УДК  343. 36 (574)

Жол қозғалысы  кауіпсіздігі   ережелерін   бұзу   арқылы  жасалған жол апат оқиғаларының кейбір мәселелері

Ж.А. Бакирова

ЮКГИ им. М. Сапарбаева

 

Резюме

В  статье дана характеристика техническому состоянию автотранспорта, говорится о статусе граждан, задействованных в данный сфере, а также о нарушениях правил пешеходного движения и о мерах безопастности к ним.

Cummary

In this article  tolol  abalt the technical sifuations of crafis  and transports. Aiso there ave about  all the trassic rules and about kecping undangerous of it.

Жол қозғалысы кауіпсіздігі ережелері "іштен", яғни автокөлікке түрлі қызмет көрсететін қызметкерлер тарапынан, немесе "сырттан", яғни оның әрекет саласындағы адамдар тарапынан бұзылуы мүмкін. Олардың бұзылу түрі әрқылы: автокөлік техникалық ережелерге сәйкес емес немесе оны пайдалану ереже талабына жауап бермейді; оны пайдалану тиісті адамдарға тапсырылмайды, т.б.

Бұл тәртіп бұзушылықтар автокөліктің /толық немесе жарым - жартылай /жүргізуші бақылауынан шығып кетуіне әкеп соғады, осыдан кейін қоғам үшін қауіпті жағдайдың туындауы мүмкін. Жүргізуші бақылауынан толық немесе жарым - жартылай шықкан автокөлік белгілі бір деңгейде дербестікке ие болып, өзінің потенциалды   /қауіпсіз шекараларда      ережелермен   бекітілген/, құрылымсыз, бүлдіргіш қасиетін   танытады.

Жол қозғалысы  кауіпсіздігі   ережелерін   бұзу   арқылы  жасалған автокөлік оқиғаларының қылмыстық - құқылық       нормалары    аса күрделі мәнге ие. Олар екі бөлімнен тұрады:

   а/ құқықгың    өзге    салалары    бойынша    берілген    әлеуметтік техникалық     нормалар

   б /жол  қозғалысы  кауіпсіздігінің ережелерінің бүзылуын   жіктеу   шарттары   мен   тәртіп   бұзғаны  үшін берілуге тиіс қылмыстық - құқылық санкцияны   айқындайтын  таза    қылмыстық -құқылық норма.

Бұдан қылмыстық-құқылық және криминалогиялық мәнге ие маңызды қорытындылар шығаруға болады.

Біріншіден, абайсыздық автокөлік қылмысының негізіне жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы жатады, оның субьективті жағы субьективтің осы тәртіп бұзушылыққа деген психикалық көзқарасын бұзудың сипаты жауапкершілік шарасына ықпал етуі тиіс.

 Екіншіден, автокөлік қылмысына карсы қылмыстық -құқылық күрес шараларын жетілдіру дегеніміз – тиісті нормалардың таза қылмыстық - құқылық бөлімін де, әлеуметтік - техникалық бөлімін де жетілдіру деген сөз. Үшіншіден, автокөлік қылмысын ескерту жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына бағдарлануы тиіс .

Абайсыз автокөлік қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік негізінен ең алдымен қозғалыс кауіпсіздігі ерекшеліктерінің бұзылуына әкеп соқкан әрекеттер жатканымен, оның қылмыстық зардаптары абайсыздық әркеттерін криминалдауда үлкен рөль ойнайды, абайсыздық үшін қылмыстық жауапкершілік саласын шектейді. Мұнан өзге, қылмыстық зардапты криминалдық шарты ретінде есепке алу, ол қоғамдық құқықгық санаға сәйкес келеді.

Сонымен бірге абайсыздықтан болған қылмыстық ерекшеліктерін есепке алмай болмайды.

