Баймагамбетова А.А.

Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова

(г.Костанай, Казахстан)

 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік оңалту проблемалары туралы

 

 

Әлемдегі болып жатқан қоғамдық қатынастырдың демократияландыруы, гуманизацияландыруы және адамдар арасындағы қарым-қатынастар білім беру жүйесінің жетілдіруін сонымен қатар мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және қоғамдандыруды қажет етеді.

Қоғам және тұлғаның дамуы – білім беру жүйесінде басты рөл алатын,  бір-бірімен тығыз байланысты екі үрдіс.

         Барлығына мәлім,  ТМД республикаларының егемендік алу үрдісі, соның ішінде Қазақстанның да, тартысты жағдайларсыз болған жоқ. Өкінішке орай, белгілі бір кезеңде халықтың әлеуметтік қорғаныс мәселелері, денсаулықты, балалық шақты қорғау мәселелері мемлекеттің нысаналық жұмысы болып саналмады, осының салдарынан жағымсыз демографиялық тенденция туындады: бала туушылықтың төмендеуі, балалардың дамудағы патологиясы, мүдегектілікке әкелетін аурулық деңгейінің қатты көтерілуі[1].   Қоғамда қалыптасқан жағдайға байланысты балалардың әлеуметтік тұрғыда сауықтыру мәселелері күшейді, оларды шешу барысында білім беру мекемелерінің рөлі ерекше болвп табылады.  Заманауи білім беру жүйесінің функцияларын өспелі талаптар мен пайда болған қарама-қайшылықтарға сай қарастырғанда, осындай қарама-қайшылықтарды шешу үшін білім берудің альтернативті стратегисын ұйымдастыру арқылы мүмкіншіліктерді байланыстыру қажет: дәстүрліден - инновациялыққа.  Ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша білім беру жүйесі үздіксіз және динамикалық жаңғыруға бағытталуы тиіс, оның басты мақсаты – қоғам және отбасы қойған міндеттердің орындалуы.

         Қазіргі таңда білім беру мазмұнының талаптары Қазақстан республикасы «Білім беру туралы» заңнамасының 3 бабында көрсетілген [3].   Осы талаптарға сай білім беру мазмұны:

- әрбір азаматтың жеке, психофизикалық және ақыл-парасаттық дамуын ескере отыра, халықтың барлық деңгейіне білім алудың қолжетімділігін;

- кезеңдердің сабақтастылығын, оқыту бірлестігі мен тәрбиесін қамтамассыз ететін білім беру үрдісінің үздіксізділігін;

- білім берудің гуманистік және дамытушылық түрін;

- білім беру жүйесінің ақпараттандырылуын;

- білім алушылардың кәсіби бағдарлануын қамтамассыз етуін міндетті.

Осындай жағдайларда жағымсыз дәстүрлерді, нысаншылдықты, білім беруді ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қолдану, мүмкіншілі шектеулі балаларды өмірге дайындау сияқты мәселелерді  женіп шығу қажеттілігі туындайды.

Сол себепті де қазіргі таңда білім беру жүйесінде маңызды инновациялық үрдістер өтіп жатыр.

Т. Арнольд, Г.М. Боскис, Ф. Остроградский, Ф.Ф. Рау, В.И Флери және т.б. сурдопедагогтардың әсерінен шыққан идеялар, есту қабілеті бұзылған балалрға арнайы білім берудің классикалық моделі балалардың арнайы мектеп жағдайында оқытудың тіршілікке қабілетті идеяларын, тәрбиелерін және қоғамдандыруын растады[4].   .

Есту және сөйлеу қабілетін жоғалтқан балалар мемлекеттің, қоғамдық тәрбиелеу органдарының ерекше қорғау объектісіне айналады, солардың арқасында қазіргі кезде интернаттық типтегі арнайы білім беру мекемелерінің жүйесінде балаларды тәрбиелеу мен оқытуда көп жұмыс атқарылып жатыр. Сонымен қатар қазіргі жүйе белгілі бір кертартпалық пен енжарлық, инновацияларға жеткіліксіз алғырлықпен өзгешеленеді, соның салдарынан ерекше қажеттіліктері бар балалардардың тәрбиелеу мен оқытудың модернизациясының мәселелері өте өткір тұр.  Оның шешілу жолдары басқа елдерде әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейіне байлнысты болады, және де ең маңыздысы, мемлекеттің адамгершілігі мен қоғамдық мораль деңгейіне байланысты болып келеді.

