Имамбекова
Г.С. п.ғ.к., доцент, Бисмакова А. магистрант
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ,
Тараз қ., Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ОҚУ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі таңдағы білім берудің
барлық сатыларындағы түбірлі өзгерістер оқыту
процесіндегі жаңаша көзқарасты, білім берудің
жаңа тиімді технологиясының, белсенді оқыту
әдістерінің кеңінен енуін туындатып отыр. Еліміздің
болашағы өскелең ұрпақтың рухани
байлығы мол, білімді, кәсіби біліктілігі
жаңалыққа сай жоғары дәрежеде болуын қажет
етіп отырғаны белгілі.
Оқушының іс-әрекетін парасатты,
педагогикалық-психологиялық дәл және дұрыс
ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта
дамуының бастауы болып табылады. Әрбір баланы белсенді
қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін
белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке
тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке
тұлғаның потенциалды мұмкіндіктерінің ашылуына
барынша көмектесуте мүмкіндік туғызатын
қызмет-әрекетті ұйымдастырудың адіс-тәсілдерімен
қаруландыру - баланың дамуының нәтижелілігін
қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы.
Д.Б. Эльконин [1] бойынша, «оқыту іс-әрекеті - бұл
өз мазмұны жағынан ғылыми түсініктер
саласындағы әрекеттің жалпыланған тәсілдерін
игеру болатын іс-әрекет,
мұндай іс-әрекет сәйкес түрткілермен қозғалуы
керек.
Оқу іс-әрекеті баланың іс-әрекетінің
ерекше түрі ретінде қарастырыла алады. Ол іс-әрекеттің
субъектісі ретінде үйренушінің өзіне бағытталады -
оның әлеуметтік-мәдени тәжірибені
қоғамдық пайдалы, танымдық, теориялық және
практикалық іс-әрекеттің әр түрлері мен
формаларында саналы, мақсатты игеруі арқасында тұлға
ретінде қалыптасуы, дамуы және шыңдалуы. Оқу
іс-әрекетінің пәндік мазмұнын талдау, кез-келген
басқа іс-әрекет сияқты, оның пәнін
анықтаудан, яғни, іс-әрекеттің неге
бағытталғанын анықтаудан басталады: бұл жерде -
білімдерді игеруге, әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін
игеруге, әрекет тәсілдері мен амалдарын, оның
бағдармаларын, алгоритмдерін өңдеуге бағытталған,
осы процесс барысында үйренушілердің өзі де дамиды.
Сонымен
бірге, оқу іс-әрекеті субъектінің өзінің
өзгеруіне бағытталғандықтан, (ол оқу
іс-әрекеті жетекші болып табылатын бастауыш мектеп жасында елеулі
мөлшерде, тіпті іс жүзінде кез-келген жаста көрінеді) игеру
субъектілік өзгерісті интеллектуалдық, тұлғалық
тұрғыда жанамаланады, бұл да оқу
іс-әрекетінің пәніне жатады. Оқу
іс-әрекетінің құрал мен тәсілдері
В.П. Беспалько [2] меңгерудің келесі 4
деңгейін бөліп көрсетеді:
1) тану, қайта тану, ажырату деңгейі -
"білім-танысу";
2) меңгерілу обьектісі туралы ес және
түсіну деңгейінде мәліметтерді қайта
жаңғырту - "білім-көшірме";
3) іс-жүзінде білімді таныс обьекті,
жағдайларда қолдану - "білім-шеберлік";
4) тәжірибеде алған білімді меңгерілген
жағдайлар обьектілерге сияқты
таныс емес жағдай, обьектілерге қатысты тасымалдау-"білім-тасымал".
Жоғарыдағы авторлар арқылы бөліп көрсетілген
деңгейлер пән мазмұнын игерудегі алға
жылжушылықтың тәжірибесі мен шамасын меңгерудің
кезектестігі ретінде сипатталады.
В.В. Вагиннің пікірінше, педагог әрекеті тек
қана оқу процесінің барлық кезеңдерінде оку
материалын меңгеру деңгейі тексеріліп отырса ғана жемісті
болады деп, білімді бағалауды білімнің меңгеріуімен
тығыз байланыстырады [3]. Автор бүл мәселеге 3 жақты
қарайды: біріншіден, жаңа оқу материалын түсіну және
ұғыну кезіндегі тексеру; екіншіден, өткен материалды бекіту
кезіндегі білімді тексеру; үшіншіден, өткен материал бойынша
жаттығуларды орындаудағы тексеру.