Біріншіден, ол зардап айыпкер үшін елеулі бір деңгейде сол жағдайға тән ие болады, ал келесі деңгейде кездейсоқ мәнге ие болады. Зардап көп жағдайда - жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесінің бір ғана бұзылу әрекетінің емес, бірнеше себептердің болуы мүмкін, мысалы – жағдайда өзіндік еркшелігі, автокөліктің жарамсыздығы, жәбірленушінің тәртібі, т.б. дәл сондықтан, көбінесе абайсыздықтың қылмыстық нәтижесі адам мінез – құлқы үшін кездейсоқгық болып табылады, яғни тікелей іс- әрекетке қатысты емес , ішкі қажеттіліктен тумайды – сонымен зардап келтіру мұқтаждығы жөніндегі пікір абайсыздық қылмысына қарсы күрес тәжірибесінің талаптарына қарсы күрес тәжірбиесінің талаптарына жауап бермейді. И.П.Ланевкенко техника кауіпсіздігі ережелерін бұзудың зардабына байланысты қызықты мәліметтер келтіреді: әрбір ауыр немесе кісі өлімінен аяқталған жағдайда елеусіз жарақат пен аяқталған бірнеше ондаған тәртіп бұзушылықтан келеді. Ал жеңіл жарқаттан әрбір он немесе жиырма ешқандай зардапсыз оқиғалардан келеді екен. Автор былай дейді: "Практикада көптеген ұқсас техника кауіпсіздігі ережелері бұзылуының айыпкерлердің онан арғы тәртібіне қарамастан, өлімге, ауыр немесе жеңіл жаракатқа соққаны белгілі, көбінесе – бақытсыз каупі төнбей де өте шығады".

Екіншіден, абайсызда зардап келтірудің тағы да бір ерекшелігі – кейде қылмыс бірнеше адамның жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесін бұзуы нәтижесінде болады. Абайсыздық қылмысына бірге қатысу мүмкіндігінің жоқтығы – абайсыздық салдарынан қылмыстық зардапты бірге келтірген адамдарға , әсіресе, "жүзеге асырушы" ретінде танылмайтын адамдарға ісіне қарай қылмыстық - құқылық баға беру мәселесін жоққа шығара алмайды. Бұл тұрғыда Ф.Р.Галиакбаровтың пікірімен келісуге болады, оның ойынша әлеуметтік практика уақыты келгенде абайсыздық зардаптарын бірге келтіргені жөніндегі жауапкершілік реттестіруді талап етуі тиіс.

Үшіншіден, алғашқы екі ерекшеліктен туындайтын мәселе абайсыздық техникалық қылмыстарында қылмыс зардабы жол қозғалысы кауіпсіздігі ережесінің бұзылу деңгейімен сәйкес келмейді: ережені дөрекі түрде бұзғанымен соңы сәтті, тіпті субьект үшін тиімді болып шығуы мүмкін немесе ережені елеусіз ғана бүзудың соңы қайғылы жағдайға апарып соғуы мүмкін. Саналы да ерікті түрде қылмыс жасаушыларға карағанда қылмыскерінің ерекшелігі сонда: жасалған қылмыстың зардабы, оның ауырлығы абайсызда жасаған адамның әлеуметтік – өнегелік бейнесін сипаттай алмайды .

Бұдан шығатын қорытынды криминалдауда және қылмыстық жауапкершілікті даралауда шешуші белгіге айналмауы тиіс.

Қылмыс істеуде соттың үкімі мен заңға сәйкес айыпты деп танылған адамдарға ғана қылмысты жаза қолдануға мүмкіндік беретін қылмыстық құқығының ҚР Конститутциясынан туыңдайтын маңызды міндеттерінің бірі - обьективті жауаптылық кабілетіне қарсы құқылық кепілдіктер белгілеу болып табылады. Обьективті жауаптылық кабілетінің "жинақталу" қауіпі, әсіресе, автокөлікті пайдалану саласында зардап келтірген жағдайда орасан зор болады, ол бірнеше себептермен айқындалады. Азаматтық құқыққа автокөлік иесін, айыпсыз жауаптылықка, жол беруі де өз ықпалын тигізеді. Автокөлікті пайдалану барысында абайсыздық салдарынан болған ауыр зардап практикалық қызметкерлер мен тұрғындарға да елеулі түрде психологиялық әсер етеді. Ақырында, төтенше жағдайдың жүргізушіге оның психофизикалық мүмкіндігімен жоғары талап қоюы мүмкін. Бірақ, жүргізушінің кінәсін анықтайтын мәселені дұрыс шешуге тікелей қатысты бұл сөз болып отырған мүмкіндіктерге диагноз жасау әзірге тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған.

