Минасипова А.Р., Жұмадилова А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДА АГРЕССИЯЛЫҚ КҮШКЕ ИТЕРМЕЛЕЙТІН СЕБЕПТЕРІН ЗЕРТТЕУ

 

Агрессия тақырыбы үнемі психологтар назарынан тыс қалған емес. Балалардың агрессивті агрессиялық мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Мектеп мұғалімдері агрессивті балалардың жылдан-жылға артып, олармен жұмыс жасаудың мүмкін болмай бара жатқанып айтып дабыл қағуда. Агрессия - (лат. тіл. «agressio» - бас салу, приступ)- бұл адамның қоғамда тіршілік ету қалыпы мен ережесіне қарсы, мотивтелген, деструктивті (бұзушы) агрессиялық. Бағытталған объектісіне (жанды және жансыз) физикалық зиян келтіреді. Жанды тіршілік иесіне моральды шығын келтіреді (жағымсыз уайым-қайғы, қорқыныш, жәбірленушілік және т.б.)

 «ХХІ ғасырда   тұлға күрделі өгеріске ұшырауда. Қазіргі таңда тұлғаға тән жалпы белгі, тұлғааралық қатынастардың нашарлауы, өзін анықтауға көп уақыт жіберуі, өмірлік сценаридің ықпалын түсінбеуінде болып отыр.

Нарықтық заманда тұлғаның қалыптасуына, бұрын тек сыртқы, формальды факторлар (заң, құқық, қоғамдық пікір, салт-дәстүр және т.б.) әсер еткен болса, енді оның тұтастығы,  ортаға жеке қатынасы, түсінігі, бейімделуі, сыйластық, адалдық  және т.б  кіретін болды.

Қазіргі таңда тұлға мәселесінің  өзара қарым-қатынасында агрессиялық күшке итермелейтін себебтерін анықтау, түсіну  зерттеу емес, сонымен қатар жетілген психокоррекциялық және психотерапевтік міндеттерді жүзеге асыру өзектілігі туындауда.

Агрессия - (лат. тіл. «agressio» - бас салу) - бұл адамның қоғамда тіршілік ету қалпы мен ережесіне қарсы, мотивтелген, бұзушы (деструктивті) агрессиялық. Бағытталған объектісіне (жанды және жансыз) физикалық зиян келтіреді. Жанды тіршілік иесіне моральды шығын (жағымсыз уайым-қайғы, қорқыныш, жәбірленушілік және т.б.) келтіреді.

Р. Бэрон, Д, Ричардсонның зерттеулері бойынша бала өзін ұстай білуді үш негізден алады [1, 23б.].

Алғашқысы – бұл отбасы. Отбасы мүшелері агрессиялы мінез-құлық таныта отырып, оның агрессиялықтың бекітілуін қамтамасыз етеді.

Екіншіден, бала агрессияны ойын барысында аталмыш агрессиялықтың пайдасын «мен мықтымын, сондықтан ойыма келгенді жасаймын» бірте-бірте көре отырып, құрбы-құрдасынан үйренеді. Балабақшаға баратын бала, үйде отырған бүлдіршінге қарағанда, анағұрлым агрессиялы келетіні белгілі

Үшіншіден, бала агрессиялы агрессиялықты тек шынайы өмірде ғана емес, символдық мысалдан меңгереді. Қазіргі таңда, теледидардан зорлық-зомбылықтың көрсетілуі бала бойындағы агрессия деңгейінің көтерілуіне ықпал ететіні даусыз.

А. Реанның зерттеуінде агрессияны «сапалы» және «қатерлі» - деп екі түрге бөлді. Алғашқысын сапалы агрессияны адам қауіпті жағдайда танытады және ол қорғанушы сипатта болады. Қауіпті жағдайдан шыққан сәтте, адам бойындағы бұл агрессия түрі де, жоғалады. «Қатерлі» агрессия деструктивті (бұзушы), қатыгез сипатта көрініс береді, кенеттен пайда болады. Агрессияның бұл түрі тұлға болмысымен байланысты келеді. Осы байланысты ғалымдар «агрессия» және «адамның агрессияға бейім келуі деп тұжырымдады [2,34б.].

  Р. Байярд  американдық психолог (1998) агрессивті балалардың агрессиялық ерекшеліктерін (аталмыш балалардың ішкі қарама-қайшылықтарын, мәселелі аймақтарын және шиеленістерін білдіретін ерекшеліктерін анықтады. Оның пікірі бойынша, осы агрессиялықтық ерекшеліктерді анықтап-зерттеудің маңызы зор. Себебі бұл ерекшеліктер анықталмайынша түзету жұмыстары табысты жүргізілмейді деген пікірді ұсынды [3, 12б.].

