Абдрахманова А.Т., Құдайберген
А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ БАЛА
ПСИХОЛОГИЯСЫНА КЕРІ ӘСЕРІ
Қазіргі кездегі
компьютерлік технологиялар адамның рухани
құндылықтарына тиімді жағынан емес, қайта таза
жолдан жастарды алыстатуға бағытталған қарудың
жаңа түріне айналып отыр. Ондай жастарды бірден компьютерден
ажыратудың өзі қиындықтар тудырады. Қазақта
«батпаңдап кірген аурудан» құтылудың жолы тек
сабырлылық пен шыдамдылық. Сондықтан олардың бос
уақытын дұрыс пайдалануға, бірлесіп іс-әрекеттер
атқаруға, өзінің қызығушылығы бойынша
әртүрлі кружоктарға, диспуттарға, көңілді
тапқырлар клубына қатыстырып, таза ауада бірге серуендеп,
қызықты тақырыптарда пікір алмасу арқылы біртіндеп
компьютерден алыстату қажет. Сиқырлы көк жәшікті тек
еңбек ету, пайдалы ақпарат алу кезінде ғана пайдаланып,
басқа уақытта мағыналы іс-әрекетпен айналысуға
дағдыландыру арқылы әлеуметтік белсенділікті көтеруге
болады. Мемлекетіміздің басты байлығы – Адам [1]. Ал оның денсаулығы мықты,
ерік-жігері күшті, жан-жақты дамыған, білімді де білікті
болуы–еліміздің абыройы, ұлттық саясатымыздың басты
ұстанымы. Компьютер адамның тек көмекшісі ғана болып,
оның жақсылығын пайдаға асырып, жаманшылығынан
өскелең ұрпақты қорғай білу үлкен
абыройлы іс.
Қазіргі кезде компьютерлік
технологиямен ойын бағдарламаларын қамтамасыз ететін
нарықтың дамуына байланысты компьютерлік ойындармен
ойнайтындардың саны көбеюде.
Компьютерлік ойындардың зияны
қандай?
Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып-ақ келеді.
Алайда, бұған мән беріп жатқан ата-ана жоқ.
Керісінше күн өткен сайын балалардың аталған
ойындарға деген тәуелділігі көбейіп барады. Мәселен,
дәрігерлер мен психологтардың пікірінше, теледидар мен компьютерлік
ойындардың бала санасына тигізетін зияны шаш-етектен. Яғни,
тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру,
біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден,
оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер
етеді екен.
Ойын баланың мінезін өзгертеді.
Қазір
қаланың кез келген үйінде компьютер бар. Балалардың
көпшілігі бос уақытын осы көгілдір экрандағы ойынмен
өткізеді. Онан қалса теледидардан шетелдің шуы көп
мультфильмдері мен киноларын тамашалайды. Яғни, баланың өзге
дүниемен айналысуына мүмкіндігі бола бермейді. Кейде үй
тірлігіне алаңдаған ата-ана баласының тыныш отырғанын
тәуір көріп, компьютер мен теледидарды көруіне ешқандай
шек қоймайды. Керісінше ойынның түрін әкеліп баланы
қызықтыратындар бар. Бірақ уақыт өте келе олар
кішкентайларының компьютерге қалай тәуелді болып
қалғанын аңғармайды. Ал компьютерлік ойын кімге болса
да қызық. Кейде үлкендердің өзі осы ойынның
шырмауынан шыға алмай қалады. Психолог мамандардың айтуынша,
балалар бұл ойындарға қызықса, оларды жуық арада
тоқтату мүмкін емес екен.
Компьютерлік ойындардың негізгі түрі-атыс-шабыс,
төбелес. Бұл алдымен баланың мінез-құлқына
әсер етеді. Өйткені ойынның бас кейіпкері болған бала
үнемі ұта бермейтіні анық. Кейде жеңеді, кейде
жеңіледі. Ал ұтылған сайын оның ойынға деген
құмарлығы арта түседі. Өзі сол
әлемнің батыры болуға ұмтылады. Сырттағы
дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс
алаңында немесе сатырлаған төбелестің ортасында,
әйтеуір, жарыс алаңында жүреді. Мұндай кезде
баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол
береді. Ұтылып қалса, көңіл күйі болмайды. Тіпті
осындай кезде айналасындағы адамдардың сөзін тыңдамай,
ренжісіп қалуы мүмкін. Екіншіден, компьютерлік ойындардардың
көпшілігі атыс-шабысқа негізделгендіктен, мұндай ойынға
әуес балалардың бойында мейірімділік, ізгілік қасиеттері
азаяды [2].
Жалпы, балалардың компьютерлік ойындарға
қызығушылығы 3-4 жасынан басталады. Бірақ мұндай
кезде баланы компьютерге жақындатуға мүлде болмайды. Бала 7
жастан асқаннан кейін ғана аптасына бір рет және аз
уақыт компьютерге үйреткеніңіз жөн. Ал бесінші сыныптан
кейін оқушының бұндай ойындарға
қызығушылығы қатты байқалады. Әсіресе, осы
уақытта жуас, өз ортасынан бөлек жүретін балалар
компьютерлік ойындардың тұтқынына айналуы мүмкін. Олар
достарымен жақын араласпағандықтан бар уақытын
компьютер алдында өткізеді. Мұндай кезде оны ойыннан алыстату
өте қиын. Тіпті ол ата-анасына қарсы келіп, жанжалдасуы
мүмкін. Ұзақ уақыт компьютермен жұмыс
істегендіктен, оның адамдармен қарым-қатынасы қиындай
түседі. Мінез-құлқы өзгеріп, тез ашуланады.
Көпшілікпен тіл табыса алмайды. Компьютерді қосқанша байыз
таппай, ал оның алдында отырғанда уақыттың қалай
өтіп кеткенін білмейді. Ойнау мүмкіндігі болмаған кезде
өзін жайсыз сезініп, ашуланып, мазасызданады. Сондықтан ата-ана
баланы компьютердің алдына белгілі бір уақытта ғана
отырғызғаны жөн. Шектен тыс құмарлық баланы
компьютерге тәуелділікке әкеліп соқтырады. Оны өзге
әлем қызықтырмайтын халге жеткізеді [3].
Осы мәселе төңірегінде
обьективті бақылаулардың нәтижесінде келесі факторларды атап
көрсетуге болады:
- компьютерлік ойын бизнесінің
белсенді дамуы;
- ойын бағдарламаларын
қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің кеңеюуі;
- компьтерлік ойын журналдармен
газеттердің көбеюінде;
- Интернет торабындағы ойын веб -
серверлердің санының көбеюі.
Қазір
оқушылардың барлығында ұялы телефон бар. Әрине,
телефонның пайдасы көп. Бірақ балалар агент арқылы
бір-біріне хат жазып, уақыттарын бос өткізеді. Әсіресе,
жоғары сынып оқушыларының арасында түнімен осы
жүйе арқылы тілдесетіндер көп. Өйткені бұл да
компьютерлік ойын тәрізді, бала санасын бірден жаулап алады.
Сөйтіп, олардың оқуға деген ынтасын төмендетеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Рысжанова А. Ақпараттық технологияларды қолданудың
ерекшеліктері. «Қазақстан жоғары мектебі», 2007. № 2, 13-14
бб.
2. Ж.А.Қараев
,С.М. Кеңесбаев «Педагогикалық және компьютерлік
технологиялардың өзара байланысының дидактикалық шарты»
Абай ат.ҚазҰПИ:
3. А.Н.Леонтьев
«Деятельность.Сознание.Личность.»-М.1985 г.