Скакова Лаура
Болашақ университетінің магистранты
Қиын балаларды
тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі
Ұрпақ
тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның
болсын өзекті мәселелері болып келеді. Қоғамды
алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі –
қиын балалар санының көбеюі. Зерттеушілер
жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын»
балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты
ізденістер жүргізуде. Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесі
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап, күні бүгінгі дейін
педагогтардың, психологтардың зерттеулеріне өзек болып,
әр қырынан қарастырылып келе жатыр. Бірқатар қазақстандық педагог
зерттеушілер В.Г.Баженов, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Карабаева,
И.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, В.П.Шевченко, Л.В.Лысенко, Л.К.Керимов
және т.б еңбектерінде қиын балалардың
мінез-құлқы, жағымсыз қасиеттері, қиын
баланы қайта тәрбиелеу мәселелері сөз болады.
Қазақ тілі терминдерінің
педагогика және психология бойынша түсіндірме сөздігінде
«қиын балалар» ұғымына мынадай анықтама беріледі:
«қиын балалар – тұлғалық дамуында көрінеу
ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте,
балаларды бұл санатқа қосқанда олардың
оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі
болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы
көріністері негізге алынады. Баланың
мінез-құлқындағы кәнәраттардың
себептері алуан түрлі болады, оның «қиын» деп бағалануы
көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын
көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін
білдіреді... [1, 128]. Зерттеуші Қ.Өтеген «қиын бала»
терминіне мынадай түсініктеме береді: «Қиын бала дегеніміз, ол
педагог ғылымдардың ғылыми тұрғыдан
дәлелдеуінше, табиғатында дұрыс жаратылған дені сау,
қабілеті бар бала. Оның өзгелерден айырмашылығы
отбасында және мектепте ойдағыдай жеке-дара педагогикалық
тәрбиеге зәрулігінде ғана. Тәрбиелеуі «қиын»
оқушылардың сана-сезіміне әсер ету тәрбие ісі
зерттеушілердің әр уақытта да ерекше ескеретін
мәселесі. Бірақ бұл тек сөз жүзінде
(әңгіме өткізу,түсініп беру, ақыл айту т.б)
әсер ету әдісімен ғана шектеліп қалмауы тиіс» [2,19].
«Қиын балаларды тудыратын себептердің бірі – үйелмен
тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда,
тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің
жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни
қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп – бұл үйелмендігі сәтсіздік – маскүнемдік,
ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың және
басқа үйелмен мүшелерінің жеңілтек
мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу – неке бұзу.
Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз
көңіл аударылады. Төртінші себеп – бұл сынып
жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы
олқылықтары мен кемшіліктері [3,120-121].
Қиын
балалардың типтік ерекшеліктері жеткіншектік шақта неғұрлым айқын
көрінеді. Бұл
кезде баланың әлеуметтік позициясы
өзгере отырып, оның
іс-әрекетінің
жаңа
бағыттылығын
ғана емес, сонымен
бірге оған деген
жаңа қатынасты, оның
қоғам
арқылы белгіленуін тудырады.
Психологиялық
дамудың бұл кезеңдегі күрделілігі мынада:
бірінші жағынан, жеткіншектік шақ – балалық
шақтың типтік кезеңі. Екінші жағынан, біз,
ересектер өмір талабындағы тұрғын,
дербестікке,
өзін-өзі
бекітуге ересек адамдардың оның правосын, потенциалды
мүмкіншіліктерін мойындатуға ұмтылған өсу
үстіндегі адаммен істес
боламыз.
Балалардың
белгілі бір бөлігі сотқарлығымен,
тәртіпсіздігімен дөрекілігімен ерекшеленеді. Бұл
балалармен жұмыс істеу
олардың
белсенділігін,
инициативасын
мақсатқа
сәйкес ұйымдастыруды, олардың адамгершілігін,
белгілі дербестігін құрметтеуді көздейді. Балалардың ерекше
тобын мінез-құлқында еңбекке құштар
ықыласы мен әдеті
жоқ, жалқау балалар
құрайды.
Тәрбиешілерге
мұндай баланың ұмтылысын, күш-жігер
көрсетуді аңғарту және
мадақтау, оның бойында
еңбекке деген қажетсінуін ояту, сан алуан
іс-әрекеттен
қуаныш табуды үйрету өте қажет.
Ең
теріс қасиеті – жалған айту болып
табылатын балалар да
бар. Мұндай кемшілікпен
күресе отырып, қиялдау (мектепке дейінгі кіші
шәкірттік шақтағыларға тән)
мен шындықты әдейі
бұрмалауды ажырату қажет. Жалған айту жаза
алудан
қорқудың
да, жағымсыз қылықтарын жасыруға
ұмтылудың да, өзін
таныту,
айналасындағылардың
назарын өзіне аудару тілегінің де салдары
болуы мүмкін. Балалардың жолдастықты
өзінше бір түсінуі, жолдасының
теріс қылығын жасыру
амалы ретінде де
өтірік айту жиі
кездеседі. Біріншіден, бала
өтірігінің
нақты себебін анықтау, екіншіден өтіріктің барлық жағымсыз
көріністерін,
оның
қорқақтықпен,
екі жүзділікпен өзара
байланысын сыпайы көрсете отырып,
шыншылдық сенім, өзара
құрмет
және талап қоюшылық жағдайын туғызу
үшін тәрбиешіге көп
тер төгу қажет.
