Кенжебеков Г.Б. - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетінің магистранты
Көркем-шығармашылық
бағытта оқитын студенттердің компьютерлік моделдеуге
даярлығын жетілдіру
Қазақстанның
жоғарғы оқу орындарына енгізілген кредиттік оқыту
жүйесі дәстүрлі фундаменталды біліммен қатар
инновациялық білім беру технологияларын кеңінен қолдануды
көздейді. Сондықтан заманауи ақпараттық жүйелерді
қолдану барысында студенттердің дағдылары мен олардың
көмегімен кәсіби тапсырмаларды орындау іскерліктері мен
дағдылырын болашақ мұғалімнің бойында
қалыптастыру басты назарда. Инновациялық білім беру технологиялары
студенттердің жүйелі ойлау мәдениетін, кәсіби
бағытталған тұлға етіп қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім беруге деген жаңаша
көзқараспен қатар «…әлемдік білім беру
кеңістігіне кірігу; еңбек нарығының, еліміздің
индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру
саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін
жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу
керек» делінген [1].
Жас маман жоғары оқу
орындарының аудиторияларында қалыптастуы, адами капиталдың
сапасы ұтымды оқыту технологиялар мен әдіс тәсілдерді
қолдану арқылы жүргізіліп, түлектердің біліктілік
деңгейлері анықталады.
Дәстүрлі
әдістерді қолдану барысында оқытушы мен студент арасында
дәстүрлі өзара байланыспен қатар оқытушы
студенттің оқу материалын меңгеру деңгейін
бақылап оқу іс әрекетін қадағалайды. Яғни
оқу үрдісінде бірнеше міндеттер атқарады:
- сабақтың
мақсатын анықтайды;
- теориялық білім беріп,
оны тәжірибеде қалай қолдану керектігін көсетеді;
- студенттердің алған
білімдерін бағалайды;
Осының барлығы
оқытушының оқу үрдісінің мазмұнын
ұтымды ұйымдастырудың нәтижесіне әкеледі. Ал
оқытудың инновациялық технологияларын қолдану барысында
оқытушының қызметін біршама өзгеріске келтіріп, ол
бағыт беруші, студенттердің шығармашылық іс әрекетіне
жетекші ретінде роль атқарады. Сондықтан
Қазақстандағы білім берудің қазіргі
жағдайында ақпараттық технологияларды сабақ барысында
кеңінен пайдалану, оның ішінде компьютерлік модельдеу жолдарын
қарастыру мәселеге айналып отыр.
Ақпараттық
проблеманың пайда болуы, ең алдымен,
әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және
бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке
адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға
көзқарасын, қатынасын
қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Осы тұрғыда
болашақ мұғалімдердің ақпараттық
ой-өрісін, мәдениетін дамыту және олардың
ақпараттық технологияларды меңгерумен қатар оларды
жасау іскерлігін, дағдыларын қалыптастыру проблемасының
көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.
Инновациялық технологиялар
құрамына келесі өлшемдерден тұратын көптеген
спектр мүмкіндіктері жатады: білім мазмұны көкейкесті
проблемаларға сәйкестігі; басқарушылық, еліміздің
білім беру жүйесіндегі нәтижелердің сұранысы [2].
Инновациялар – жаңаша,
тұтастай жалпы әлемдік көзқарастың
мәдениетіне, кәсіби өзін өзі анықтауға,
жаңа іскерлік пен дағдыларды шығаратын оқытудың
ақпараттық техникалық құралдарында
көрінетін ғылыми және теориялық-практикалық
құзыреттіліктер.
Психологиялық-педагогикалық
зерттеулерде ақпараттық және инновациялық технологгияларды
қолданудың кәсіби шеберліктертін қалыптастыру
проблемаларына көптеген жұмыстар бар. Соның ішінде
М.М:Буняев, Л.И.Долинер,
Д.М.Джусубалиева, Э.И.Кузнецов, Н.В.Сафроновалардың зерттеулерін
айтуға болады.
Сонымен қатар,
ақпараттық сауаттылық деген ұғым компьютерлік
моделдеу тәсілдерін тәжірибеде қолдану барысында кездеседі.
Оқытушының ақпараттық сауаттылығы компьютерлік
технологияны меңгеру деңгейі түрінде қарастырылады. Ол
қарапайым сауаттылық, қызметтік сауаттылық,
жүйелік сауаттылық
Ақпараттық сауаттылық
компьютерлік технологияны меңгеру деңгейі. Г.А.Кручинина
компьютерлік сауаттылықтың келесі компоненттерін қарастырады:
ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді
білуі, компьютерлердің бағдарламалық қамтамасыз ету
білімі, оқыту бағдарламаларын жасау, оқу процесінде
қолдану,компьютерлік сыныпта сабақ жүргізу [3].
