Педагогические науки/5.Современные методы преподавания

 

Жунусова Куралай Мухамедьяровна                

өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі

Қазақстан, Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы, Үштөбе орта мектебінің

«Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндерді интеграциялау мысалдары.

 

Мақсаттары: Өзін – өзі тану  пәнін басқа  пәндермен  ықпалдастыру арқылы басқа оқу пәндерінің мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту;

        Мен осы өзін-өзі тану пәнінен  бергеннен бері адамдарға деген көз қарасым  өзгерді. Яғни мен жалпы адамзаттық кұндылықтарға мән бере бастадым. Мысалы Абай айтқандай: «Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен байланысты. Яғни, ішкі жан дүниені жетілдіру керек».

        Адам сыртқы әлемге тұрақтамай, мәңгілік құндылықтарға тұрақтау керек, өйткені ол өзгермейді. Қандай ұрыс – керіс, жанжал қарсылық болмасын барлығын сүйіспеншілікпен жеңу керек және де  мұғалімнің мынандай заңдарын өзіме керек еттім: Баланы сүйю, түсіне білу, шабыттандыра білу. 

Мұғалімге мынандай парыздарды  білу міндет: Баланың бойындағы шексіз кемелдену  мүмкіндігіне сенім, өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға сену, тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім.

       Ішкі үйлесілімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адамның аспектілерімен сәйкес және құндылықтарға сай болуы тиіс, олар ақиқат, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, ішкі тыныштық.

       Жанашыл – педагог Ш.А. Амонашвили айтқан екен: «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді және әр бір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата – анамен педагогтың міндеті  сол сәулесінің жағылып кетуіне жол беріп, өз өмір жолына бағыт көрсету.

        Мейірімді мінезі болмаған адам түкке де тұрмайды, ол талмен тең болады. Мінез өмірді мәңгі етеді, ол өлімді де жеңеді.

        Адам жақсы өмір сүру үшін адамға алдымен мынадай қасиеттер қажет: адал еңбек, ар – ұят, ақыл - ой, таза жүрек. Онсыз бұл өмірде тыныштық пен татулық болмас.

    «Өзін-өзі тану» пәні метапән болғандықтан, басқа пәндермен ықпалдасуы үнемі жүреді. Сондықтан да сабақтағы негізгі тақырыпты өмірмен байланыстырса, теория практикаға айналары сөзсіз. Яғни, қоғамға бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға қалыптасады деп сенемін.

  Халқымыздың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтына қызмет ететін болғандықтан,тәрбиеші баланы өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиелеу керек» деген қанатты сөзі бір ғасыр уақыт өтсе де өз мәнін жойған жоқ. Қазір жаһандану мәселесі тұрғанда ұлттық тәрбиенің баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеуде маңызы  зор деп есептеймін. Сондықтан  ұстаз да  өткен тарихтан сабақ ала отырып, оқушы жүрегіне жол таба алса, нұр үстіне нұр болар еді  дегендей өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен ықпалдастыру түрлерінен мысал келтіріп отырмын.

1.Қазақ тілі пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру: Мысалы Синоним сөздер

·        Мағыналары бір-біріне жуық, бірақ дыбысталуы басқа – басқа сөздерді синоним дейміз.

·        Мысалы: әдепті, тәртіпті, ақылды, білімді, сыпайы.....

·        Түйін: «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала», деген мақалдың мәнін ашатын болсақ, егерде бала өз ісінде дұрыс әрекет жасайтын болса, атқаратын істеріне сүйіспеншілікпен қарап, әрдайым өзін тек қана тыныштықта ұстайтын болса,  ешкімге ешқашан да қиянат жасамайтын болса онда сол баладан дұрыс әдепті, тәртіпті адам шығатынымен  түйіндеу.

2.Дүниетану пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру. Адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері  туралы түсініктері болуы, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым – қатынас жасай алуы;

Мысалы: “Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ” деген мақалдың мәнін ашу.

·        Түйін: егер біз табиғатты дұрыс аялап, сақтай білсек қана табиғаттан алатын нәрселерімізді ала аламыз деп балаларды дұрыс әрекет жасауға, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, табиғатқа қиянат жасамауға, ішкі тыныштықтарын сақтай білуге  үйрету арқылы түйіндеу.

