Минасипова
А.Р., Жанабилов Д.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ
ЖЕТІЛУІНДЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Біз
болашақта Қазақстанды өркениетті байыған
елдердің қатарына қосамыз деп талап қылып отырған
халықпыз. Сондықтан солардың бойындағы бар қасиет
бізде де болуы керек. ХХІ ғасыр білімді халықтың ғасыры
болады.
Өзін
жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен адам
өзін тани білуі тиіс. Өзін - өзі тани білуі өзіндік
сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз –
бұл ең алдымен тұлғаның өзінің рухани
және дене күшін, әрекеттері мен ой – сезімдерін тануы. Ол
тұлғаның өзінің қоғам мүшесі
екендігін, айнала қоршаған орта мен басқа адамдармен
қарым – қатынасын тануың.
Бүгінгі
таңдағы басты мақсатымыз, білімді, мәдениетті,
шығармашыл, белсенді және адамзаттық
құндылықтар толысқан тұлға
қалыптастыру болып табылады.
Қоғамда
қазіргі жастар өміріндегі терең өзгерістер мен саналы
жеке тұлғаны қалыптастыруда ең алдымен назарды ел басы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында: «...Жаңа
құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен,
болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас
ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық
сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз.
Адамдардың ой – санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің
қолынан келмейді. Бірақ мемлекет өзгерістер процесін
объективті тенденцияларды түсіндіру маңызды ақпаратты
халыққа жеткізу жолымен де, ең бастысы, өзіндік
молшылыққа бағытталған әлеуметтік – экономикалық
саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті»,- делінген [1].
Қазіргі
таңда біздің қоғамда өзіндік таным
мәселесін жан – жақты қарастыру өте маңызды.
Өйткені, қоғамның дамуы әрбір
мүшесінің қосқан жеткілікті үлестеріне тікелей
байланысты. Әрбір қоғам мүшесі – Адам басқа
адамдардан өзінің жеке ерекшелігін, даралығын сезініп
көре білуі оның тұлға ретінде дұрыс
қалыптасуының негізі.
Психологияда жеке
тұлғаны зерттегенде әлеуметтік бағдар мәселесі
маңызды орын алады.Жеке тұлғаны зерттеуде әлеуметтік
психологияның неізгі бағдары: жеке тұлғаның
топпен қарым – қатынасында, немесе жеке адамды топ мүшесі
ретінде қарастыру. Әлеуметтік психологтар адамдардың
көбісі бірін – бірі қалай бағалайды, бір- біріне қалай
әсер етеді, әлеуметтік жағдайлардың ықпалы
көптеген адамдарды адамгершіліктік немесе қатыгездік көрсетуге
қалай итермелейді, қалайша адамдар келісімпаз немесе тәуелсіз
болады деген сұрақтарға жауап іздестіреді.
Егер де
әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны талдаудың
түйіні – оның топпен әсерлесуі болса, онда ең алдымен
қоғамның жеке тұлғаға әсері
қандай топтар арқылы іске асырылатынын анықтау қажет.
Ол үшін жеке адам даму барысында қандай микро, макро ортада
болғанын қарастыру керек. Яғни, әлеуметтік
психологияның дәстүрлі тіліне жүгінсек, бұл -
әлеуметтену мәселесі.
Екінші жағынан,
егер де жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсер етуші
жүйелер қарастырылса, онда нәтиже қандай болады, жеке
тұлға басқалармен белсенді қарым –
қатынасқа түскенде өзін қалай ұстайды,
немесе оның әлеуметтік
бағдары қандай екенін қарастыру қажет.
Осы екі бағыт
та әлеуметтік психология ғылымының жалпы қисынынан
туындайды және де осы бағытта әлеуметтік психологтар
тарапынан көптеген эксперименттік зерттеулер жүргізілген
(әсіресе, шет елдік ғалымдардың жетістіктері
қомақты). Тұлға – адамның
қоғамдық қатынастары мен қызметтің жеке
адам шоғырлануының көрінісі, дүниені танып,
білудің және өзгертудің құқығы
мен міндеттерінің эстетикалық, этикалық және
басқа әлеуметтік нормалардың шоғырланған
бөлігі. Тұлға әрдайым әлеуметтік
тұрғыда жетілген адам болып табылады. Ғылым мен техника
дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де
өзгереді. Осының барлығы табиғат байлығын
игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам, табиғат,
қоғам біртұтас дүние. Тұтас дүниені
өз мәнінде бір – бірімен байланысты қабылдау таным
үрдісі арқылы жүзеге асады [3; 38].
Әлеуметтенудің
мәнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде, біріншіден,
әлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің
әлеуметтік тәжірибені игеруі, екіншіден, индивидтің осы
әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік ортаға белсенді
араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар
жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі -
әлеуметтік тәжірибені игеру, ортаның адамға
әсерін сипаттаса, екіншісі – адамның өз іс - әрекетінің
арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді [2; 376].
Әлеуметтену процесінің
барысында индивид іс - әрекет «каталогының» молаюымен
(А.Н.Леонтьев) айналысады, яғни неғұрлым жаңа іс -
әрекет түрлерін игерумен болады. Осы жағдайда өте
маңызды тағы да үш түрлі процестер іске асырылады.
