Қазақ ұлттық киімдердің элементтерін замануи костюмдерде қолдану

Байұзақова Г.С., Иса М., РК, Тараз қаласы 

 

Костюм, әр  көркем  туынды  түрі  сияқты, эстетикалық  функцияны  орындап  тек  қана  адамға  сай  әсемдікті  сезіну  және  құрастыру  табиғи  талаптарын  қамтамассыз  етеді. Утилитарлыққа  салыстырмалы  киімнің  бұл  функциясы  әрқашанда  бағынышты  болып  табылады, бірақ  оған  қарамай  ежелгі  заманда  да  адамдар  оны  ескерген.

Функционалдық  киімді  көркем  орындалған  костюм  ретінде  шығаруға  оның  безендірілген  әшекейлері  көмектеседі.

Костюм  әшекейі  деп-костюмді  толықтырып  тұратын  элементтердің  көркемдік  жүйесін  атайды.

Киімдегі  әшекей  элементтерді  конструктивтік  міндет  орындамаса  да  болады. Бірақ  бұл  әшекей  элементтерді  ерте  кезеңде  қолданылып, осы  уақытқа  шейін  қолдануда.

Мындаған  жылдар  барысында  адамзат  костюм  өнерінің  дамуына  көптеген  әшекей  түрлерін  қолданған: бояу, набойка-әр  түрлі  техникада  матаны  суреттеу, тоқыма  өнері, кестелеу, жабыстыру, құрақ, сырып  тігу, былғарыны  тараптау, инструкция  және  тағы  басқалары. Әшекейлеудің  тәсілдерінің  техникалық  әр  түрлілігіне  қарамастан  оның  қолданылу  мақсаты  бір-дөрекі  қолдан  тоқылған  кенеп  болса  да  көркем  өнер  туындысына  айналдыру, көрерменге  белгілі  мән-мағыналық  және  эстетикалық  мәліметтерді  жеткізе  білу, көрермен  көзін  сұлу  әсемдік  көрініспен  қуанту. Алғашқы  қоғамның  өзінде-ақ  адам  өзі  сияқтылардан  өзгешеленуге  ұмтылған. Осындай  мақсатта  олар  өз  келбеттерін  сәндеуді, яғни  бояуды  ойлап  табады. Олар  алдымен  дененің  жекелеген  бөліктерін  бояйды, сонымен  қатар  татуйровка  түсіреді.

Костюмнің  дамуына  байланысты, сәндеу  суреті  денеге  емес  киім  матасына  түсіріле  бастайды. Бұл  бейнеленулер  тек  қана  костюм  әшекейлері  қызметін  атқарған  жоқ, сонымен  бірге  киім  иесінің  әлеуметтік  жағдайын  көрсететін  болған, белгілі  бір  руға  немесе  тайпаға  жататындығын, және  де  діни-мистикалық  мағынасы  болған, яғни  сақтандыру(қорғау)  қызметін  атқарған. Қазіргі  кезде  суретші-модельерлер  мен  әшекейлеушілер  тігін  бұйымдарын  көркем  безендіруіне  көп  назар  аударады. Кейінгі  кезде  ерекше  әшекей  түрлері  ойдан  шығарылады, олар: темір, айна, әйнек, пластмас, ағаш  және  тағы  басқалары. Бұл  XXI  ғасырдың  сәні. Сонымен  қатар, «әжелердің  өнері» де  біргежүріп  қолданылады. Безендірудің  міндеті-бұйымның  ерекшелігін  айқындап, тек  қана  осы  модельге  сай  көрсеткіштерін  белгілеу. Мысалы, оның  мөлдірлігінің, болмаса  жұмысшы  пішімін, элеганттық  стилін  көрсету. Тіпті  конвейерден  шыққан  жай  көйлекті  таспа, шнур, белдік, шешілетің  жаға, макраме  түрге  келтіруге  болады. Қазіргі  заманның  костюмінің  фурнитурасын  түйме, бастырма, қапсырма, сырма  да  әшекей  ретінде  қолданылады. Костюмнің  функциясы  мен  әшекейіне  байланысты  художник   ұсынылған  үлгіге  оның  фурнитурасына  көңіл  бөледі. Модельді  ең  бірінші  безендіру  қажет. Мысалы  жапсырып  әсемдеудің  әр  түрлі  жолдары  бар: биссер, таспа, паетка  түрлі  формадағы  тепшімдермен  белгілі  суретті  кестелеп, ішін  биссермен  әсемдеуге  болады. Қазіргі  кезде  тігін  бұйымдарды  әр  түрлендіретін  көп  жаңа  тәсілдер  пайда  болды.

Әшекей  түспен  үйлесуі  құрылысымен, сызықтары, формалары, маталармен  байланысуы  керек. Мұның  барлығында  ешекей  дербес, бағынышсыз  композиция  элементі  болып  табылады, бұл  қосымша, безендіру  мүлдем  болмауы  да  мүмкін, бірақ  та  барлық  костюмде  ол  міндетті түрде  емес. Қазіргі  заманның  сәні  шамадан  тыс  әшекейлерден  ажырады, бірақ  қазіргі  күндегі  сәннің  өзіне  тән  тәсілі  және  олардың  қолданылуы  сипаттас. Көркем  әшекейлер  танымдылығы  мен  костюмдегі  композиция  шешіміне  қатты  әсер  етеді, не  қосымша  ретінде, не  болмаса  акцентті  центрі  негізінде  болады.

