Педагогика және психология мамандығының 2-курс
магистранты Белесова Н.А.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
БІЛІМ
БЕРУ ҮДЕРІСІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әлемдік
жаһандану үдерісі қарқындып дамып, еліміздің
дамыған мемлекеттер қатарына қосылуы, сондай-ақ
қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер
оның барлық салаларымен қатар
педагогикалық, өндіріс пен әлеуметтік саладағы
мамандықтарға қойылатын талаптар күшеюде. Осыған
байланысты бүгінгі күнгі Қазақстанның
педагогикалық білім беру жүйесі қарқынды
әрекеттерімен сипатталады. Білім беру және әлеуметтендіру
ұйымдары іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен,
педагог-психологтарға байланысты. Олардың
тұлғалық қасиеттері, педагогикалық іскерліктері,
адамгершілік және ақыл-ой мүмкіндігі,
педагогикалық-психологиялық мәселелерді шешуде ізденіске бой
алдыруы, өзін-өзі үнемі жетілдіруі бүгінгі
қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады.
Сондықтан,
педагог-психолог мамандардың кәсіби дайындығына қойылатын
талаптар қазіргі еңбек нарығында мамандардың
бәсекеге қабілеттілігін дамытуға негізделеді. Осы
тұрғыда әрбір педагог-психологтың жеке
тұлғасын қалыптастыру талап етіледі
Білім
беру үдерісін психологиялық қамтамасыз ету бүгінгі
таңда жоғары сұранысқа ие болып отыр. Бұл
қазіргі қоғамдағы адам факторы рөлінің
жоғарылауымен, білім беру үдерісінің адами
құндылықтардың дамуы мен қалыптасуына
бағытталуы, қоғамның өзгермелі жағдайында
өз өмірі үшін жауапкершілікті сезінуге, экономика,
әлеуметтік қатынастар және еңбек нарығында
практикалық іскерліктер мен дағдыларды игерген
тұлғаның қалыптасуымен байланысты.
Қазақстан
Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында:
«Педагог-психолог тұлғаның қалыптасуы мен даму процесін
басқару, оқушылардың әлеуметтік және
психологиялық жағдайын жақсартуға
бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жасауға
атсалысу, білім беру мекемелерінде педагогикалық процесті
ұйымдастыруға психологиялық-педагогикалық көмек
көрсету, әлеуметтік бейімделуге кедергі тудыратын
жағдайлардың алдын алу, ата-аналадың
психологиялық-педагогикалық сауатын ашу функиясын атқарады»,-
деп белгілеген [1].
Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында: «Жеке адамның
шығармашылық, рухани және күш-қуат
мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр
салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, даралықты дамыту
үшiн жағдай жасау арқылы ой-өрiсiн байыту»,- бiлiм беру
жүйесiнiң мiндетi деп көрсетілген [2]. Осындай міндеттерді
білім беру мекемелерінде жүзеге асыру педагог-психолог маманның
қажеттілігін айқындайды.
Педагог
мамандығы ежелден келе жатқан мамандықтың бірі.
Бұл кәсіптің ерекшелігі
оның кез келген уақыттағы қажеттілігінің
жоғары болуында. Педагог кәсібінің иесі ең алдымен,
білім алушыны (оқушыны) жете түсінетін тұлға болуы
тиіс. Білім беру үдерісінде оқушыны жан-жақты терең
түсіну, ұстаз бен оқушы арасында «алтын көпір» орнату
үшін білім беру мекемелерінде педагог-психолог кәсібі енгізілген.
Яғни, педагог-психолог мамандығы өзінің бастауын
педагог кәсібінен алады.
М.Б.Жапбасбаева зерттеулерінде:
«Педагог-психолог мамандығының екі табиғаты бар. Кәсіби
маңызды сапалар педагогтың да, психологтың да кәсіби
сапаларының жиынтығынан құрылып, маман
тұлғасының тұтастығын бейнелейді», - деп
көрсетілген. [3]. Педагогикалық және психологиялық
кәсіби сапаларды педагог-психолог жоғары оқу орнында
қалыптастырып, жетілдіруі тиіс. Яғни, маманның кәсіпке
бейімделуі еңбек ұйымында емес, жоғары оқу орнында
мақсатты жүргізілуі тиіс. Мамандыққа бейімделудің
оқу орны қабырғасынан басталуы неғұрлым тез
және сапалы нәтиже береді. Себебі, ол білім алушыға
теориялық білімді оқу орны қабырғасында
жүйелеуге, мерзімінде тапсырмаларды орындауға және
іскерліктерін кәсіптік тәжірибеде қолдануына жағдай
жасайды. Сонымен қатар, болашақ мамандар, жас кезеңінде
жағымды қарым-қатынас орнатуға аса икемді келеді.
Мамандыққа
бейімделуді қызмет орнында жүргізу бейімделуге арнайы
уақыттың берілмеуіне және бұған дейінгі жинақталған тәжірибені
өзгертудің ауырлығына байланысты нәтижесін кеш немесе
бұрыс нәтижеге (маманның негативті психикалық
күйіне, еңбекке қабілеті мен
қызығушылығының төмендеуіне, ұжымдағы
шиеленісті қарым-қатынастың орнауына) жеткізеді.
