Студенттер
тұлғасының құндылық
бағдарлардың даму ерекшеліктері
«Тұран-Астана» университенің магистранты
Жармаганбетова Ж
Тұлғаның
әлеуметтік белсенділігінің өсуі, оның белсенділік позициясының қалыптасуы адамның
өзіндік жеке және қоғамдық қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының,
құндылықтық бағдарларының
бір-біріне сәйкес келуіне байланысты болады.
Қоғамдық көзқарастар
бойынша келер ұрпақты өмірдің жаңа талаптарына бейімдеу, сол сияқты
кәсіпке бейімделу "әлеуметтену" процесі арқылы жүзеге асады. Индивидтің
көзқарасы бойынша бүл процесс қоғамдық
нормалар мен ережелердің, әлеуметтік құндылықтардың жиынтығын меңгеру
болып табылады.
Негізінен құндылықтық
бағдарлар тұлғаның қоғамдағы
және әлеуметтік топтағы белгілі бір орнын
анықтауға әсерін тигізеді, сонымен
бірге топтағы адамның ойлауын, оның
қоғамдық келбетін анықтайды.
«Құндылықтық бағдарлар»
түсінігі көптеген ғылымдар қиылысында дамыды - әлеуметтік жөне мәдени антропология, әлеуметтану,
әлеуметтік психология, жалпы
психология, құндылық философиясы, аксиология және
т.б.
Ал, «құндылықтық бағдарлар»
терминіне келетін болсақ, бұл термин 1964-1965 жылдар аралығында пайда болған.
Құндылықтық бағдарлану адамдардың
әлеуметтік құндылықтарды мақсат етіп қойып,
сол мақсатқа жетулеріне тырысуы кезінде
көрінеді. Күрделі құбылыс саналатындықтан
құндылықтық бағдарлар ғалымдар тарапынан
әр қырынан, әр тұрғыдан зерттелген.
Тұлғаның әлеуметтік орта
обьектілеріне қатынасын анықтайтын да негізінен құндылықтық
бағдарлар болып табылады (В.Г. Ананьев, М.И. Бобнева,
А.Г. Здравомыслов, О.И. Зотова, А.Б. Круглов, Е.В. Шорохова жөне т.б.). Құндылықтық
бағдарларға байланысты көптеген зерттеулер философиялық (О.Г. Дробницкий,
В.П. Тугаринов, В.В. Сусленко, В.
Брожик); әлеуметтік (А.Г. Здравомыслов, И.С. Кон, Э.В. Соколов, Т.М.
Мальковская); әлеуметтік-психологиялық (М.И. Бобнева, О.И. Зотова, Б.С. Круглов, В.А. Ядов,
М.Х. Титма, Е.В. Шорохова жэне т.б.)
пәндер аспектісінде жүргізілген.
О.И.
Зотова және М.Н. Бобневалар «құндылықтық бағдарлар»
түсінігін философиялық,
әлеуметтік, исихологиялық пәндерге енгізу негізінде қарау керек деп өте негізді
айтқан. Бұл айтқандардан құндылықтық бағдарлар
түсінігінің ауқымы кең екені, мәні зор екені көрінеді.
Әрине бұл жерде көрініп тұрғандай біз
құндылықтық бағдарларды
бір ғана ғылым төңерегінде зерттей алмаймыз. 20 ғасырда
адамзат болмысын зерделеуде бірінші орынға ғылыми таным
мәселесі бөлініп шығады. Бірақ,
құндылық және тұлғаның
құндылықтық бағдарлары
философия, этика, әлеуметтану және психологияның гносеологиялық онтологиялық
деңгейлерін сипаттай келе, олардың әр қайсысын
талдауға тырысты.
Г.П.
Выжлецов философия дамуының аксиологиялық, гносеологиялық, онтологиялық кезеңдерін сипаттай
келе, олардың әр қайсысына тән негізгі
құндылықтар мен мұраттарды көрсетіп, оларды игілік,
бақыт және еркіндік деп бөлді.
Сократтың айтуынша өмірлік құндылықтар негізінде
адамгершілікті мінез-құлық жатады. Этиканың негізін
салушы Сократ, антикалық философияның негізін қалай
тұра жақсылық, адамгершілік және
сұлулық не деген сұрақтарға жауап табуға тырысқан.
