Оспанова С.М.
аға оқытушы, магистр
Ш.Е.Есенов
атындағы КМТжИУ
Тақырыбы: Үйлер мен коттедждер
қрылысындағы жаңа технологиялар: жеңіл болат жұқа қабықты
құралымдыр (ЖЖБҚ)
Атауынан көрініп
тұрғандай жұмыс принципі мен
осы түрдегі құралым материалдарын пайдалану
әдісі түсінікті. Жеңіл болат
жұқа қабықты құралымдыр –
бұл ғимарат қаңқасын құруда,
мансард қабатын тұрғызуда, өте жылдам және
ыңғайлы, ғимаратты экономикалық қайта жөндеу
үшін қолданылатын, әр
түрлі пішінді металл профильдер.
Құрылыстағы жаңа технологиялар типтік операцияларды орындау уақытын
қысқартып ғана қоймай, сонымен қатар олардың құнын арзандатады,
мұндай технологияның мысалы ретінде ЖЖБҚ көруге болады.
ЖЖБҚ
қолданылудың ең айқын көрінісі қаңқалы құрылыста:
ағаш және тас қабырғалардың орнына
бағыттаушы металл профилдер қолданылады. Құрылыстың мұндай әдісі бірқатар артықшылықтармен
сипатталады:
1.
тұрғызудың
салыстырмалы қарапайымдылығы – ауыр көтеру
қондырғыларын қолдану қажет етілмейді;
2.
монтаждаудың
жоғары жылдамдығы;
3.
ғимаратты ауыспалы жоспарлау – сәулетшінің фантазиясы
тәжірибелік түрде ештеңемен, тек физика заңдарымен
болмаса, шектелмейді;
4.
қаңқа
құралымының төменгі салмағы – ауыл және тереңдетілген іргетастарды
қолдану қажет етілмейді.
Құрылыста жаңа
технологияларды пайдалану металл
құралымдарының өзін аязға және қатты
ыстыққа төзімді етеді:
қаңқалық
құралымдар ерекше жылыпрофилдік құралымдарына
сәйкес, жылуөткізгіштік коэффициенті бойынша табиғи материалды
құралымдармен
бәсекелесе алады.
Алынбайтын қалып.
Құрылыстағы
жаңа технология ретінде алынбайтын қалыптар алдымен АМШ, содан
соң Европаға ауысты, кейіннен ТМД елдерінің
құрылысшылары қолдана бастады.
Меңгерудің мұндай кезеңі, кез келген
климаттық жағдайларда
құрылыстағы жаңа технология ретінде алынбайтын
қалыптар өзінің жоғары тиімділігін көрсете
білді.
Технологияның басты
мәні мынада, монолитті темірбетон
құралымдарды құруда
қалып, жұмыс
ертіндісінің алдын ала қатуы аяқталған кезде ажыратылып
алынбайды, ол ойықтарды толтыру материалы және
жылусақтағыш материалы болып келеді. Мұндай
технологиямен монолитті
құралымдарды толық
монтаждаудың уақыт
мерзімін қысқартуға қол жеткізіледі. Алынбайтын қалыптардың сапалы
берілген материалдары ретінде
табиғи материалдар (қылқан жаңқасы
түріндегі ағаштар), және де жасанды материалдар
(көбікті полистерол) қолданылады.
ЗD-панелдер
3D-панелдер – бұл
қазіргі заман құрылысындағы ең соңғы
технологиялары болып келеді, ол
құралымдарды тұрғызудың екі принципін
біріктіреді: қаңқалы-панельді және монолитті. Тапсырманың негізі,
қаңқаны, зауыттан
алдын ала әкелітетін, типтік көбікті полистиролдардан жинақтау. Панельдерге енгізілген арматуралық
торлар тоттанбайтын болат сымды арматураларға пісірілген соң, алғашқы монтаждау аяқталады.
Ақырында, бетон
құюға қолайлы
негіз болатын, құралымдың көтеруші қабілеті
құрылады. Нәтижесінде
қуатты арматуралық құралымы бар монолитті құралымдарды
құруда жылдам және сенімді, мықты құралым
пайда болады. Құрылыстағы жаңа технологиялар
ғимараттарды тұрғызу әдістерінің
ұсынылған әдістерінің ішінен ең жақсыларын
біріктіреді, өте жақсы
мысал ретінде 3D-панелдерін
қолдану технологиясын көрсетуге болады.
Кернелген арматура технологиясы.
