Право. Гражданское право
Старший
преподаватель, магистр права Урисбаева А.А.
КазНУ имени аль-Фараби,
Казахстан
Саутова
Роза Сайлауовна
Студентка 3 курса КазНУ
имени аль-Фараби, Казахстан
Қазақстан Республикасындағы
нотариат: құқықтық жағдайы мен құқықтық
ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы
нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы
жеке, заңды
тұлғалардың құқықтары мен
заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін
білікті заң көмегін көрсету жөніндегі
құқықтық институт [1].
Қазақстан Республикасының
Президентінің 1994 ж. 12 ақпанындағы «Қазақстан
Республикадағы құқықтық реформаның
мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қаулысы бойынша нотариатты дамытудың жолдары
қарастырылды, соның ішінде жеке тәжірибе жүргізетін
нотариустар үшін институтын енгізу, жеке тәжірибе жүргізетін
нотариустар қызметін реттей алатын кәсіби органды құру,
нотариалдық әрекеттерді жүргізу барысында келтірілген
залалдан жеке тәжірибе жүргізетін нотариустың жауапкершілігін
міндетті сақтандыру. Бүгінгі күні республикамыздағы
нотариаттық қызмет 1997 жылы қабылданған ҚР «Нотарит
туралы» заңына сәйкес
жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Нотариат
туралы» Заңымен белгiленген жағдайлар мен шектерде
нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың
құқықтары бар:
1) мемлекеттiк
нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк
нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше
нотариустар);
2) аудандық
маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың
(селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң
әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер
жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары;
3)
Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет
атқаратын адамдар;
4)
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына
сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi
өзге де адамдар. Осы заңға сәйкес жасы жиырма беске толған, жоғары заң
білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс
өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан,
әділет аттестациялау комиссиясында аттестациялаудан өткен
және нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына лицензия алған Қазақстан
Республикасының азаматы нотариус бола алады. Жекеше және мемлекеттiк нотариустардың
нотариаттық қызметтi жүзеге асырған кездегi
құқықтары, мiндеттері тең болады. Олар рәсiмдеген
құжаттардың бiрдей заң күшi болады.
Нотариустың құқықтарына
[2] тоқталатын болсақ: өзiне жүгiнген жеке және заңды
тұлғалардың мүдделерiне сәйкес ҚР «Нотариат
туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының
басқа да заң актiлерiнде көзделген нотариаттық
iс-әрекеттер жасауға; мәмiлелердiң, өтiнiштер мен
басқа да құжаттардың жобаларын жасауға; құжаттардың
көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн
әзiрлеуге; нотариаттық iс-әрекеттер жасау
мәселелерi бойынша консультациялар беруге; Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық,
банктiк және заңмен қорғалатын өзге де
құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге
қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды
тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға
қажеттi құжаттар мен мәлiметтерді талап етуге
құқылы. Нотариустарға ғылыми, педагогтiк
және шығармашылық қызметпен айналысуға шектеу
қойылмайды.
Нотариустың қызметі белгілі бір шектеулерге де
ие. Мысалы нотариустарға
кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға қатаң тыйым
салынады. Сонымен қатар шарттарды
жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық
қызмет көрсетуге рұқсат етілмейді. Өкiлдi
органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус өз
мiндеттерiн тоқтата тұрады. Жекеше нотариустың
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға жол
берілмейді. Нотариустың мөрін оның
лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған
кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын
қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін,
электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа
адамға беруге құқығы жоқ. Жеке практикамен
айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек
қатынастарында болуға құқығы жоқ.
Нотариаттық iс жүргiзу
Қазақстан Республикасының архивтер мен
құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық
палатаның қатысуымен Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс
жүргiзу жөнiндегi қағидаға сәйкес жүзеге
асырылады. Қағида талаптарының сақталуына
бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат
палаталары жүзеге асырады. Мемлекеттік нотариустардың
құжаттары Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға
тиіс. Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті
түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс. Нотариустың
өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса),
сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік
нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген
күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары
мен жеке бланкілері болады. Нотариустардың мөрінің бедерлері
мен қолының үлгілері Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде, аумақтық
әділет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада
сақталады. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін
мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге
асыруды аумақтық әділет органы жүргізеді. Жекеше
нотариустың мөрін дайындау оның өз қаражаты
есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен
жүргізіледі. Аумақтық әдiлет органы мен
нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған
нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе
жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны
лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың
мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
Нотариустың тікелей мiндеттерiне [4] мыналар
кіреді: ҚР «Нотариат туралы» Заңы
және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн
реттейтiн басқа
да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес
нотариаттық iс-әрекеттер жасауға; азаматтарға
және заңды тұлғаларға
құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге,
олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге
пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық
iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге; кәсiптiк
қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi
болған мәлiметтердi құпия ұстауға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас
тартуға; кәсiптiк әдептi сақтауға; әдiлет
органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз
iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi
жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер,
өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда
жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп
талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер
беруге; өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла
тұрған жағдайда Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі қағидада көзделген тәртіппен іс
жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге;
өз лицензиясының қолданылуы
тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы
барлық нотариаттық құжаттарды жекеше
нотариаттық мұрағатқа беруге; өз тегінің,
атының, әкесінің атының және өз
үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі
мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет органына
ұсынуға міндетті.