Оның пікірі бойынша, осы негізгі өмірлік құндылықтарға білім арқылы жетудің
негізі рухани мінез-құлықта жатыр. Сократ бойынша жақсылық адамның мақсат
қоюына сәйкес анықталады. Сократтың осы айтқандарынан,
құндылықтарға жетудің бірден бір жолы - білім екенін және ол
руханият негізінде ғана мүмкін болатындығын
аңғарамыз. Сондай-ақ Сократ адамның мақсатына қарай оның алдындағы
жақсылық пен жамандық айқындалады дегенді меңзейді.
Аристотель
жақсылық жанда немесе денеде бола алады дейді. Ол жоғарғы
жақсылық ретінде этикалық кұндылықты
қарастырған. Аристотель игілік түрлерін қарастыра келе
бағаланатын, мадақталатын, сонымен қоса мүмкін болатын
игіліктерді бөліп
көрсеткен. Аристотель бойынша игілік мақсат болуы да,
болмауы да мүмкін.
Ең
үлкен игілік этикалық құндылықтар қатарына ізгілікті кіргізген. Ізгілікті
игіліктер, Аристотельдің айтуынша, парасаттылықты және адамгершілікті
болып бөлінеді. Оның айтуынша, бұл игіліктер оқыту, сондай-ақ
тәрбие нәтижесінде пайда болады. Бұл жерден не нәрсе қаншалықты
бағаланатын болса, соншалықты құнды екені жөніндегі тұжырым
шығаруымызға болады. Яғни, парасаттылық пен адамгершілік
жоғары бағаланатын игіліктер болса, бұларға жеткізетін әрекеттер -оқыту мен
тәрбие де игілікті істер екендігі даусыз.
Этикалық
мәселелерді қарастырғандағы антикалық
философтардың ерекшелігі - адам мақсаты мен құндылық түрлері
аспектілеріндегі ара-қатынасқа
зейін қойғандығы. Шығыс философиясы, алдыменен этикалық құндылық пен нормалардың
шығу тегінің ішкі және
сыртқы арақатынасына
ерекше назар аударған. Қытай философиясында маңызды этникалық категория ретінде жақсылық
қарастырылған, ол индивидтің
өмір сүру тәсілі болып саналады. Әлемдік
әлеуметтік-этникалық тәртіптің
жоғарғы нысаны барлық индивидуалдық жақсылықтар сәйкестігімен
түсіндіріледі. Тұлғалық
деңгейде дао мен дэ маңызды бейнелер болып табылса,
конфуцийде жақсылық және
гумандылық болып келеді, осы екеуі
ортақ конфуцийлық өзек
құрай
отырып, айналасына қалған барлық этникалық
категорияларды шоғырландырады.
Бұдан шығыстағы құндылық мәнділік, жақсылық,
адамгершілік болғандығын байқаймыз.
Ал,
И. Кант этикалық құндылықтарға
ғылыми деңгейде мән
беруге тырысты. Ол моральдық құндылықтардың қандай да
болмасын жоғары нәрселерден тәуелсіз екенін айтты. И.
Канттың айтуынша, мораль мен борыш адам ақылында болады
және болуы керек. Моральдан әр адамға құнды болатын мақсат
туындайды дейді. Осылайша, И. Кант құндылық
жоғарылығын трансценденттік деңгейге дейін жеткізген.
Құндылықтарды
сақтау концепциясы оның басқару функциясының мәнін ашып
көрсетеді. М. Вебер бойынша әлеуметтік қатынастар жүйесі негізінде сенім және құндылықтар пайда болады.
Вебер үшін қоғамдық
қозғалыстар кезінде «материалды және
идеялы қызығушылықтар» үлкен рол атқарады.
Ол адам өмірінің әр қырлылығы
мен өзгешелігі жайлы айтқан. Осы кезде тұлғаны өзгертетін мотивтер
мен құндылықтар
болады және олар адамды басқарады. Сондықтан да, адам қандай
мақсаттарға талпынады, олардың құндылықтары
қай кезде көрінеді
және т.б. анықтап алу абзал. Қоғам маңызы
- мотивациялар мен құндылықтар
әлемінен тұрады.
Қоғам моделі, қоғам мотивациясы болып «құндылықтық бағдарлар» табылады.
И.А.
Громов жұмысында
әлеуметтік
зандар, олардың дұрыстығы
құндылықтармен
шектелген. Бұл
кездегі әлеуметтік құбылыста мәнге көп көңіл
бөлінеді. Ең негізгі құнды болатын нәрсе мотивациялар деген.
П.
Сорокин қоғамдық өмір механизмдерін әлеуметтік
мінез-құлық
формаларын талдау негізіне байланысты ашып көрсетуге тырысты. Ол құндылықтардың
үстем, басым болатындығы жайлы ерекше атап кетті.
