Момынова С.Н., Жексенқұл А., Амангелдиева А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖАНҰЯДАН ТЫС ТӘРБИЕЛЕНЕТІН ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ДЕҢГЕЙІ

 

Балалар үйінде тәрбиеленетіндердің “Мен” деген аспектісінің дамуы ерте сәби кезеңнен бастап тек қалып қана қоймайды, сонымен қатар сапасы басқаша, басқа типте болады. Егер жанұяда өскендердің өзін-өзі бағалауы жоғары деңгейде болса, интернат балаларында өздерін төмен бағалау тұрақты қалыптасқан. Жанұя баласының өзіне эмоциялық қарым-қатынасы айқын көрінсе, балалар үйінің баласы өзін жақсы немесе жеккөретіндігін анық білдіре алмайды. Олардың өздеріне деген көзқарасы басқалардың бағалауынан тундайды, яғни балаларға “өзіме-өзім қалай көрінемін” сұрағына жауап беру керек болса, олар шамамен былай деп жазады; “Менің тәрбиешім мені дөрекі, ұйқыбас, онша ақылды емессің дейді”. Жанұя жеткіншектері бұл жағдайда: “Еңбекқор, мейірімді, достықты сыйлайтын” қасиеттерін көрсетеді.

Егер жанұяда және одан тыс тәрбиеленетін жеткіншектердің мінездерінің қай жағы маңызды екенін салыстырсақ, біріншілерге - өз мінезінің нормаға негативтікқарама-қайшылығы (“тәртіпті ұнатпаймын, сондықтан күнде және ертеңмен сабаққа барғым келмейді. Мектепке бармай қалғанда өзімді кінәлі сезінбеймін, өйткені не істегім келсе соны істеймін”), ал балалар үйі тәрбиеленушілеріне жағдайға байланысты бейімделу алғашқы кезекте екендігі мәлім болды. Берілген аспектіде “Мен” бейнесін салыстыру – балалар үйі тәрбиеленушілері әлеуметтендірілгендей, кез келген жағдайды өзіне тәуелді ете алатындай, оны өз мақсатына дұрыс пайдалана білетіндей әсер береді. Іс жүзінде бұл мүлдем олай емес.

Жалпы мектеп оқушысының реакциясы әртүрлі болады, көбінесе конструктивті реакция кездеседі, бала қиын жағдайда өздігімен ақылда шешімге келуге талаптанады. Ал балалар үйінде қорғану реакциясы басым тұрады, олар жағдайды қолға алуға және конструктивті шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Жанұяда тәрбиеленген бала, бір жағынан, талаптар мен бақылаудың қаталдығы аз жағдайда өседі, екінші жағынан, ересектердің түрлі іс-әрекетіне қатыму барысында (санасымен бірге тамақ дайындау, үйді тазарту, әкесімен су құбырларынжөндеу) жеке операцияларды орындаумен қоса, жоспарлаудың айтарлықтай қиын бағдарламасын, іс-әрекетті ұйымдастыра білуді меңгереді, және мұның бәрі арнайы оқыту барысында емес, шынайы жағдайда жүзеге асады. Балалар үйі тәрбиеленушілері осындай ересектермен эмоционалдық қарым-қатынатан алшақтатылған.

Баланың жеке басының дамуында үлкендердің үлкен роль атқаратындығы белгілі. Интернат типтегі балалар мекемесінде баланың ересектермен қарым-қатынасының жетіспеушілігі гипертрофияға әкеліп соғады. Көп жағдайда балалар мекемесінің тәрбиешілері мен педагогтары бала мінез-құлқын басқаруда, олардың өз зейініне, беделіне, көңіл-күйіне тәуелді етеді және мұндай эмоционалды тәуелділіктің кері әсерін ескере бермейді. Бұл жағдайдағы психолог міндеті – оқытушылар мен тәрбиеленушілерге мұндай шешімнің дұрыс еместігін түсіндіру, керек болса балалармен қарым-қатынаста педагогты басқа қатынас құралдарымен қамтамасыз ету.

Интернат типтес балалар мекемесіндегі өмірдің ерекшелігін ескерсек, бұл жерде балалар амалсыз құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсетін болғандықтан, олардан қарым-қатынас дағдыларының тиімді қалыптасқанын күтеміз, ұжымдықтапсырмаларды дұрыс шеше алады, жанжалдан шығу жолдарын табады депойлаймыз. Алайда, зерттеулер көрсеткендей, үлкендермен, құрдастарымен жанжал жағдайы жалпы мектеп балаларына қарағанда, төменгі деңгейде шешілетіндігі анықталды. Жанжал кезінде өз кінәларын мойындамау, жаланы кез-келгенге жаба салу, ымыраға келмеу сияқты қасиеттер көзге бірден түседі. Мұның себебі, балалар үйіндегілер әрқашан бір-ақ топпен ғана араласып, басқалармен тіл таба алмайды.

