Оспанова П.А.

Тараз мемлекеттік  университеті, Казахстан Республикасы, Тараз қ.

Білімгерлерге жаңа сөзді оқытудың тиімді жолдары

      Шет тілін оқытуда сөздіктен жұмыстың маңыздылығын ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен, біздер оқытушылар жаңа лексиканы қолданып, студенттеріміздің сөйлем құрап, әңгіме - диалог құрап, ауыз - екі сөйлеуде жетістіктерге жеткен кездерін сирек көреміз. Негізінде шет тілі сөздерінің дыбысталуы мен грамматика ережелеріне өзіміз көбірек көңіл бөлемізде, жаңа сөздерді күнделікті жағдайда білімгерлеріміздің пайладануларына жеткілікті көңіл бөле бермейміз. Оның, әрине объективті, субъективті себептері бар. Себептің ең бастысы , шет тіліне берілген сағаттың жартымсыздығы және білімгерлердің білім деңгейлерінің біркелкі болмауынан деп түсінем. Біздің кейбір білімгерлерге өз бетінше ізденіп, білім алу әлі дағдыға айнала қойған жоқ. Бұл да айтарлықтай себеп. Осы себептерді сырып тастап, жаңа сөздерді оқытудың, үйретудің тиімді жолдарын қарастырып көрейікші.

      Оқытушының бірден - бір міндеті тілге деген қажеттілікті тудыру. Егер студент баға үшін, емтихан үшін, оқытушы үшін шет тілін оқыса, бұндай жағдайда тілге деген шын, нағыз қажеттілік тумайды. Сондықтан, оқытушы алдында ой- санасы толысқан, тіл үйренуге өзіндік талпынысы, іс-әрекеті, ізденісі бар білімгер тәрбиелеу мақсаты тұр. Әдіс - тәсілді мың жерден түрлендіргенмен студент аудиториядан тыс өз бетінше жұмыс істеуге құлқы соқпаса, барлық игі шарамыз зая кетеді. Менің бір ойым білімгерлердің білсем, білімімді тереңдетсем, сөздік қорымды молайтсам деген ынта - ықыласы ең негізгі фактор ғой деймін және оған қоса оқытушының жігерлі ықпалы өте қажет. Біз қалай ықпал ете аламыз? Өзіміз дайындап оқытып жүрген "силлабустар" көмегімен. Әзірге біз "силлабустың" екі Unitiн (Family. Flat. House) өттік. Осы екі силлабусқа зер салып қарасаңыз авторлары жаңа сөздерді таныстыруға, есте сақтауға, пысықтауға жаттығуларды түрлендіріп берген.

      Мысалы: 1. True - False exercises, 2. Multiple choice exercises 3. Hidden words 4. Chain word 5. Crossword 6. Dialogues 7. Describing pictures 8. Look at the picture and fill the gaps 9. Find the pair 10. Questions  and answers 11. Secrete code games. Осындай түрлі әдіс - тәсіл арқылы жасалған жаттығуларды орындағанда білімгерлер бір серпіліп қалады, бүгін сабақ қызық өтті деп. Шетел тілін үйренуге ынталы білімгерлер баршылық. " Family" тақырыбын өткенде бір "mother" деген сөздің төңірегінде бірнеше жаңа мағыналы туынды сөздер білді.

 

Овал: mother
                                                                  Grandmother

                                                                  godmother

                                                                  stepmother

                                                                  mother - in -  law

                                                                  son - in - law's mother

                                                                  daughter - in - law's mother                                       

                                                                  mummy

 

      Көп, түрлі жаттығулар жасалды. Көзім жеткені сөйлемде, сөз тіркесінде үзбей қолданыстағы сөздер оп-оңай жатталып, есте қалады. Егер біз "mother"  деген сөз әйтеуір бір керек болар десек, оған студент айтарлықтай мән беруі мүмкін.

      Жаңа сөзді есте сақтаудың тиімді жолы білімгерлер бір - бірінен тест алса.  Бір студентке тақтаға сөз жаздырып, енді бір қатесін тексер десең қуана - қуана орындайды. Тағы бір жолы әр сабақта -  5-6 минутты сөздікпен жұмысқа бөлу. "Сөздік сөмкесі" мен жұмыс жасау. "Vocabulary bag" ке тақырыптық сөздерді салып қойып, кез келген студенттен, сөмкеден кез келген сөзді суырып алып, аудармасын, анықтамасын, дұрыс айтылуын, сөздің жұбын, антоним - синонимдерін сұрауға болады. Мысалы: "Furniture"  сөзін суырып алса, көпше түрін ата десең, білетін білімгер бұл саналмайтын зат есім, көпше түрі жоқ деп жауап берері сөзсіз.

