ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕСІНІҢ
ЗЕРТТЕЛУІ
«Тұран-Астана» университенің магистранты
Қырықбаева А.
Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік,
экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі
өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның
ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің
деңгейін түбегейлі
қайта қарастыруды қажет етеді. әсіресе әлемдік
деңгейде қарым-қатынас проблемаларының шиеленісіп
отырған шағында адамның адамға қатынасын
ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру
қажеттілігі айқындала түсуде.
Кейінгі жылдары
дүние жүзінде және елімізде болып жатқан түрлі
өзгерістер адамдар арасындағы қарым-қатынас
мәселесінің өзекті екендігіне көз жеткізіп отыр. Осыны
ескере отырып, мемлекетіміз ұлтаралық келісім мен бірлікті дамытуды
басты саяси бағыт ретінде ұстанады. Бұл саясат
Қазақстан азаматтарының татулығын, отбасындағы
бірлікті, аға буын және кіші буын, оқу үдерісінде
мұғалім мен оқушы, оқытушы мен студент және
т.б. арасындағы өзара түсіністікті, ең бастысы,
ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш,
ұлттық құндылық тұрғысынан
студенттердің мәдениетін, оның ішінде жеке
тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыруды.
Студенттердің қарым-қатынас мәдениеті мен өмірлік
ұстанымын қалыптастыру мақсатында педагогикалық процесс барысында жеке тұлғаға
бағытталған жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұл студенттер
арасындағы тәрбие жұмыстарын адамдарға ортақ
құндылықтарды: түрлі идеологиялық
көзқарастарға, қоғамдық-экономикалық
жағдайларға, саясатқа, мәдениетке, діни
нанымдарға және төзімділікті қалыптастыруға
бағыттаудан тұрады. Ізгілікті қоғамда білім мекемесі
тәрбиеленушінің бойында өзара бір-біріне, ата-анаға,
айналасындағыларға деген сыйлы қатынасты; жасы үлкен
адамдармен жас Студенттерға қамқор болу, көмек беру,
табиғат пен қоршаған ортаны қорғау ниетін
тәрбиелеуі тиіс.
Қазақстан
Республикасының президенті 27.01.2012 жылғы қазақстан
халқына кезекті жолдауында оқу үдерісінің
тәрбиелік компонентін жетілдірудің аса маңызды екендігін
атап, патриотизм, адамгершілік және мораль нормаларын,
халықаралық келісім мен толеранттылықты, дене және
рухани дамыту басымдылығын атап өтті. Бұл зерттеу
жұмысы тақырыбының өзектілігін айқындай
түседі [1].
ҚР «Білім
туралы» Заңында тұлғаның дене, рухани,
шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір
салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, зияткерлік
қабілеттерін дамытуда жеке дара қасиеттерін ескеру білім беру жүйесінің
міндеттерінің бірі ретінде қарастырылған. Бұл тақырыптың
өзектілігіне негіз болады [2].
Қазақстандық жас буын
бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер
қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне,
сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени
тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік
ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам
құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге
асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты
қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін
белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға,
олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік
жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке
жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс.
Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың
тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатындығын
ҚР жастар саясаты тұжырымдамасында атап
көрсетілген.
Сонымен қатар ҚР
жастар саясаты тұжырымдамасында ақпарат
құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның
күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы
қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау,
өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін
жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын
оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу қажеттігін, жастардың төл мәдениеттен нәр алуы,
еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі,
қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани
келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ
Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш
сезімін қалыптастыруы тиіс» [3], - екендігі көрсетілген. Бұл
зерттеу жұмысының маңыздылығын арттырары сөзсіз.
Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жастар саясатын іске
асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік
мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті
қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады» делінген болатын [4].
Тәжірибеде
жоғарғы оқу орындарының іргелі моделдерінің
ішінде екі іргелі айырмашылық бар екені жоғарғы оқу
орнын дамытудың негізгі тенденценияларында элитаның зияткерлік және адамгерішілік дамуы негізгі
орынға қойылған. Сол сияқты жоғарғы
оқу орындарының әлеуметтік жауапкершілігі ретінде
жоғарғы оқу орны тек қана сапалы
болашақтағы өмірге қажетті дағдыларды
қалыптастырып қана қоймай жоғары деңгейлі
адамгерішілікті, адам құқығын қорғай
алатын, демократиялық құндылықтарды бағалай
білетін азаматтарды тәрбиелеу міндеті жүкетлеген. Бұл
қазіргі таңда тұлғаны адамгершілікке
тәрбиелеудің әлеуми мәдениеттік және
лингопедагогикалық аспектісін зерттеу қажеттігін көрсетеді.
Осы тұрғыда бұл тақырыптың өзектілігі
бүгінгі күннің мәселесі және тұлғаны
адамгершілікке тәрбиелеудің стратегиясын, тактикасын,
бағыттарын зерттеу толық шешімін таппаған
проблемалардың бірі [5,6].
Қарым-қатынастың
жеке тұлға дамуында алатын орнына, рөліне және
қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға
арналған зерттеулер ғылыми Қ.Б.Жарықбаев, С.Бап-Баба,
Қ.Сейталиев, С.М. Жақыпов
және т.б. қарастырған.