Өз кезегінде автор білімді жақсы да
терең меңгеруге көмектесетін бірнеше жаттығулар мен
әдістерді мысалға келтіреді және де нашар
үлгерімнің себебін оқытудың әдістерінен,
сабақтың мазмұны мен құрылымынан іздеу керектігін
айтады.
Қазақстандық
психолог-ғалым С.М. Жақыпов өзінің "Танымдық
іс-әрекет психологиясы" еңбегінде оқу-тәрбие
процесінің тиімді жүйесін көрсетеді. Олар мынандай
жүйеде "оқытушы", "оқушы",
"оқытудың құралдары мен әдістері,
мазмұны" болып табылады. Оқыту компоненттерінің
тақырыбы жеткілікті жағдайда қамтамасыз ететін қажетті
талаптарды орындауда оның жүйе ретінде жұмыс істеуіне
мүмкіндік береді" деп көрсеткен. Жүйелі бағалау
жайындағы психологиялық талдау қазіргі таңдағы
жаңашыл психолог-ғалым C.M. Жақыповтың зерттеуінше,
оқытушы мен оқушының танымдық
іс-әрекеттерінің бірлескен жағдайында ғана жүзеге
асады [4].
Оқу міндеті кез келген басқа
міндеттер сияқты қазіргі кезде жүйелік білім беру ретінде
қарастырылады да, онда екі компонент міндетті болып табылады;
бастапқы қалыптағы міндет пәні және міндет
пәні күйін талап ететін модель. Міндет құрамы
«берілген деректер және
іздестіру», «белгілі және белгісіз», «шарт және талап» ретінде бір
мезгілде бастапкы күй формасында және осы құрам
компонентері арасындағы қатынастардың шешілу нәтижесі
ретіндегі «қажетті болашақ моделі» формасында көрсетілген.
Міндетті осылайша түсіндіру - нәтижені болжау мен оның
үлгісін елестетуді қамтиды. Міндетте қандай да бір
құбылыс, объект, процесс жайлы мәліметтердің тек бір
бөлігі ғана анықталған, ал қалған белгісіз
ақпараттың күрделі жүйесі ретінде
қарастырылады.
Оқу міндетінің келесі ерекшелігі мынада:
қандай да бір мақсатқа жету үшін бір емес бірнеше
міндеттерді орындау қажет, ал бір міндеттің орындалуы -
оқудың түрлі мақсаттарына жетуге үлес қосуы
мүмкін.
Сонымен, бастауыш сынып кезеңінде оку әрекеті
жетекші болады. Бұл өте ерекше қиын әрекет, көп
10-11 жыл бала уақытын және үлкен күш-жігерді
қажет етеді. Оку әрекеті күрделі құрылымды
және қалыптасудың ұзақ жолынан тұрады.
Оның негіздері оқудың алғашқы жылдарынан-ақ
қаланады. Мектептегі оқыту ересектермен баланың
қатынастарының жаңа жағымен,
ереже-қағидаларды қадағалау, ғылыми түсінік
ұғымдарды қабылдауымен сипатталады.
Бұл кезеңдер баланың оку
әрекетінің өзіндік ерекшелігі секілді психикалық
функциялардың, жеке құрылымдар мен ерікті
мінез-кұлықтың дамуына ықпалын тигізеді. Бастауыш
мектеп кезеңінде негізгі психикалық функция ретінде-ойлау
процестерінің даму, қайта құрылуымен байланысты ойлау
қалыптасады. Бастауыш сынып жастың бастапқы кезеңінде
қабылдау жеткілікті ерекшеленіп дами қоймайды. Сондықтан да
бала, жазылуы ұқсас әріптер мен сандарды шатыстырады.
Дегенмен, заттар мен суреттерді мақсатқа бағыттай отырып
қарастырады, бастауыш мектеп кезеңіндегі сияқты ашық,
айқын «көзге бірден түсетін» қасиеттер-негізінен
түс, көлем, пішін ерекшеленеді.
Бастауыш сынып
оқушылары психологиясының дамуы басты жағдайда олар
үшін жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді.
