П.ғ.к., доцент К.К.
Базарбаева
Педагогика және
психология мамандығының магистранты Баймурзина А.
«Тұран-Астана»
университеті Қазақстан Республикасы
Қазақстанның
қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің
барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады.
Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне
жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе
отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар
қоюымен ерекшеленеді.
Сондай елеулі
өзгерістердің бірі –
демократиялық-құқықтық мемлекет
құру міндетін шешу. Мемлекеттік
саяси-құқықтық қайта
құрудың маңызды
құрамдас бөлігі – адамның
құқықтық мәдениетінің деңгейін
көтеруге тікелей тәуелді. Өйткені,
құқықтық мемлекетке азаматтардың
жоғары саяси және құқықтық
білімділігі, құқық бұзушылыққа қарсы
тұра білу қабілеттілігі мен дайындығы тән.
Қазақстан
Республикасының құқықтық мемлекет ретінде
дамуы әрбір азамат бойына құқықтық
құндылықтарды сіңіріп,
құқықтық сананы қалыптастырудан
көрініс береді. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына – адам,
адамның бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі жас
ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі
аса маңызды. Сол себептен құқықтық
мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы да осыдан
басталады. Оны қалыптастыру үшін жүйелі де мазмұнды
тәрбие қажет.
Мемлекетіміз
жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне
көңіл бөліп келеді. Қазақстан заңдарына
терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз
сақтау және орындау - ұзақ уақыт тәрбие
жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне
құқықтық сананың төмендегі,
материалдық және рухани игіліктер жайлы түсінбеушілік қоғамға
жат қылықтарды туғызатыны сөзсіз. «Адамның
құқықтық мәдениеті - күрделі
психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның,
мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді.
Ең бастысы - адамгершілікті қалыптастыруда орынды тәртіп
және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары
деңгейінде болуы».
«Өркениетті
қоғамда құқықтық мәдениет
әр адамның жалпы мәдениетінің қажетті
бөлшегі, әрбір лауазымды адамға қойылар кәсіби
талап болып табылады. Тиісті құқық тәртібін
орнықтырмайынша, біздің экономиканы реформалауымыз,
қоғам өмірінде демократиялық қалыпты
өлшемдерді бекітуіміз неғайбыл» деген Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың пікірі қоғамда
құқықтық мәдениетті
қалыптастырудың маңыздылығына аса назар аудартады.
Заңдылықты
сезіну құқықтық мәдениеттің
құрамы екендігін түсіну қиын емес дей келе, заңды
білмеу - құқықтық мәдениеттің елеулі
кемшілігі. Құқықтық мәдениет
жастардың жан-жақты құқықтық білімдерінің
болуы керек. Сондықтан, жастардың саяси
құқықтық мәдениетін көрсетуде
девианттық іс-әрекеттердің мәні мен маңызын
түсіну өте маңызды. Қоғам өміріндегі
қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп
жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ,
әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса
қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан
ауытқу оңай. Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті
нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік,
патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің
баршамызға міндет екенін өмірдің өзі дәлелдеп
отыр. Құқықтық тәрбиені ұстаздар
қауымы оқушымен қатар ата – аналармен,
құқық қорғау органдары
қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық
сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен,
қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің
өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі жүргізер
болса, нәтижелі болмақ.
Құқықтық
мәдениетті қалыптастыру еліміздің болашағын
айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең
ұрпаққа сапалы құқықтық білім
мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымынан білімділікті,
құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді,
нормативтік - құықықтық құжаттармен
үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа
алуды үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен
тығыз ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуды
және қажырлы еңбекті қажет етеді. Қорыта
келгенде, құқықтану материалдары мақсатты
бағытталып, жүйелі жүргізілетін болса, онда жастардың
құқықтық мәдениетін қалыптастыру
мәселесі оңтайлы шешімін табатынына сенеміз. Келелі жұмысты
атқаруда бала құқығын қорғау,
балаға қарым - қатынас мәдениетін көтеру,
оның талабын ескеру де нәтиже береді деп ойлаймын.
Әдебиеттер тізімі
1. Буева Л.П. Человек:
деятельность и общение. –М., 1978.
2. Леонтьев А.Н.
Психологическая теория деятельности. Избр. псих. исследования. – М.,
Педагогика, 1983. – С. 94-232.
3. Ананьев
Б.Г. Избранные психологические труды. В двух томах. /под
ред А.А. Бодалев, Б.Ф. Ломов. –М., 1980 С.232.
4. Бодалев А.А., Ковалев
А.Г., Теоретические и прикладные проблемы психологии общения в трудах.
В.Н.Мясищева \\ Психологические исследования
общения. –М., 1985.
5. Андреева Т.В., Толстова А.В.
Темперамент супругов и совместимость в браке. // Ананьевские чтения. – 2001:
Тезисы научно-практической конференции. –СПб., 2001.
6. Лисина М.И. Проблемы
онтогенеза общения. –М., Педагогика. 1986.
7. Бодалев А.А. Психология
общения. –М.; Воронеж, 1996.