Амиркина А.А., Сакенова Л.Т., Жекеева
С.С.
М. Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Мектептегі информатика курсында бейнематериалдар
қолдану
Қазiргi оқыту әдiстерді қалыптастыру кезеңде
бiлім мен іскерлікті әбден жетiлдiру үшін бейнесабақтарды
пайдалануды бағамдайды. Cабақ уақытында әр түрлi
нұсқаларда көрнекiлiктi қолдану оқушының
шапшаң есте сақтауына мүмкiндiк туғызуына ғана
емес, қызығушылығына да жағдай жасайды. Бейнесабақтар
өздігінен үйрену үшiн белсендi құрал ретiнде
қолданыс тапты, көбі өнер-бiлiмдеріндегi кемшiлiктерін жою
үшiн өзіне қызықтыратын бейнекурстарды қолданады.
Бейнематериал көмегімен оқыту – қашықтықтан
оқыту түрлерінің бiрі. Бейнесабақ дегеніміз –
бейнекамераға немесе монитор экранынан арнайы бағдарламамен кез-келген
тақырыпқа дыбысты бейне түсірілген сабақтар
жиынтығы.
Бейне сабақтардың артықшылығы оның қол
жетiмдiлiгінен тұрады: оқушы үй жағдайында
ыңғайлы уақыт кезінде жаңа кезеңдермен танысып, түсiнiксiз
жағдайларды талқылай алады. Теледидар мен компьютер бейне курс
сюжетiнің керекті сәттеріне бірнеше рет қайта оралуға
мүмкіндік бередi. Егер бейне сабақтың тақырыбы
жан-жақты жеткілікті ашық және түпнұсқада
берiлген болса, онда мұндай сабақ ұзаққа есте
қалады. Оқушы өзіңе кез келген уақытта
үзiлiс жасап және ыңғайлы уақытта
жалғастыра алады. Кәдiмгi сабақ барысында көрнекі
мысалды көрсете алмау мүмкіндігі, бейне сабақ көмегімен
қол жететiн болады. Аудио және бейне тәсілдер есте
сақтауды ынталандыруға, ойлау мен назардың дамуына
мүмкiндiк туғызады.
Зерттеліп отырған материал дыбысты бейнеақпаратпен коса бірінші
көріністен ақ толық меңгеріп, игеріп алу
көрсеткіші 51% көрсетсе, жазба мәтін 9 %, ал аудиожазба 19 %
құрайды.
Сонымен қатар тағы да келесі артықшылықтарын ескере
кету керек: жаңа материалды түсiндiру кезінде қанша
уақыт алатынын дәл бiледі; барлық
материал жақсы жiктелген болады; түсiндiрген кезде
тақырыптан кетпейді; бір тақырыпты бірнеше рет түсіндіре
бермей, керекті бейне сабақты түсiндiрмемен қосуға
жеткілікті; бейне сабаты қай кезде, қай жерде болса да пайдалана
алады.
Бейне
сабақтардың кемшiлiктері:
–
бейне сабақты өткізу барысында керi
байланысты жоғалтады;
–
сабақта түзетулерді қажет ететін
қателерді тауып алу мүмкін;
–
ұсынылатын барлық игілікке қарамастан,
жақсы бейне сабақты жасауға көп күш пен
уақыт жұмсалады.
Үйретушi және
тәрбиелеуші функциялы бейнематериалдардың пайдалануымен
көрнекi бейне әсердiң үлкен тиiмдiлiгін ескертедi.
Қабылдау үшiн көрнекi пiшiнде таныстырылған
ақпарат ең қол жетімді, оңайырақ және тез
сiңiріледi. Шынында, оқушыларға бақылау
жаттығулары және оны қабылдау, жаттау үшін тесттер
ұсынылмаған кезде ақпараттың көрнекі даму
әсері мол емес. Киноэкран және теледидар абстрактiлi
ойлаудың, дербестiктің, шығармашылықтың дамуына
нашар жағдай жасайды. Кино және телеэкран мәселенің
көзi және өзіндік зерттеулер ретiнде болуы үшін,
үйретудiң арнаулы ұйымы қажет. Бейнематериалдарды
оқу процесiнде пайдалану мүмкiндiгін қамтамасыз етедi:
–
оқылатын көріністер мен процестер туралы толық
дәйектi ақпаратты оқушыларға беру;
–
оқу процесiнде көрнекiлiктiң
рөлiн жоғарылату;
–
оқушы сауалдарын, тiлек-мүдделерін қанағаттандыру;
–
өнер-бiлiмдердi түзету, қадағалау,
дәптерлердi тексеру және т.б сияқты
мұғалімнің техникалық жұмысынан босату;
–
толық ұйымдастыру және жүйелi түрде
бақылау, нақты үлгерiмдiлiк есепті және тиiмдi керi
байланысты оңайлату.