Ғылымның және ақпарат технологияларының қарқынды даму темпі және қазіргі қайта өңдеудің табиғи жылдамдығы мен балалардың білімді игеруі білім алу үрдісінің жетілдіруін қажет етіп, балалардың дамуына назар аударады. Балардың білімді игеруге, дағдылануға бағытталған есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептегі дәстүрлі тәсіл,  заманауи білім беру үрдісінің қатысушыларының барлығын да қанағаттандырмайды. Көптеген түлектер, мектеп бағдарламасын өте жақсы игерсе де, қоғамда сұранысқа ие болмай,  жұмыс іздеу жағдайында өмірге дайын бола алмайды, қалаған өмір деңгейін қамтамасыз ету үшін өз білімін қолдана білу.

 Қазіргі таңда жалпының мойындауы бойынша ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы  - прогрессшіл түрлендіру, өмірдің барлық салаларын, жеке және қоғамдық, модернизацияландыру кезеңі.

Есту қабілеті бұзылған балалардың білім беру үрдісінің оптимизацияландыру жолдарын іздестіру, оның гуманизацияландырылуы мен демократизацияландырылуы, жаңа мазмұнды білім беру мектеп үлгілерін құрастыру қазіргі кездегі көптеген зерттеулердің нысанына айналды.

Жаңа қоғамдық даму жағдайларында осы зерттеулердің өзектілігі өте маңызды, себебі олардың нәтижелері қоғамның гуманизациялану үрдісін жылдамдатып, әлемдік білім беру кеңістігіне кіргізе алады. 

Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған заманауи білім беру мекемелерінің жайын саралағанда, мынандай келіспеушіліктерді анықтадық:

- тұлғаның дамуына жағымды жағдайлар жасау мектеп-интернаттың гуманистік мақсаты мен реалды жағдайлар;

-  қоғамның әлеуметтік тапсырысы, білім беру нәтижесінің жорамалы мен оның «өнімі» - түлекпен, толық мөлшерде білім, машық пен  практикалық   дағдылары, ары қарай білімін жалғастыру мен таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа тұру үшін жеткіліксіз;

- есту қабілеті бұзылған балалардың білім берудің жаңа үлгісін жасау қажет – алдымен, бұл мәселелердің диагностико-аналитикалық  және жеткіліксіз теоретико-методологиялық пен әдістемелік-технологиялық негізде ұйымдастырылады;

Біздің болжам бойынша, осы қарама-қайшылықтардың шешілу жолдары оқу мекемесінің жаңа үлгісін құрастыру арқылы жүзеге асуы мүмкін: оптималды оқу мекемесін құру – қоғамның әлеуметтік тапсырысына, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда балалардың өмірге бейімделуін  мақсатты түрдегі жұмысқа сай  есту қабілеті бұзылған балаларға әлеуметтік-педагогикалық бейімделу кешеңін қалыптастыру.

Арнайы білім беру мекемелерінің психологиялық жағдайларының тиімді қызмет атқаруын анықтау, осы мекемелердің қызмет атқаруына ортаның ықпалы ғылыми қоғамдастықтың алдында тұрған  өзекті мәселелердің бірі  болып табылады.

Медициналық статистика бойынша, қандайда бір мемлекеттің даму деңгейіне қарамастан, бала кездегі есту қабілетінің бұзылуы мен мүлдем жойылуы жиі кездесетін жағдай болып саналады (шамамен 1000 адам арасында 16-17 жағдай), сол себепті де осы балалардың қоғамға бейімделу мәселесі әрдайым өзекті болып табылады. 

                                            

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Афанасьев В.Г. Қоғам: жүйелілік, таным, басқару.-М: ИПЛ, 1981.-432 б.

2.     Алтынсарин Ы. 3 т. -Т. 2.-Алма-ата: Ғылым, 1976. -423б.

3.     Белкин А.С. Өспелі педагогиканың негізі Ч.1.-Екатеринбург: УРГПУ, 1992.-93 б.

4.     Белопольская Н.А. Психологиялық дамуының тоқтауымен жеке балалардың психологиялық диагностикасы.-М:УРАО басылымы,1999.-147б.

5.     Вайзман Н.И.Сауықтыру педагогикасы.-М: Аграф, 1996.-158б.