В.В. Алейников өз зерттеуінде «Болашақ мамандар
кәсіби қызметтерінде компьютерлік технологияларды сауатты түрде
қолдана алуы үшін арнайы білім мен іскерліктерге ие болуы керек»
деп көрсеткен. Әйткенмен қолдағы бар жүйелер осы
дамыған технологиялардың соңынан үлгермей
келетіндігімізді байқаймыз. Тәжірибе көрсеткендей
компьютерлік технологияның кеңінен дамуына қарамастан
болашақ кәсіби қызметінде қолдануға
студенттердің даярлығын жетілдіру процесі жеткіліксіз
қарастырылғандығын ашып көрсеткен [4].
Қазақстандық
білім беру жүйесінің приоритетінің бірі ретінде
нарықтық қатынастар жағдайында оқитындардың
қызығушылық принципі ескерілетіндігінде. Осыған байланысты
оқу орындарының алдында оқитындардың шығармашылық
потенциалын белсендіруге бағытталған оқытудың
әдіс, тәсілдерін қолдану міндеттері қойылады. Сонымен
қатар азаматтық тұлғаны қалыптастыру педагогикалық
міндеті шешіледі. Сондықтан әр студенттің оқыту
процесіне қоншалықты бейімделсе, сонша білімділік және
интеллигенттік деңгейі де жоғары болады. Қазіргі
қоғамның глобалды ақпараттандырылуы
қолданыстағы оқыту әдістемесін түбегейлі
қарайды талап ететін білім беру процесіне де әсері мол.
Білім беруді ақпараттандыру
бағдарламасы мектеп оқушыларын компьютерлік оқытуға,
ақпараттық-қатынастық технологиялар саласындағы
қазіргі заманғы жетістіктерді олардың белсенді игеруіне,
Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық-білімдік
ортаны жасауға бағытталған. Осының барлығы,
ақыр соңында, білім берудің сапасын жаңарту мен
арттыруға, мектеп оқушылары мен болашақ
кәсіпқойлардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруға, әлемдік қоғамдағы
Қазақстан азаматтарының мәдениаралық және
тілдік қатынастары үшін негіздерді жасауға
бағытталған болатын.
Қазіргі уақытта білім
беруді ақпараттандыру бағдарламасы кең ауқымды сипат
алды және білім берудің барлық саласына: кәсіптік
мектептерге, коледжілерге, жоо-на, институттарға және
кәсіптік кадрлардың біліктіліктерін арттыру курстарына тарады.
Ақпараттандырудың
негізгі бағыттары:
- АҚТ-ды оқу
процесіне енгізу бойынша нормативтік құқықтық
базаны жетілдіру;
- компьютерлік техникамен
қамтамасыз етушіліктіктің әлемдік көрсеткішіне жету
үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;
- орта білім беру ұйымдарын
Ғаламтор желісіне қосу;
- білім берудің
барлық деңгейлерінде арақашықтықтан оқыту
технологияларын дайындау және енгізу;
- аймақтарда білімдік
ақпараттық ресурстық орталықтарды және
министірліктің білімдік порталын құру;
- білімдік
бағдарламаларға сәйкес орта білім беру ұйымдарын
электрондық оқулық басылымдармен жасақтау;
- мемлекеттік органдардың
біртұтас көліктік ортасының базасында портал мен
аймақтардың ресурстық орталықтарын біріктіру;
-мониторингтің
(сараптаманың) ақпараттық жүйесін енгізу;
- білім беру ұйымдарын басқару
және талдау.
Ақпараттық
қатынастық технологияларды оқу процесіне енгізу және
білім берудің жай-күйін сараптау мен талдаудың шек
келтірмейтін мәліметтерінің негізінде басқарушылық
шешімдерді қабылдау есебінен білім беру сапасының деңгейін
арттыру [5].
Сол
себепті бүгінгі күні Қазақстан Республикасының
жоғары оқу орындары алдына әлеуметтік-этикалық,
экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық,
кәсіби құзыретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті
қойылып отыр. Педагог мамандардың кәсіби
іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның
өзі оларды жаңа ғылыми-педагогикалық идеяларды
шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен
әдістемесін игерген кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің
жоғары деңгейін игерген маман ретінде даярлау мәселесін
тудырады.
Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесінде жаңашаландыру
үрдісі жүруде. Білім беру мекемелерінің алдында күрделі
инновациялық міндеттер тұр. Білім беру жүйесін
түбегейлі түрде ғылымға, теорияға,
тәжірибеге негіздеп, ізгілік және педагогикалық қарым-
қатынаста болатын, тұлғаның ішкі сұранысын
қамтамасыз ететін, қоғамға
қажет, бәсекеге қабілетті мамандарды жетілдіріп, бейінді
білім беруге жағдай жасау.
С.А.Бешенковтың пікірінше «Ақпарат және
ақпараттық процестер» және «Формализация және
модельдеу» информатика курсының кілті болып табылады. «Алгоритмдер мен
орындаушылар» және «Ақпараттық технологиялар» деген
тақырыптар
курстың дәстүрлі тақырыптарын біріктіреді [6].36
М.Г.Бояршинов информатикаға
компьютерлік моделдеу курсын енгізу қажеттігін ата көрсеткен.
Оның мақсаты оқушыларды физика, химия, математика, экономика,
экология, медицина, әлеуметтану, гуманитарлық бағыттағы
пәндер, конструкторлық және технологиялық
мәселелерді жаңа есептеу техникасының көмегімен шешу
қажет деген [7].37
Сонымен, ақпараттық
процестерді оқыту модельдеу әдіснамасына негізделеді. Осыған
орай информатика пәнінің ерекшелігі тек қана
математикалық модельдерді пайдалануында ғана емес,
ақпараттық модельдердің түрлі формалары мен
түрлерін (мәтін, кесте, сурет, алгоритм, бағдарлама)
пайдалануда. Ақпараттық модельдер түсінігі – ол информатиканы
сипаттайтын ақпараттық модельдердің жалпы іс әрекет
түрі.
Қоршаған болмысты
танудың тиімді түрлерінің бірі көлемді
аналитикалық құрал болып табылатын жаңа
ақпараттық технологиялар құралдарын қамьитын
модельдеу әдісі.
«Ақпараттық
модельдеу» түсінігінің жалпылама сипаттамасы дайын
ақпараттық модельдермен жұмыс жасайтындығымызбен немесе
ақпараттық модельдерді жасауымызға байланысты
түсіндіріледі.
Ақпараттық модельдеу
нысан ғана болып табылмайды, сондай ақ маңызды таным,
оқу, практикалық іс әрекет тәсілі болып табылады. Оны
ғылыми зерттеу әдісі және өзіндік іс әрекет
түрі болып табылады.
И.И. Зубко ақпараттық
модельдеуді «компьютерді пайдалануға бағытталған жаңа
жалпы ғылыми таным әдісі». Модельдеу бір жағынан таным
тәсілі ретінде қарастырылады, екінші жағынан оқушылар
меңгеруі тиіс мазмұн ретінде ұсынылады. Автор
ақпараттық модельдеуге оқушыларды тиімді оқыту жобалау
әдісін тәжірибеде жүзеге асыруды зерттеу, өзіндік және шығармашылық
жұмыстардың түрлеріне кіріктіру деп есептейді [8].
И.В. Галыгинаның пікірінше
компьютерлік модельдеуге оқытуды келесі қырларының негізінде
жүргізу қажет екендігін ұсынады:
- модельдік, модельдеу бұл
жағдайда таным құралы, оқу нысаны мен оқыту
құралы болып табылады;
- нысандық, түрлі нысандарды
көрсетіп талдауды көздейтін: оқу нысанын, жаңа нысан
ретінде ақпараттық модельді, модельді құрға
қажет нысанды модельдеу тілін.
Компьютерлік модельдеуді
педагогикада үш аспектіде қарастыруға болады:
- таным құралы
ретінде, өйткені модельді сипаттау үшін нысанның модельдеу
тілін таңдап модельді құру және зерттеу процесі
қажет;
- оқыту құралы
ретінде, өйткені оқыту
процесі зерттелетін нысанның ақпраттық моделін, оның
ішінде сөзбен сипаттау, графикалық бейнелеу түрінде
жасалуымен байланысты;
- зерттеу нысаны ретінде,
өйткені компьютерлік модель өзіндік ақпараттық нысан
ретінде өзінің ерекшелігімен, қасиеттерімен, сипаттамаларымен
қарастырылады.
Басты осы аспектілердің
айырмашылықтары оқушының көзқарасы бойынша таным
іс әрекетінің барысында зерттелетін нысанның моделін
жасайтындығында. Екінші жағынан оқушыға
мұғалімнің дайындалған зерттеу нысанының моделі
ұсынылады.
