Жоғары температуралардан қорғайтын арнайы киімдер жайлы

Байұзақова Г.С., Мукаева А.М., РК, Тараз қаласы

 

Жоғары температуралардан қорғайтын арнайы киім ыстық цехтарда ұшқындардан, отқабыршықтарынан, балқыған металдық шашырандыларынан, сәулелі жылудан жұмысшыларды қорғауға сондай-ақ жоғарғы және төменгі температуралар шартында жұмыс ітеуге арналған.Берілген арнайы киімнің ассортименті косюмдер, алжапқыштар, биялайлар, комбинезондар ретінде көрсетілген.

Бұл арнайы киімді дайындау үшін отқа төзімді сіңдірулері бар зығырлы және мақталы маталар қолданылады. Бұл маталардың көбісінің беті жеткілікті тығыз және тегіс, мұндай қасиеттері арқасында балқыған металл ұшқындары мен шашырандылары жеңіл домалап түседі. Маталарды сіңдіру үшін әркелкі заттар ерітінділері, ал негізінен минералды тұздар қолданылады. Оттан қорғағыш, құраммен өңделген  мата ауаөткізгіштікті, жылуөткізгіштікті, буөткізгіштікті  жақсы сақтайды. Балқыған металлдың ұшқындары және шашырандыларымен, тіпті оттың өзімен қысқа уақыттың жанасуда, оттан қорғағыш сіңдіруі бар матадан жасалған киім жанбайды, бірақ отпен немесе балқыған металлмен тікелей жанасу жерінде шектеулі учаскеде бүлінуі мүмкін.Тәжірибе жүзінде қолданылып жүрген сіңдірушілердің кемшілігі, олардың мата беріктілігін анағұрлым төмендетіп жіберуі. Одан басқа сіңдірме (сіңдіру) үшін антипирен су ерітінділерін қолдану себебінен матаның өрттен қорғағыш қасиеттері жуылғаннан кейін жоғала бастайды. Бұл отқа төзімділікті қалпына келтіру үшін арнайы киімді қайтадан сіңдіру қажеттілігіне әкеледі.

Ыстық цехтарда қолданылатын алжапқыштар негізінен отқатөзімді сіңдіру бар зығыр маталарынан жасалады. Асбестті маталардан жасалған алжапқыштар әлдеқайда сирек қолданылады. Сәулелі жылуды шағылдыру мақсатымен алюминді және ақ қаңылтырлы жабындысы бар (бейматалы) текстильді емес маталар (материалдар) қолданылады.

Киімдік материалдарды металдандыру үшін аллюминді пайдалану, металл бағасының салыстырмалы арзандығымен және оның ең үлкен жоғары жарықшағылдыру қаблеттілігімен шартталады.

Металданған маталар электрөткізгіштікке ие болатындығын айтып кеткен жөн. Металлданған маталардан бұл қасиеті электрмен пісіруші және электрмонтері арнайы киімдерін жасауға мүмкіндік бермейді.

Төмен температуралардан қорғау үшін жылытылған арнайы киім қолданылады. Жылытылған киім қабаты қопсытқыш, ауа толтырғыш, жеткілікті үлкен қалыңдыққа және соған сәйкес үлкен жылуайырғыш қаблеттілікке ие болуы қажет. Жапқыш қабат үлкен беріктілікке, аз ауа өткізгіштікке ие қаптағыш болуы қажет.

Термоқорғағыш материалдар ретінде мақталы және жартылай жүнді ватин қолданылады. Аса қатаң (суық) төмен температуралы (-40 град. төмен) және қатты желді аудандар үшін жылытқыш ретінде табиғи қойтері, түйе жүні қолданылады.

Ыстық цехтардағы жұмысқа арналған костюмдер, ұшқындардан қорғау үшін ГОСТ 9402-70 (ерлерге арналған) және ГОСТ 9401-70 бойынша (әйелдерге арналған) жасайды. Бұл киім түрі әркелкі мамандық жұмысшыларына арналған (болат қорытушы, краншы, қақтаушы, қалыптаушы, ұста). Костюм мартендік, болат балқытушы, прокатшы және ұсталық цехтарда яғни температура +50 , ал сәулелі жылумен сәулелеу белсенділігі 18-20  дейін жететін жұмыс орындарында қолданылады.

