П.ғ.к Өтебаев И.С., Зарипова Ұ.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Халық қолөнерін технология сабақтарында
пайдаланудың жолдары
«Технология»
білім беру саласы білімді де іскер адамды тәрбиелеуді талап етеді.
Адамның қайсы бірі болмасын өзінің практикалық
іс-әрекетінде әрдайым түрлі проблемалық тапсырмаларды
шешеді. Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін
қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер
түрлерін жүйеге келтіруге және оны оқытушылар тарапынан
басқаруға байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда .
Мектеп
оқушыларын тұрмыста қолданылатын қолөнер
бұйымдарын жасауға баулу барысында оқушылар жалпы
еңбектік дайындықтарды игеріп, материалды өңдеу бойынша
жалпы білім мен ептілік және дағдыны меңгереді, жұмыс
жасау барысында оның түрлі қасиеттеріне байланысты
сауаттылығын арттырады, үй мәдениеті және
тұрмыстық техника негіздерімен танысып өндіріс салалары
жөнінде түсініктерді қалыптастырады. Сонымен бірге,
бағдарламада жоспарланған оқу материалдары, тақырыптар,
практикалық және лабораториялық жұмыстар оқу-тәрбие
жұмыстарының іске асуына негіз болады.
Қазіргі кездегі технологиялық
білім беруге, жастардың технологиялық мәдениетіне
сәйкес еңбек іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Оқушылардың
білім, іскерлік және дағдысының қалыптасуы, еңбек
үдерісін және оның құраушы бөліктерін
орындауға баулу, әр түрлі оқытудың әдістері
мен ұйымдастыру формалары көмегемен жүзеге асырылады.
Технология пәнінде оқушыларға
қолөнер бұйымдарын дайындауда технологиялық
үдерістер және осы үдерістердің ғылыми негіздері
жөніндегі білім берумен қатар практикалық сабақта
олардың еңбек іскерліктері мен дағдыларын
еңбектің сферасына сай қалыптастыру тиімді болып табылады.
Оқыту барысында ғылыми теорияны
практикалық тәжірибе негізі арқылы мұғалімдер
оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Білікті
іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден, тек қана
таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Теория
мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі
бар. Мұғалімдер мен оқушылар арасында білім, білік және
дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет,
практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі
барысында қалыптасады.
Оқушыларға сәндік
бұйым жасау барысында өзіне өзі сұрақ қоя
білу іскерлігін қалыптастыру өз жұмысын жоспарлауды
жетілдірудің неғұрлым тиімді әдісі болып табылады.
Мысалы, бұйым жасауды неден бастау керек? Жүннен бұйым жасау
барысында негізгі бөлігі, басқа бөлшектерді қандай
материалдан жасауға болады? Қандай ою-өрнекті
салуға болады, оюды қандай
тәртіппен құрастыру керек? Киіздің бетіне сюжетті
композицияны орналастыруда өңдеудің қандай
жолдарын таңдау керек? Оқушылар
бірте бірте жұмыстың ең негізгісін көре білетін болады,
оны әр кезеңге бөліп, қандай әдіспен орындау
керектігін белгілейді. Еңбек әрекетін жоспарлауды жетілдіру
объектіні графикалық құжат бойынша жасаған кезде тиімді
өтеді. Бұйымның суреті, сызбасы немесе схемасы жұмыс
сатыларын, оның орындалу тәртібін көрсетіп тұрады.
Жүннен бұйым жасауды жаңа үйрене
бастағанның өзінде-ақ оқушыларды мақсатты
түрде практикалық жұмысты неғұрлым кең
көлемде жоспарлай білуге үйрете бастау керек, яғни үлгі,
сызба, сурет бойынша бұйымның құрылымымен танысу;
бұйым құрастыру жолдарын таңдау; бұйымның
жасалу мақсатын анықтау; негізгі бөліктің қалай
құралатынын анықтап киіз дайындау; қажетті
құрал-жабдықтарды дайындап іріктеу; құрастыру әдістерін таңдау,
жекелеген бөлшектерді жасау; жекелеген комплектілерді біріктіру; алдын
ала тексеру және ақауды жою; бұйымды безендіру.