Баламен жұмыс жасайтын батыс психологтары агрессивтілікті тұлға қасиеті ретінде қарастыра отырып, бала бойында аталмыш қасиеттің қандай деңгейде көрініс беретінін анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді тұжырымдады.

К.Лоренц агрессивті баламен жұмыс жасау тәжірибесіне сүйене отырып, олардың және отбасының агрессиялықтық ерекшеліктерін талдай келе, түзету ісінің негізін құрайтын  алты басты блок – алты негізгі бағытты тұжырымдады. Әрбір блок аталмыш баланың белгілі бір психологиялық қасиеті мен ерекшелігін түзеуге бағытталған және онда жағымсыз қасиетті агрессивтілікті түзеуге мүмкіндік беретін сәйкес психологиялық әдіс-тәсілінің жиынтығы деп топтастырған [4,13б.].

        Жетінші жеке блок бала бойында агрессивті агрессиялықтың пайда болуына ықпал ететін факторды жоюға бағытталған, ата-ана және педагогпен жұмыс жасауға арналған.

Агрессивті баламен жұмыс шынайы жасырынды сезімге (реніш, жабырқау жәе т.б.) ерік беру мақсатында ашу-ызаға назар тоқтату кезеңінен басталғаны абзал. Бала бұл кезеңнен өтпейтін болса, әрмен қарай жалғастырылатын жұмысқа ол (бала) қарсылық танытады. Нәтижесінде, терапевтке сенуді қояды. Осыдан кейін, терапевт түзету жұмысына ден қойса болады. Ол өзінің эмоциялы әлемін басқа адамдардың сезімдердің ұғуға; өзінің ашу-ызасын басқару тәсілдерін және мінез – құлық пен қалыпты өзіндік бағаны дамыту терапиясын меңгеруге бағытталуы тиіс. Агрессивті баламен жұмысты аталмыш бағыттар шеңберінде жеке және топтық ретте жүргізуге болады. Жұмыс топпен жүргізілетін болса, ондағы қатысушылар саны  5-6 адамнан аспауы тиіс. Жас өспірімдік кезеңде тобын он адамға дейін көбейтуге болады.

М.Альворд., П. Бэккер  пікірлерінше «Агрессиялы баламен жұмыс жасау барысында психологтың оның ішкі мәселесіне құрметпеу қарауы маңызды рөл атқарады. Бұл бала ересек адам тарапынан өз бетінше жоюға әл бермейтін шектен тыс бұзушы эмоцияларға толы өзінің ішкі әлеміне түсіністік танытуын күтеді. Агрессивті агрессиялық астарында әдетте жанның дерті, реніш, түсінбеушілік жатады. Агрессия  - бұл «сүйіспеншілікті, құрметті қажет ету, қабылдау және өзге адам үшін өзін керек сезіну қажеттіліктері» өтелмеуі себебінен пайда болатын реакция деп атады.

    Психолог балаға жағымды қатынас танытпаса және оның тұлғасын дұрыс қабылдамаса бүкіл түзету жұмысы сәтсіздікке ұшырайды. Себебі бала психологқа сенуді қойып, жұмысты жүргізуге қарсыласады.

    Сонымен қатар, агрессивті балалармен жұмыс жасауда психолог «мейірімді апке» не «мейірімді аға» рөлін ойнамағаны абзал. Себебі, бұл балаларға жанашырлық танытумен қатар, қиын жағдайларға төтеп беруді, өзін реттеп, басқаруды үйрету үшін ақылға қонымды, тиімді көмек беру керек.

    Аталмыш балалармен жұмыс жасау барысында психолог оларға баға беруден аулақ болуы тиіс: «олай еткен дұрыс емес», «олай етуге болмайды», «бұлай істеуге қалай арың барады» және т.б. ескертулер баламен байланыс жасауға кедергі етеді» деп тұжырымдады. 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.   Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. СПб: Питер, 1997.- 366 с.

2.   Реан А. Агрессия и агрессивность личности. СПб, 1996.- 413 с.

3.   Байярд Р. Ваш беспокойный подросток. Семья и школа. М., 1995.-480с.

4.   Лоренц К. Агрессия (так называемое зло). М., 1994. -253 с.

5.   Н.В Фирсов «Введение в теоретические основы социальной работы» Москва изд. МГСУ, 1997. -158с.