ТРЕНИНГТІ
КЕҢІСТІКТЕ ЖӘНЕ УАҚЫТТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
П.ғ.к., доцент К.К.
Базарбаева
Психология
мамандығының студенттері Досмухамбетова Ш., Ибрагмова Л.
«Тұран-Астана»
университеті Қазақстан Республикасы
Тренинг барысында қатысушылар әдеттегідей шеңбер болып
отырады.Шеңбер болып орналасу көпшіліктің қалауы
бойынша таңдалмайды,ол
трненингтегі негізгі орналасу.
·
Шеңберде
өзара қарым – қатынас
жаксы қамтамасыз етіледі. Қатысушылардың бір – бірін
толық көруіне,әңгімелесуіне мүмкіндік береді.
·
Шеңбер
бойымен орналасу жұмыстың
жоғарғы деңгейде өтуіне мүмкіндік
береді.Ешкім тренингтен тыс
қалып қоймайды.
·
Шеңбер
- максималды
«демократикалық»
фигура.Шеңберде
топтың басын белгілей алмайсың ,бәрі тең
дәрежеде жиналып орналасады.
·
Шеңбер бойымен
орналасу қатысушылардың еркін қозғалуына қолайлы.
Дегенмен , шеңбер болып ораласу барлық жағдайларда
белгіленбеген.Мысалы, Жүргізушінің
ақпаратты жеткізуіне,бастысы ақпаратты жеткізуде белгілі бір
көрнекіліктер қолданылатын жағдайда. Бұл жағдайда
топтың жартысы жүргізушінің артында қалып
қояды,егер тотың барлық қатысушылары
жүргізушінің алдында орналасса , топ екі доғаға
ажырайды.Алдыңғысы соңғысын жауып қалады.
Бұл жағдайды болдырмау үшін топтың орналасуын
өзгерткен жөн.Егер аудитория жүргізушінің
айтқандарын тыңдау кезінде,видео жазба көру кезіде және т.б жағжайларда жарты шар тәріздес,шырша
тәрізді, «П» әріпі тәрізді орналасу қолайлы болып
келеді.Ал егер жеке бастың жұмыстарын орындау
барысында,қатысушыларға
өзін еркін сезінетін , ыңғайлы орынды таңдауына
болады.
Көбіне тренингтік жұмыстар
жалпы топтарда емес, топшаларда жүргізіледі.Топтың
құрамын үнемі алмастырып отыру қажет, себебі топ
құрамының бір – бірінен
жалғып кетпеуі үшін.
Топты топшаларға бөлетін
бірнеше әдістемелік
тәсілдер.( Рязанова, 2003):
Атомдар мен молекулалар. Жеке атомдардан «броундық қозғалысты»
бейнелеу үшін қатысушылар
ретсіз араласады.Топ бір – бірінің қолдарын ұстап молекулаларға
бірігігеді де, жүргізуші қаншасын атаса сонша атом қосылуы
керек.
Бұлақ. Қатысушылар жұптарға бөлінеді, бір – бірінің
қолдарынан ұстап, бір – бірінің қасына
тұрады.Барлығы қолдарын жоғары
көтереді.Жұпсыз қалған қатысушы
құралған арнаға келіп, кез – келген қатысушыны таңдап, өзімен бірге алып
кетеді.Жаңа жұп топтың соңына барып тұрады да, цикл
қайтадан қайталанады.Белгілі бір уақытта топ жүргізушісі ойынды
тоқтатады, екі (
оң және сол
сап)төрт немесе алты командадан
жұптар құралады.Соңында әрбір сап сәкесінше екі немесе үш топшаларға бөлінеді.
Мүсіншелер.Қатысушылардың санына
тең түрде үстел бетінде пәндер араласып тұрады
(геометриялық фигуралар,жануарлардың суреттері және
т.б.).Әрбір фигура қанша рет қайталанса, сонша
қатысушы бір топшада болады.Құралған
топша келесі жаттығуларды бірге
орындайды.Қатысушылар кезекпен
фигураларды таңдайды бірдей фигураларды иеленген
қатысушылар бір команданы құрайды.
Бірінші – екінші.Қатысушылар орындарымен алмасады, себебі оң
және сол жақтағы көршілері жаңа қатысушылар
болуы үшін, және бірінші – екінші,бірінші – екінші – үшінші және т.б болып топтың
құрамына қарай саналады.Бірдей нөмір иеленген
қатысушылар бір команданы құрайды.
Тиянақты таңдау. Бұл тәсілді бір –
бірімен танысып, сенім атмосферасын орнатқан , ұйымшыл
топтарға қолдануға болады.Қатысушыларға өзімен тіл табыса алатын, тренинг
барысында бірге жұмыс істей
алатын қатысушыны
таңдауға ұсыныс жасалады.Таңдау келесі критерилерде
көрсетіледі,мысалы :
-
Өзіңізге
жақын адамды таңдаңыз;
-
Өзгелерден
қарағанда сіз аз білетін
адамды таңдаңыз;
-
Сізге
қарым – қатынаста қиындық туғызатын қатысушыны таңдаңыз.