Әрине, қарым-қатынастың тиімді дамуы топтық жұмыстарда қарқынды жүреді, бірақ есте сақтайтын бір жай, мекемелердегі балалар ылғи біреулермен бірге болғанға жалығады. Жеткіншек кезеңде мүмкіндігінше жалғыз қалуға тырысатын болады. “Мен қасымда әрқашан адамдар болғанына шаршаймын, -деп жазады сегізінші сынып оқушысы, -жалғыз болғым келеді. Кейде барлығынан демалуға болатын шығар”.

Балалар үйіндегі балалардың психикалық даму ерекшеліктерін, оларды оқыту және тәрбиелеу қиындықтарын анықтайтын фактор-жанұяның қолайлы әсер етуінің жетіспеуі. Кейде балалар үйінің тәрбиешілері мен педагогтары осыны түсіне отырып тәрбиеленушілермен отбасылық типтегі қарым-қатынасқа түсуге тырысады, балалардың әкесінің немесе шешесінің орнын басуға талпынады.

Балалар үйінлегі тәрбиеленушілерді болашақ жанұя құруға дайындау – маңызды мәселелердің бірі. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, интернат типтес мекемелерді түлектері отбасын құруда, оны қалыпты сақтауда біраз қиындықтарға ұшырайды, олар әйелінің немесе күйеуінің жанұясына бірден кірісіп кете алмайды.

Мұның себебі, балалар үйіндегілердің жанұя туралы білімдерінің аздығы немесе түсініктерінің толық болмауы. Сондықтан, балаларды отбасы жағдайына дайындау, әртүрлі ойындар, әдебиеттер, спектакль-фильмдер арқылы мектепке келген күннен басталуы қажет.

Балалар үйіндегі туысқан ағалары, әкпелері бар балаларды бақылағанда, олардың бір-біріне бауырмашылдықтары аз екендігін байқаға болады, өйткені олар бөлек топтарда өмір сүреді. Соңғы кездері мұндай мекеме басшылары туысқан балалардың бірге бір топта болуына жағдай жасауда, олардың бір-біріне көмектесуіне, қамқорлық көрсетуіне мүмкіндік тудырады.

Балалар үйі психологының міндеті – олардың ата-аналарымен (түрмеде, ауруханада т.б.), туысқандарымен, қамқоршыларымен қарым-қатынаста болуын қамтамасыз ету және ондай кездесулер кезінде балаларды жан жарақатынан сақтай білу.

Адамның өзіне, өз “меніне” қызығуы ежелден-ақ зерттеушілердің ерекше назарын аудартқан. Адам жандүниесі, оның өзіндік санасы әрдайым тек ғалым философтардың ой толғауында ғана болып қоймастан, оны жазушылар мен суретшілер де өз шығармаларына арқау еткен. Адам әрекет қылығы әр уақыттада өзі жөніндегі ұғымы мен бейнесі және болашақтан күткен бейнесімен байланысып келген.

Адамның өзіндік санасы шексіз күрделі. Әртүрлі тұлға сан қырлы өз “Менінің” көтеген бейнесіне ие: дәл осы мезетте адам өзін қандай деп біледі,болашақтағы өзінің “Мені” жөнінде не ойлайды, осы “Мені” басқалар қалай таниды. Таным субъекті болудан, адам өз санасы бойынша зерттелуші объект.

Өзіндік сана дегеніміз не?  Бұл мәселені зерттеуші ғалымдардың бірі И.С. Кон былайынша түсіндіреді: “Әрбір дара адамның өзін-өзі іс-әрекет субъекті ретінде тануға жәрдем ететін психикалық процесстердің жиынтығы - өзіндік сана деп аталады, ал оның өзі жөніндегі өз ұғымдары белгілі бір “Мен” бейнесін құрайды.

“Меннің” психологиялық мәнін А.Г. Спиркин келесідей сипаттайды: “Мен” түсінігі өз санасының нұрымен сәулелендіріп, өзін-өзі қабылдаған, таныған және сезген жеке адамды білдіреді. “Мен” – психикалық өмірді реттеп беруші принцип, өзіндік бақылауды жүргізуші рухани күш; бізді өз “Меніміз” бойынша бүкіл әлемге, қоршаған адамдарға, ең бастысы, өз санамызды өз бағалауымыз бен танымымызға орай өзімізге ашып беретін әр адамның тұтастай болмысы.

“Мен” бейне – жеке адамның санасында бір қалыпта бекіп қалған түсінік немесе білік емес, ол өте қозғалмалы, өзгермелі “Мен” күйінде қабылдануы мүмкін. Сонымен бірге, “мен” күйінде қабылдануы мүмкін. Сонымен бірге, “мен” бейне әлеуметтік заңдарға, қоршаған адамдардың қалауына сай кемелденген, болашақ идеал “Менді” де аңдатуы заңды.  Және бір жағдайда бұл “Мен” – қолынан келсе, “тау қопарып теңіз жұтатын” ойдағы тұлғаның бейнесіне сәйкес болуы да әбден ықтимал. Ал осы өзі жөніндегі қияли ұғымдар санада басымдау болып, әрі олар ниеттелгенді жүзеге асыру үшін қажетті әрекеттермен ұштаспаса, көздеген істің шырқы кетіп, сана қисынсыз өзгерістерге келеді, ақырында қиялдаған ниет пен шындық сәйкессіздігінен адам ауыр күйзеліске түседі.