Сонымен, компьютерлік модельдеу
студенттерге өздерінің практикалық жұмыстарында келесі
берік негіз жасауға ықпал етеді:
- компьютерлік модельдерді саналы түрде оқу
процесінде қолдануға;
- студенттерге ғылыми
зерттеу әдістемесімен танысу;
- келешектегі
шығармашылық жұмыстарында компьютерлік модельдеу
әдістерін қолдануға[9].
Ю.Ф. Титованың пікірінше
маңызды білім беру функциясы студенттердің шығармашылық
потенциалын дамыту болып табылады. Сондықтан осы тапсырмаларды орындау
барысында зерттеу іс әрекеттері арқылы проблемалық
тапсырмаларды орындау қажет. Осындай ғылыми іс әрекеттің
бірі модельдеу болып табылады. Біз зерттеп отырған студенттерді
компьютерлік модельдеуге оқыту әдістемесі теориялық
материалдар мен практикалық талдамалар әр түрлі саласы
бойынша білімдерді кіріктіруді қамтамасыз етеді.
Осы әдістемені
қолдану көркем шығармашылық бағытта оқитын
студенттердің интеллектуалдық деңгейін арттырады, оның
ішінде абстракциялау, классификациялау, талдау, өз әрекетінің
нәтижесін түсініп ұғынуды қамтамасыз етеді.
Болашақ
мұғалімдерді компьютерлік модельдеу негізінде даярлығын
жетілдіру үшін оларда ең алдымен практикалық іс -
әрекет барысында пайда болатын мәселелерді формальды сипаттау
дағдыларын, яғни компьютерлік модельдеу әдістері туралы
кәсіби білім, білік және дағдылар жүйесін
қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге негізгі алгоритмдік
құрылымдарды, бағдарламалау технологияларын білу және
бұл білімдерді компьютер бағдарламаларының көмегімен,
оның құрылғыларымен, ақпараттық технология
құралдарымен жұмыс істеу және
құрылған алгоритм бойынша ЭЕМ-ге арналған
бағдарламалау тілдерінің көмегімен бағдарлама
құру және компьютерлік моделін жасау үшін қолдана
алады.
Компьютерлік модельдеу
әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың
модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу деп түсіндіріледі.
Модельдеу әдісін техникалық жүйелердің күрделілігіне
сәйкес, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу
қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге,
тағы басқаларға байланысты қолданады. Модельдеу
әдісі кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым
тиімді тәсілдермен зерттеуге мүмкіндік береді.
Осы проблеманы қарастыру студенттердің компьютерлік модельдеуге
даярлықтарын жетілдіруді жүзеге асыруда мүмкіндік беретін
жоғары оқу орындарының жаңа тұрғыда
қалыптастыру мәселесі қазіргі уақыт үшін өте
маңызды, себебі, білім беру ортасын есепке ала отырып білім берудің
тиімді жолдарын табу қажет. Сондықтан осы мәселені зерттеу
қажет деп айтуға болады.
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда компьютерлік модельдеуге
олардың даярлықтарын жетілдірудің бірнеше маңызды
себептерін ескеріп әр студентке жеке тұлға ретінде, келешекте
жаңа типтегі білім беру мекемесінде жұмыс істейтін маман ретінде
дайындау жалғасын таппақ.
Қолданған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасының
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. edu.gov.kz/fileadmin/user_upload/np...
2 Сыдықов Б.Д. Болашақ мұғалімдерді
ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу
негізінде кәсіби дайындау жүйесі, автореф. Түркістан:
2008.-17.
3 Кручинина Г.А. Формирование готовности студентов педагогических
специальностей к использованию новых информационных технологий в образовании и
педагогической науке / Вестник Нижегородского.
4 Алейников В.В. Подготовка
студентов к использованию компьютерных технологий в профессиональной
деятельности. Дисс.на соискание ученой
степени канд. пед. наук.
Брянск: 1998.- 242 с.
5 http://www.nci.kz/content/bilim-berudi-akparattandyru
6 Бешенков С.А. и др. Формализация и моделирование // Информатика и
образование, 1999, №5.
7 Бояршинов М.Г. Математическое
моделирование в школьном курсе информатики // Информатика и образование. - 1999. - № 7. - С. 13.
8 Зубко И.И. Изучение моделей классификационного типа в профильном
курсе информатики: Дис. … кан. пед. наук. - М., 1991.
9 Галыгина И.В. Методика обучения информационному моделированию в базовом курсе
информатики: Дис. … кан. пед. наук. - М., 2001.
10 Титова Ю.Ф. Методика обучения моделированию в базовом курсе
информатики: Дис. … кан. пед. наук. - Санкт-Петербург, 2002.