Қаржы мониторингі жөніндегі
уәкілетті органға «Заңсыз жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген
мақсаттарда және тәртіппен нотариаттық
іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен ақпарат беру,
сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды
мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген
тәртіппен құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне бірыңғай нотариаттық
ақпараттық жүйе арқылы нотариустың
электрондық цифрлық қолтаңбасымен
куәландырылған құқық белгілейтін
құжаттың электрондық көшірмесін жіберу
нотариаттық іс-әрекеттер құпиясын жария ету болып
табылмайды. Енгізілетін ақпарат басқа нотариустар мен жүйені
пайдаланушылар үшін жабық және қол жетімсіз болады.
Нотариуспен құжатқа Электронды цифрлық
қолтаңба қойылған жағдайда жазбалар шифрланады
және «деректер қомасына» түседі. Рұқсатсыз
қол жеткізуден қорғау Халықтық куәландыру
орталығының сертификаттарымен қамтамасыз етіледі,
жүйенің деректерін авторландыру және оған қол
жеткізу пайдаланушының ЭЦҚ және дербес паролін
ұсынған кезде жүзеге асырылады. Бірыңғай
нотариалдық ақпараттық жүйе [5] — бұл
бағдарламалық-аппараттық комплекс нотариустарды тиімді
жұмыспен қамтамасыздандыру және республикалық,
территориалды нотариалды палаталармен, Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігімен өзара әрекетін,
сонымен қатар халықты сапалы,
құқықтық нотариалдық қызметпен
қамтамасыздандыру үшін жасалған. Жүйені пайдаланатын нотариустар келесі мүмкіндіктерге ие:
·
жеке тұлғалар, заңды
тұлғалар және жылжымайтын мүлік жөніндегі
деректерді автоматты түрде енгізу есебінен мемлекеттік деректер
қорынан ақпараттық қолдау алады;
·
өсиеттерді, мұрағаттық
істерді толасыз көруді жүзеге асыру, ол бір және сол
өсиет берушіден екі немесе одан да көп өсиеттерді
құрудың мүмкіндігін алып тастайды;
·
нотариалдық әрекеттердің
орталықтандырылған тізілімін жүргізу, ол деректерді аса
сенімді сақтауды және тізілімде жылдам іздестіруді қамтамасыз
етеді;
·
ауыртпашылықтардың
бірыңғай базасын пайдалану, ол жылжымалы және жылжымайтын
мүлікпен алаяқтық келісімдерді алдын алуға
мүмкіндік береді;
·
нотариалдық палаталарға есептерді
автоматты түрде қалыптастыру;
·
электрондық үкімет арқылы
берілген анықтамалардың мәртебесін тексере алады.
2013 жылдың 10 қыркүйегінде Әділет министрі Б.М.
Имашев Халықаралық нотариат Одағының
халықаралық ынтымақтастық одағы комиссиясының
өкілдерімен кездесу барысында Халықаралық нотариат Одағы нотариаттық
функцияларды жүргізу, үйлестіру және дамыту үшін
құрылған, халықаралық үкіметтік емес
ұйымының қызметін талқылаған болатын. Кездесу
мақсаты Қазақстанның нотариат жүйесінің
хал-ахуалымен танысу, сондай-ақ алдын ала сараптама жүргізу болып
табылады, онда құқықтық қорды, нотариатты
техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру негіздері мен
хал-ахуалын зерделеу болып отыр. Кездесу нәтижелері бойынша
отандық нотариаттың елдердің
құқықтың континенталды жүйесіне
сәйкес келу мәселелері және ХНО құрамына
Қазақстанның енуі мәселелері
қаралды. Осы кездесудің ұйымдастырылуы
қазақстандық нотариаттың ХНО интеграциялау
мәселесіне игі әсерін тигізді. Қазақстандағы
нотариатқа қатысты заң шығару саласында, оларды іске
асыру бағыттарында Швейцария
Халықаралық Нотариат Кеңесінің Халықаралық
қатынастар бойынша комиссиясы өз кеңестерін берген
болатын. Бүгінгі таңда заң шығарушы базаларымыз Халықаралық
нотариат Одағы
қоятын талаптарға көп
жағынан жауап беріп отыр. Сондықтан Қазақстанның
Халықаралық Нотариат Кеңесіне мүше болуға
мүмкіндіктері бар. Қазақстандағы нотариалдық жүйе
Халықаралық Нотариат Кеңесіне мүше болу үшін
қойылатын негізгі жиырмадан астам талап және ережелердің
айтарлықтай бөлігіне сәйкес жұмыс жасайды. Ал
Халықаралық Нотариат Кеңесінің
Қазақстанға қатысты шешімі 2014 жылдың
қазан айында өтетін аталмыш ұйымға мүше
мемлекеттердің бас ассамблеясында белгілі болады [3].
Еліміздегі нотариустар
заңнамаға сәйкес жекеше және мемлекеттік нотариустар
деп бөлінеді. Бұл ретте атап өтерлік жайт, жекеше және
мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге
асырған кездегі құқықтары, міндеттер тең
болады. Олар рәсімделген құжаттардың бірдей заң
күші болады.
Бірыңғай
нотариаттық ақпараттық жүйенің аталған
кемшіліктеріне қарамастан, бұл жүйе сотта адам және
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғау арқылы салдарымен
күреспей, барлық аталған құқық
бұзушылықтарды келісім жасаған кезде тыюға болатынын
көрсетеді. Яғни осы жүйені қолдана отырып,
азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау үшін қосымша жағдайлар
жасалынуда деп ойлаймыз.
Әдебиеттер:
2.
http:// www.enis.kz Бірыңғай
нотариалдық ақпараттық жүйе
3.
http://www.notariat.kz/
Республикалық нотариаттық
палатаның ресми сайты
4.
Урисбаева А.А. Қазақстан Республикасының
нотариаты, Оқу-құралы, Қазақ университеті,
Алматы,2011ж.