      Шын мәнінде сөзді білімгердің ұзақ есте сақтап, өмірлік қажеттіліктеріне жаратса екен десек, онда оқытушылар тарапынан да үлкен дайындық, өзденіс керек. Оқытуға өзгелерді ынталандыру үшін үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру керек. Қорыта айтқанда, жаңа лексиканы оқытудың, менің пайымдауымша, төмендегідей жолдары бар:

1.       Студенттің өз бетінше (словарь) жұмысы. Тексті оқып шығып, бейтаныс сөзді өзі сөздіктен іздеп тауып, сөздік дәптеріне жазса. Сол бейтаныс сөздері бар тексті қайталап оқыса.

2.       Тексті оқып, бейтаныс сөздерді мәтіннің мағынасына қарай аударып, өзін - өзі сөздіктен тексерсе.

3.       Vocabulary Tests. Тест жаздыру.

4.       Set a competition. Жарыстыру. Кім қанша сөз біледі.

5.       БӨЖ-дің көмегі көп. Білімгерлер өз беттерінше тақырыптық, СД, буклет, плакаттар, суреттер, кроссвордтар дайындайды. Дайындай жүріп жаңа сөздердің жазылуына мұқият зер салады, орнымен қолдануға тырысады.

6.       Brainstorming. Миға шабуыл (головоломка) естеріңізде ме? Мамандық тақырыбын өткенде мен "The neighbouse" деген ми қатыратын тапсырма әкелдім. Білімгерлер де, сіздер де үлкен ықыласпен орындадыңыздар. Жаңа сөздермен "диалог" құрастыру да өте көп.

7.       Білімгерлерге бір сөзді айтып, ал осы мағыналы сөздерді атаңдар деседе болады. (mother, godmother, stepmother, grandmother)

8.       Етістіктерді, сын есім сөздерді суретпен, мимикамен, қимылмен түсіндірсе болады.

9.       Бір ескеретін нәрсе сөздң күндіз - түні жаттағанда емес, жиі қолданыста болғанда жақсы есте сақтауға болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ақаев С.Т. Терминнің тілдік және танымдық сипаты. ДД. Алматы, 2002.

      2.  Қайдар Ә. Ғылым тілі және әдеби тіл статусы // Терминдер мен олардың аудармалары. -Алматы, 1990.- 216 б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оспанова П.А.

Тараз мемлекеттік  университеті, Казахстан Республикасы, Тараз қ.

                      Шет тілін оқытуда сөздік қорды дамыту жолдары

           Шет тілін оқытуда сөздік қорды үнемі дамытып отырудың маңызы зор. Шет тілін жаңадан үйрететін білімгерлерге сабақ барысы кезінде өз сабағымызды дұрыс ұйымдастыруда көп сөз емес, аз сөзді қалай есте сақтап қалу - негізгі принциптердің бір болуы тиіс. Жаңадан тіл үйренуші неғұрлым көп сөз жаттаса, соғұрлым оларды тез ұмытады. Сондықтан көп сөз беруге ұмтылмай, аз сөз беріп, бірақ соларды ұзақ есте сақтауға үйреткен жөн. Яғни, дәлірек санмен дәйек кетірсек белгілі бір этаптан кейін 3000  сөзді шала - шарпы білгенше, 500 немесе 1000 сөзді білген артық. Тіл үйрену тәжірибесінің көрсетуі бойынша, жиі қолданылатын шамамен 400-ге жуық дұрыс таңдалған сөз, күнделікті қарым - қатынаста қолданылатын сөздің 90 пайызын қамтиды. Демек, шетел адамдарымен күнделікті тақырыпта, кейбір жағдайаттарда сөйлескен кезде сенімді болу үшін 400-ден 800-ге дейін керек сөздерді дұрыс таңдап, оларды өте жақсы жатқа білу қажет. Ал, барлық жағдайаттарда күні бойы шет тілінде сөйлеу үшін, 1500-2000 сөз біоген жөн. Кез- келген шет тіліндегі әдеби кітаптарды оқу үшін және ауызша - жазбаша еркін сөйлеу үшін 8000-ге жуық сөз білу қажет. Сөздік қорды дамытуда қандай сөздерді және қанша сөз білу, тіл үйренушінің өзінің қажеттілігіне байланысты болады.

             Адамдар тіл үйренуде сөздік қорды кеңейтуде әрдайым қарапайым және тиімді әдісті іздейді. Сөздік қорда өте жиі қолданылатын (белсенді) және көп пайдаланбайтын (енжар)  сөздер болады.