Сабақта аудиовизуалды
оқыту құралдарын қолдану – бұл тағы бір
ақпарат көзін қолдану мәселесі ғана болып
саналмайды. Көрнекіліктің басқа аудиовизуалды оқу құралдарымен
салыстырғанда, ес пен зейін сияқты әртүрлі
психикалық процестерді қоздырып, сонымен бiрге
оқушылардың психикалық қызметтiң елеулi
қайта құруларын бағамдайды. Бейнематериалдарды
пайдалану көмегiмен көп дидактикалық және
тәрбиелiк мiндеттер тиiмдi шешiледi.
Бейнеқұрал сапасымен тікелей байланысты және
қолданылатын техникалық құралдарды, бейнематериалдарды
пайдалану тиiмдiлiгi мұғалiмнiң жеке шеберлігінен ғана
тәуелді болмайды. Оқу процесінде бейнематериалдарды пайдалану
үлкен талаптарды ұсынады, айқындықпен, ойлап
iстегендiкпен, орындылықпен ерекшелену керек. Бейнематериалдарды
қолданатын мұғалімнен оқушылардың оқылатын
мәселелер ортасына енгізу, өздік жұмысында жеке көмек
көрсету талап етіледі.
Тiптi, сабақтарда бейнежазбаларды пайдалану оқуды жекелендіруге
және оқушының сөйлеу қызметiн дамытуына өз
үлесін қосады. Информатика сабақтарында бейнематериалдарды
пайдаланғанда уәжденің екi түрi өрістеледі:
өзуәждік және уәждеме. Тартымды және қызық
сюжет арқылы ғана емес, оқушы үшiн бейнематериалдан
түсiнушiлiкпен қанағат алуына тырысу керек.
Бейнематериалдарды сабақта қолдану ақпараттың бір
көзі ғана емес екендігін белгiлеп алу керек. Бейнематериалдарды
пайдалану оқушылардың психикалық қызметтiң
әр түрлi жақтарындың дамуына мүмкiндiк
туғызады, ең бастысы назар мен ес. Қарау уақытында
сыныпта бiрлескен таңырлық қызметтiң атмосферасы пайда
болады. Бұндай шартта тiптi зейінсіз оқушы зейiндi болады.
Фрагменттің мазмұнын түсiну үшiн, белгiлi күшті
жұмсау керек. Осылай ерікісіз зейiн еріктіге өтедi. Ал назардың қарқындылығы есте
сақтау процесінің ықпалына тиеді. Ақпарат
түсуiнiң әр түрлi арналарын (акустикалық,
көрермен, моторлы қабылдау) пайдалану осы материалдың
түсiрiп алуына оң әсерін бередi.
Аудиовизуалды оқыту құралдарды қолдану, ең
алдымен ықтиярсыз зейiнді құмарландырады. Дегенмен оларды
оқу процесіндегі ойыншық, оқушылардың еркін
бәсеңситiн құрал-жабдық ретінде
қарастыруға болмайды. Бейнені пайдалану оқушылардың
назарын қосу қажеттiлiгіне қатысты, сондықтан оны
барлық айқындықпен айтуға болады.
Қорыта келгенде, бейнематериалды сабақта пайдалану үлкен
мүмкіндіктерді ашып көрсетеді. Бейнесабақ көмегімен
жаңа материалды ең тиiмдi беруге, сабақтың
тақырыбын ашуға мүмкіндік беретіндіктен, бұл
инновациялық технологияны қазiр жиiрек пайдалануға тырысады.