ТРЕНИНГ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ
П.ғ.к., доцент К.К.
Базарбаева
Психология
мамандығының студенттері Жұбанова К., Боранбай А.
«Тұран-Астана»
университеті Қазақстан Республикасы
Тренинг
мақсаттары:
1.
Тұлғааралық әрекеттестіктің
қарым –қатынасқа әсер етуін және нәтижесін
қарастыру.
2.
Бақыт пен табысты сезініп, оптималды тіршілік
әрекетіне жетіп,өзіндік дамуға әсер ету.
3.
Өзіндік
сананың дамуы мен зерттеулерге корекция жасау, эмоциялық
бұзылуларды алдын алу.
4.
Қатысушылардың
психологиялық мәселесін анықтап, оларды шешуге көмек
көрсету.
5.
Психологиялық денсаулығының
нығаюына және өзін-өзі
жақсы сезінуге әсер ету.
Тренингтік
мақсаттардан бөлек жеке тұлғалық мақсаттар
да қарастырылған. Жеке мақсаттар бойынша қатысушылар өздерінің
ортасын кеңейтуге яғни қарым – қатынас ауқымын
жоғарылату барысында көрінеді.
Тренинг
мақсаты нысан арқылы дәлелденеді. Мақсаты жалпылап
анықталатын болса , нысандар жекелей анықталуы мүмкін.
Мақсатты басқарудың басты
талаптары.
1.
Мақсаттар нақты нәтижені көрсетуі
керек, нәтиженің табысы
жұмыс барысында байқалады.
2.
Мақсат барысында қол жеткізетін табыс
мөлшері жолда кездесетін кедергілер мен емес, позитивті терминдермен анықталуы қажет.
Егерде велосипедтте келе жатқан адам «Тек қана құлап
қалмайын» деп ойлайтын болса онда оның құлау
мүмкіндігі жоғарылайды.
3.
Мәселелердің шешілуі
әлеуметтік-психологиялық әдіс ретінде талаптарға
сәйкесінше орындалуы қажет. Мысалы, мектеп оқушыларын оқу деңгейі бойынша «белсенді»
және «әлсіз» топқа тренинг арқылы болуге орынсыз болып
табылады.
4.
Мақсаттар тренингке берілген уақыт ішінде
қол жеткізе алатындай дәрежеде болуы қажет,тым оңай
болғаны да дұрыс емес.
5.
Мақсаттарға жету тұлғаның
өзіндік өсуі мен тренинг арқылы байқаған
өзгерістерімен жұмыс жасауы барысында көрінеді.
Л.А.
Петровскаяның айтуы бойынша « мақсаттың
ауқымы,әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы шешілуі
кең әрі әр түрлі ауқымда
байқалады,сондықтан да тренинг пішіні де әр түрлі.
Барлық тренинг пішінін жалпы екі топқа бөліп
қарастыруға болады: арнайы ұсталықты талап
ететін(дискуссия жүргізу,топаралық шиеленісті шешу);қарым
қатынас барысында өз-өзіне,серіктесіне анализ жасау».
Психологиялық
тренинг мақсатты әр уақытта қарым-қатынас
барысында біліктілікті талап етеді.
Н.А.Морева білікті қарым-қатынасқа
түсуші тұлғаларға мынадай сипаттама берген:
-
Жылдам, әрі
әрекеттестіктің жағдайын уақтылы және тиянақты бағдарлау;
-
Серіктесн белгілі
бір ситуацияға түсуіне сәйкес түсіну;
-
Қарым-қатынас барысында жағымды,жылы
қабақ таныту, және де серіктестің жағдайын
түсіну;
-
Өзіне-өзі сенімділік;
-
Қарым-қатынасты жалғастыруға
және сөзді әріптесіне беруге, белгілі бір жағдайдан
шыға алуы;
-
Қарым –қатынас барысында көңіл
толушылық;
-
Кез-келген статустағы тұлғалармен
кез-келген жағдайда қарым
–қатынас жасауы;
-
Түске ортасында беделді әрі танымал;
-
Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары,
белгілі мақсаттарға қол жеткізе алатын;
-
Ұжымда қолайлы жағдай орната алады.
М.Аргайл келесі
компоненттерді анықтап оларды «әлеуметтік біліктілік» деп атады.
-
Әлеуметтік сенситивтілік;
-
Негізгі әрекеттестік дағдылары;
-
Қолдау мен марапаттау дағдылары;
-
Әлеуметтік үрейді сабырлық пен шендестіру.
Тренинг
арқылы бірнеше біліктілікті
арттыруға болады:
-
Сөйлеу мәнерін дамыту;
-
Вербальды және вербальді емес қарым
қатынасқа сезімталдылығы;
-
Қарым-қатынас барысында рөлдік
позициялардың майыспалылығы;
-
Әлеуметтік бақылауы;
-
Әлеуметтік рефлексия;
-
Ақпаратты қабылдап, жеткізе білу;
-
Ассертивтілік;
-
Өзін-өзі ұстай білуі.
