Кіші мектеп  жасындағы балалардың қарым–қатынасын зерттеу әдістері

П.ғ.к.,доцент Танирбергенова А.Ш.,

Психология мамандығының студенттері Кожыкова Н., Сагиндыкова А.

«Тұран-Астана» университеті Қазақстан Республикасы

 

Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынасын зерттеу үшін оның әр жағын анықтауға мүмкіндік беретіндей балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін ойын түрлері қолданылды. Таңдалған ойындар келесі критерийлерге негізделген:

а) балалардың қызығушылығын;

ә) балаларға эмоциялық кеңелуге жағдай жасауын;

б) психологиялық жағынан тиімді әсері болуын;

в) ойын мазмұнымен берілетін мәліметтің педагогикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкес болуын (балалардың қарым қатынас жасауда мәнді қасиеттерін дәл және сенімді анықтай алуын) қатаң ескердік.

Зерттеу әдістері ретінде пайдаланған ойындарды ерекше сөзбен, тілмен, вербальдылықпен сипатталатындығын ескере отырып біздің зерттеу жұмысымызда ойындардың екі тобы, ойынға жетекшілік және қосалқы рөліне қарай алынды.

Сонымен қатар ойындар арқылы 6-7 жастағы балалардың (2-сынып) қарым қатынасын зерттеуде екі бағытты ұстандық. Біріншіден, таңдап алынған ойынмен балалардың белсенді ойнауына жағдай жасалынды. Ал, екіншіден, қазіргі кезеңдегі балалардың ойнау барысындағы енжарлығын түзету мақсатында ойындарды лайықтап модификациялау. Біз өз зерттеуімізде казактың халық ертегілерін, аңыздарын, айтыс-жырларын өте көп қолдандық.

Олардьң жүзеге асырылуына ойластырылған талаптар коя отырып, мазмұнының тартымдылығымен, қызықтылығымен ойын кызметін атқаруға жағдай жасадық. Соның нәтижесінде мазмұны байыған, диагностикалык мәні жоғары рөлдік сюжеттік және ережеге сәйкес ойындар ұйымдастырылды.

Ойынның кандай түрі колданылса да, балалардың коммуникативті іс-әрекетін анықтаудың төмендегідей логикасы катаң сақталды:

А) Экспериментатор балалардың ойын әрекетін ұйымдастырушы, ол балалардың ересек адаммен қарым-қатынас жасау қажеттілігін көздейді. Балаларға ойын шарттары таныстырылды. Жаңа жағдайга әрбip баланың бейімделуге жағдай жасалынды. Олай болса, ең алдымен ойындарда зерттеу жұмысымыздың мақсатына катысты және оларды колдану ерекшелігіне орай "Ересек ↔ балалар тобы" схемасы бойынша қатынас жүзеге асырылуы кажет.

Ә) Өзара қатынас жасауда экспериментатормен бала (немесе балалар тобы арасындагы позиция өзгеруі керек. Балалардың ойын шартын түсінуі ересек адамды кабылдау, активиаторлык кабілет таныта алу, ересек адаммен қарым-қатынас жасаудың кажеттігін қанағаттандыру жағдайы болды. Осылайша "балалар тобы ересек" қатынасы бойынша қарым-қатынас жасалынады.

Б) Балалардың баска балалармен байланыс (контакт) жасауына мүмкіндік болу керек. Осындай жағдайда топтағы бірлестік келісімге келушілік, құбылыстары болып, балалардың коммуникативті ic-әрекеті жүзеге асыру қасиеттері мәнді болды. Мұндағы қатынас "бала↔балалар" схемасы бойынша жүргізілді 5-6 жастағы балалармен ойынның әр түрлері ұйымдастыру, олардың коммуникативті ic-әрекетін екі жақты зерттеуге бағытталды. Біріншіден, экспериментатор мен балалардың өзара қарым-қатынасы талданып алынган нәтиже "ересекбалалар тобы" жүйесіндегі өзара әрекеттестік пен катынасқа баланды. Екіншіден, балалардың басқа балалармен қарым-қатынасы, топ ішіндегі белсенділігі "бала↔бала" жүйесіндегі қарым-қатынасы ерекшелігін ашады.