Барлық  жағынан  әр  түрлі  әшекейлерді  қолдану, эстетикалы  костюмді  безендіру  суретші  сәнгерлердің  толық  жұмысы  болып    табылады. Тап  осы  әшекейлерге  сүйене  отырып, бүгінгші  күндерде   қайталанбас  бұйымдар  шығарылуда, әшекей  киімге  сыпайылық  және  қымбатшылық  жарқын  мен  сәулетті  түр  береді. Әшекейлердің  көмегімен  суретші  бұйымды  безендіреді, сондықтан  әшекейлердің  актуалды  болуы  сөзсіз. Костюмді  көркем  безендіргіш  ретінде  бүгінгі  күнде  сәнгерлер  әшекейдің  мынадай  түрлерін  қолданады: яғни  кестенің  барлық  түрлерін, сонымен  қатар  биссер, тоқыманың  әр  алуан  түрлерін, гофрирленген,  плиссерленген  мата  түрлерін, батик  көбінесе  актуалды, әр  алуан  шнурларды  және  қауырсындармен  әшекейлеу. Көркем  әшекейлердің  түрлерінін  аса  актуалдысы  «биссер» болып  табылады, яғни  биссермен  кестелеу. Сонымен  қатар  матаға  басу «батик» болып  отыр. Бүгінде  әшекейдің  орындалуы  бұйымдарды  сәндеп  әрлеуге  мүмкіншілік  береді. Әшекейдің  арқасында  үлгінің  ерекшеліктерін  көрсетуге  болады  және  бұйымның  айқын  негізін  байқауға  болады. Үлгі  жасап, жобалауда  суретші  көбінесе  әшекейлердің  әр  алуан  түрлеріне  сүйенеді, сондықтан  көбінесе  бір  үлгіде  көптеген  әр  түрлі  әшекей  түрлері  қолданылады. Бірақ  қандай  да  болмасын  әшекей  қайталанбас  бұйым  шығаруға  ойластыруға  көмек  көрсетеді. Осы  жерде  бір  қасиет  бар  екенін  яғни  бір  модельде  бір-бірімен  үйлеспейтін  әшекейлердің  толық  қатары  бар  екенін  ұмытпау  керек. Сондықтан  да  әшекейлердің  әр  түрлі  сипаттағы  түрлерінің  бәрін  бір  уақытта  қолдануды  терең  оқу  керек  екенін  талап  етеді, және  оларды  бір-бірімен  бір  модельде  үйлестіруіне  сонымен  қатар  үлкен  талант  пен  сезім  іскерлік  қажет. Жобаланатын  модельдің  безендіруіне  қолданылатын  декоративті  тәсілге  байланыссыз, жалпы  талаптардың  қатарын  ескеру  қажет:

-         Костюм  орынды, стиліне  және  арналуына  сәйкес  болуы  керек.

-         Костюм  формасын  айқындауы, одан «ұлғайып» кетпеуі, бөтен, кездейсоқ  болып  тұрмауы  керек.

- Суретке  қарапайымдылық  пен  бекзаттық  беру  үшін  түпкі  түс (фон)  жеткілікті  болуы  керек.

- Тігілетін  киімнің  материалына, түсіне, фактурасына, иілгіштік  қасиеттеріне  сай(үйлесімді)  келуі  керек.

- Көрерменнің  назарын  өзіне  тарту  үшін  түгел  костюмнің  әсерлі(эмоциональный)  орталығы  болуы  керек.

Декор  қолдану  дұрыс  болып  есептеледі, егер  де  ол  қазіргі  заманның  сәніне  сай  ерекше  үйлесімді  тұтас  костюмді  құрастыруға  мүмкіншілік  беретін  болса.

Тігін  бұйымдарын  безендіруінің  стандартты  жіктеуі  шектелмеген, әр  авторлар  өз  вариантын  береді. Мысалы, авторлар  барлық  маталар  мен әшекейдің  формаларын  7  топқа  бөледі:

1.                 Бедер  тігіс, бүрме, буф, драпировка, қыртыстар, плиссе, гофре  жасау  арқылы  пайда  болған  әшекейлер.

2.                 Бұйым  өңдеу  матадан  жасалған  бөлшекпен (желбіршек, желбірше, жиек, түтікше, бант, галстук, белдікше, қақпақша) өңдеу /сурет 2/.

3.                 Арнайы  маталармен  өңдеу (шілдер, ызба, ирекбау, бау, сутан,  шашақ, таспа, гүлдер).

4.                 Фурнитурамен  өңдеу (түйме, иірім  жіп, әшекей  бастырма,  блочка, халнитен, сыдырма).

5.                 Кестемен, аппликациямен, эмблемамен  өңдеу.

6.                 Басқа  маталармен  өңдеу (үлбір, былғары  және  табиғи  трикотаж, күдері, стилок, барқыт, шілтері  жайма  маталар).

7.    Бастыру  суретпен  бұйымдарды  өңдеу.

Пішімде, жаймада  киім  бөлшектерімен  текстильді  бұйымдардың  колористикалық  пен  көркем  безендіруіне  ерекше  назар  аударып, Иванов  текстиль  академиясының  авторлары, текстиль  және  тігін  өндірістің  безендіруін  бөліп, химиялық  безендірудің  әдістерін  белгілейді.