Право. Гражданское право

Старший преподаватель, магистр права Урисбаева А.А.

КазНУ имени аль-Фараби, Казахстан

Молдахметкызы Алуа

Студентка 3 курса КазНУ имени аль-Фараби, Казахстан

 

Азаматтық іс жүргізу қатынастарының ерекшеліктері мен маңыздылығы

 

    Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары  – азаматтық іс жүргізу құқығының  нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар, - азаматтық істердің қаралуы және шешілуімен, және де солар бойынша енгізілген актілердің орындалуымен байланыста орын алады. Құқық қатынастарының қатынасушылары іс-жүргізу құқықтарымен ие болады және іс-жүргізу міндеттерін алып жүреді. Азаматтық сот өндірісі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар азаматтық іс-жүргізу құқығының пәнін құрайды. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жібергенде сот пен іс-жүргізудің қатысушылары арасында әртүрлі іс-жүргізу құқықтық қатынастары пайда болады. Сондықтан арнайы іс бойынша азаматтық сот өндірісін сот төрелігін орындау кезінде пайда болатын, өзгеретін және тоқтатылатын құқық қатынастарының анықталған жиынтығы ретінде қарауға болады.

    Революцияға дейінгі ресейлік ғылыми әдебиеттерде азаматтық іс-жүргізудің өзі заңды  қатынас ретінде қаралған. Заңды қарым-қатынас ретінде сс-жүргізудің маңызы туралы әртүрлі авторлар айтуларының анализі Е.В.Васьковскиймен жүргізілген.

    Азаматтық іс-жүргізу туралы заңды қарым-қатынас  сияқты пікір алғаш рет О.Бюлов  неміс іс-жүргізуші профессорымен айтылған, ол даулық іс-жүргізуде екі заңды қарым-қатынастар пайда болады және орындалады деп жобалаған:

·                   даулаушы мен сот арасында;

·                   жауапкер мен сот арасында.

    Жақтар  өздері арасында заңды қарым-қатынаста  тұрмайды, өйткені 1 жақтың іс жүргізу  құқықтарына басқаның іс-жүргізу міндеттері сәйкес келмейді. Бір-бірінің қарым-қатынастарында жақтар іс-жүргізу құқықтары мен міндеттерімен болмайды. Олар соттың іс-жүргізу міндеттері сәйкес келетін іс-жүргізу құқықтарымен сотқа қатынасы ғана бойынша ие болады.

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады. Бұл маңызды институт тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелген қоғамдық қатынастар жиынтығынан туындайды, олар нақты азаматтық істі сотта қарау процесінде азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерінің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету үшін сот пен іске қатысушы тұлғалардың және басқа да процеске қатысушылардың арасында пайда болады.

Азаматтық істі соттың қарауына әзірлеудің міндеттері:

 - істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;

 - тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;

 - іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;

 - әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.

Сонымен қатар, азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу сатысы азаматтық істі уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында судьямен жеке жүзеге асырылатын процессуалдық әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Азаматтық іс жүргізуде істі әзірлеу соттың өзіне тәуелді. Әзірлеу әрекеттерін жүзеге асыруға басшылық ететін судьяға істі қарау сапасы, жеделдігі және толықтығы үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Азаматтық істі әзірлеу әрекеттерінің құқықтық реттелуін процессуалдық форманың маңызды элементі ретінде қарастыру қажет. Осы кезеңде судьялар сот өндірісінің қағидалары мен ережелерін бұзбауы керек.

Азаматтық іс жүргізудің бұл сатысы ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-тарауымен, «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» ЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы нормативтік қаулысымен және басқа да заңнамалалық актілермен реттеледі.

Осы заңнамаларға сәйкес, азаматтық істерді сот талқылауына әзірлеу арыз қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.

Судья істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарады және жүргізілуге тиісті әрекеттерді көрсетеді. АІЖК-не сәйкес, істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жүргізеді:

- талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

- қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды, айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

- іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;

- тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен шешу не осы дауды шешу үшін төрелікке немесе аралық сотқа жүгіну құқығын және мұндай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi;

- тараптардың кәсіби медиаторлар ұйымдарының медиация рәсімінің тәртібі мен қағидаттарының түсіндірмесін алуын қамтамасыз етеді;

- оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;

- куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;

- тараптардың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;

- тараптардың өтініші бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;

- кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдары хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;

- сот тапсырмаларын жібереді;

- талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;

- талапкердің өтініші бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады.

 Іс толығымен дайын болды деп танылған соң, судья АІЖК-ін басшылыққа ала отырып, сот отырысында істі қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға және процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтық істердің көпшілігін әзірлеу сапасы заңда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді, ал кейбір жағдайларда тіпті әзірлеу сатысы өткізілмейді. Осының салдарынан сотта іс қарау барысында азаматтық іс жүргізу заңнамасының көптеген нормаларын міндетті түрде жүзеге асыру қамтамасыз етілмейді. Кейбір соттар әзірлеуді барлық істер бойынша емес, тек күрделі істер бойынша ғана жүргізу қажет деп қате ойлайды. Сапасыз әзірлік немесе оның жоқтығы істі негізсіз қайта қарауға қалдыру, оларды қарастыру бойынша заңмен белгіленген мерзімдердің бұзылуы, негізсіз азаматтарды сотқа шақыру, сот ісін жүргізудің нашарлауына, шығындардың көптеп жұмсалуына алып келеді.

Істі сотта қарауға әзірлеу істің күрделілігіне қарамастан әрдайым жүргізілуі тиіс. Себебі оған сотта іс қараудың соңғы нәтижелері, сот пен мемлекеттің беделі тәуелді. Ұйымдастырылып өткізілген әзірлік істі жан-жақты, толық және объективті қарастыру үшін жағдайлар туындатады. Азаматтық іс жүргізудің алдында тұрған міндеттерді жемісті орындау үшін азаматтық істерді әзірлеу ерекше маңызға ие.

 

 

 

 

 

 

                                                           Әдебиеттер:

1.                 Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданған Азаматтық іс жүргізу кодексі.

2.                 ЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» нормативтік қаулысы.

3.                 Ильясова Г.А. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Ерекше бөлім. Оқу құралы. – Қарағанды: «Санат-Полиграфия», 2007.

4.                 Абдуллина З.К. Подготовка гражданских дел к судебному разбирательству. – Алматы: АТиСо, 1998.

5.                 Баймолдина  З. Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: учебник. Т.2. Особенная часть. ─ Алматы: Изд-во КазГЮА, 2001.