Момынова С.Н., Әлмұратова Б.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Тұлғааралық қарым-қатынас адамзат қоғамында өмір қажеттілігіне икемді және көп бағытты механизмнің құрылуы. Бала тұлға болып адамның әлеуметтік тарих тәжірибесін міндетті түрде және бір уақытылы шыққан нәтижені меңгереді. Баланың құрбыларымен қарым-қатынасы - тұлғаның қалыптасуы үшін ұйымдастырылған қызмет сияқты. Қарым-қатынас процесіне дағдылануда коммуникативті шеберлік және баланың әдеті, білімі, өзін қоршаған құрбыларымен және үлкендермен салыстырғанда өзінің «мені» қалыптасады. Балалар мен жасөспірімдер қарым-қатынасы К.Маркс және Ф.Энгельс айтуынша, «жеке тұлға дамуындағы барлық басқа жеке тұлғалармен тікелей немесе жанама қарым-қатынас формалары».

Тұлға аралық қарым – қатынасты үш бөлікке бөліп қарауға болады: коммуникативті бөлігі ақпарат алысумен байланысты, өз құрбыларымен бір-біріне жиналған білім қорын арттыру. Интерактивті бөлігі құрбылармен өзара әрекет процесінде қызмет етеді. Бұл жерде олардың бірігіп жұмыс істеуге қабілеттілігі, бір-біріне көмегі, өз әрекетін үйлестіру олармен сәйкес келеді. Икемділіктің жоқтығы және қарым-қатынас жасауы немесе оның қалыптасуындағы кемшілік балалардың тұлға болып дамуына кері әсер береді, оның тәрбиесіне қиыншылық тудырады. Перцептивті бөлігі баланың өз құрбыларымен қарым-қатынас процесін қабылдау, оның өзіндік жеке тұлғалық қасиеттерін танумен мінезделеді. Негізгі қабылдау механизмі және бір-бірін тануда қарым-қатынас процесін теңестіру, рефлексия, және стереотипті болады. Коммуникативті, интерактивті және перцептивті бөліктері қарым-қатынастың біріккен мазмұнын, баланың өмірлік қызметінде функциясы мен ролін анықтайды. Балалар мен жасөспірімдердің өздерінің құрбыларымен және үлкендермен қарым-қатынасы өмірлік қажеттілігі адамның қалыпты дамуын меңгеру болып табылады.

Баланың өз құрбыларымен сыныпта, бала бақшада құрылымды немесе құрылымды емес қарым-қатынасы қалыптасады. Баланың тәжірибеде әлеуметтік психологиялық қарым-қатынасы ортаның әрдайым кеңеюін қажет етеді. 7 жасқа дейінгі балалар өз құрбыларымен 50 %-тен 70 %-ке дейінгі уақытта қарым-қатынаста болады.

Балалар үшін үлкендер– мінез-құлық эталоны, еліктеу үлгісі. Құрбылары – үйымдастырылған әрекетте бір-біріне серік.