Топтық
дискуссия әдісі
Тренингттік топтық дискуссия әдісінде даулы
мәселелрді қарастыруға және оларлдың шешімін
табуға арналған. Дискуссия
кезінде қарастырылады:
-
Жағдай, тренингтік топтағы жұмыс
барысында болады. Бұл дискуссия түрінде орындалған
тренингтердегі мәселелерді қарастыру, ақпарат пен эмоциямен
алмасу жүреді. Тренингттік талқылауға уақыт
мөлшерін көп қажет етеді.
-
Мәселе, топтық қатысушыларға
қатысты тақырып. Бұл дискуссия түріне
мәселенің жауабын табу жолы қарастырылады.
-
Өткен тәжіребилер немесе
биографиялық дискуссия.
Өткен тәжірибелерді қарастыру барысында қандай да бір
мәселені жауабын табуға, топ алдында нәтижеге
шығаруға арналған.
Топтық дискуссияда
бірнеше фазалар қолданылады:
1.
Бағдарлану. Дискуссияның мәселесімен
мақсатын анықтайды. Анықталған мәселе
барлық топ мүшелеріне түсінікті болу қажет.
2.
Ақпарат
жинау. Қатысушылар өз ойларын, сезімдері мен жаңа идеяларын
бөліседі.
3.
Реттестіру. Ақпартты жинау барысында нәтижелі
бағалау.
4.
Дискуссияның аяқталуы. Қорытынды
шығару, алынған нәтижелерді салыстыру.
Жасөспірімдік
топтық дискуссияда кездесетін тақырыптар:
v
Симпатия және махаббат
v
Өмірлік жолды таңдау
v
Сынаққа – қорқынышсыз
v
Ата-бабалар мен балалар
Топтық
дискуссияны басқару әдістері:
1.
Сұрақ қою. Топы белгілі бір
мәселеге бағдарлап оның шешімін анықтауға,
пассивті қатысушыларды топқа қосуға,
талқылауға салады. Ашық және жабық түрде
сұрақ қойылуы мүмкін. Жабық түрдегі
сұрақтар қысқа жауапты талап етеді және
қатысушылардан жауап алу қиынға соғады. Осы
сұрақтардың барысында ашық сұрақ
түрлері пайда болуы мүмкін. « Неге» деп басталатын
сұрақтарды қоймаған жөн.
2.
Ереженің енгізілуі. Топтық дискуссияда
негізгі тренингттік ережелерді орындау қажет. Егер де дискуссия кері
әсерін көрсетсе, ережені еске түсіру қажет.
Жасөспірімдік дискуссияда басты «тыңдау білу» қағидасы.
Егер де ереже орындалмаса қосымша ережелерді орындауға болады.
-
Микрофон ережесі;
-
Сөзалды ережесі.
3.
Тікелей нұсқау. Топтық дискуссияда
мәселенің жауабын анықтауға арналған
қарым-қатынаста тікелей нұсқау берілуі қажет.
4.
Жүргізушінің өз ойын білдіруі. Алдын
талқыланған ойларын, қатысушылардың қатынастарын
жүргізуші талқылауға міндетті.
Топтық
дискуссияны тиімді жүргізу үшін жүргізушіге келесі ережелерді
сақтау қажет:
1.
Жүргізушіге тиімді болып қабылданған
ережелерді қатысушыларға ұстануға міндетті емес.
Жүйелі дискуссияға қатысушылардың бостандығын
ескереді.
2.
Жасөспірімдердің қарым-қатынасы
барысында пайда болған мәселелерді анықтауға арналады.
3.
Өмірлік мысалдар келтіру арқылы
қатысушылардың
практикалық жаттығулар кезінде ой –пікірлерін нығайту.
4.
Қатысушылардың психологиялық идеяларын
кеңейту арқылы шынайы іс-әректтеріне әсер ету.
5.
Қатысушылардың бір-бірімен
қарым-қатынас жасауына ынталандыру. Дискуссия монолог түріне
айналса өзінің әсерлілігін жоғалтады, ал дәріс
ақпарат берудің нәтижесіз көрінісі.
6.
Қатысушыларға өз ойларын, идеяларын
дискуссия барысында пайда болған сұрақтарды түсіне білу
қажет. Қоршаған ортадан бөлек өз-өзін
тыңдай білу қажет.
7.
Қатысушының ойларын өзіңіз
ықыласпен тыңдай біліңіз.
8.
Өз идеяларына дәлел таба алған
жағдайда қолдай біліңіз.
9.
Қатысушылардың айтқан ойлары
тындаушыларды ойландыруға әкеледі.
10.
Сұрақтардың нақты жауабын табуға
талап етпеуі.
11.
Өз ойларын дәлелдеу барысында
қатысушыларды басқарудан аулақ болу.
12.
Дискуссияны психотерапиялық сеансқа, жеке
проблеманы шешуге арнауға болмайды.
Әдебиеттер тізімі
1. Анн Л.Ф Психологические тренинги с подростками. - СПб, 1998.
2. Баркли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга. -
СПб,.2002.
3. Березников А:А Яничева Т.Г. Тренинг расширения
ролевого репертуара подростка// 18 программ тренингов: руководство для
профессионалов. -СПб,.2007
4. Вачков И.В Основы технологии группового тренинга.
Психотехники: Учебные пособие. - М.,2000.
5. Грецов А.Г Тренинг общения для подростков. - СПб,.2005