Костюмдердің алдыңғы бойында және шалбардың алдыңғы бөліктерінде жапсырмалар қарастырылуы мүмкін. Олар арнайы киімнің тозуға беріктілігін қамтамасыз етеді. Еңбек шарттарына байланысты бұл жапсырмалар сәулелі энергияны шағылдыратын металданған матадан болуы мүмкін. Ауа алмасуды қамтамасыз ету және пайдаланушылық қасиеттерді жақсарту үшін ойынды астынан және иінішті бастыра тігу сызығы бойынша саңылаулар қарастырылады. Жартылай жүнді маталардан және шұғадан жасалған костюмдерде үстіңгі жағаға мақталы матадан жасалған жолақ тігіледі.

Жылусақтағыш киімдер жобалау кезінде елдің әркелкі аудандарының климаттық ерекшеліктері, ағзаның қоршаған ортамен жылу алмасуының физиологиялық ерекшеліктері және киім материалының жылу физикалық қасиеттері ескеріледі.

Пайдаланушылық талаптар (шарттарға) сәйкес келетін арнайы киімді жобалау үшін конструктордың мынадай мағлұматтары болуы тиіс:

1.    атмосфералық ауа температурасы;

2.    киім эксплуатациясы ұшырайтын (предпологается) әлдеқайда ықтимал жел жылдамдығы, м/с.

3.    осы киім арналатын адамның орташа энергия шығынын, ккал/с

4.    берілген шарттарда адамның үзіліссіз болу уақыты,С

Киімнің жылусақтағыш қасиеттерін есептеуге қажетті, осы барлық мағлұматтарды конструкторлар арнайы киімді жасауға тапсырыс берген сәйкес мекемелерден немесе әдістемелік материалдардан алынады. Жел жылдамдығы жөніндегі білім киім пакетінің ауа өткізгіштігін таңдау және киімнің жылулық кедергісінің есепті мөлшеріне түзетулер енгізу үшін қажет. Желдің үлкен жылдамдығы шартында ауаөткізгіш киім тіпті ол қаншалықты қалың болғанымен адамды салқындаудан қорғай алмайды. Жылулық кедергі мөлшерін адамның қандай да бір метеорологиялық шарттардағы болу уақыты мен жұмыс істеу белсенділігін анықтайды. Төменгі температуралар шартттарында жұмыс істеуге арналған киімнің жылулық кедергісін есептеу үшін берілген шарттарда үзіліссіз болу уақыты әдетте 4 сағаттан аспайтындығынан табу қажет. Аса төменгі температураларда (-30 ) бұл уақыт екі сағатқа дейін қысқартылуы тиіс. Киімнің жылулық кедергісі негізінен оның қалыңдығымен анықталады және көлемдік салмағы мен жылуайырғыш материалдың талшық түріне аз тәуелді, сондықтан үлкен жылулық кедергісі бар киім үлкен қалыңдыққа ие болуы тиіс. Мұндай киім жұмыс істеуде ыңғайсыз, ол ауыр, адам қозғалысын қиындатады. Жылусақтағыш киім жобалау кезінде (төмен температуралы шарттар үшін) киімді пайдаланатын адам біршама салқындайтындығын ескеру қажет. Мұнда тек берілген уақыттың соңына қарай адамда «салқынырақ» сезімін тудыратын ғана салқындау дәрежесін жіберуге болады, бұл ағзаны суықтан қорғауға бағытталған, ең жақсы термореттегіш механизмдерді қамтамасыз етеді. Ағзаның қандай да бір салқындатылуын ескеретін киім адамға қоршаған ортаның одан да жоғары температураларында, сондай-ақ үлкен белсенді физикалық жұмысты дененің қызуынсыз жұмыс орындауына мүмкіндік береді. Материалдарды таңдау кезінде мынаны ескеру қажет, жылытылған киім әртүрлі құрылымнан, әртүрлі қасиеттерден және әртүрлі мақсаттарға арналған материалдардың бірнеше қабаттарынан тұрады. Қысқы киім пакеті әдетте сыртқы матадан, жылытқыш төсемдерден және астарлардан тұрады. Сыртқы маталар киімді пайдалану кезінде механикалық әсерлерді қабылдайды. Олар климаттық әсерлерге төзімді, тозуға төзімді, гигиеналық болуы қажет. Желден қорғаушы төсемелер 7-40  аралықтағы ауаөткізгіштікке ие болуы қажет. Жылытқыш төсемге негізгі талаптар – аз орташа тығыздық (50-), ауаөткізгіштік, буөткізгіштік. Төсем жеңіл, тозуға төзімді болуы қажет. Материалдардың жылуөткізгіштігі, жалпы алғанда, метеорологиялық шарттарға ие болуы қажет, буөткізгштік 25 г/(м2*с) көрсеткішінен аз болмауы қажет.