Құрылыс
технологиялары саласындағы тағы да бір қазіргі заман
лебі. Кернелген
арматура технологиясының мәні негізгі ұстап тұратын элементтер ретінде қолданылатын
типтік арқалықтар мен тіректер орнына жоғарғы
беріктікті арматураларды қолдану болып табылады. Домкраттар мен
арнайы техникаларды қолданып, құрылысшылар алдымен
болашық құралымның «тіректік сүлдесін»
құрастырады (көпір
аралықтары, ғимарат куполдары), содан соң бетон ертіндісін
құю жұмыстары атқарылады.
Кернелген арматура
құралымның ішінде қалады, бетонның қату
мерзімі аяқталған соң,
құралымның
одан ары беріктігін арттыру мақсатында тағы да
кернеледі.
Құрылыстың
монолитті темірбетон саласында жұмыс істейтін мамандар, жақын
болашақта өте ірі көлемдегі құрылыстарыд
тұрғызуда, кернелген
арматуралар технологиясын қолдану, нақты зор ұмтылыс екенін айқындар отыр.
Түйіршіктелген
көбікті шыны
Түйіршіктелген
көбікті шыны – бұл, өндіріс
технологияларын жетілдіру жолымен қайта
ойлап табылған,
жаңа «ескі» материал. Азғантай
уақыт бұрын түйіршіктелген
көбікті шыныны өндірі өте қымбат процесс болатын,
сондықтан бұл жылу оқшаулауыш материалы кең таралмаған.
Алдымен, бұл жағдай өте ұзақ
және күрделі технологиялық процесске байланысты болатын. Түйіршіктелген көбікті шыны, материалдың атқаратын қызметі жағынан перспективалы етіп
көрсететін, бірқатар
оң сипаттамаларға ие:
· жоғарғы
беріктік;
· ылғалға
төзімділік;
· ыңғайлы
түйіршіктелген пішіні;
· аязға
төзімділік;
· төменгі
жылуөткізгіштік.
Дегенмен, өндірудің қымбат
құны түйіршіктелген көбікті шыныны құрылыста
қолданудың барлық амалдарын жоққа шығарды – құрылыстағы
жаңа технологиялар
нарықтық шынайы
қатал «цензурадан» өтпей
қалады.
Сонда да, технологиялық
процесстерді автоматтандыру
аймағындағы алға дамудлар өндіріс
барысындағы бірнеше процесстерді топтастыру мүмкіндігін
туғызды. Ол түйіршіктелген көбікті шыныны өндіру
уақытын қысқартты, яғни, оның құнында
да айқын өзгерістерді көрсетті.
Енгізілетін судан оқшаулау.
Енгізілетін судан оқшаулау құрылыс
технологиялары саласындағы тағы да бір қазіргі заман
лебі.
Сенімді судан оқшаулау
маңызын қайта бағалау күрделі, себебі климаттық жағдайлары
күрделі аймақтарда жылына 800 мм дейін жауын шашын түсулері
мүмкін – сондықтан
іргетасты, көтеруші құралымдары, шатырды,
ғимараттардың қабырғалар жабындарын ескермегенде
қирау және коррозиядан сапалы қорғау керек.
Енгізілетін судан оқшаулау технологиясы өз жұмысының реті
бойынша барлық өткен
бұйындардағы технологиялардан мүлдем өзгеше.
Ғимарат құрылысы аяқталған соң да, ғимараттың құралым
элементтерінің ылғал бетіне
ұнтақ тәрізді
субстанцияны жағу
арқылы, құралымды ылғалдан қорғау
қамтамасыз етіледі. Мұндай
судан оқшаулау технологиясы,
өте ұсақ кристтал түйірлерін түзіп, материалдың микро кеуектеріне ылғалдың түсуіне жол
бермейді, сонымен қатар материалға «жұтуды» қамтамасыз
етеді, яғни, ылғалдың
артықтарын жойып, ауа өткізіп тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.Қ.Хамзин
Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс
технологиясы.Астана. 2004ж.
2.Афанасьев А.А., Данилов Н.Н., Копылов
В.Д. и др. Технология строительных процессов: Учебник. М: Высшая школа.1997г.
3. Атаев С.С.Индустриальная технология
строительства из монолитного
бетона. М: Стройиздат,1989.
4. Афонин И.А., Евстратов Г.И.,Штоль Т.М. Технология
и организация монтажа специальных сооружений: Оқу құралы. М.: Высшая школа,1986.