Оқу ісіне араласа отырып, балалар біртіндеп оның талаптарына
бағынады, ал бұл талаптарды орындау мектеп жасына дейінгі балаларды
жоқ жаңа қасиеттердің пайда болуын жорамалдайды.
Бастауыш сынып оқушыларының жаңа қасиеттері оқу
қызметінің қалыптасу шамасына қарай туып, дамиды.
Егер балалар бәрі бірдей мұғалімді тыңдаса
және оның айтқандарын істесе ғана сыныпта жалпылама
сабақтарды ұйымдастыру
мүмкін болады. Сондықтан
әрбір оқушы осындай сабақтардың
талаптарына сәйкес өз
зейінін басқаруды үйренеді. Бала көгершіндер тынымсыз
құрқылдап жатқан терезеге қарағысы келеді, бірақ есепті
шығарудың жаңа
әдісін түсіндіруді тыңдау қажет жай ғана тыңдау емес, ертеңгі
бақылау жұмысын дұрыс орындау үшін бұләдістің
барлық егжей-тегжейін жақсы есте сақтау керек. Осындай
«қажеттігі» әрдайым ілесу, берілген үлгі негізінде өз
мінез-құлқын басқару балалардың психикалық
процестердің ерекше қасиеті ретіндегі еркіндікті дамытуға
көмектеседі. Ол іс-әрекет мақсатын саналы түрде
қойып, оларға жетудің
қиындықтары мен бөгеттерін жеңудің
құралдарын алдын ала ойластыра іздеп таба білуден көрінеді.
Оқу іс-әрекетінің
маңызды талаптарының бірі – балалар өздерінің
айтқандары мен іс-әрекеттерінің әділдігін кең
көлемде негіздеуде. Мұндай негіздеудің көптеген тәсілдерін
мұғалім көрсетіп береді. Пайымдау үлгілерін ажырата
білу қажеттігі мен ол үлгілерді жасауға өздігінен
іс-әрекет жасау бастауыш сынып оқушыларының
өзінің ойы мен іс-әрекетін бейне бір сырттан қарап,
бағалау іскерлігін қалыптастыруды көздейді. Бұл
іскерлік рефлекция негізінде маңызды қасиет ретінде жатады, ол
өз пайымдаулары мен қылықтарын олардың түпкі
ойлауы және іс-әрекет шартарына сәйкес келуі
тұрғысынан ақылды да әділетті талдауға
мүмкіндік береді.
Бірінші сыныптағы
бастапқы кезең баланың мектепке бейімделуі үшін
қолайлы жағдай жасауы тиіс.
Бейімделу кезеңінің міндеттері барлық білім беру
жүйелері үшін бірдей. Жеке тұлғаның
дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл
процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды
қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің
пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Мектепке психологиялық
бейімделуде баланың жеке басының қасиеттері ерекше
орынға ие. Бұл
қасиеттер балаға сынып ұжымына ену, ондағы өз орнын табуға, жалпы ортақ іс-әрекетке
қосылуға көмектеседі. Мектепке бейімделуге дайындауда
ойынды, өнімді іс-әрекет
түрлерін ұйымдастыру үлкен орын алады.
Мектепке
психологиялық бейімделуде ерекше орынды балалардың кейбір арнаулы
білім мен дағдыларды меңгеруі,
яғни сауат ашу, есеп, арифметикалық есептерді шеше алуы
алады. Мектеп бағдарламасын меңгеруге психологиялық
бейімделуде маңызды шешуші рөлді білім мен дағдылар
ғана алмайды, баланың
танымдық қызығуы мен танымдық іс-әрекетінің
деңгейі алады. Танымдық қызығушылық
бірте-бірте, ұзақ
уақыт бойына қалыптасады және мектепке келгенде бірден пайда
болмайды. Мектепке келген бала заттар мен құбылыстарды жүйелі
түрде зерттей алуы тиіс. Ол
үшін оның қабылдауы
толық, нақты болғаны
жөн. Баланың кеңістік
пен уақытқа жақсы бағдарлануы маңызды.
Баланың ойлауына үлкен мән беріледі. Бала қоршаған
шындықтағы мәндіні бөле алуы міндетті, салыстыра білгені жөн, ұқсастық пен ерекшені таба алуы қажет, себеп пен салдарды тауып, қорытынды жасай алғаны өте
маңызды.