“Мен” бейненің сәйкестік дәрежесі жеке адамның өзінің, өз болмысын, мүмкіндіктерін басқа адамдар арасындағы өз беделін бағалай алуына байланысты келеді. Өзіндік бағаға орай адам өз әрекеттерін ретке келтіріп отырады. Саналы адам өз бағасын қалай шығарады? Әр бір адамның қоғамдық тұлғаға айналуы бірлікті еңбек пен тіл қатынасының нәтижесі. Адамдағы барша қалыптасқан сапа мен қасиеттер басқа қауымдастық мүшелерімен қоғамдық өндіріс процесіне араласу және олармен ақпарат алмасу барысында дамып, кемеліне жетеді. Еңбек пен тіл қатынасына келумен қатар адам өз істерін басқалардан күтілген бағамен салыстырып, тексеріп барады. Айналып келгенде, табиғи қажетттіліктерді қанағаттандыру былай тұрсын, өз мүддесіне орай орындалғанның бәрін, тіпті қара басының қамы үшін жасалған қарапайым заттың өзін адам басқаларға да арнайды. Адамда қалыптасқан “Менінің” бағасы өзіндегі барды басқаларда көргенімен үздіксіз салыстырып барудың нәтижесі. Адам өзі жөнінде бір нәрсе біле тұра, өзгелерге үңіле назар аударады, өзіндегі олардан іздеп байланыстырады, сонымен бірге төңірегіндегілер өзінің қимыл әрекеттерімен қылықтарына сын көзбен қарайтынын іштей сезінеді. Осының бәрі тұлғаның өзіндік құнын белгілеп, оның психологиялық кейпіне ықпал жасайды, яғни, әрбір адам төңірегінде көрінер не көрінбес сыншыл топ ұдайы оныме бірге. Ол топпен адамның санаспасына болмайды, себебі одан адам өзінің құндылықты бағыт-бағдарына қолдау қуат алып, оның мұраттарын өз мұраттары етіп, оның ұмтылыс, қызығуларын өз бойына дарытып алады. Адамның өзіндік бағасы оның өзіне қоятын талаптар деңгейіне байланысты.Талаптар деңгейі дегеніміз – адамның ниеттеген өз бағасының құны, яғни алдына қойған мақсаттың қиындық дәрежесіне орай көрінетін “Мен” бейнесінің сипаты. Адам алдында тұрған енді бір әрекетті қиындық дәрежесіне орай мүмкіндігіне ие бола, өз бағасын көтеруге ұмтылады, осыдан екі жағдайдың: 1 тараптан – жоғары табыстарға жету үшін талап деңгейін жоғарылату, 2 тараптан – нәтижесіз қалмау үшін талаптарды жеңілдету - өзара қайшылығы пайда болады. Әрекет нәтижелі болып шықса, адам алдына қоятын талаптарын әдетте көтере түсіп, келесі күрделірек мәселелерді шешуге кіріседі, ал кері жағдайда – оңайлау талаптарға ауысады. Адам табиғаты, әдетте өз қадірін белгілі деңгейде сақтап жүру үшін өз алдына қоятын міндеттері мен мақсаттарының тіпті күрделі сонымен бірге әбден жеңіл де болмағанын қалайды. Талаптар деңгейінің белгілі бір қалыпқа түсуінің іс-әрекеттің табысты не нәтижесіз болуын күні бұрын сезуден емес, керісінше, өткен тәжірибедегі жетістіктер мен құлдырауларды ескере білу мен оларға оңды, объективті баға берілуден. Жеке адам талаптар деңгейінің әрекетшеңдігі мен мазмұндық сипатын жете танумен тұлғаның іс-әрекет, мінез-құлықтарының түрткілерін тереңдей білуге және сол арқылы адамда ұнамды сапалар мен қасиеттерге баулудың жолдарын ашып, оған нәтижелі ықпал жасауға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.            Асмолов А.Г. Движущие силы и условия развития личности / М. Хрестоматия, Питер, 2000

2.            Под. ред. Г.Г. Аракелова – Учителям и родителям о психологии подростка / М:Высшая школа, 1990

3.            И.С.Кон. Постоянство и изменчивость личности / Христоматия, Питер 2000

4.            Д.А Леонтьев. Внутренний мир личности / хрестоматия Питер, 2000 г.

5.            В.В.Нуркова Березанская Н.Б. Психология: учебник М., Юрайт, 2004г.