Қазақ
тілі сабағында сын тұрғыдан
ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларын
қолдану
Кульбаева М.М., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы , филология магистрі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас
дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа
деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін
білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі
өзекті мәселенің бірі болуына байланысты сабақ
өткізу әдіс-тәсілдеріне де жаңа технология енгізіліп
жатыр. Сол технологиялардың арасында оқушылардың ауызекі
сөйлеу тілін дамытуда үлкен орын алатыны « Оқу мен жазу
арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы. Сыни
тұрғыдан ойлау бағдарламасының ерекшеліктерін,
психологиясын түсінгеннен бастап, бұл бағдарламаның
стратегияларын (әдістерін) өзімнің сабақ беру
жүйеме үздіксіз енгізіп келе жатырмын. Білім алушы ұтымды әдістерді пайдалануда
өзінің білімге деген ынтасын ұшайтады, таным-білім
көкжиегін кеңейтеді, еркін ойлауға, өз ойын
дәләлдеуге үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес,
шыңдалған ойлау. Білім алушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған
жағдайда өз дамуына сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір
жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында
оқытушы білім алушының
өзін ізденуге жетелейді; ойлауға
үйретеді. Педагогикалық технология білім алушылардың
жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы
педагогикалық қызметінің, іс-әрекетінің
жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды
көздейді. Ал, білім алушының
белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа
жетелейді. Шығармашылық қабілет әр
адамның табиғатында болуы
мүмкін. Біздің міндетіміз – білім алушыға оның бойында жасырынып жатқан
мүмкіндіктерін ашып көрсету. Білім алушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді
ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал
оқытушы осы әрекетке
бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл
атқарады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту- бағдарламасы оқытушы үшін өте тиімді. Өйткені, белгілі бір
тақырыпты ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-
толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау білім алушыны жаңа бір әлемнің
жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Қазіргі зерттеу
жұмыстары қазақ тілі пәнінен білім алушылардың
дара қасиетін, дүниетанымын, білім алушының ойлау және
сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмаларында
қолданудың маңызды екендігін көрсетуде. Деңгейлік
тапсырмалар білім алушылардың қазақ тілінен алған
білімдерін толықтыра, тереңдете отырып, қажетті
дағдылар мен біліктілігінің қалыптасуын қамтамасыз
етуіне мүмкіндік береді. Бұл технология бойынша
оқытудың нәтижелері:
-қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасы
артады;
- білім алушылардың дара
ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды;
- білім алушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып,
шеберлігі шыңдалады;
- білім алушының жауапкершілігі артады, шығармашылығы
қалыптасады;
- білім алушының өзін-өзі дамытып, өзін-өзі
бағалап, білім деңгейін өрбіте алады;
- білім алушы өзі талдау жасайды, қорытынды шығарады,
жаңалыққа ұмтылады;
- білім алушының ауызша, жазбаша сөйлеу тілдері дамиды,
лексикалық қоры баиды;
-қазақ тілін үйренуде қызығушылығы,
өз күшіне деген сенімділігі пайда болады;
- білім алушы өз ойын дәлелдей білітін, шағын зерттеулер
жүргізе алатын болады. Оқытудың
қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және
оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай
келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап
етеді.Әрине,оқытушы әрбір сабағын мазмұнды
құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп
отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім
алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім
нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше.
Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық,рухани,азаматтық
және де басқа көптеген адам келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі
дамытуға көмектеседі.Білім алушылардың ойлау қабілетін
дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында
өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының
докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту
технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін.
Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі
мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын
шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді
жүзеге асырамын.
1. Білім алушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре
отырып, жаңа білім алуы.
2. Білім алушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
3.Берілген білімді пысықтау.
4. Білім алушының білімін тексеру, бақылау.
5.Шығармашылық қабілетін арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы білім алушылардың тілін
дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік
бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: білім алушылардың
сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе
алатындығында.Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытушы
білім алушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені
меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде білім алушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып
қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық
жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – студентке
шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оның біліміне,
мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес
дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік
әдістің маңыздылығы – білім алушының
шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр қайсысын
өздігінен үйренуге баулиды,
өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды
жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға
жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі
қалыптасады.
Бұл технология бойынша білім алушының білімді өздігінен
саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген.Оқу
іс-әрекетінің негізгі түрі білім алушының
өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы білім алушының да,оқытушының
да белсенді шығармашылық қызметін дамытуға
арналған.1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық
деңгей,бұны орындауға барлығы міндетті.2-3 деңгей
бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға білім
алушы құқылы,ал 4-деңгейді шығармашылықпен
жұмыс істей алатын білім алушылар орындайды.Әрине ,барлығы 4-деңгейді
түгел орындап шығады деу артық.1-2 деңгейді түгел
жуық орындайды да,озат оқитындар алға кетеді.
1-мысал: «Абай Құнанбайұлы» тақырыбы бойынша:
І.Абайдың өмір жолына қысқаша шолу жасау.
ІІ.Алгоритімдік саты.Шығармаларын талдау.
ІІІ.Эвристикалық саты.Өлеңдерін мәнерлеп жатқа
айту.
ІV.Шығармашылық сатысы. «Мен таныған Абай»(шығарма).
2-мысал:«Қоғам және жастар» тақырыбы бойынша
деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
1.Мәтінде не туралы айтылған?
2.Мәтінді пайдалана отырып,сөздердің
дұрыс-бұрыстығын анықта.
3.Берілген сөздердің антонимдерін жаз.
ІІ деңгей
1.Мәтінді оқып,орыс тіліне аудар.
2.Қаратпа сөздердің тыныс белгісін қой.
3. .Берілген сөздердің синонимдерін жаз.
ІІІ деңгей
1.Мәтіннің мазмұнын айт.
2.Мәтін бойынша сұрақтар дайында.
3.Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
ІV деңгей
1. «Қоғамның ең басты байлығы– дарынды жастар» деген
тақырыпқа шығарма жаз.
Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу
үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу
мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың,
оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының
жүйесі.
Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп
оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты
өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз
бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады .
Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде
оқытудың тиімділігі:
- білім алушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады ;
- білім алушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес білім
алушының ойлау қабілеті артады;
-дәрісханадағы барлық білім алушылар толық
бағаланады;
-әр білім алушы өз деңгейіне ,қабілетіне қарай
бағаланады.
Демек,жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану
білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Оқыту үрдісінде білім
алушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін
арттыруға,шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге
көмегі бар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Кобдикова
Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. А:2000 ж.61б.
2.
Қараев. Ж.А,Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации
педагогической системы на основе технологического подхода. А: 2005.34
б.
3.
Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы
арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А:
Қазақ тілі, №4, 2007.16б.
4.Қуанышбаева
А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А:
Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық
ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2004. 47 б.