Қиын балалармен
жұмыс істеу: 1) балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау; 2) оның
жағымды қасиеттеріне сүйену; 3) оның адамгершілік күшіне,
потенциалды
мүмкіндіктеріне сену сияқты өте
биязылықпен жеке-дара қатынасты қажет етеді.
Педагогикалық
жағынан алғанда,
тәртіп бұзушы жеткіншектермен тәрбие
жұмысын жүргізу мейлінше
күрделі. Бұл
жеткіншектерге көбіне ырықсыз мінез-құлық,
жеке бас
құрылымының бұзылуы, айқын көрінген әлеуметтік жат, оның
ішінде жасына лайық
емес қажеттіліктердің болуы,
иемденуге
бағдарланған
қалыптан тыс, «тікелей»
тілектердің болуы, достық, жолдастық,
парыз, ар-намыс туралы
теріс түсінікке алып келетін
қарым-қатынастағы қажеттіліктің
бұрмаланған бағыттылығы тән.
Тәртіп бұзушы жеткіншектерде рухани,
танымдық,
эстетикалық
қажеттіліктер
деформацияланған.
Атап айтқанда, оқуға деген ынта жойылған. Сонымен бірге тәртіп бұзушы
жеткіншектер, зерттеулер көрсеткендей, қалыпты интеллектуалдық
мүмкіндіктерді игереді, сондықтан көп салалы іс-әрекеттің берілген
жүйесіне оларды мақсатты түрде тартып отыру
интеллектуалдық
жүгенсіздік пен енжарлықты жоюға
көмектеседі.
Жеке адамды
адамгершілік жағынан бұзылуға әкеліп соқтыратын
қақтығысты ситуацияның түп тамыры отбасы
тәрбиесінің
кемшіліктерінде жатыр.
Әртүрлі балаларда
берілген көп салалы
іс-әрекет
жүйесіне енудің ерекшеліктері түрліше. Олардың жолдастарымен және
педагогтармен
қарым-қытынасы өзінше
құрылады,
тәрбиеге
«қарсылығы» да өзіне
тән байқалады.
Сондықтан да қиын баланың мектеп оқушыларын,
әсіресе
жеткіншектерді типтерге бөлуді де белгілеуге мүмкіндік береді.
Бірінші топқа
қоғамдық-жағымсыз, аномальды,
моральға жат, қарадүрсін қажеттіліктердің тұрақты комплексі,
ашықтан-ашық
қоғамға
қарсы
көзқарастар жүйесі, қарым-қатынастардың, баға
берудің деформациялануы тән.
Бұл топтың балаларында
жолдастық,
батылдық туралы теріс
түсінік қалыптасқан, ұялу
сезімі өте нашар
дамыған. Олар арсыз,
дөрекі, төбелесқор
болып келеді.
Екінші топты деформацияланған қажеттіліктерді, ұждансыз ұмтылыстары
бар мектеп оқушылары құрайды.
Балалар моральға жат
қажеттіліктерінің
тұрақты
комплексі және қарым-қатынастардың, көзқарастардың ашықтан-ашық қоғамға қарсы
бағытталғандығы
байқалатын жасы кәмелетке толмаған
тәртіп бұзушыларға еліктеуге
ұмтылды. Олар тәртіпті оқтын-оқтын
бұзып отырады.
Үшінші топқа деформацияланған және
қажеттіліктердің,
қарым-қатынастардың,
мүдделердің, көзқарастардың
арасындағы
қақтығыс
тән. Бұл топтың балалары
өздері жасаған тәртіп бұзушылықтардың лайықсыздығын түсінеді.
Төртінші топты нашар
деформацияланған
қажеттіліктері бар оқушылар құрайды.
Балалар өз күштеоіне сенумен, жігерлі жолдастарының алдында
жағынумен сипатталады.
Бесінші топқа тәртіп бұзу жолына кездейсоқ түскен мектеп оқушылары кіреді. Олар жігерсіз
әрі
ықпалға
берілгіш келеді.
Назардан тыс
қалған балаларды осылай
типке бөлу тәрбие ықпалы
жүйесін
тұтасымен түзетуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен
бірге, қиын қақтығыс жағдайында
тұрған әрбір
балаға жеке дара
қатынас жасауды жүзеге асыруға жол ашады. Мұнда назардан тыс
қалған баланың мектеп оқушыларын жан-жақты қоғамдық пайдалы
іске тарту жұмысының жүйесі өте
маңызды. Бұл қызметті ұйымдастырғанда
олардың ерекшеліктерін ескереді,
оны көп салалы
коллективтің
тарам-тарам жүйесі арқылы іске асырады. Дәл
осындай
мақсатқа
сәйкес құрылған жүйе
балалардың
әлеуметтік жат мінез-құлықтарын бірте-бірте
жойып, назардан тыс
қалған баланың
мектеп оқушыларына тән
жағымсыз
қасиеттерді
түзеп қана қоймай, олардың
бойында жеке адамның тұрақты
моральдық-жігер
сапасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Назардан тыс қалған балалардың
қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру
мәні, негізгі
мағынасы, принциптері мен
тәсілдері «қалыпты» балалармен
бірдей [4].
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми
түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология // Жалпы ред.
басқ.- А.Қ.Құсайынов. - Алматы: Мектеп, 2002.
2. Өтеген Қ. Тәртібі қиын оқушыларды
этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары // Педагогика ғылым. канд. …
дисс. –Алматы, 2007. –149 б.
3.Қоянбаев Ж.Б.,
Қоянбаев Р.М. Педагогика.
–Алматы, 2002. - 382 б.
4. Петровский А.В.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. –Алматы:
Мектеп,1987. -287 б.