Есентаева Айгерім

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың

2-курс магистранты

Тілді меңгерту кезіндегі құзіреттілікті қалыптастырудың ғылыми

тұрғыдан зерттелуі

 

            Әлемдік тәжірибе  бойынша  XXI ғасыр жоғарғы оқу орындарының қызметін  және ондағы білім беру  мазмұнын  анықтауда  бірқатар  жаңа тұжырымдық  тәсілдердің негізгі бағыттары  түзілгендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан  алып қарағанда  тіл үйренушіге  алған білімнің  негізінде  өмірдің өзгермелі  жағдайларын  еркін  бағдарлауға, білімін толықтырып  дамытуға, сол арқылы   сөз мүмкіндіктерін  іске асыруға  және адамгершілік  тұрғыда  өз бетінше  дұрыс әрі  жауапкершілікпен  шешім қабылдауға бағыт беретіндей  болуы тиіс. Білім берудің бұл  тұжырымдары  бүгінгі таңда жаңа «компетенттілік тәсіл» «компетенция» «компетенттілік»,яғни соңғы  уақыттары «құзіреттілік» ұғымдары  арқылы беріліп келеді.

            Қазіргі  кезде  бұл ұғымдардың   мән-мағынасын  талдауға  арналған  ірі  ғылыми – теориялық  және  ғылыми  әдістемелік  еңбектер  жарық көре  бастады.

           Мәселен,  әлемдік    зерттеулерге      талдау      жасайтын       болсақ,  

А.В.Хуторской, О.Е.Лебедев, С.Е.Шишов, А.А.Кальней, Г.Селевко, И.Д.Фурмин, А.Г.Каспаржан, Т.М.Ковалева, Д.А.Иванов, К.Г.Митрофанов, О.В.Соколова  және т.б. білім берудегі   құзіреттілік  мәселелеріне, оның  ұғымдары  мен  әдіс-тәсілдеріне  және  оның білім  сапасын  қөтерудегі  маңызына  тоқталып,  ауқымды  зерттеулер  жүргізуде. «Құзіреттілік» терминін  алғаш  рет  Фердинанд  Де Соссюр  өз еңбектерінде адамның тек  тілді үйрету мағынасында  ғылыми  тұжырымдама жасаған болатын .

            Қазіргі     тіл  оқыту  стандартына  сай   құзіреттілік   адамның белгілі – бір  ортада әрекет етуге    дайындығы  және  қабілеттілігі,  академиялық   білімнің    өкілі    ретінде   "белсенді",   "әлеуметтік  бейімделген" тұлғаға  айналдырады.  Ол өз кезегінде  тұлғаны ақпарат алмасу  мақсатында  қарым – қатынасқа  түсіп қана  қоймай, қоғамда  әлеуметтенуге, сол қоғамды  өзгерту мақсатында  оған  әсер ете  алатын  тұлғаға  айналуына көмектеседі. [1;2]

             Ғалымдар     бұл терминге әртүрлі  анықтамалар  береді . Мысалы: Шилов З.Е.  және  Агапов И.Т. анықтамасы бойынша  құзіреттілік  дегеніміз - тұлғаның білім алу  барысында  меңгерілетін  білімі  мен  тәжірибесіне  негізделген,  оқу – танымдық  және еңбек процесінде оның өз бетінше  әрекет  етуіне  бағытталған  жалпы  іс - әрекетке  қабілеті  мен дайындығы  десе   [2;96],  осы  мәндес анықтама  Л.П.Борисовтың  еңбегінде  беріледі, оған сай  құзіреттілік  оқу барысында  алған  біліммен  іскерліктің  күнделікті өмірде  әртүрлі практикалық  және теориялық  проблемаларды  шешуде  қолдана  алу қабілеті. [3; 127]

             Сондай – ақ  қазақстандық  ғалымдар да ұлттық  білім беру  жүйесін  әлемдік  білім кеңістігіне  кіргізу және қоғамдық   сұраныстарға  жауап   беру  мақсатына  сәйкес    білім  берудегі  құзіреттілік   моделіне  зерттеулер  жүргізіп, оны  мектеп, жоғары  оқу орны  тәжірибесіне енгізу  мүмкіндігін  қарастыра бастағаны  көңіл қуантарлық  жай. Соның ішінде «құзіреттілік» ұғымына өз еңбегінде Д.Н. Кулибаева  тереңірек  тоқталады.

              Сонымен қатар, А.К. Мыңбаева  қазіргі білім беруде  компетенттілік   тәсіл мәселесін зерделесе, Ш.Т.Таубаева, Н.Э.Пфейфер және т.б. болашақ  оқытудың кәсіби  құзіреттілікті  қалыптастыру мәселесін  қарастыруда .