Құрбыларымен қарым-қатынас мектепке дейінгі баланың тұлғалық дамуына әсерін тигізеді, ол өзінің әрекетін басқа балалардың әрекетінен үйренеді. Ойында және шынайы өмірде жолдастарымен қарым-қатынаста, балалар үлкендердің іс-әрекетін келтіреді, мінез-құлық тәжірибесін, өзінің жолдастарын және өзін бағалауды үйрене бастайды. Құрбыларымен қарым-қатынаста мектепке дейінгілер үлкендердің әрекеттік әдісін және қалыпты адаммен өзара қарым-қатынасын қолданады. Өз құрбыларымен бала өзара қарым-қатынасты сезеді, бірақ ол тұрақты тұлғаның сапасын білмейді. Мектепке дейінгі топта құрбыларымен өзара қарым-қатынас жағдайлық және тұрақсыз (бір-бірімен талас-тартыс күніне бірнеше рет қайталанады), бірақ бұл қарым-қатынаста қалыпты өзара әрекет меңгеріледі. Балалардың топта сауатты жағдайы, қарым-қатынасқа түсе алмайтыны, топта әйгілі еместігі қарым-қатынасқа түсу процесін төмендетеді, тұлғаның әлеуметтік процесін баяулатады, бағалы сапасына кедергі жасайды. Ал кіші мектеп оқушыларына мектепке дейінгілерге үлкендер белсенді үлгі болып қала берді. Балалар өз құрбыларын бағалағанда негізі мұғалімнің ойына жүгінеді. Бұл қарым-қатынасқа байланыста кіші мектеп жасындағы балалар негізі педагогтың тікелей және жанама қатысуымен болады. Сонымен қатар, тұлға аралық қарым-қатынаста олар мектепке дейінгі топқа қарағанда басқаша, жолдас таңдап қалауда құрбыларының оқуда сәттілігі мен сәтсіздігіне көп көңілін бөледі. Бұл жаста қарым-қатынас жаңадан қалыптаса бастады, алғашқыда өзара қарым-қатынас қызығушылықпен негізгі әртүрлі топ құрылады.

Бұл кезде бала психологиялық оқшаулануда болады: оның құрбылары эмоционалды көмектен бас тартады, онымен «жүргісі» келмейді. Өзара қатынас - тарылу өрісінің түйісуі, оның жеке дамуына қарсы әсер етуі, баланың қатынастағы қажеттілік қанағаттануына кедергі. Шеттетілген топтағы психологиялық климат қолайсыз болады.

Бала бақша – ол бірінші ұйымдастырылған топтық балалар, коллективті тәртіптің мақсаттылығының құрылуын іске асыру. Өзара түйісуге келгенде, кіші мектептегілер жеке адамның серік болуын бағалайды, «мейірім», «бөліскен жоқ» - «қызғаншақ». Құрбыларға қатынасы күніне бірнеше рет өзгереді. Өзара әрекеттестікке маңызды жағдайда кедергі жасайды. М.М. Лисинаның белгілеуінше, - серіктестердің мінездемесі, нақты ситуациямен қатыссыз, тек қана үлкен мектепке дейінгі жастағылардан кездеседі.

Мектепке дейінгілерде тұлға аралық себеп сүйкімділігі ұғынусыз, түйісусіз, спонтандық пайда болады. Ойынның бірігуіне серіктестік болуды балалар өздері таңдайды. Үлкендердің ұсынуымен нормативті тәртіпке қатысады. Норманың меңгеруі құрбылармен ережелік тұлға аралық қатынаста жүзеге асады. Үлкендерге еліктеу баланың талабын анықтау және әрекеттестіктің ережесін ұстау. Балалардың қатынасында «қызғаншақ» деген пікір мектепке дейінгілерде көп таралған. Тәжірибенің өзгеруі тек қана меңгеру формасында пайда болады, бұл норма кедергі және оны қалпына келтіру (В.Л. Мухина).

Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар, зерттеу нәтижесінде, қандай да бір талапты жеке сапасы мен іскерлік серіктестігіне шек қоюларымен сипатталады. Орташа мектепке дейінгі жастағы бала жеке қатынастағы дифференциялды тұлға аралық талғампаз болады, әрі мінез-құлық қалыптасады.

Мектепке дейінгі үлкен жастағы балаларда өздерінің достарының тірліктерін сезіну арманы туады, олар сол қатынаста орнықты қалыптасады. Зерттеушілердің көрсетуінше, мектепке дейінгі үлкендердің идентификациясы енді өзін ролдік ойынмен және серіктестігінің көзқарасымен бағалайды.