Болашақ
педагог-психолог мамандығына бейімделуде, бастысы, маманның
кәсібін қабылдауы, қызығушылығының
жоғарылығы, мақсаттылығы, соған сәйкес
ерік-жігер сапаларының дұрыс жолға қойылуы болып
табылады. Сондай-ақ, гуманистік бағыттылық – болашақ
педагог-психолог кәсібінің негізі болады. Ізгілік – адамның
жоғары құндылықтарына; оның жан-жақты дамуы
мен еркіндігін, тұлғаны және оның абыройын
қорғауды қамтамасыз ететін оқытуға негізделген
көзқарастардың жиынтығы [4]. Сондықтан,
«адам-адам» жүйесіндегі кез келген мамандықта, әсіресе
педагог-психологтың бойында ізгілікке бағыттылық шартты болып
табылады.
Педагог-психологтың
негізгі мақсаты оқу-тәрбие үдерісіне
қатысушылардың психологиялық денсаулығына, өзара
қарым-қатынасына және өзін-өзі жетілдіруіне
жағымды жағдай тудыру болып табылады. Жоғары оқу орнын
психологиялық қамтамасыз ету міндеттері студенттік ортада
жағымды психологиялық климат тудырумен, білім беру үдерісі
субъектілерінің мәдениетін қалыптастырумен, әрбір білім
алушыны жеке тұлға ретінде қабылдаумен және білім
алушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен жетілдіруіне
ақпал жасаумен анықталады.
Жоғары
оқу орнының білім алушылары әр түрлі
сұрақтар бойынша психологиялық көмекке жүгінеді,
олар:
· оқудағы үлгермеушілік;
· өзін-өзі анықтау және кәсіби бағдар;
· студенттік ортадағы қарым-қатынас;
· ата-аналарымен қарым-қатынас, отбасындағы
кикілжіңдер;
· өмірдің әр түрлі жағдайларында болатын
стресстік күй, психологиялық бұзылулар бойынша жіктеледі.
Педагог-психологтың
аталған сұрақтарға жұмыс бағыттары да
сәйкесінше жүргізілдеді.
1. Психологиялық
ағарту жұмысы. Оның мақсаты оқытушылар мен білім
алушыларды психологиялық біліммен қаруландыру, оның
өмірлік маңызы мен мәнін ұғындыру болып табылады.
2. Психологиялық
диагностика. Психодиагностика студенттерді тануға, олардың жеке
қабілеттері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік
береді.
3. Психологиялық
кеңес беру. Кеңес беру жұмысы педагогтар, ата-аналар мен
білім алушыларға оқыту, тәрбиелеу және
қарым-қатынас сұрақтары бойынша ұйымдастырылады.
4. Психологиялық
түзету жұмыстары тұлғаның дамуына ықпал
жасау, мінез-құлқындағы
ауытқушылықтардың алдын алу арқылы өткізіледі.
5. Жеке, топтық
және ұжымдық формада өткізілетін психологиялық
терапия жұмыстары білім беру үдерісі субъектілерінің
өзіне сенімділігін қалыптастырудың, өзін-өзі
дамытудың негізі болып саналады.
Бұл аталған жұмыс бағыттарын
педагогика және психология мамандығы оқу
пәндерінің барысында жоспарлы ұйымдастырылуы шарт. Ол алдын-ала жүргізілетін тренингтік
және пікірталас формасындағы сабақтарды өткізу
барысында өзінің нәтижесін көрсетеді.
Оқу
пәндерінің барысында (әлеуметтік психология,
психодиагностика) әдістемелерді студенттер тәжірибеге дейін
меңгеруі қажет. Сонымен қатар, әдістемелермен
жұмыс бойынша факультативтік немесе кеңес беру сабақтарын
ұйымдастыруға болады, мұндай сабақтарды жоғары
курс студенттерінің жүргізуі де қателік емес.
Тұлғааралық қарым-қатынас орнату мәселесі
бойынша, педагогикалық-психологиялық пәндерді меңгеру
барысында қарым-қатынас, кикілжіңдер және олардың
алдын алу жұмыстары туралы кеңес беру ұйымдастырылуы
қажет.
Қорыта келе, білім
беру ұйымдарын психологиялық қамтамасыз ету
педагог-психологтың құндылық бағдарына,
шығармашылық ойлауына, көшбасшылық мүмкіндігін
ашуға, моралдық-адамгершілік тұрғыда дамуына,
болашақ кәсіби іс-әрекетіндегі мәселелерді шешуге
бағытталған психологиялық төзімділікті
қалыптастыруға, ұжымда этикалық
қарым-қатынас орнатуға, мамандыққа бейімделуін
дамытуға негізделуі тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. ҚР МЖМБС. Жоғары білім. Бакалавриат. 5В010300 – Педагогика
және психология мамандығы – 6.08.013-2009.
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.
Астана, 2007ж.
3. Жапбасбаева М.Б. Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетте
маңызды сапалары //«Білім әлеуметтануы» ІІ халықаралық
симпозиум материалдары жинағы. – Алматы, 2013ж.
4. Кукушин В.С. Теория и
методика обучения: уч.пособие.Ростов н/Д.: Феникс, 2005.- 474 стр.