Абдыбаева Г.М.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Есмурзаева Г.А
М.Мақатаев
№14 орта мектебі, Қазақстан
ЖАҒЫМДЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІҢ АЛАТЫН
ОРНЫ
Интерактивті әдістерді ұлттық психологияны
және мәдени құндылықтарды ескере қолдану
арқылы жағымды мінез-құлық дағдыларын, мәдениетін
дамыту бағытында үлкен үлес қосатын оқыту
әдістерінің ең тиімдісі деп ұйғарамыз.
Интерактивті әдістерді пайдалануда оның
мазмұнын, құрылым компоненттерін, принциптері мен шарттарын
нақтылауда; топтың социодинамикасын талдауда
қарым-қатынас саласына өзгеше сипат беретін
ұлттық ерекшеліктерді аңғарып отыру қажет.
Интерактивті оқытудың артықшылығы
бірқатар зерттеулерде көрсетіледі. Атап айтсақ:
О.А.Абдуллина, Е.В.Бондаревская, Н.В.Бочкина, В.А.Понамаренко, А.П.Сейтешов,
В.В.Сериков, В.А.Сластение, Е.Н.Шиянов, П.И.Пидкасистый, Ж.С.Хайдаров,
Г.В.Лаврентьев, Маджуга А.Г., А.О.Шонанбаева, З.Б.Кабылбекова,
Х.Г.Шерназданова, Е.И.Исаева және т.б.
Интерактивті әдістер жеке
тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік
компоненттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар
жүйесі.
Біздің елімізде өскелең ұрпақтың бойында рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі
мен білімділігін дамыту - өзектілігін жоймайтын, келелі мәселелердің бірі. Оған жастардың сана-сезіміне
рух беріп, жеке тұлғалық қасиеттерді үйлесімділікпен орнықтырған жағдайда, өзін және өзгелерді тануға, түсінуге және бағалауға мүмкіндік алу арқылы қол жеткізуге болады.
Қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, саяси - экономикалық сауатты, яғни рухани -адамгершілік,
интеллектуалдық деңгейі жоғары, өзіндік қадамы нық болса, тәуелсіз мемлекетіміздің мықты тірегі болатынына сенім мол.
Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының бірінші ханымы «Бөбек» балалар қорының президенті Сара Алпысқызының, оқу процесіне енгізген «өзін-өзі тану» курсы
оқушылардың өз-өзіне және өзгелерге үңіле білуге, жеке тұлғалық ерекшеліктері көрінетін ішкі және сыртқы қағидасын
белсендіруге, рухани дүниесі бай, өз Отанына шексіз берілген адамды тәрбиелеуге және кәсіптік бағыт-бағдарға тез бейімделуге
үлкен үлес қосып отыр. /12.35/
Мұнда
өзін-өзі тану
бағдарламасының міндеті – тұлғаға
өзін-өзі тануға өзін және әлеуметтік
ортасын түсінуге және өмірдегі өзгеріп жатқан
жағдайларға бейімделуге көмектеседі.
Біздің
басты мақсатымыз, өмірді үйлесімді етіп жасау
болғандықтан білім алу мен көпшілікпен араласу барысында өзімізде және өзгелерде қандай
өзгерістер болып жатқанын түсіне білудің маңызы
зор.
Өзімізбен,
жан-жағымыздағылармен, бүкіл әлеммен қалай
үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыруға болады?
Егер біз өмірлік маңызды тақырыптарды талқылайтын
болсақ, бір-бірімізден эмоцияны игеруді үйренсек,
бір-біріміздің ең жақсы қырларымызды ашсақ, онда
біз ешқандай кедергісіз өмірімізді өзгерте аламыз және
басқаларға көмек бере аламыз.