Қарым-қатынас
проблемасының әртүрлі аспектілерін Л.С. Выготский, Б.Г.
Ананьев, Е.И. Головаха, А.Б.Добрович, А.А. Бодалев, И.С. Кон, Л.А. Петровская,
В.В.Столин, Н.И. Шевандрин, А.Н. Леонтьев, Л.Д. Столяренко, Қ.А. Айдарбеков, Т.М. Шалғынбаев т.б. ғалымдар
зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін
анықтап, оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Берн,
Дж.Морено, Д. Карнегин және де басқалар.
Қазіргі
күнгі қазақстандық философтар Қ. Әбішев, Ж.
Әбділдин, Ресей ғалымдары Г.С.Батишев, В.С.Библер, М.С.Каган
және т.б. қарым-қатынас проблемаларын пәлсапалық
көзқарастармен зерттесе, психолог ғалымдар әр
түрлі мағанада әр қырынан зерттей білді. Мысалы,
психологтар қарым-қатынасты әлеуметтік мәселе ретінде
Л.П.Буева, Б.Д. Парыгин, қарым-қатынастағы тұлға
мәселесі төңірегінде Б.Г.Ананьев, В.А.Кан-Калик, Л.Б.Филонов,
Ю.К.Конаржевский, Ю.Н.Кулюткин, Н.Д.Никандров, Л.И.Божович, И.С.Кон,
А.Н.Леонтьев, В.Н.Мясищев, әдеп негіздері ретінде
Қ.Б.Жарықбаев, Ә.А.Алдамұратов, Т.Х.Ғабитов,
Т.С.Сламбекова және т.б. қарастырған.
Қарым-қатынас мәселесі туралы А.К.Байбурин,
М.Х.Балтабаев, Л.К.Керимов, В.В.Трифонов, К.К.Кұнантаева, С.А.
Ұзақбаева, Н.Д. Хмель, Н.Н. Хан, Ә.Табылдиев, О.Н.Франковская
және т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Тұлғаның
қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдебиеттерге талдау
жасағанда, субъектінің дамығандығын, іс-әрекетте
басқа субъекті мен объектілерге дұрыс ықпал
жасайтындығын көптеген ғалымдар дәлелдегенін
байқадық И.И.Конюхов, С.В.Захаров, К.С.Успанов, А.К.Рысбаева,
В.И.Писаренко, Д.И.Болдынюк, С.Темирбеков, Е.О.Омар, Ю.А.Сапарова және
т.б.
Сондай-ақ,
жеке тұлғааралық қарым-қатынас іс-әрекетте жүзеге асырылуында
сөз мәдениеті мен ұлттық педагогика рөлі басым
екендігі біршама қазақстан ғалымдарының
еңбектерінде де талқыланады. Мәселен, Ж.Ж.Наурызбай, А.А.Молдажанова,
А.С.Магауова, А.Х.Марғұлан, А.Жүйнеки және т.б. Ал,
К.Төребаева, Қ.Б.Жарықбаевтың студенттердің
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру туралы
зерттеулерінде қарастырылған.
ЖОО
педагогикалық процесте студенттердің жеке тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастырудың
қажеттілігі және оны жүзеге асырудың әдістемелік
жолдары әлі де болса өз деңгейінде ғылыми
тұрғыдан толық негізделмеуі, нақты
ғылыми-әдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі арасында
қарама-қайшылықтар бар екені байқалды.
Әдебиеттер
тізімі
1.
Кураков М. Восптание культуры межнационального общения
подрастков
в худ. кружках внешкольн. уч.: Автореф. Дис... к.п.н. - Москва,
1991. - 17 с.
2.
Магомедов Ш.А. Формирование культуры педагогического бщения будущего учителя с многонациональным классным коллективом:
Автореф. Дис...к.п.н. М.: 1992. - 18 с.
3.
Щмяшюва ОВ Формирование коммуникативной культуры будущих учителей: Автореф.
Дис...к.п.н - Челябинск, 1997. -17 с.
4.
Турчанникова Ю.И. Обучение технике общения как средство повышения готовности студента и
профессиональной деятельности: Автореф.
Дис... к.п.н. — М.: 1989. -17 с.
5.
Суркова Т.И. Стиль
общения педагогов с
детьми шести- Восмилетнего возраста в процессе познавательной деятельности: Автореф.
Дис... к.п.н. — Алматы, 1996. -14 с.
6.
Асипова Н.А. Научно-педагогические основы
формирования культуры меж национального общения
школьников: Автореф. Дис... докт.п.н. - Бишкек, 1997. - 24 с.
7.
Дюсупова Р. А.
Формирование культуры межнационального общения подростков
в процессе воспитательной работы: Автореф. Дис ... к.п.н. - Алматы, 1992. -18 с.
Құнанбаев
А. Шығармаларының жинағы. І-ІІ. — Алматы, 1977. -156-184 бет
8. Гумарова Ж.С.
Воспитание культурной дисскусии
9.
у старшеклассников:
Автореф. Дис... к.п.н. -Алматы, 1994. -18 с.
10.
Огиржавин М. Формирование межличностных
11.
отношений в
студенческой академической группе
(На примере Ховдинского пед.института
Республика Монголия): Автореф.
Дис... к.п.н. -Алматы 1993. - 16 с.