Аканова Ж.Т., Сакенова Л.Т.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті
«WEB-қосымшаны жобалау» пәні
бойынша оқу-әдістемелік кешеннің элементтерін
құрастыру туралы
Қазіргі кездегі білім беру жүйесі, ақпараттық
технологияларды және компьютерлік телекоммуникацияны белсене пайдалануда.
Әсіресе қашықтықтан оқыту жүйесі жылдам
дамып келеді, осыған байланысты білім беру орталықтарының,
күшті компьютерлік техникамен және Интернет желісімен
жабдықтау факторларына жағдай жасайды. Өздігінен білім алу
мақсатымен және қашықтықтан білім берудің
құрамды бөлігі ретінде электрондық
оқулықтарды пайдалануға болады. Әрбір мұндай
курста мәліметтер қоры сияқты бөлімін оқыту
тереңдік және зерттеу көлемі түрлендіріледі.
Компьютерлік техника мен телекоммуникациялардың және
интернет-технологияның дамуы студенттермен жаңа
ақпараттық технологиялардың көмегімен сабақтарды
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз – үйренушілердің таным
қызметін басқаратын әдістемелік жүйенің
толықтығын қамтамасыз ететін, оқу
құралдарының жиыны. Оқу-әдістемелік кешен
білімнің барлық сатысына арналған бірыңғай
коммуникативті-танымдық тұжырымдаманы есепке ала отырып,
әзірленуі керек [1].
Оқу-әдістемелік
кешеннің мақсаты – болашақ педагогтарға педагогикалық процесті
ұйымдастыруға қажетті жаңа педагогикалық
технологиялар жайында білімдер мен іскерліктерді шығармашылықпен
игеруге көмектесу [2].
Оқу-әдістемелік
кешенді құрғанда авторлар нақты талаптарды ескеру
қажет. Олардың негізгілері:
1) Әрбір оқу кітабының материалының
мазмұнын бұрын оқытылған пәндер бойынша
оқулықтар мен оқу нұсқауларының
мазмұнымен логикалық тізбектелуін қамтамасыз ету.
2) Бір пәннің оқу басылымдары арасында,
осы басылымдардың бөлек құрылымдық
бөлімдері арасындағы ішкі байланыстарды қамтамасыз ету.
3) Кешеннің басқа оқу басылымдарында
қарастырылған материалды көшіруге мүмкіндік бермеу.
4) Авторлардың жалпы түсініктік аппаратты
қолдануы, терминология және белгілеулерді унификациялау.
5) Кешен басылымдарының құрылымының
немесе анықтамалық аппаратты құрастыру
принциптерінің ортақтығы.
6) Басылымдарды көркемдеп жасаудың бірлігі.
“Web-қосымшаны
жобалау" пәннің оқу-әдістемелік кешені 050703
«Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері
үшін құрастырылған. Негізгі курсының мақсаты
Web-сайттарды құру үшін қолданылатын
Web-өндеудің қазіргі
клиенттік технологияларды теориялық және практикалық кешенді
қарастыру болып табылады.
Кешеннің
мазмұны 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» ҚР
МЖМББС-сы, мамандықтың электронды оқу жоспары мен элективті
пәндер каталогы негізінде құрастырылған.
Курсты меңгеру
нәтижесінде студент тәжірибе кезінде Web-контенті құру
және басқару үшін инновациялық өнімдер мен
технологияларымен танысуы керек.
Пәнді меңгеру
нәтижесінде студент мынаны білуі керек:
- Web-конструктірлеу мен Web-программалау негізгі анықтамалары мен
түсініктерін, сайттың құру мен жылжудың негізгі
тәсілдерін;
- проблемалық-бағытталған Web-қорларды
құрастыруды және жылжытуды білу;
- проблемалық-бағытталған Web-қорлардың
жобалау, өндеу және маркетинг әдістерін меңгеру;
- проблемалық-бағытталған Web-қорлардың
жобалау, өндеу және маркетинг дағдыларын қалыптастыру;
- Web-конструктірлеу мен Web-программалаудың проблемалары, тенденциялары мен даму
болашағы туралы
түсініктің болуы [3].
Электрондық
оқу-әдістемелік кешеннің құрылымдық сызбасы
1 суретке сәйкес көрсетілген.

Сурет
1. Электрондық оқу-әдістемелік кешеннің
құрылымдық сызбасы
«Web-қосымшаны жобалау»
оқу-әдістемелік кешенінің бағдарламасы білім
берудің модульдеп оқытуына негізделген. Оқу-әдістемелік
кешеннің лабораториялық жұмыстар курсы дәрістер
курсының бағдарламасына сәйкес
құрастырылған. Сонымен қатар студенттерге
арналған жеке өзіндік
жұмыс тапсырмалары да құрастырылған. Бұл курс
Web-технологияның жеке бағыттарын терең меңгеруіне бағытталған
арнайы курстар үшін негіз ретінде қарастырылуы мүмкін.
Әдебиеттер
1.
Братищенко В.В. Проектирование
информационных систем, Иркутск: Изд-во БГУЭП, 2004. — 84 с;
2.
Введение
в теорию информационных систем. // Под ред. Юркевич Е.В. М: ИД Технологии,
2004. Научно-техническая библиотека;
3.
Сакенова. Л.Т. «Web-қосымшаны жобалау» пәннің
оқу-әдістемелік кешені, Петропавл қаласы.- 66 б.