтып сендіреді.Бұл орайда
өзге ұлттар сияқты қазақ халқының да
ежелден қалыпқа түскен
мінез-құлық үлгілері бар екендігі нақты
мысалдар келтіріліп түсіндіріледі. Қазақ халқында
балалар мен жастардың үлкендер сөзіне кірісуі,я болмаса
олардың кеңесіне көңіл бөлмеуі әдепсіздік
саналады.Бұл жөнінде "Әке тұрып ұл
сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен
без"-деген мақалды еске алған жөн.Тәрбиеші
оқушылардың қарияларға көмектесіп, жол сілтегенде
қандай алғыс алатынын
естеріне түсіруін сұрауына болады. "Бақытты бол
,балам","Жасың ұзақ болсын","Өркенің
өссін","Құдай тілегіңді берсін ".
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген
үлкендердің парасатты
сөздері оқушылардың бойына ұлтымызға
тән ізеттілік ,үлкенге деген
сый-құрмет қасиеттерінің даруына ықпал
тигізуі сөзсіз.
Болашақ мұғалімдерге, оқушы
жастарға адамгершілік тәрбие беруде ен ғасырларда өмір сүрген
ақындардың жастарды ерлікке, бірлікке, қазақ әйелдеріне
тән биязылыққа, әдептілікке, ізеттілікке баулитын
өлеңдерінен үзінді келтіру тақырып мазмұнын байыта түсетіндігін айтқымыз келеді.
Ауыл
мектептерінде педагогикалық практика кезінде V курс студенттері
жергілікті жердегі көп балалы отбасы бала төрбиелеуде халық
дәстүрлерінің қандай түрлерін пайдаланатыны
жөнінде оқытушыдан тапсырма алады. Студенттер отбасы
тәрбиесінің тәжірнбесінен жинаған материалдарын бірнеше
топқа бөледі:
"1.Отбасында халықтық
педагогиканың қайнар көзі"- ауыз әдебиеті
шығармаларын пайдалану, ай, күн аттарын қазақша айту,
балаларға жеті атасын білдірту.
2.Ұлттық ою-өрнек, зергерлік секілді
ісмерлік өнерге үйрету.
3.Ұлттық ойынардың мазмұнымен
таныстыру.
4.Ұлттық тағам түрлерін, оны
дайындауды үйрету.
5.Ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтау,
халықтық ем, ауа-райын болжау тәсілдерінен хабар беру.
6.Діни мейрамдарды атап өту.
7.Көпшілік қайырымдылық істер.
8.Ұлттық саз аспаптарының тарихын,
халық өлеңдерін жатқа білу.
9.Қонақ күту рәсімі.
10.Мал шаруашылығы - қазақ
халқының ата кәсібі.
Қазақ отбасындағы бала
тәрбиелеудің негізгі талаптарының бірі -"Өмір
үшін және өмірмен тәрбиелеу". Оны мынадай
мақал-мәтелдерден көруте болады: "Еңбек түбі
- береке", "Еңбек етсең емерсің", "Бейнет
түбі - зейнет" т.б.
Жоғарыда айтканымыздың түйіні
болашақ мүғалімдерді казақ халқының
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып,
соңғы кезде жанданып келе жатқан педагогикалык
ой-пікірлерімен каруландыру қазіргі кездегі гәрбиедегі
дағдарыс көріністерінен шығу жолдарының бірі деп
санаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазакстан
Республикасының "Білім туралы заңы". 2007.
2.
Жарыкбаев К.Қалиев. С." Қазақ
тәлім-тәрбиесі. Алматы, Санат, 1995.
3.Қалиев
С. Халык педагогикасынын тагылымлары. Бастауыш мектеп. 1991
4.Кенжеахметұлы.
Жеті казына. Алматы: Ана тілі, 1997.
5.Табылдиев
Ә Хадык тағылымы Алматы: Қазақ университеті, 1992.