Іскер мұғалімдердің
оқушыларға кішкентайынан бастап жұмыс орнын дұрыс
ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын үйретуі олардың
іскер, бар іске жауапкершілікпен қарауына көмектесетінін
көрсетіп отыр. Оқушыларға жұмыс істеу үшін
міндетті түрде дұрыс ұйымдастырушылық қажет
екенін саналы түрде түйсінгенше ыждағатпен үйрете беру
керек.
Осы арқылы мұғалім
тағы бір мақсатты орындайды – оқушылар құрал-жабдықтармен
жұмыс істей білуге, орнымен пайдалануға үйренеді.
Оқушылар іс-әрекет барысында технологиялық
өңдеудің түрлі әдістерін пайдалана отырып
жұмысты қаншалықты жеңілдетуге болатынына және
жасалар заттың сапасын қалай жақсартуға болатынына
көз жеткізеді. Ал құрал-жабдықты дұрыс әрі
орнымен пайдалану оларға еңбекті неғұрлым ұнамды
етіп көрсетеді. Құрал-жабдықтарды, мәселен
ақ киізді қазіргі жаңа технологиямен жасауда құралдарды
мейлінше еркін пайдалану барысында жұмыс орнын ұтымды
ұйымдастырғанда ғана еңбек дағдыларын
қалыптастыру жүзеге асады. Бұйым жасауда өз
ісіңді жоспарлай білуді жетілдіре түсудің де мәні аз
емес. Мұндай іскерлік әр тапсырманы орындау барысында қалыптасады.
Бүгінгі мектеп оқушыларының
ой-қиялы, ғылыми техникалық прогрестің дамуымен бірге
күн санап даму үстінде. Олардың ой-қиялының
дамуымен білім мен біліктілік, дағдыларын қалыптастыруда
қазіргі кездегі күнделікті өмірдегі техникалық
ағымдық ақпараттық құралдар – телевизор,
радио, компьютер мен газет журналдардың өзіндік үлестері мол.
Білім беру жүйесін дамыту мақсатындағы реформаның
негізгі бағыттарында оқу мен тәрбие сапасын арттыру, әр
пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің
жоғары болуын және ғылым негіздерінің берік игерілуін
талап етіп, еңбек тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық
тәрбие мен дене тәрбиесінің оқушылардың бойында
дұрыс қалыптасуына ықпал ету. Негізгісі оқу мен
тәрбие жұмысын қазіргі қоғам талаптарына сай
оқытудың озық әдіс-тәсілдері мен
оқытудың жаңаша жолдарын қолға алуды атап
көрсеткен. Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта
мектептердегі білім мазмұнын түбегейлі өзгетіп жаңа
оқулықтармен жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі.
Мектеп
оқушыларын қолөнеріне үйретудің жалпы міндеттері
бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады:
-
оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық
өнерін пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау;
-
өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына
ұмтылуға тәрбиелеу;
-
оқушылар тәрбиесінде қазақ ұлттық
қолөнерін пайдалануға даярлық деңгейін
жетілдіруде психологиялық және практикалық
тұрғыда даярлау.
Оқушылар
оқу үдерісінде ғылыми-техникалық прогресстің
талабымен сәйкес келетін жаңа технологиялар мен техникаларды меңгеруі
тиіс .