Біз ойын түрлерін диагностикалық материал ретінде жинақтап, колдануда эксперименттік жұмыстың төмендегідей міндеттерді шешуді қарастырдық:

1)     Балалардың қарым-қатынасты кажетсінуін;

2)     қарым-қатынастағы тандамалылык феноменін;

3)     балардың коммуникативті мотивтерін;

4)     қарым-қатынас тәсілдерін;

5)     қарым-қатынас құралдарының түрлері мен тиімді қолданылуын.

1. Қарым-қатынас қажеттілігін зерттеу. Мұнда қарым-қатынасты қажетсінуді зерттеудің диагностикалық әдістемелері ретінде  «Бір қазан сүт», «Үй артында қол-ағаш», «Қалай айтуды білемін» атты қазақтың ұлттық ойындары  алынды. Бұл эксперименттік жұмыс даралай емес, топтық формада ұйымдастырылды.

Экспериментатор тікелей ойынға қатынасып жүреді. Себебі, жинақталлынып, іріктелінген ұлттық ойындардың вербалдық құрамы жоғары өлең-жыр элементтері бар да, қазіргі кезеңде балаларға бқл ойын түрлері беймәлім болғандықтан, ересек адамның өзі ойынды қйымдастыруды, ойнауға үйретіп, баулуы қажет. сонымен қатар балалардың әрекеттерін байқатпай жөндап, әр уақытта тапсыврмаларды жайлы бағдар беріліп отырды. Сондықтан біздің зерттеуде ойын барысына орай балалардың қарым-қатынасын байқап, кестеге салып, тіркеп отыру үшін ассистенттер қазметі қолданылды.

Бұл ойындар барысында балалардың:

1) басқа адамдарға – экспериментаторға, басқаларға – зейін қоюы, елдіктеу сәттері, олардың әрекеттері мен сөздерін өзімен-өзі болып, әдейілеп қайталануын;

2) басқаларға эмоциялық қатынасын, ойын барысынгдағы эмоциялық көріністердің (формалардың) пайда болу өзгерістерін;

3) инициативалық әрекеттері, басқалардың назарын өзіне  аударуға бағытталған белсенділіктерін;

4) Өзіне деген басқалардың қатынасына сезімталдық танытуы, өзіндік бағаның, мінез-құлық, жүріс – тұрыс актілерінің өһзгерісін зерттедік.

Әрбір критерий 5-6 жастағы балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас қажеттілігінің «жоғары», және «төмен» дамығандығын береді.

Қарым-қатынасы жоғары деңгейде дамығандығын төмендегі параметрлерге сүйене отырып анықтадық:

1) бала адамдардың өтінішін бірден, толық және ең соңына дейін орындап шығады;

2) бала басқаның берер мәліметін бар зейінін қойып тыңдайды, тіпті бөгде объектілерге мән бермей тыңдайды;

3) жасалған ескертулерге қатысты баланың өкпелеу сіттері болмайды;

4) берілген мәліметтерді, ойын шарттарын барынша толық сақтайды;

5) ойын шарты бойынша жүзеге асырылатын әрекеттерді неғұрлым жақсы орындауға тырысады;

6) бала басқа балалармен бірге өзара әрекеттестікте жағымды эмоциялардың формаларын көрсетеді;

7) балалар басқалар мен қарым-қатынас жасауда сергек, көңілді, белсенді болады;

8) мақсату, мадақтау формаларының негізінде балалар белсеніділігі арта түседі;

9) балалар көп жағдайда диалогтік –тілдік қарым-қатынас жасайды;

10) балалар мақсатағанда ерекше позада болып,ғ әдеттегіден мүлде бөлек жеңісті білдіретін дыбыс шығарады.

