Абдрахманова А.Т.,  Серікбаева Ә.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ШИЕЛЕНІСТЕРДІҢ ТУЫНДАУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Бүгінгі таңдағы қарқынды да ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамту үстінде болып отыр. Сол себепті қалыптасып жатқан құрылымды мүлдем жаңартып, зерттеу және сегменттеу-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай зерттеу және сегменттеуін нарықты қатынастарға көшіру міндеті тұр.

Қоғамдағы ғылыми-техникалық және экономикалық прогресс индивидтің өмір сүру жағдайына өз әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Осы орайда, отбасылық өмір салтына нарықтық қатынастар да өзінің ықпалын тигізіп отырғаны белгілі. Себебі, отбасылық қарым-қатынастағы дағдарыстар мен тұлғааралық шиеленістер осы экономикалық жағдайлардан туындап отырғанын біз өмір барысында куә болып жүрміз. Сондықтан, жастарды отбасылық өмірге деген көзқарастарының қалыптасуында нарықтық экономиканың әсері басым болуы көрініс беріп жүр. Біз зерттеу жұмысымыздың эксперименттік бөлімінде отбасылық құндылықтарды анықтауды жоспарлап отырмыз. Отбасылық құндылықтарды этностық тұрғыда негіздеу арқылы жастардың болашағын құрудағы басты түйіткілді мәселелерді шешу жолдарын іздестіруді міндет етіп қойып отырмыз [1].

«Бейімділік» терминін кең мағынада қоршаған ортадағы  жағдайларға қабілеттенуі ретінде түсіндіріп жүрген зерттеулер көптің қасы. Бұл жерде әлеуметтік бейімділіктің мынадай нақты биоәлеуметтік функцияларын көрсетуге болады: қоршаған шындықты және өз ағзасын адекватты қабылдау; бос уақытын және демалысын ұйымдастыруға, оқуға, еңбекке қабілеттілік, отбасы және ұжымда өзіне қызмет етуге және өзара қызмет етуге қабілеттілік; басқалардың рөлдік күтулерімен сәйкестікте тәртіптің өзгермелілігі (бейімділік) орындау мүмкіндігін көрсететін жағдайының интегративті көрсеткіші. Осыған орай іс-жүзінде, жоғарыда айтылғандардың барлығын неке-отбасылық өмір бейімділігіне жатқызуға болады [2].

Тұлғаның психологиялық бейімделуі социумның құндылықтарын және мөлшерлерді меңгеру жолымен жүзеге асырылып отырады. Оның негізгі көріністерінің бірі өзара әрекет болып табылады. Оның ішінде тұлғаның қоршаған адамдармен қатынасы және белсенділігі жатады. Жоғарыда айтылған компоненттер отбасына бейімделуі қатарына жатады. Тұлғаның отбасы өмірімен танысуы оған біртіндеп үйренісу процесінен бастау алады. Дәл осы кезең басқаларына қарағанда ерекше қиындыққа толы болып саналады. Өйткені, оған қарым-қатынас пен іс-әрекеттің қайта құрылуы ғана емес, жас ерлі-зайыптылардың жеке бас ерекшеліктері мен өзгерістері, қажеттілік-мотивациялық аймағының қайта құрылуы, сана-сезімнің жаңа деңгейінің қалыптасуы және әлеуметтік ортамен жаңа байланыстары енгізіледі.

Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, отбасындағы ұрыс көбінесе олардың мүшелерінің біріне бірі қанағаттанбауы жағдайында туындайды. Бұл жағдайдың алдын алу үшін ең алдымен өзінің қанағаттанбаушылығын басқаруы кажеттігі алға шығады. Бұл үшін бірқатар жағдайларды назарда ұстаған жөн. Отбасылық психотерапиямен айналысушылардың пікірінше ең бастысы тітіркену фактісіне тыныш және байыппен қарау керек. Әрине, бұл жағдайда ұрыстан қашқақтау үшін отбасының әрбір мүшесі тітіркенудің әрбір тетігін өз тұлғасындағы қорқыныш сипатында қарамауы тиіс. Егер отбасында ренжу сезімі туындаған жерде тітіркену мәжбүр сипатта болады. Психологиялық заңдылықтарға сүйенсек, жақындарды тітіркендіру  өзімізге шағымдану болып табылады [3].