Бағдарлама
бойынша қазақ мектептерінің оқушылырына арналған,
ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге бейімдейтін еңбекке
үйрету сабақтары сыныпта мына түрлерді қамтыған:
қағазбен жұмыс, сазбалшық немесе ермексазбен
жұмыс, табиғи материалдармен жұмыс, тоқыма
материалдарымен жұмыс. Дегенмен, бұл еңбекке үйрету
түрлерінің әрқайсысында қазақ
халқының тұрмыста қолданатын бұйымдары мен оларды
ою-өрнектермен қалай әшекейлейтінін біліп, оларды еңбек
сабақтарында жасайтын бұйымдарға қолдану көзделіп
отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық
дәстүрлері мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны
әрі қарай дамыту мақсатында балаларды жастайынан өз
ұлтына деген сүйіспеншілікке баулып, оны құрметтеуге
бағыттауы керек.
Оқушылар,
негізінен, кесте тігісі түрлеріне, бастырмалы бұйымдар
жасауға, тоқу инесімен тоқуға, ши тоқуға,
ойма нақышты әдіспен бұйымдар жасауға,
құрақ тігуге, кілем тоқуға үйренеді.
Сәндік-қолданбалы өнер арқылы тәрбие беру:
- өз
ауылындағы, жергілікті жердегі өз туыстары мен
жақындарының өмірі туралы ұғымдары мен
мүдделерін ұжым қажеттіліктеріне ұштастыру ниетін
тәрбиелеу;
-
көрнекі құрал ретінде пайдаланатын өздері жасаған
бұйымдарға, көрме экспонаттары мен мектеп мүліктеріне
аялы көзқарастары тәрбиелеу;
- сынып
ұжымына, мектеп, отбасы өмірі мен өз еңбегіне жеке
тұрмыс-салтындағы әсемдікті сезінуге және өзі
соны жасауға ұмтылдыру;
- мінез
құлықтағы, тіршіліктегі, тұрмыстағы
көріксіздікті айыптау көзқарасын тәрбиелеу.
Білім
саласында жүргізіп жатқан реформаның жоғары
стратегиялық мақсаты ой-өрісі кең,
шығармашылық деңгейде қызмет атқара отыра алатын,
дүние тану мәдениеті жоғары,
қарым-қатынастағы жауапкершілігі мол адамды тәрбиелеу.
Еліміздің
ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық
қолөнердің тегін тектеу, болмысын тану,оның асылын
тарихтың рухани көш керуеніне ілестіре отыру арқылы
бүгінгі мен болашақ ұрпақ қамын қамдау
өмір талабы. Біздер осы талаптарды қолдай отырып,
ұлттық қолөнерді оқушыларға үйретіп,
дамытуды мақсат етеміз. Еңбек сабақтарын халық
педагогикасымен байланыстырмай жүргізу мүмкін емес. Өйткені
қазақ халқы баланы еңбексүйгіш, өнерлі етіп
тәрбиелеген. Бала дүниеге келісімен уақыт елегінен
өтіп, тұжырымдалған
қағидалар – мақал-мәтелдер, өнегелі
шешендік сөздер, жұмбақтар мен ырым, тыйымдарды,
құлақтарына құйып, жаттатып отырған.
Халықтық
педагогиканы оқу-тәрбие жұмысына енгізіп, сабақты
түрлендіріп өткізудің тиімділігі жоғары. Мұндай
сабақтар оқушылардың қызығушылығын оятады,
әр оқушының қабілетін ашады, ізденімпаздығы мен
жауапкершілігін арттырады, атамұра қолөнерін игеріп,
меңгерген білімдерін өмірде пайдалана алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Сатқанов О. Оқушыларды
сәндiк-қолданбалы өнерге баулу әдiстемесi. А.маты,
Рауан. 1993.
2. Бисенғалиев Б. Шебер қолөнер үйiрмесi. Технология. 2004, №1, 19-10 б.
3. Дүйсекеева Ш. Шебердiң қолы
ортақ. Технология. 2004, №10, 8-9 б.
4. Жиентаева Б. Халықтың
қолданбалы өнер технология сабақтарында. //Технология. 2004, №5, 8-14 б.
5. Жақыбаев Н. Қазақ
қолөнерiнiң ұлттық сипаты.
//Қазақстан мектебi. 2003, 29-35 б.