Балаларды байқап, бақылау схемасы бойынша қарым-қатынас қажеттігінің «жоғары» деңгейіне тән сипаттар «төменгіден» басым болса, балалардың коммуникативті іс-әрекетте белсенді болатынын көрсетеді.

Ал, балаларға қарым-қатынас қажеттігінің «жоғары және төменгі» деңгейлерінің сипаттары тең дәрежеде байқалса, коммуникативті іс-әрекетке балалардың әр кезде даяр бола бермейтінділігін көрсетеді.

Балалардың қарым-қатынасында таңдамалық ойын барысында айқын көрінетіндігін Х.Т. Шерьязданова өзінің зерттеу жұмысында атап көрсеткен. Ал, С.В. Корницкая  балалардың қарым-қатынастағы таңдамалығы ересек адамға бауыр басу мен басқа балалармен достасуынан көрінетіндігін атаған. Айтылғандардың негізінде балалардың қарым-қатынастағы таңдамалығын анықтауға болады.

Біздің зерттеу жұмысымыз «бала-бала» жүйесінде таңдамалық феноменін айқындауға бағытталды.

Диагностикалық әдіс ретінде ежелден қазақ балалары ойнайтын «Белбеу тастау», «Қаламақ», «Сақина салмақ» т.б. ойындары алынды.

Ойындар балалар тобымен ұйымдастырылды. Әрбір ойын 3-5 күннен кейін қайталанып, жеке топтарда 6 реттен ұйымдастырылды. Ойындар барысында әрбір балаға хаттамаға толтырылды. Балалардың қарым-қатынастағы таңдамалығы шартты түрде тағайындалды. Хаттамаға негіз болатын байқауға, бақылауға арналған зерттеулерде Т.А.Репина әдістемесін басшылыққа ала отырып төмендегіше кұрдық:

1. Әрбір баланың жеке ойын барысында басқалардың әрқайсысымен байланысы саналады.

2. Әрбір баланың жасаған байланыстарының жалпы қосындысы есептеп шығарылады.

3. Әрбір бала үшін қарым-қатынастағы таңдамалық шекарасы есептелінеді:  , мұндағы – р- қарым-ұатынастағы таңдамалық шекарасы, m- байланыстардың жалпы саны, N – топтағы балалар саны.

4. Баланың қарым-қатынастағы таңдамалық шекарасының мәні (р) әрбір баламен жасаған байланыстар санымен (m) салыстырылады. Егер керек болса К > р болса, баланың қарым-қатынастағы таңдамалық сипатын білдіреді.

Эксперимент нәтижесінің объектілігін қамтамасыз ету мақсатымен біліктіліктер екі жақты: экспериментатор және педагогтар тәрбиеші тарапынан бағаланып отырды.

Балалардың қарым-қатынасын зерттеуде статистикалық әдістер қолданылды:

1. Басты тенденциялардың өлшемі ретінде арифметикалық орташа шамасы есептелінеді.

2. Эксперимент жүргізушінің бағалауымен эксперименттік бағалауды салыстырып, алынған шамалардың мәнділігі статистикалық критерийдің бірі – белгілер сериялық критериймен есептеп шығарылды.

3. Эксперимент бойынша жасалған болжамдарды тексеруде  Фишер критериі қолданылды.

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Ауталипова У.И., Бапаева С.Т. Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері. Оқу құралы. –Алматы, 2006-160 б.

2.     Абрамова Г.С. Практическая психология.- Екатеринбург, 1998.

3.     Большаков В.Ю. Психотренинг: Социодинамика. Упражнения. Игры. –СПб., 1996.

4.     Прутченков А.С. Тренинг личностного роста. М., 1995.

5.     Макшанов С.И. Психология тренинга. СПб., 1997.

6.     Обозова Н.Н. Социально-психологический тренинг. СПб., 2000.

7.     Сидоренко Е. Мотивационный тренинг. Практическое руководство. СПб., 2000.