Атап айтсақ,
оқушылармен ұйымдастырылып жүрген «өзін-өзі тану» пәні тек қызықты өтуімен ғана емес, әрі пайдалы өтуі арқылы да
ерекшеленіп отыр. Оқушылар өздерін еркін сезіне отырып, әсіресе, шығармашылық ізденіске толы әдіс-тәсілдермен жұмыстануды ұнатады. Мұнда интерактивті әдістердің алатын орны
ерекше. Мұндай талқылаулар білім құндылығы туралы түсінікті тереңдетіп, дамытады. Балаларды олар өздерінің
мінез-құлқында қандай болмасын бір адамгершілік шепті
алып, қиындықты жеңгенде ғана тәртіптілік
көрсеткені үшін мадақтау керек. Кей кезде бір
қарағанда баланың мінез-құлқын
сынауға, оны кінәлауға тура келетін жағдайда
мадақтау да орынды.
Психологиялық тұрғыдан алып
қарасақ, жеткіншек – не бала емес, не ересек емес,
дәрежесінің өзі өтпелі. Олар өздерін ересек
сезінсе, әке-шешелері керісінше оларды әлі бала көріп, жете
көңіл бөлмейді. Оларға ата- аналары мен
мұғалімдердің сөзінен, қарым-қатынасынан
гөрі құрбы-құрдастарының сөзі
өтімдірек, қарым- қатынасы қажет болып тұрады
және де егер біреуге ғашық болса, ерекше толқу
күйін бастан кешіреді, яғни ғашықтық эпидемиясы
басталады. Осы кезде ұл-қыздар бір-бірінен бөлектене
бастайды. Осы өтпелі кезеңде кейбіреулердің мінезі
тұйықталып, өзгелермен қарым-қатынасы
қиындап кетеді.
Жеткіншектің өзіндік санасында мұның барлығы
қалай ойнайтынына тоқталып көрелік: Мұндағы орта
психологиялық процесс − бұл жеке
ұқсастықтың қалыптасуы, өзіндік жекелігін
және бірлігін сезіну. Эриксон бойынша жасөспірімдік кезең әлеуметтік
және жекелік − тұлғалық таңдаулар,
өзін бағалау серияларынан тұратын ұқсастық
дағдарысының айналасында құрылады. Егер жеткіншек
бұл мәселелерді шеше алмаса, онда бұрынғыдай емес
ұқсастық пайда болады, оның дамуы 4 негізгі жолмен
жүруі мүмкін:
1. психологиялық жақындықтан қашу, жақын
тұлға аралық қатынастарға түспеу;
2. уақыт сезімін
жою,өмірлік жоспарларды құруда бейімсіздік, ересек болудан
және өзгерістерден қорқу;
3. өнімді шығармашылық қабілаттерін жасыру,
өзінің ішкі ресурстарын қолдана білмеу және
қандай да бір басты іс-әрекетке тұрақтай алмау;
4. «жағымсыз ұқсастық» қалыптасуы,
өз-өзін бағалай білуден бас тарту және еліктеуде жағымсыз үлгілерді таңдау.
Канада психологы Джеймс 1966 жылы ұқасатықтың 3
кезеңін бөліп қарастырды:
1. «Анықталмаған ұқсастық». Ол
индивидтің нақты пайымдаулар жасап шығармауымен,
мамандықты таңдауымен және ұқсастық
дағдарысымен кездеспегендігімен сипатталады.
2. «Алдын-ала идентификация», егер индивид сәйкес қатынастар
жүйесіне қосылып, бірақ өз бетінше емес, басқалардың
пікірі негізінде, басқалардың беделі мен мысалына қарай
отырып орындаса ғана орын алады.
3. «Мораторий» кезеңі үшін, дамудың көптеген
нұсқаларынан бір ғана өзінікі санай алатынын
таңдай отырып, индивидтің өзін-өзі
бағалаудың нормативті дағдарысы процесінде болуы тән.
Қол жеткен кезеңде «дамыған
ұқсастыққа» дағдарыс аяқталады, индивид
өзін іздеуден тәжірибеден
өз-өзін көрсете білуге ауысады.