             Біріншісін - біз әңгіме кезінде немесе хат жазғанда қолданамыз, ал екіншісін, біз бір нәрсені оқу кезінде, тыңдағанда кездестіреміз, бірақ ол сөздерді қолданбаймыз. Егер де салыстыратын болсақ, пассивтік сөз қорымыз белсенді сөз қорымызға қарағанда көбірек, себебі оған бір жаттап алған сөздер кіреді. Және тек қана бұл сөздердің тұрақты қайталануында, олар белсенді сөздік қорға өтеді.

            Егер сіз, мысалға, күніне, аптасына немесе айына қанша сөз жаттап алуға болатынын білгіңіз келсе, онда күніне 10-15 сөздер оқытуға болады. Әрине, сіз 40-50 сөз жаттап алсаңыз болады, бәрақ оның нәтижесі болама? Сан емес сізге сапа керек екенін еске сақтаңыз. Бәр аптада барлық жаттап алған сөздерді аптаның соңында қайталау өте маңызды.

            Жаңа сөздерді қалай оқытады?

              Жаңа сөздерді енгізу жолдары:

·          Жаңа сөздердің айтылуына және жазылуына көңіл аудармаңыз; Мысалы: to do [du:]

·          Сөздердің аудармасын береміз; do - бір нәрсе жасау, істеу;

·          Жаңа сөзбен сөз тіркестерін береміз; to do one's hair; to do homework, etc.

·          Сөздермен сөйлемдер құрастыру; Every day my brother does his work. Do you do your morning exercise?

·          Жаңа сөздерді пайдаланып әртүрлі жағдайаттар, әңгіме құрастыру;

·          Жаңа сөздерді жаттау;

·          Күнделікті қолдану.

            Жаңа сөздерді оқытудың көптеген әдістері бар. Сол әдістердің ең әйгілі әдісі - карточкамен жұмыс. Бұл жұмыс оқытушы мен білімгер, білімгер мен білімгер арасында пайдаланылады.

          Тіл ойындары арқылы да жаңа сөздерді оқытуға болады. Мысалығ кроссвордтар сөздік қорды едәуір байытуға көмектеседі.

          Егер де сіз сөздің мағынасын білмесеңіз, бірден сөздікке жүгінбей, ол сөз не мағына беруі мүмкін деп ойласаңыз, сонда ғана сіз ол сөзді есте жақсы сақтайсыз.

           Сөздікте сөздердің бірнеше мағынасы беріледі, сіз олардың барлығын есте сақтап қалуға тырыспаңыз, контексте кездескен сөздік мағынасын ғана оқыңыз.

          Сөздік қорыңызды көбейтуде өзіңізге керек әдісті таңдап алыңыз және оны практикада қолданыңыз.

          Сізге ұнайтын сөздерді оқыңыз, зеріктіретін, қолданбайтын сөздерді оқып қажет емес.

 

Ағылшын сөздерін оңай есте сақтаудың тиімді жолдары

 

1-ші жол. Сезім күшін пайдалану.

          Ағылшын тілінде оқыған қызықты әңгіме жаңа сөзді жылдам есте сақтауға көмектеседі.

         Сіздерді қызықтыратын мәтіндер, фильмдер, кітаптардың көмегімен ағылшын тілін үйреніңіз. Мұндай үйренудің тәжірибесі сөзді есте сақтауға көмектесесін оң фактор болады.

2-ші жол. Өз тәжірибесіне жаңа сөз "құрастыру".

           Кішкентай балалар "ақ" деген сөзді естіп, ақ қар, ақ қағазды, ақ қантты көріп, сол сөзді қайталайды.

           Және тап сол, оның сөзді жылдам және оңай есте сақтауға көмектеседі.

           Әртүрлі жағдайларда жаңа сөздерді жиірек қолданыңыз - мәтіннің түсінігін айтқанда, үйге берген тапсырманы орындағанда және, мүмкіндік болса, тіл сақтаушылармен сөйлесу қажет.

           Ағылшын сөздерін оңай есте сақтау үшін тіл үйренуші өз мүмкіндігіне сену керек, яғни білімгер тіл үйрену қабілеттілігін анықтап алу қажет. Шет тілін үйренуде білімгер алдында айқыг мақсаты болу керек.

            Ағылшын тілін іс жүзінде үйренген дұрыс. Мысалы, қызықты әңгімелер оқу, фильм көру, аудиоматериалдарды тыңдау және тіл тасушылармен (языконоситель) жиірек қарым - қатынас жасау арқылы тілді тез үйренуге болады.

           Жаңа сөзді  ұзақ есте сақтап, сөздік қорды дамыту үшін оны күнделікті өмірде қолдану керек. 

 

     Пайдаланған әдебиеттер:

1.       1.Ағылшын тілі мектепте 2010 жыл № 1 және 2009 жыл № 1   .
         2. Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной                                                  школе. М.: Просвещение, 1985. – 208 с.