              Ал, М.Ж.Жадрина, Н.Н.Нұрахметов, Ғ.З.Байжасарова, С.Д.Мұқанова, Б.О.Салықова және т.б. құзіреттілікті қалыптастыру білім беруді  ұйымдастырудың  бір аспектісі ретінде  зерттеуге көңіл бөлсе,  К.Ж.Қожахметова, Ш.Е.Демеуова  және  т.б.  тәрбие  беру  тұрғысынан  студенттердің  құзіреттілігін қалыптастырудың  ғылыми-теориялық  негіздерін  жасауда. Білім  берудегі құзіреттілік  тәсілдерін   психологиялық   тұрғыда   зерттеу    отандық    зерттеушілер   Х.Т. Шерьязданова, Р.А. Сүлейменова,  Г.М. Қосымова, еңбектерінде   қөрініс тапқан.

            Қазақстандық  білім беру  жүйесінде  жиі қалыптасып  жүрген «құзіреттілік» ұғымы - «тұлғаның белгілі  бір  пәндер шеңберінде  қатысты  мәселелерді   меңгеруі , білуі» немесе  «тұлғаның белгілі  бір   мәселелер  шеңберінде таным мен тәжірибеге  ие болуы» деп талқыланып, Е.М. Верещагин, В.Г. Костомаров, И.Л. Бим, И.В. Елухина, Н.Д. Гальскова  сияқты ресейлік және шетелдік  авторлар мен зерттеушілердің  лингводидактикасында  көрсетілген теориялық мәселелер негізге алынады.        

          Ал психология – педагогика  саласында «компетенттілік» және «компетенция»  ұғымдарының   жалпы  қабылданған  түсіндірмесі  әлі  қалыптаспаған, оларға  түрліше   мағына беріліп жүр. Психологиялық   әдебиеттерде   бұл  ұғымға  қатысты «компетенттілік - жеке   тұлғаның  қоршаған  ортадағы  адамдар  мен  тиімді  қарым – қатынас жасай  алу  қабілеті» деген  түсінік  берілген. [4;58] Шетелдік   түсіндірме  сөздіктерде  «компетенттілік» ұғымы компетенцияны   меңгеруші    ретінді  қарастырылады. [5] Берілген  анықтамаларға  талдау жасай   келе, құзірет  деп  бір – бірімен  тығыз  байланысқан білім, біліктілік, дағды және  студенттердің  шығармашылық  іс - әрекеттерінің  жиынтығын  айтсақ, құзіреттілік  деп тіл үйренушінің  білімімен  дағдыларын  тәжірибеде  күнделікті өмірде  қандай да бір  практикалық  және теориялық  проблемаларды шешу  үшін  қолдана алу  қабілеттілігін  айтуға болады.             Студенттердің  құзіреттілігі  ең әуелі  мектепте, сосын  жоғары  оқу  орнында   оқыту  үрдісі  кезінде  қалыптасады. Ол оқу  үрдісінің  негізгі сапа   көрсеткіші болып  табылады және  қойылған  педагогикалық  мақсатқа  жетуді көздейді. құзіреттілік  оқу  нәтижелерімен қатар  студенттің  шығармашылық  іс - әрекеттері  мен  құндылық бағдарламаларының  жүйесін көрсетеді.

           Қорыта келгенде  «құзіреттілік»  - бір  нәрседен  хабардар болу, белгілі -  бір  іс - әрекетте білімнің, тәжірбиенің  таныс болудың  біршама  дәрежесі, тұлғаның қасиеті.

          Сонымен, бір нәрсені оқып үйрену, жетік  білу  барысында қалыптасқан  білімнің, дағдының,  іскерліктің  жиынтығы  деген мағынада  қолданатын  құзіреттілікті қалыптастыру  ісінің маңызы  уақыт  өткен сайын  арта  түсуде. Әлемдік тілдік оқыту әдістемесіне  қатысты  материалдарда   құзіреттіліктің  мынадай  түрлері көрсетіледі.

Жалпы  құзіреттілік  және  коммуникативтік  тілдік  құзіреттіліктер

Жалпы  құзіреттілікке  жататындар:

1.     оқуға қабілеттілік 

2.     экзистенцияға құзіреттілік (existential  competence)

3.     декларативтік  құзіреттілік (declarative  competence)

4.     іскерліктер мен   дағдылар (skill and know – how)

Коммуникативтік  тілдік  біліктіліктерге жататындар :

1.     лингвистикалық  компоненттер (linguistic  competence  - lexical , phonological – syntactical  knowledge  and skill ).