Біріншіден, әрбір іс - әрекет түрлері мен оның
әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде
бағдарлану. Ол әрбір жеке тұлға үшін
маңызды іс - әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны
игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс
- әрекеттің жеке тұлғалық таңдалуы деп
атауға болар еді. Осыдан туындайтын екінші процесс – жетекші,
таңдалынған іс - әрекетке баса назар аудара отырып,
басқаларын соған бағындыру. Үшінші процесс- іс -
әрекет барысында жеке тұлғаның жаңа
рөлдерді игеруі мен олардың маңыздылығын түсінуі.
Осының бәрін индивидтің іс - әрекет субъектісі
ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею процесі деп
тұжырымдауға болады.
Екінші – қарым
– қатынас сферасы да іс - әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан,
оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады.
Әлеуметтенудің
үшінші сферасы – жеке тұлғаның өзіндік сана-
сезімінің дамуы. Бұл мәселе жеке тұлғаның «Мен»
бейнесінің қалыптасуымен байланысты. Көптеген эксперименттік
зерттеулер көрсеткеніндей, адамның «Мен» бейнесі бірден
қалыптаспайды, өмір сүру барысында, әртүрлі
әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады.
«Мен»
құрылымын түсінуде психология ғылымында бірнеше
тұрғы бар. Көбірек тараған құрылымның
үш компоненті бар: танымдық (өзін танып түсінуі),
эмоциялық (өзін бағалауы), қылықтық
(өзіне деген көзқарасы).
1920-1930 жылдары
белгілі психолог Л.С.Выготский (өзінің шәкірттері
А.Н.Леонтьев пен А.Р.Луриямен бірге) негізін қалаған мәдени –
тарихи теория (МТТ) адамның психикалық даму
заңдылықтарын ашып көрсетеді. Бұл теорияның
негізгі заңдылығы мыналар: баланың «сыртқы»
әлеуметтік қаракеті оның онтогенезінде (индивидтің даму
үрдісінде) интерпретациялау. Яғни интерпретация негізінде
психикалық үрдіс әлеуметтендіріледі, ал оның трансформацияланып
«кеңейтілуі» нәтижесінде экстериоризацияланады. Бұл жерде
тілдік таңба немесе сөз психикалық функцияны
өзгертудің әмбебап құралы рөлін
атқарады. Л.С.Выготский анықтаған мәдени -
әлеуметтік теорияның дербес заңдылығы баланың
«жақын арады даму аймағы» (зона ближайшего развития ребенка)
қағидасына сүйенеді[2; 41-45].
«Мен – концепция»
ұстанымы дара тұлғаның психологиялық
кейпінің маңызды құрылымдық элементі ретінде
әлеуметтік – мәдени тәрбие беруде маңызды рөл
атқаратын ғылыми – теориялық ұстанымның бірінен
саналады. Ол адамның басқалармен қарым – қатынас
және қаракет жасаудың негізінде индивидтің өзі
туралы идеалды түсінігінің пайда болуына мүмкіндік береді.
«Мен – концепция» ұстанымының когнитивті (әлеуметтік
мәнді образы), эмоционалдық (өзін - өзі
құрметтеушілік), бағалық – еріктілік (өз
бағасын көтеруге ұмтылушылық), динамикалық
(субъектінің қалай болу керектігі) және фантастикалық
«Мен» деген сияқты бөліктері бар. Мұның бәрі,
түптеп келгенде, әлеуметтік тәжірибе негізінде дамытылатын
адамның психологиялық реңкін білдіреді.
Әлеуметтенудің
барлық сатыларында қоғамның жеке
тұлғаға әсері не тікелей, не топ арқылы, Ж.Пиаже
көрсеткеніндей, белгілі әсер құралдарының
жиынтығы: нормалар, құндылықтар және белгі –
таңбалар арқылы іске асырылады. Яғни, қоғам мен
топ жеке тұлғаға нормалар мен құндыылықтар
жүйесін белгілер арқылы береді. Осындай жүйені өткізуші
топтар, әлеуметтік тәжірибені беруші топтар - әлеуметтену
институттары деп аталынады.
Әлеуметтік институттар:
ерте балалық шақта – отбасы және мектепке дейінгі балалар
мекемелері. Отбасында бала қарым – қатынастың
алғашқы дағдыларын қабылдап, алғашқы
әлеуметтік рөлдерді игереді, бастапқы нормалар мен
құндылықтарды түсіне бастайды. Ата – анасының
қылықтарының типі (әкімшіл немесе либералды)
баланың «Мен» бейнесінің қалыптасуына әсер етеді.
Психология
ғылымында жеке адамның әлеуметтенуін А.Олпорт, А.Маслоу,
К.Роджерс қарастырған. Олар тұлғаның
әлеуметтік ортада өзіндік өзектенуін сөз ете отырып, ондағы
отбасының да рөлінің жоғары болатындығын
көрсеткен.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Андреева Г.М. Социальная
психология. - М.: Аспект Пресс,
1997.-350 с.
2.
Асмолов А.Т. Психология
личности.- М., 1990. – 218-225 с.
3.
Абрамова Г.С. Практическая психология.- М., 2003.-325 с.
4.
Архангельский Л.М. Ценностные ориентации и нравственное развитие личности.-
М., 1991.-159 с.
5.
Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.- Л.: ЛГУ, 1968.- 228 с.