Детерминациялық оқу бойынша, балалық қалпындағы топтық қатынастары «модельдің» ең жекелігі болады және өз серіктестіктердің жоғары бағаланады. «Жұлдыздар» мінезінің белгілері сапалы жақсы серіктестерінің ойыны бойынша: ойынды білгенше әрекеттестіріп, ролдің ризаласуы, ойынды сюжетті дамытып, ойынның ережесімен жүру керек. Мектепке дейінгілерде жоғары бағалауды беріп, ұқыптылықпен кім көрінеді, өзара көмекке ұмтылу, достыққа және сыртқы келбетіне дамудың қатынасы бағаланады. «Жұлдыз» көрінеді және жетіспеушіліктері: «бұйрық беруді жақсы көреді», «онша тыңдамайды», бірақ бұл қабылдау кері сапасы мінезді білдіретін негіз ретінде. Мектепке дейінгілердің «изолюцияланған» мінездеріне: деффектісінің дамуының ақыл-ерік кеңістігі: дауыс көтеру; тұйықтылық; қызғаншақтық; ашуланғыш («бәрін бүлдіреді», «ойыншықтарды сындырады» және т.б.) жатады.

Топтық норма, мектепке дейінгілердің тұлға аралық қатынасын реттеу, жеке әлеуметтік зерттеу бағдары баланы іс-әрекетке оятады, «барлық адамдар» сияқты болуға тырысады.

Мектеп жасына дейінгі жылдары, әсіресе 5-6 жаста, өзіндік түсінік құрылуының қарқынды процесі жүріп жатады. Дамудың негізгі компоненті - өзін белгілі бір жыныстың адамы ретінде түсінуі, жынысына сәйкес міндеттердің үлгілерін меңгеру. Мектеп жасына дейінгі балалар жалпы әлеуметтену процесіне өте қажетті бөлігі ретінде кіреді. Ол тек отбасы арқылы ғана емес, сонымен қатар құрбы-құрдастары арқылы жүзеге асады.

Мектепалды топ дегеніміз – шын мәнісінде сюжетті ролдік ойындар негізінде пайда болатын балалардың алғашқы бірлестігі. Мұнда қоғамдық қасиеттердің құрылуына және ұйымдасудың бастамасына әсер ететін жағдайлар бар.

Мектеп жасына дейінгі балаға топтың тәрбиелік әсері құрбы-құрдастарының ерекше мәні ретінде және эмоционалды тартымдылықпен байланыстырады.

Өзінің құрбы-құрдастарымен біргіп жасайтын іс-әрекеттерге күнделікті қатысу қажеттілігі кіші мектеп жасынан бастап, ересек жасқа дейін өседі. Егер де балалар өзінің жолдастарын ойынға қабылдамаса, ойын шартын бұзса, оны шығарып жіберу – бұл өздерінің құрбыларына байланысты балалардың қоғамдық тәрбиелеу шаралары.

Көптеген жылдар бойы қарым-қатынастың тұлға аралық қатынастары және мектепалды топтағы балалардың өзара әрекеттерінің әлеуметтік психологиялық зерттеулер жүргізілген. Олар осы зерттеуде топтағы балалардың арасындағы орнататын байланыстарды кездейсоқ, тұрақсыз, жағдайлық және тікелей эмоционалды деп қарастыруға болмайтынын көрсетті. Бала үшін мектепалды топ  - түрлі жағымды және жағымсыз қобалжулардың қайнар көзі. Топта әлеуметтік мінез-құлықтың дағдыларын және бірігіп жасайтын іс-әрекеттерді – ойын, еңбек, көркем бейнелік және т.б. түрлерін балалардың бір-бірімен өзара әрекеттесудегі адамгершілік нормаларын меңгереді. Сондықтан да мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынасының психологиялық жағына ерекше мән беру қажет екені танылып отыр.

 

      ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Коломинский Я.А. О взаимопониманиях в группе детей. // Дошкольное воспитание. – 1996, №1

2.     Коломинский Я.А., Жизневский Б. Социально-психологические аспекты руководства ролевой игрой. // Дошкольное воспитание. – 1996, №6

3.     Шерьязданова Х.Т. Учить детей общению А. Рауан, 1997.

4.     Шерьязданова Х.Т. Психолог в детском саду. Алматы. Рауан. 1997