Ұқсастық статустары − бұл
тұлғаның даму кезеңдері, сонымен
қатар-психологиялық ұғымдар.Анықталмаған
ұқсастығы бар жасөспірім мораторий кезеңіне
көне алады және содан соң дамыған
ұқсастыққа қол жеткізе алады. Бірақ та
оның анықталмаған ұқсастық деңгейінде
қалуы мүмкін немесе белсенді таңдаудан бас тартып, алдын-ала
ұқсастық жолымен бағытталуы мүмкін.
«Мораторий» әдетте
қобалжудың жоғары, ал «алдын-ала» төмен деңгейін
болжайды.Анықталмаған ұқсастық және
«алдын-ала» идентификациятөменгі инте,лектуалды өзіндікпен
байланысты, әсіресе стрессті жағдайда күрделі тапсырмаларды
орындау барысында бірінші типтегі бозбалалар мұнадай жағдайда
өздерін ыңғайсыз сезінеді, ал екіншісін дегілер ойынан
шығып кетуге ынталанады.
Баланың жасөспірімдік кезеңге аяқ басуы оның
өзіндік санасының дамуыиен айрықша мәнді. Жеткіншектерде
ересек адамның позициясы қалыптаса бастайды оған ересектік
сезімнің дамуы және жасөспірімнің ересектігін
басқа адамдардың тануы негіз болады. Бұл позиция
жасөспірімнің өмірдегі обьективтік жағдайына әлі
сай келмесе де, оның пайда болуы жасөспірімнің өз
айналасындағы ересектер дүниесімен, олардың игіліктері
дүниесімен жаңа қатынастарға субьективті
тұрғыда аяқ басқанын білдіреді. Жеткіншек бұл
игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің
жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық
пен іс-әрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне
және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі
бағалаудың критерийі болады. Мазмұны жөнінен
өзіндік сана ішкі дүниеге көшірілген әледметтік сана (
Л.С. Выготскийдің анықтамасы бойынша ) болады.
Жеткіншектің өзі туралы ойлана бастауының ең
маңызды стимулы- оның құрдастарының арасында сыйлы болғысы келуі
және өзіне жақын
жолдастар, дос табуға ұмтылуы. Жолдастарының ішінен біреуімен
өзара қарым-қатынасы, ұнаған
құрдасының ерекшеліктері туралы ойлағанда ол
көбіне өзі туралы ойлай бастайды. Сыйлы және беделді
құрдастарының қасиеттері,
сондай-ақ жолдастарының ескертпелерімен өкпелері
көбінесе жасөспірімді өзі туралы байыптап ойлауға,
өзінің кемшіліктерін, өзінде жолдастары бағалайтын
қасиеттердің жоқтығын көріп,
ұғынуға әсер етеді.Ол осындай қасиеттері бар
біреулерге теңесе бастайды, құрдастарына
теңесудің мәнді әрі көп тараған себептері
жасөспірімнің балалармен дос болып, оларға
ұнағысы, құрдастары мен жолдастарынан жаман болмай,
олармен тең болғысы келуі болады.
Жеткіншектерді өздері теңессем деген адамдардағы өзін
тартатын көптеген қасиеттер мен ерекшеліктердің арасында
қасиеттердің екі тобы басым болады. Бұлар - адамгершілік
қасиеттер мен ерлік қасиеттері; алғашқыларының
арасында жолдастық қасиеттер көп орын алса,
екіншілерінің арасында ерлік қасиеттері (бұлар қыз
балаларға ұнайды) үлкен орын алады.Үлгі
тұтқан үлкендер де, балаларда да бұл
қасиеттердің саралану
жиілігі бірдей, олар кіші жастағы және есейген жеткіншектерге де
ұнайды.
Егер ішкі жағдайлар
ұйымдасқан тәрбие процесі жағдайларында дер кезінде
қалыптаспаса, онда олар кездейсоқ - факторлардың
ықпалымен стихиялы түрде дамиды және ұнамсыз
сипатқа ие болуы мүмкін. Сол шақта мектеп пен жанұя
сыртқы жағдайлар әрекет жасауға жарамсыз болған
қиын жағдайлармен тоғысады, өйткені жеке адамның
қарама-қарсы бағыттылығымен
қақтығысады, ал біздің адамгершілік шамаларға
жауап беретін ішкі жағдайлар әлі дамымаған.