Жастардың мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімдер тұрақтылығының жіті есепке алынуы болашақта ойдағыдай отбасын құрудың ең басты шарты болып белгіленіп келеді. Жастардың өзінің бойындағы мінезін білуі, болашақтағы жарының мінезінің ерекшеліктерін түсінуі, отбасылық қиындықтарға төзімділік пен ұстамдылық танытуы көп жағдайда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік туғызып отыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда отбасылық қарым-қатынаста ерлі-зайыптылардың бір-бірінің іс-әрекеттеріне баға беруде оң көзқарас танытып, оның үстіне төзімділік пен әділдік танытуы аса маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Отбасындағы өмірде бір-бірінің жан-дүниесін түсіне білу, кемшіліктеріне кешіріммен қарау қасиеттері де маңызды сипатқа ие болып отыр. Қазақ халқының қанына сіңген ізеттік пен имандылық қасиеттері отбасылық қарым-қатынасты үйлесімділікке алып келіп, оның беріктігінің діңгегі болады.

Жастар отбасындағы қиындықтарға төтеп беруде жігерсіздік танытып, жауапкершілікті аз сезіне отырып, қоғамның бір бөлшегі ретіндегі отбасылық өмірге ат үсті қарап, әртүрлі тағдыр тәлкегіне қалып отырғаны жанға батады. Қазақ халқы еш уақытта жесірі мен жетімін жылатпаған. Қанымызға сіңген балажандылық, қонақжайлылық пен толеранттылық қасиетіміз сұйылып келе жатқан сыңайлы. Сондықтан нарық жағдайының заманында жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар негізінде дайындау өзінің өзектілігін туындатады [4].

Бүгінгі күні отбасылық өмірдегі болып жатқан келеңсіз әрекеттер қоғамның басты мәселелерінің бірі болып отыр. Студенттердің отбасылық өмірдегі қиындықтарға төтеп бере алмауының салдарынан бір-бірінің өміріне жауапсыздық танытып отырғаны белгілі. Отбасылық құндылықтар материалдық сипат алуына орай, жылылық, махаббат пен ізгілік, имандылық сияқты қасиеттер адами рухани азық екінші кезекте қалып отырған жайы бар. Сондықтан дер кезінде жастардың болашағын дұрыс құруға бағыттау мемлекеттік маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Себебі, отбасы шағын мемлекет. Осы шағын мемлекеттің мүшелерінен қоғам құрылады.

Отбасылық қарым-қатынаста шиеленістердің туындауы оның беріктігін әлісіретеді. Себебі, отбасы мүшелерінің функциялық және рөлдік позициясында құрылымданған қиындықтардың бой көтеруі болашақ ұрпақ тәрбиесіне өзінің кері ықпалын тигізетін сөзсіз. Отбасылық тәрбиеде қазақ халқы кез–келгенді кісі деп атамай, имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар–ожданы, кісілік, кескін–келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Яғни, жаманы мен жақсысы, көргендісі мен көргенсізі, өнегелісі мен өнегесізі және т.б. Отбасылық өмірде ар–ұяты бар кісі ғана ақжарқын, иманжүзді, ақылды келеді. Мұндай адамдар отбасының беріктігін білегімен жасап, өз ұрпағының өміріне жауаптылығын сезінеді [5]. Сырттан келген қанымызға тән емес әрекеттердің бой алуына жол бермейді. Этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге дайындауда мінез–құлықтың әр түрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегене топтасады. Мұның басты белгілері: ар–ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, қарапайымдылық, адамдақ пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік болып табылады. Осындай белгілер жастардың бойында отбасылық жауапкершілік сезіміні жоғарылата отырып, оған деген жағымды қатынасты туындатары сөзсіз.

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

 

1.                     Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.-Алматы: Өнер, 1996.- Б. 272.

2.                     Харчев А.Г.Брак и семья в СССР.- М., 1979.-С.132.

3.                     Антонов А.Н. Микросоциология семьи. - М., 1998.-С.103.

4.                     Файнбург З.И. Семейная психология. М. Наука, 2000-264 с.

5.                     Горбаренко Е. Семейная психология, 2002.№ 2.-С.7-13.

6.                     ҚР «Неке және отбасы туралы заңы», 1998. 17 желтоқсан.