Ермекова Г. С., Сакенова Л.Т.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті
«Информатика» пәні бойынша 5-сынып оқушыларына арналған
жұмыс дәптерін құрастыру
Информатика
пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының
бірі - практикалық мақсаты. Бұл оқушыларды
практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту
үрдісінде практикалық есептерді шешуге үйретеді және келешекте
ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындайды.
Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда
дидактикалық материалдар мен тапсырмаларды қолдану ерекшелігі
жоғары.
Қазіргі
таңда оқулық меңгеретін білімдердің негізі болса,
ал жұмыс дәптері оның көмекші құралы. Сондықтан,
әрбір пән бойынша жұмыс дәптерлері күн сайын
жетілдіріліп келеді.
Оқу үрдісінде
жұмыс дәптерін қолдану
-
біріншіден, әртүрлі жүйелік және
логикалық ойлауды қалыптастыруға, шығармашылық
қабілеттерді дамытуға бағытталған көптеген
тапсырмалар мен жаттығулар есебінен оқулық шеңберін
кеңейтеді;
-
екіншіден, тапсырмалардың баспа негізінде болуы
олардың көшірілуін немесе айтып жаздырылуын емес, тура орындалуын
қамтамасыз етеді;
-
үшіншіден, сыныпта компьютерлер саны жетпеген
жағдайда, сыныпты екі топқа бөлуге болады: бір топ
компьютерде жұмыс жасаса, келесі топ жұмыс дәптеріндегі
тапсырмаларды орындайды.
Жұмыс
дәптерін мұғалімдер оқушылардың білімдерін
тапсырмаларды орындау кезінде пайдалана білуін бағалау үшін және ағымды білімін анықтау
үшін қолданады. Мұғалім
сабақта балалардың жұмыс жасау үстінде жауапкершілік
сезімінің оянуына да ықпал ете білуі керек.
Жұмыс
дәптеріне келесі топтағы сұрақтар мен тапсырмалар енуі
қажет:
-
меңгерілген материалды еске түсіру;
-
ойлау операцияларын дамыту;
-
меңгерілген теориялық білімді
тәжірибеде пайдалану.
Сондай-ақ:
-
әртүрлі қиындық
деңгейіндегі тапсырмалар;
-
оқушылардың өздік жұмыстарына арналған
тапсырмалар мен бос орын.
Сонымен қатар жұмыс
дәптеріндегі тапсырмалар сурет, сызба, кесте түрінде орындалады. Сөзжұмбақ,
кестелерді толтыру оқушылардың ойлау қабілетін, іс
дағдыларын қалыптастырады.
Сабақта
жұмыс дәптерін қолданудың әдістері
әртүрлі болуы мүмкін, төменде жиі қолданылатын
әдіс нұсқалары көрсетілген:
- жұмыс дәптері жаңа тақырыпты меңгеру
және оны бекіту кезінде қолданылады. Жаңа тақырыпты
түсіндіруді дәптерге енгізілген әрбір сабақ
тақырыбы бойынша ақпараттық кешен негізінде жүзеге
асыруға болады.
- жұмыс дәптері көмегімен өткен тақырыпты
қайталау және қорытындылау. Бұл нұсқаны
қорытынды қайталау сабақтарында қолданған
жөн.
- жаңа материалды жұмыс дәптері көмегімен өздік
меңгеру. Жұмысты дәптерде орындау үшін онда жеткілікті
бос орын қалдыру ұсынылады. Мұндай жұмыс әрбір
оқушымен жеке орындалады, оларды өздік, зерттеу жұмыстарына
тартады.
5-сынып
оқушыларына құрастырылған жұмыс дәптерінің,
мысалы «Компьютер - әмбебап есептеуіш машина» тақырыбы бойынша кейбір
тапсырмаларын қарастырайық.
Ребусты
шешіңдер:
|
Атауы |
Сипаттамасы |
|
1.Суперкомпьютер |
|
|
2.Үлкен компьютер |
|
|
3.Сервер |
|
|
4.Дербес компьютер |
|
|
5.Үстел үсті |
|
|
6.Алып жүретін |
|
|
7.Алақан |
|
Сонымен жұмыс
дәптері сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта,
үйге берілген тапсырманы орындау барысында арнаулы мектеп
оқушыларының информатика пәні сабағына деген
қызығушылығын арттырып, жазу, оқу техникасын
жетілдіріп, пайдалануға үлкен көмек береді.
1.
Сатеев
П. Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды
өз бетімен білім алуға дағдыландыру. Информатика негіздері. – 2006. № 4. – Б. 1-7.
2. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. -
А.: Казправда», 2004. – Б.218-225.