Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым–қатынасының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

П.ғ.к., доцент К.К. Базарбаева

Психология мамандығының студенттері Ерболат Ш., Игілік А.

«Тұран-Астана» университеті Қазақстан Республикасы

 

Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жағымды тұлғааралық қарым-қатынас орнатуға, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде тұлғаның белсенді өмірлік ұстанымын, және өзара жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға

Бұл мәселе Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген Қазақстандық отансүйгіштікке, толеранттыққа, жоғары мәдениетке, адам бостандығы мен құқығына, сыйластыққа тәрбиелеу делінген. Демек тұлғаның бойында басқаның пікіріне деген сыйластық, басқа адамның жеке басына деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу үшін ұжымда жағымды тұлғаралық қарым-қатынасты қалыптастыру маңызды [5].

Ұжымда жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру ұжым мүшелерінің шиеленісті жағдайлардан бойын аулақ ұстауға, өзінің және өзгенің пікірімен санасып, құрметпен қарауға баулиды. Демек ұжымда дұрыс қарым-қатынасты орнату, және басқалармен қарым-қатынас жасай білу мәседениет тұлға бойында мектепке дейінгі кзеңнен бастау маңызды.

Ұжымда қарым-қатынасты қалыптастыру ұжымдық тәрбие мәселесімен тығыз байланыста қарастырылады. А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, Н.И. Болдырев, Н.К. гончаров, Е.В. Бондаревский, С.В. Мягченков, Н.И. Монахов, Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский және т.б. еңбектерінде ұжымдық тәрбие теориясының жалпы теориялық және әдіснамалық аспектісі қарастырылады.

Бұл мәселнің философиялық аспектісі Н. Сарсенбаев, О.А. Сегизбаев, М.С. Орынбеков, Ж. Алтаев т.б. еңбектерінде қарастырған.

Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрылымдық, компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның [11] қарым-қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүргіздік. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен байланысты 3 жағынан карастырады: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік. Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жактың мәні карым-қатынас жасауды жұптастарудың өзара әрекеттестінінде болады, ал перцептивті компонент - адамдардың бірін бірі кабылдауы, өзара түсінушіліутері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның үш жағы да керектігін  дәлелдейді. Біздің зерттеу де осы позицияны арқалана отырып, балалардын, ересектермен, баска балалармен қарым-қатынас жасауын зерттеуде коммуникация, интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды алға койды. Бұл контексте карым-қатынастың теориялык, негізіне ic-әрекеттің құрылымы жайлы түінігін  кабылдаймыз. Біз балалардың қарым-қатынасын коммуникативті ic-әрекет деп карастыратын А.Н.Леонтьев [8], М.И.Лисина [12] концепцияларына сүйенеміз. Сонда қарым-қатынастың құрылымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті ic-әрекет деп қарастырылады.

Әдебиеттерде карым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты жүзеге асыруды кажетсіну, қарым-қатынас кұрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті,  міндеттері, құралдары, нәтижесі де карым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. Біз олардың әркайсысын жекелей айкындадық.

Мұнда Т.В.Драгунова бойынша карым-қатынастың пәні қарым-қатынасқа субъект ретінде болатын басқа адам, яғни қарым-қатынас жасаудағы жұптас адам болады.

Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғалымдардың көпшілігі (А.Г.Ковалев, М.И.Лисина, А.В. Петровский, К.Обуховский, В.С.Мусина, В.С.Мухина  және т. б.) адамдардың карым-қатынасты жүзеге асыруда кажетсіну, баска адамды танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктерін тағайындаған.

М.И. Лисина, А.Г. Рузская, С.Ю. Мещерякова және т. б. енбектерінде қарым-қатынас мотиві "затталған қажеттілік" деген А.Н.Леоньтев  түсіндірмесіне негізделген., адамның қарым-қатынаста танымдық іскерлік және жеке бас мотивтері болатындығы баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары мен генезисінде сипатталады.

Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі. (А.А. Леонтьев)

М.И.Лисинаның [12,70-87] қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастыруы біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.

Қарым-қатынас құралдарын колданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалды. Карым-қатынас тәсілі оның бірілігі  деп танылады (М.И. Лисина, Д.А. Исмаилова т. б.). Әдебиеттерде карым-қатынас тәсілі әрекеттік формада «коммуникациялык, біліктілік» (Т. В. Антонова ), әсер ету, реттеу, байланыс жасау, акпарат беру тәсілдері (Е.Г. Макарова), жалпы нәтиже алуды камтамасыз етуге бағытталган әсерлер жүйесі, әдіс пен амалдар жиынтығы (Д.А Исмаилова , Ж. С Абшиева ) ретінде аныкталады. Ал, А.А. Бодалев [13] карым-қатынас әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетшдіру ең негізгі мәселе болып табылды.

Қарым-катынас аныктамасындағы (М.И.Лисина бойынша) оның жалпы нәтижесі ретінде қарым-қатынастан шығатын материалдық, және рухани сипаттагы құрылым алынды. Нактыласақ, жалпы нәтиже - өзара катынас (Я.Л.Коломинский), таңдамалы бауырластық (С.В.Корницкая, Р.А.Смирнова), қарым-қатынас субъектілерінің бейнесі (АА.Бодалев, Н.Н.Авдеева, А.Н.Силвестр) деп қарастырылады.

Әдебиеттерге талдау жасай отырып В.С.Агеев, А.А. Бодалев  сынды ғалымдар топ ішіндегі және озара қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизация, каузалды атрибуция, ореол эффектісін жатқызады.

Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгepici нәтижесінде интегралды, тұтас құрылым пайда болады. Ол коммуникативті ic-әрекеттің даму денгейін аныктайды. А.В.Запорожец, М.И.Лисина бұл ерекше құрылымдарды "қарым-қатынас онтогенезінің сатылары", "қарым-қатынас формалары" деп атаган. Біздің зерттеуде осы тұжырымдарға сүйенеміз.

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Буева Л.П. Человек: деятельность и общение. –М., 1978.

2.     Леонтьев А.Н. Психологическая теория деятельности. Избр. псих. исследования. – М., Педагогика, 1983. – С. 94-232.

3.     Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В двух томах. /под ред А.А. Бодалев, Б.Ф. Ломов. –М., 1980 С.232.

4.     Бодалев А.А., Ковалев А.Г., Теоретические и прикладные проблемы психологии общения в трудах. В.Н.Мясищева \\ Психологические исследования  общения. –М., 1985.

5.     Андреева Т.В., Толстова А.В. Темперамент супругов и совместимость в браке. // Ананьевские чтения. – 2001: Тезисы научно-практической конференции. –СПб., 2001.

6.     Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения. –М., Педагогика. 1986.

7.     Бодалев А.А. Психология общения. –М.; Воронеж, 1996.