Егер қиын жұмыс жасамайтын болса,
сурет салатын болса, хат жазатын болса, тарататын материялдар болса онда
қатысушыларға үстелде отырған ыңғайлы.Коп
жағдайда қатысушыларға дөңгелек үстелдер
қолданылғанмен,тәжірибеде аз қолданылады.Көбіне
квадрат,тік төртбұрыш, «шырша»
немесе « П» әріпі тірізді орналасады.Үстелдің Оналасуы
дұрыс болуы керек.Ара қашықтық сақталуы керек.Ол
өзара қарым – қатынасқа ыңғайлы болуы
керек.Үстелдердің бірдей , бір қатарда орналасуы
қолайсыз.Егер психолог
қарапайым сыныпта тренинг өткізуге мәжбүр болса, үстелдерді ыңғайлы етіп орналастырып алуына
болады .Мысалы: ортаны ашу үшін жиһаздарды шетке қоюға
болады.
Тренинг
өтетін орын қарапайым, еркін болуы, жиһаздардың аз
болуы керек.Қатысушылардың санынан
үш есе келетін адам сиятындай болуы керек.Мына нарселерге назар
аударған жөн:
Шыны
жиһаздардың болуы ,үшкір бұрыштар т.б бұлар тренинг барсында қатысушылардың жарақаттануына әкеліп
соғуы мүмкін.
Еденде
қозғалмай тұратын үстел, орындықтардың
тренинг жұмысына ыңғайлы деп айтуға болмайды.Көп
жағдайда сынып тақтасын
пайдаланған жөн, егер ол болмай қалған
жағдайда үлкен
форматтағы парақтарды, маркерлерді пайдалануға болады.Тренинг
өтетін аудиторияда сырттағы
шу ішке, іштегі ш сыртқа естілмейтіндей болуы керек.
Қарым –
қатынас тренингі – 16-36 сағаттан 50 – 60 сағаттқа
созылуы мүмкін. Тренинг 2- 5
күннен, 6- 10 сағат немесе жеке кездесуде аптасына 1-2
реттен 1-6 сағат аралығында қолдануға болады.Кейде
тренинг үзіліссіз 12- 30 сағатқа созылуы мүмкін.Бұл
кезде тек түскі асқа аз уақыт үзіліс береді.
Егер сөз
үлкендер тренингі жайлы айтылатын болса, онда тренинг көбінесе тереңдетілген режимде өтеді
(кең танымал нұсқа – жұманың кеші, сенбі
және жексенбі толығымен). Жасөспірімдермен айналысу
жұмыстары , көп жағдайда жеке жаттығуларға
бөлініп кетеді. Егер психолог жұмысты мектепте, жалпы сабақ
кестесі бойынша жүргізетін болса, онда мұндай жеке
жаттығуларға бөліну жиі кездеседі.Мұндай жағдайда
жеке емес, топталған сабақтар( 90 минут )өткізген жөн.
Бұл уақыттық ұйымдастыру бойынша тренинг
жүргізгенде , программа қысқаша фрагменттерге бөлінген, олардың әрбір
құрылымды элементі және аяқталған ойды білдіреді.
Бұл тренингті өткізуде қысқа режимде кездесулер
және де тренингке жаңадан
қосылған қатысушыларға жұмысты оңай
түсінулеріне мүмкіндік туғызады.
Егер
жаттығу кезінде үзілістер қарастырылған болса,оларды
уақытқа байланысты емес, топтың жағдайы мен
логикалық паузалар жұмыс кезінде жасаған дұрыс.
Жаттығу аяқталғаннан кейін және оны талқылау
барысында үзіліс жасаудың қажеті жоқ.Біздің
ойымызша , егер тренинг 2 сағат
не одан көп болса, мұндай жағдайда үзіліс жасау
қажет емес, одан да жеңілірек, физикалық қозғалыс
элементтері бар жаттығулар орындатқан тиімдірек болады.Осындай
сипттамаларды К.Фопельдің « Энергия паузы» ( М.2001) атты кітабынан табуға болады.
Соңғы
кезде жолға шығып
психологиялық көмек беру жасөспірімдерге кең
етек алып келеді. Топ 1-3 табиғат аясына тамақтарын,
палаткаларын алып шығады және де
жұмыс тереңдетілген түрде өткізіледі.
Мұндай жағдайларда тренинг өткізу эмоциональды, топтың
динамикалық активтілігімен сипатталады.Жарқын эмоция мен
қауіпті жағдайды туғыза алатын жаттығулар жақсы
қабылданады.
Бірак
интеллектуалды жұмыстар мен ұзаққа созылған
топтық дискуссияны « жолға
шығу» жағдайында ұйымдастыру қиынырақ. Сонымен
қоса мұндай жаттығуларды жоспарлағанда
әртүрлі ұйымдастыру сәттеріне көп уақыт кететінін, орындалатын тренинг
жаттығуларының саны соған сәйкес
қысқартылатынын ескере кету керек.Сол уақытта коллективтік
қала сыртына шығуға атмосферасы
Өмірлік тәжірибенің
көзімен көптеген жағдайларды туындатады. Тренингте
пайдалануға болатын техникалар мен модификациялардың саны
мыңдаған. Бірақ екі универсалды топтық әдістер
бар. Олардың арқасында кез келген психологиялық тренинг
қалыптасады, олар коммуникативті
ойын және топтық дискуссия әдістері. Оларды
тереңірек қарастырайық.
Әдебиеттер тізімі
1. Анн Л.Ф Психологические тренинги с подростками. - СПб, 1998.
2. Баркли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга. -
СПб,.2002.
3. Березников А:А Яничева Т.Г. Тренинг расширения
ролевого репертуара подростка// 18 программ тренингов: руководство для
профессионалов. -СПб,.2007
4. Вачков И.В Основы технологии группового тренинга.
Психотехники: Учебные пособие. - М.,2000.
5. Грецов А.Г Тренинг общения для подростков. - СПб,.2005