Мектепке психологиялық
бейімделуде баланың жеке басының қасиеттері ерекше
орынға ие. Бұл
қасиеттер балаға сынып ұжымына ену, ондағы өз орнын табуға, жалпы ортақ іс-әрекетке
қосылуға көмектеседі. Мектепке бейімделуге дайындауда
ойынды, өнімді іс-әрекет
түрлерін ұйымдастыру үлкен орын алады. Нақ осы іс-әрекет түрлері
барысында алғаш рет мінез-құлықтық
қоғамдық мотивтері пайда болады, мотивтер иерархиясы қалыптасады, ойлау мен қабылдаудың әрекеттері
қалыптасады әрі жетіледі, өзара
қарым-қатынастардың әлеуметтік дағдылары
дамиды. Әрине, бұл өзінен-өзі емес, үнемі ересектер тарапынан
басшылық ету арқылы жүзеге асады.
Бастауыш
мектеп жасы кезеңі – мектеп өмірінің бастауы оған ене
отырып, бала ішкі мектеп оқушысы
позициясына ие болады. Оқу
іс-әрекеті ол үшін жетекші іс-әрекет болады. Осы бастауыш мектеп кезеңі барысында
оның теориялық ойлауы дамиды. Мектеп үлгерімі баланы жеке
адам ретінде ересектер,
құрбылар тарапынан бағалаудағы маңызды
критерий болады. Оқу үздігі немесе үлгермеуші оқушы
статусы баланың өзіне берген бағасында, өзін-өзі сыйлауда, өзін қабылдауда көрініс
береді. Осы жас кезеңіндегі жаңа бір психологиялық құрылым
балалардың өз мінез-құлықтарын ерікті түрде
басқара алуы, бұл
басқара алу бала жеке басының маңызды сапалық
қасиеті болады. Мектепке жаңа келуімен орай, олардың әлеуметтік байланыс
шеңбері кеңиді, ол өз
кезегінде “мен-тұжырымдамасына”
елеулі әсер етеді.
Бүгінгі мектептің негізгі міндеті баланың жеке басының
қалыптасуын, оның қабілетінің ашылуын, оқуға деген қызығушылықтарын қамтуы болып табылады. Бұның барлығы
ойлаудың дамуынсыз мүмкін
емес. Оқыту мотивациясының сипаты мен
жеке тұлғаның ерекшеліктері білім беру сапасының
көрсеткіштері болып табылады. Мотив әрекет мақсатымен
сәйкес болса, ішкі болады яғни оқыту әрекеті жағдайында
оқу пәннінің мазмұнын игеру бір уақытта мотив те,
мақсат та болады. Мотив әрекет мақсатымен сәйкес болса,
ішкі болады, яғни оқыту әрекеті жағдайында оқу
пәнінің мазмұнын игеру бір уақытта мотив те, әрі
мақсат та болады.
Ішкі мотивтер субъектінің танымдық
қажеттіліктерімен, таным процесінен алынатын қанағаттанумен
байланысты. Оқушы таным процесіне тікелей қосылады әрі
бүл оған эмоционалды қанағаттану сезімін
туғызады.
Ішкі мотивацияның үстемдік етуі оқу
әрекетінде оқушының жеке белсенділік танытуымен сипатталады.
Оқу әрекетінің сыртқы мотив өзге мақсаттар
болады. Ол: мақтау, шәкіртақы, жақсы баға т.б
Сыртқы мотивацияда білім оқыту мақсаты
болмайды, таным процесінен алыс болады
оқып-меңгерілетін
пәндер оқушы үшін іштей қабылданбайды,
оқу пәндерінің мазмұны жеке құндылық
болмайды.
Мұғалім, педагог өз
әрекетінің тиімділігін арттыруды мақсат ете отырып,
әрине оқытудың мотвациясына мән береді және
мотивацияның жоғары деңгейде әрі белсенді болуына
ұмтылады. Сол кездегі оқушылардың бойындағы мотивация
деңгейлерін анықтауға мүмкіндік беретін
әдістемелік құралдардың маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Эльконин Д.Б., Драгунова Т.В. Возрастные и индивидуальные особенности
младших школьников. - М, 1970.
2.
Вагин В.В. Усвоение
знаний и развитие младших школьников, - М, 1999.
3.
Беспалько В.П. Программированное обучение: Дидактические основы, -М, 1980.
4.
Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности, - Алматы.: КазГУ,
1992.