Әлеуметтанушы
В.Л. Оссовский құндылық
функцияларъшың екі аспектісін көрсетті: қоғам
қызығушылықтарын қанағаттандыратын, мәдениет
элементі ретіндегі - норма құндылықтары
және адам қызығушылықтарының объектісі
ретіндегі - объект құндылықтары.
Оның
жұмысында бұл құндылықтардың
арақатынас ерекшелігі көрсетілген.
Құндылықты сендіру
түсінігі арқылы қарастыру Г.Е. Залесский мен американдық
психолог М. Рокичтің жұмыстарында
үлкен орын алған. Олар құндылықты тұрақты сендіру ретінде
қабылдайды. Олардың ойынша, тұлға құндылығының
мынадай белгілері бар:
-
құндылық
бастаулары - мәдениет, қоғам;
-
әлеуметтік феномендерге деген құндылық әсері;
-
адам дәулеті саналатын жалпы құндылықтар саны;
-
құндылықтар
дәрежесінің әр
түрлілігі;
-
жүйе бойынша ұйымдастырылған құндылықтар.
Психологияға
оралсақ, мұнда құндылықтық бағдарлар
өте үлкен мәселелердің бірі болып отыр. В. Дильтей
психологиялық талдау пәнінің негізі жанды өмірлік
байланыстар деп, оған біздің түсінігіміздегі
қатынастар, құндылықтар, дағдылар және
идеяларымызды кіргізген. Онда біз кез келген уақытта саналай бермейтін
ережелер бар екенін айта келе, ол ережелерге біздің әрекеттеріміз бағынатынын
көрсетеді. Оның айтуынша, жалпы өмірдің мазмұны болып эмоция, сезім табылады, ал
олар құндылықтардың тұлғалық көрінісін аңғартады. Ол
сонымен қатар құндылықтардың сезімдерден бөлінбейтінін атап өткен.
Мұндағы В. Дильтейдің
айтпағы - жағымды эмоция мен жоғары сезім
құндылық саналатындығы.
Құндылықтық
бағдарлар жүйесіндегі типология мәселелерін қарастыра отырып біз мұндағы әралуандылықты
мойындаймыз және көптеген авторлар
көзқарастарын тұжырымдай келе мұндағы
күрделілікті, иерархиялылықты баса
көрсетеміз. Тұлға
құрылымындағы
құндылықтық
бағдарлар жүйесінің тұлға дамуындағы мәнді функциясы орасан
зор рөл мен алатын айшықты орнының жоғары екеніне
шүбә келтірместен оның қалыптасуы мен дамуына
назар аударғанымыз орынды деп санаймыз. Өйткені тұлғаның құндылықтық
бағдарлар жүйесі оның дамуының реттеушісі мен
механизмі ретінде саналады. Жалпы тұлғаның құндылықтық
бағдарлар жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
процесі белгілі бір заңдылық
бойынша жүзеге асатыны түсінікті. Осы тұрғыда біз
жоғарыда қаралған және ілгеріде қаралатын авторлардың еңбегін талдап, електен өткізіп тұлғаның құндылықтық бағдарлар
жүйесінің құрылымдық-динамикалық
моделін ұсына отырып, оны еңбектің екінші тарауында
эксперименттік түрде растаймыз.
Әдебиеттер тізімі
1. Маслоу А. Психология
бытия. - М.: Рефл-Бук, 1997. - 304 с.
2. Олпорт Г. Личность в
психологии. - М.: Ювента, 1998. - 345 с.
3. Ломов
Б,Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии. -М,: Наука, 1984. - 446 с.
4.
Выготский Л. С. Педагогическая психология. - М.:
Педагогика-Пресс,
1996. - 536 с.
5. Рубинштейн С.Л. Проблемы
общей психологии. - М., 1976. -416 с.
6. Абульханова-Славская
К.А., Брушлинский А.В. Философско-психологическая концепция СЛ.Рубинштейна: К
100-летию со дня рождения. -М.: Наука, 1989. - 248 с.
7. Василюк Ф.Ё. Психология
переживания. - М.: Изд-во МГУ, 1984. - 200 с.
8. Джакупов
СМ. Экспериментальные исследования этнических предубеждений // Теоретические и
прикладные аспекты социализации личности: Межвузовский сборник научных трудов /
Под ред. СМ. Джакупова. - Алматы, 2002. - С.35-45.