3.Дене тәрбиесі пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру Денені дамыту қажеттігін түсініп, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алуы;Өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;

 Мысалы: «Шынықсаң, шымыр боласың»

·         Түйін: Осы мақалдың мәнін ашатын болсақ, баланың салауатты өмір салтына  деген сүйіспеншілігі мен дұрыс әрекеті арқылы жақсы жетістіктерге жете алатынына көзін жеткізу арқылы түйіндеу.

4. Қарапайым  математикалық  ұғымдарды қалыптастыру

Мысалы: “Тауық пен балапандар


Тауық шықты көшеге,

 Ерді барлық шөже де.

 Алға кетті 2-еуі,

 Артта қалды 2-еуі.

 Санай алмай барлығын

 Есі шықты тауықтың.

 Сен есепте, балақан,

 Қанша еді балапан?


Торғай екеш торғай да- өз балапанын қорғайды.  Тауық-ол ана, өзінің балапандарын қорғап, үнемі  көз алдында болғанын қалайды. Бізді анамыз қалай өсіріп, біз қуансақ қуанып, біз мұңайсақ  мұңайып жанымызда болса, тауықта өз балапандарының көз алдында  болмағанына мазасызданды.

Түйін: Адам бойындағы мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық болса және  ол қасиеттерге  дұрыс әрекет  жасай білсек әрқашанда  бір –біріне деген  сүйіспеншілік туындайды

 

5. Қарым –қатынас туралы. Мысалы: “Нан-ардақты асыл ас”


Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.                      

Теріп,алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар

“Нанда анамның иісі бар»


Нан біздің алдымызға келу үшін, қаншама адам еңбектенеді. Қаншама қиын жолмен келген асты, тастауға, басуға, ойнауға болмайды. Ендеше ауыр жолмен келген нанды құрметтеп, қастерлеп, үлкендердің еңбегін

бағалап жүрейік.

Түйін: Нанның қадірін білу және адамның еңбегін бағалау.

 

6. Валеология және өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру.  Мысалы:  “Денсаулық –байлық негізі
 1. Байлық
- дегеніміз, тек дененің  сыртқы бүтіндігі ғана емес,  барлық     дене мүшелерінің сау болуы, жалпы алғанда организмнің жан-жақты дамуы  мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы.
Байлыққа жету үшін мынадай ережелерді ұстанған дұрыс:
Ерте тұру, орта тазалығын ұстау, денені шынықтыру, жеке бас тазалығын ұстау, сергек жүру, артық тамақ ішпеу, жалқау болмау.
2. « Байлық –
сән ырысы» демекші, рухани байлық, білімнен   асар байлық жоқ.
Біртұтас алғанда байлық деген –ойды арамдық пен зұлымдықтан қорғаса, көзді көрсеқызарлықтан қорғаса, құлақты өсектен, өтіріктен, лақап сөзден қорғаса, қолды адал, таза ұстаса, бойды ластан қорғаса пейілі мен ниеті ақ болса, жаны да, тәні де таза, рухы биік жоғары болады.

 

7. География және өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру. Мысалы: Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары - жердің гидросфера қабатын құрайды.  Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді.  Сутүссіз, мөлдір, иісідәмі жоқ, ұдайы ағып жатады.


Су жүргізер тіршіліктің тамырын,        

Су жоқ болса тіршілік тәмәм, бауырым

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.                                                                                   

Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе
?


Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. «Су-өмір көзі» , су-жанға сұлулық  береді, көңіліңді көтереді , тазалық көзі, шынығу көзі, су- тағам, табиғатқа сән,  өмірге  мән береді.
      Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі- су.
Бүгінгі таңда, өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының  таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады ,таза су ішпеген ,таза суда шомылмаған халық науқастанады. «Судың да сұрауы бар» дегендей, суды үнемдеу, су жағалауларын  таза ұстау, қамқорлық жасап, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екендігін естен шығармау қажет. Судың  қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылықтар көп болады.  

 

8. «Өз өмірің өз қолыңда» -демекші  әркім өз тағдырын өз қолымен жасайды.

Ø     Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артынан ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Бұл үшін ол әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөз бен істі бір жерден шығару керек.                              

Жүсіп Баласағұн

 

Пайдаланған  әдебиеттер:

1.      «Өзін-өзі тану » пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.

2.      «Өзін өзі тану» педагогикалық танымдық журнал.