"Қиын" балалардың пайда бодуының негізгі
себептерінің бірі» міне - осында жатыр.
Интерактивті әдістер - қарым-қатынас пен біріккен әрекетті танудың жолдары мен тәсілдеріне меңзейді, белсенді
диалог негізінде құрылады. Қатысушылар бірігіп жұмыс жасауға үйренеді; өз ойларын ортаға салып, пікірталасқа түседі; өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерді
анықтап, өзін-өзі бақылай, бағалай білуге машықтанады.
Тағы бір рольдік ойын элементтерінің бірін
мысалға алайық, яғни, «Пікірлесе
білу-баға жетпес байлық». Бұл ойынның негізгі мақсаты
– үйлесімді қарым-қатынастың жанжалдан
артықшылығын негіздеу, дау-жанжалды шешудің жолдарын
үйрету.
Біз
бір-бірімізді немен қуантып, немен қолдау көрсете аламыз?
Қолдау
мен сенім - өмірдің қиындықтарынан өтудің
бірден-бір тиімді құралы.
Біз
бір-бірімізге теріс қылықтарды, реніш пен өкпені,
өзімшілдікті жеңе білуге және шыдамдылыққа,
қиындықтарға қайыспай қарсы тұра білуге шын
көңілімізбен тілек тілейік.
Өмірде
тек қана жақсылықтар емес, қиын жағдайлар да
болып тұрады. Адамдардың бір-бірімен түсінісе алмауы,
қайшылықтардың өршіп кетуі, мүдделердің
тоқайласпауы, пікір алшақтығы, әділетсіз
іс-әрекеттер жанжал тудырады.
Қақтығыс
адамдарды ызаландырып, жат қылықтар: қатыгез,
зорлық-зомбылық, тағы да басқадай
адамшылыққа жатпайтын іс-әрекетке ұрындырады, теріс
мінез қалыптастырады.
Жанжал-жамандықтың
белгісі, оны дер кезінде, енді басталып келе жатқан сәтінде басып
тастап, болдырмауға тырысу керек.
Жағымды қарым-қатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы үлкен роль атқарады.
Интерактивті оқытуды ұйымдастыруда, біздің байқағанымыз, жағымды қарым-қатынас орната білетін оқушылардың психикалық денсаулығы, мінездерінің
біртұтастығы, салмақтылығы көзге түсердей. Осы тұста негізгі
міндеттердің бірі - қарым-қатынасты реттеп отыру, қатынас мәдениетіне баулу.
Рольдік ойындардың тағы бір түрі – ол
«төзімділік». Бұл ойынның
мақсаты - өмірдің қарама-қайшы қырларына –күнгейі
мен көлеңкесіне сипаттама беру, тәуелділіктің,
қауіпті әуестенушіліктің зардаптарын және адам
өміріне тигізетін зиянды әсерлерін сараптау, студенттерді өз
бойында күшті ерік-жігер тәрбиелеуге ұмтылыс
қалыптастыру.
Кез-келген
адамның бір нәрсеге қызығушылығы болады.
Өмірдің әр т үрлі кезеңінде адам өзгелерге,
құбылыстар мен жағдайларға немесе заттарға
белгілі бір дәрежеде тәуелді.
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1.
Андреева Г.М. Уровень
социальной стабильности и особенности социализации в старшем школьном вазрасте
// Вестник МГУ. Серия 14. психология. 1997 №4 С.31.
2.
Андреева Г.М. Социальная
психология. – Москва: Аспект-пресс, 1997
3.
Андреенкова Н.В.
Проблемы социализации личности // Социальные исследования. Вып.З. М. 1970
4.
Битянова М.Р.
Организация психологической работы в школе. – Москва: Генезис, 2000