Оспанова
П.А.
Тараз
мемлекеттік университеті, Казахстан
Республикасы, Тараз қ.
Шет тілін оқытуда
сөздік қорды дамыту жолдары
Шет тілін оқытуда
сөздік қорды үнемі дамытып отырудың маңызы зор.
Шет тілін жаңадан үйрететін білімгерлерге сабақ барысы
кезінде өз сабағымызды дұрыс ұйымдастыруда көп
сөз емес, аз сөзді қалай есте сақтап қалу -
негізгі принциптердің бір болуы тиіс. Жаңадан тіл үйренуші
неғұрлым көп сөз жаттаса, соғұрлым оларды
тез ұмытады. Сондықтан көп сөз беруге ұмтылмай,
аз сөз беріп, бірақ соларды ұзақ есте
сақтауға үйреткен жөн. Яғни, дәлірек санмен
дәйек кетірсек белгілі бір этаптан кейін 3000 сөзді шала - шарпы білгенше, 500 немесе 1000 сөзді
білген артық. Тіл үйрену тәжірибесінің көрсетуі
бойынша, жиі қолданылатын шамамен 400-ге жуық дұрыс
таңдалған сөз, күнделікті қарым - қатынаста
қолданылатын сөздің 90 пайызын қамтиды. Демек, шетел
адамдарымен күнделікті тақырыпта, кейбір жағдайаттарда
сөйлескен кезде сенімді болу үшін 400-ден 800-ге дейін керек
сөздерді дұрыс таңдап, оларды өте жақсы
жатқа білу қажет. Ал, барлық жағдайаттарда күні
бойы шет тілінде сөйлеу үшін, 1500-2000 сөз біоген жөн.
Кез- келген шет тіліндегі әдеби кітаптарды оқу үшін
және ауызша - жазбаша еркін сөйлеу үшін 8000-ге жуық
сөз білу қажет. Сөздік қорды дамытуда қандай
сөздерді және қанша сөз білу, тіл
үйренушінің өзінің қажеттілігіне байланысты болады.
Адамдар тіл үйренуде
сөздік қорды кеңейтуде әрдайым қарапайым
және тиімді әдісті іздейді. Сөздік қорда өте жиі
қолданылатын (белсенді) және көп пайдаланбайтын (енжар) сөздер болады.
Біріншісін - біз
әңгіме кезінде немесе хат жазғанда қолданамыз, ал
екіншісін, біз бір нәрсені оқу кезінде, тыңдағанда
кездестіреміз, бірақ ол сөздерді қолданбаймыз. Егер де
салыстыратын болсақ, пассивтік сөз қорымыз белсенді сөз
қорымызға қарағанда көбірек, себебі оған
бір жаттап алған сөздер кіреді. Және тек қана бұл
сөздердің тұрақты қайталануында, олар белсенді
сөздік қорға өтеді.
Егер сіз, мысалға,
күніне, аптасына немесе айына қанша сөз жаттап алуға
болатынын білгіңіз келсе, онда күніне 10-15 сөздер
оқытуға болады. Әрине, сіз 40-50 сөз жаттап
алсаңыз болады, бәрақ оның нәтижесі болама? Сан
емес сізге сапа керек екенін еске сақтаңыз. Бәр аптада
барлық жаттап алған сөздерді аптаның соңында
қайталау өте маңызды.
Жаңа сөздерді қалай оқытады?
Жаңа сөздерді енгізу
жолдары:
·
Жаңа сөздердің айтылуына және
жазылуына көңіл аудармаңыз; Мысалы: to do [du:]
·
Сөздердің аудармасын береміз; do - бір
нәрсе жасау, істеу;
·
Жаңа сөзбен сөз тіркестерін береміз; to do one's hair; to do homework, etc.
·
Сөздермен сөйлемдер құрастыру; Every day my brother does his work. Do you do your morning exercise?
·
Жаңа сөздерді пайдаланып әртүрлі
жағдайаттар, әңгіме құрастыру;
·
Жаңа сөздерді жаттау;
·
Күнделікті қолдану.
Жаңа сөздерді
оқытудың көптеген әдістері бар. Сол
әдістердің ең әйгілі әдісі - карточкамен
жұмыс. Бұл жұмыс оқытушы мен білімгер, білімгер мен
білімгер арасында пайдаланылады.
Тіл ойындары арқылы да
жаңа сөздерді оқытуға болады. Мысалығ
кроссвордтар сөздік қорды едәуір байытуға
көмектеседі.
Егер де сіз сөздің
мағынасын білмесеңіз, бірден сөздікке жүгінбей, ол
сөз не мағына беруі мүмкін деп ойласаңыз, сонда
ғана сіз ол сөзді есте жақсы сақтайсыз.
Сөздікте
сөздердің бірнеше мағынасы беріледі, сіз олардың
барлығын есте сақтап қалуға тырыспаңыз, контексте
кездескен сөздік мағынасын ғана оқыңыз.
Сөздік
қорыңызды көбейтуде өзіңізге керек әдісті
таңдап алыңыз және оны практикада қолданыңыз.
Сізге ұнайтын
сөздерді оқыңыз, зеріктіретін, қолданбайтын
сөздерді оқып қажет емес.
Ағылшын
сөздерін оңай есте сақтаудың тиімді жолдары
1-ші жол. Сезім күшін
пайдалану.
Ағылшын тілінде
оқыған қызықты әңгіме жаңа
сөзді жылдам есте сақтауға көмектеседі.
Сіздерді
қызықтыратын мәтіндер, фильмдер, кітаптардың
көмегімен ағылшын тілін үйреніңіз. Мұндай
үйренудің тәжірибесі сөзді есте сақтауға
көмектесесін оң фактор болады.
2-ші жол. Өз
тәжірибесіне жаңа сөз "құрастыру".
Кішкентай балалар
"ақ" деген сөзді естіп, ақ қар, ақ
қағазды, ақ қантты көріп, сол сөзді
қайталайды.
Және тап сол, оның
сөзді жылдам және оңай есте сақтауға
көмектеседі.
Әртүрлі
жағдайларда жаңа сөздерді жиірек қолданыңыз -
мәтіннің түсінігін айтқанда, үйге берген
тапсырманы орындағанда және, мүмкіндік болса, тіл сақтаушылармен
сөйлесу қажет.
Ағылшын сөздерін
оңай есте сақтау үшін тіл үйренуші өз
мүмкіндігіне сену керек, яғни білімгер тіл үйрену
қабілеттілігін анықтап алу қажет. Шет тілін үйренуде
білімгер алдында айқыг мақсаты болу керек.
Ағылшын тілін іс
жүзінде үйренген дұрыс. Мысалы, қызықты
әңгімелер оқу, фильм көру, аудиоматериалдарды
тыңдау және тіл тасушылармен (языконоситель) жиірек қарым -
қатынас жасау арқылы тілді тез үйренуге болады.
Жаңа сөзді ұзақ есте сақтап,
сөздік қорды дамыту үшін оны күнделікті өмірде
қолдану керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ағылшын тілі мектепте 2010 жыл № 1 және
2009 жыл № .
2. Бабанский Ю.К.
Методы обучения в современной общеобразовательной школе. М.:
Просвещение, 1985. – 208 с.