2.     әлеуметтік   лингвистикалық  компоненттер  (sociolinguistic component)

3.     прагматикалық  компоненттер (pragmatic component ­ knowledge

жатады .[6; 134]

құзіреттілік мәселесі Д.Хаймс, Р.Уайт, Д.Ж.Равен, И.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Г.Э.Белицкий, А.В.Хуторский   сияқты басқа да ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттелді. Осындай зерттеулерге сай ғылымда құзіреттілікке  негізделген білім беру мәселесі (competence ­ based education) Америкада  тіл теориясына қатысты Н.Хомскийдің зерттеулерінде шынайы айқындалды. Мысалы, ол «құзіреттілікті» тілді шынайы жағдайларда (perfomance) игеруден гөрі тек оның жүйесін білумен байланысты лингвистикаға тән термин ретінде қолданды, Д.Хаймс кез-келген тілді жетік үйрену грамматикалық және  лексикалық  іскерліктерді қалыптастырумен ғана емес, сонымен бірге оны әртүрлі жағдайларда қолдануға қажетті құзіреттілікті қалыптастырумен  тығыз байланысты екенін дәлелдеді, соған сәйкес ғылымға «коммуникативтік құзіреттілік» терминін енгізеді. Ал коммуникативтік құзіреттілік өз кезегінде шынайы қарым-қатынас жағдайында аса қажет болатын  бірнеше құрамдас бөліктерге бөлінеді.

           Тілдік құзіреттілік (тілдің графикалық,орфографикалық,лексикалық

және грамматикалық жақтары).

·        сөздік құзіреттілік (сөйлеу,жазу,тыңдау және оқу).

·        әлеуметтік - мәдени құзіреттілік (сол тілде  сөйлейтін халықтардың

әлеуметтік - мәдени портреті).

·        компенсаторлық құзіреттілік.

·        оқу танымдық  құзіреттілік (жалпы және арнайы іскерліктер),

·        лингвомәдени құзіретілік

·        кәсіби құзіреттілік

               Ал А.Н. Шукин коммуникативтік құзіреттілікті әдістемелік тұрғыдан       төмендегідей  негізгі компонеттерге бөлуді ұсынады.

1)     Лингвистикалық құзіреттілік

2)     Стратегиялық құзіреттілік

3)     Әлеуметтік құзіреттілік

4)     Әлеуметтік - мәдени құзіреттілік

5)     Дискурстық құзіреттілік [7;165].

Тілді меңгеру, сөйлесім білігі мен дағдыларын игеру, белгілі бір дәрежеде тілдік қатынасқа қол жеткізу қатысымдық құзыреттілікке ие болу дегенді білдіреді. Жеделдете оқытуда тілдік тұлғаның бойында қалыптасатын қатысымдық құзыреттілік жүйесі тіл үйренушінің тілдік бірліктерді сөйлесім әрекетінде қолдану мүмкіндігін көрсететін лингвистикалық құзыреттілік; қазіргі қоғамдағы қатынастар жүйесінде өз орнын таба алу, әлеуметтік жауапкершілік қабілеті ретінде көрініс табатын әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік; әлеуметтік ахуалды бағдарлап, адамдармен тең дәрежелі қатынас тәсілдерін жүзеге асыра білу мүмкіндіктерін білдіретін әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік; кәсіби терминдерді меңгеріп, іс қағаздарымен жұмыс істей алу қабілеттерін көрсететін кәсіби құзіреттілік; сөйлеудің табиғилығын, қатысымдық қуатын сақтай отырып, эмоцияны жеткізе алу мүмкіндігін көрсететін эмоциялық құзыреттілік; қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына құрметпен қарауынан көрінетін зияткерлік құзыреттілік; тілдік тұлғаның әлемнің тілдік моделінің көрінісі болып табылатын мәдени құзыреттілік; ақпараттық білім алу ортасында табысты қызмет ету мүмкіндігін көрсететін ақпараттық құзыреттілік; айтылымның паралингвистикалық белгілеріне назар аударып, тілдік және тілдік емес факторларды ұштастыра қолдану мүмкіндігін білдіретін дискурстық құзыреттіліктердің синтезі ретінде қарастырылды.

Демек, тілді меңгертуде міндетті түрде тіл үйренушінің жан-жақты

қабілетін жетілдіруге бейімдейтін (тілдесу, оқу, сөйлесім, қатысым,) құзіреттіліктердің түрлі деңгейі болатыны анықталды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Сафонова В.В. Культуроведение в системе  современного языкового  образования  иностранные   языки в школе ; 1990, № 6 .стр. 2 .

2.С.Г.Агапова Основы межличностной и межкультурной  коммуникации.Серия  "Высшее образование " - Ростов на Д .: Феникс,2004. стр.96.

3. Борисов Л.П.  Компетентностное  деятельной подход  и  модернизация содержание  общего оброзование. Стандарт и   мониторинг. Москва, русский  журнал 2003  №1. стр.127.

4. Артемева  В.А . Психология  обучения  И.Я – М.: Просвещение, 1969.стр. 58.

5. Словарь иностранных слов

6. Тер – Минасева С.Г. Язык  и межкультурная  коммуникация. Учебное пособие  М . Слово 2000 . стр134.

7. Шукин А.Н. Обучение  иностранным  языкам , Теория  и практики . Учебное пособие для  предподователей  и студентов.  Москва , Филоматис. стр.165.