         Обьективті        жауаптылыққа        кабілеттілікті       болдырмау  жағдайлары автокөлікті пайдалану саласындағы қылмыстарга тән абайсыздық айыптарының түрлері мен аспектілерін зерттей түсуді талап етеді. Канша дегенмен, автокөлік абайсыздығының, негізінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы жатыр ғой. Ережені саналы немесе санасыз түрде бұзғандығы жөніндегі сипаттаманың да маңызы аз емес. Айта кеткен жөн, істі қылмысты деп тану үшін, ең алдымен ол ережелердің қасақана немесе абайсызда бұзылғанын анықтау керек .

Әдебиеттерде, мойындалатын абайсыздықты, өзімшімдікпен, ал мойындалмайтын абайсыздықты, ұқыпсыздықпен теңестіру жиі ұшырасады. Бұл дұрыс емес: жол қозғалысы қауіпсіздік саналы түрде бұзу нақты қоғамдық қауіпті зардапты болжамдап білмеумен толық сиысады. Мысалы, жылдамдықты өсірген жүргізуші жаяу адамның жолға шығып кететінін, оның қағып кететінін алдын ала болжай  алмайды.

   Соған    қарамастан, мойындалатын    абайсыздықтың, сөз жоқ қауіпі    зор,     ондай    да субьект    жол    қозғалысы    қауіпсіздігінің ережелерін мүддем ескермейді, оларға немқұрайлықпен қарайтынын паш етеді, яғни субьект өзі жоғары кауіп көзіне айналады. Автокөлік қылмыстарымен техника қауіпсіздігі ережелерінің қылмысты түрде бұзылуы жөніндегі жарияланған мәліметтерге сүйенер болсақ, мұндай қылмыстың қырықган елу бес процентке дейінгі қауіпсіздік ережесін саналы түрде бұзу арқылы жасалады екен.

Бұл жерде мынадай қылмыстардағы айыптың аралас түрлеріне байланысты жағдай каралған: мысалы, қылмыс негізінен абайсыздық деп танылған, айыптың аралас түрі бар /абайсыздық шеңберінде/ көбіне қауіпсіздік ережесі қасақана саналы түрде бұзылып, зардабы, абайсыздықтан болатын жағдай.

Мәселен, аралас қылмыс жөніңде болып отыр: касақана әкімшілік немесе тәртібі  құқық бұзу және оны қылмыска айналдыратын абайсыздық зардабын келтіру. Жол қозғалысы кауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына деген психикалық көзкарас.

Ерекшелігіне байланысты болатын зардаптың нақгы жағдайға қатысты және кездейсоқгығын ескере отырып, субьект пен оның іс-әрекетінің қоғамдық кауіптілігін айқындауға болады. Сондықтан да ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы автокөлік қылмысын абайсыздық деп танып, қозғалыс қауіпсіздігімен көлік жабдықгарын пайдалану ережелерінің бұзылу, мәні мен сипатын , айыпкердің бұған көзқарасын есепке алу қажет деп көрсетті.

Автокөлік қылмыстары үшін өзімшілдік пен ұқыпсыздық белгілеріне толық сыйыспайтын, ерікті ұқыпсыздық және қылмысты надандық сияқты абайсыздық айыптарының маңызы зор.

Ерікті ұқыпсыздық кезінде автокөлік жүргізуші апатты жағдаймен бетпе - бет келгенде /бұл жағдай көбінесе өзге адамдардың немесе стихиялы оқиғалардың себебінен болады/ өз бойындағы мүмкіндікті пайдалана алмай қалады.

Зардапты болдырмайтын дұрыс шешім таба алмайды. Ерікті ұқыпсыздықгың басты белгісі -субьективті белгілердің    болуы, яғни нақты бір жағдайды қауіпсіздік ережелеріне сәйкес   іс-қымыл мүмкіндігінің болуы.

Егер автокөлік жүргізушісі өз білімі, дағдысы, тәжірибесі, денсаулығы, сондай-ақ кауіпсіздік ережелерінің талабын орындау, жағдайға байланысты психофизикалық ерекшеліктері тұрғысынан алғанда кабілетсіз болса, онда мұндай техникалық қылмысты істі қарау күрделі. Жалпы ереже бойынша субьективтивті белгілері болмағандықган ондай жүргізушілерді емес, автокөлікті баскаруға жарамсыз субьектілерді отырғызған адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде мәселе қойылуы мүмкін. Егер автокөлік роліне отырған адам өзінің жарамсыздыгын сезінсе немесе сезіне алатын және сезінуге тиіс болса, онда бұл жерде абайсыздықгың субьективті белгісі бар, мұндайда қылмыстық жауапкершілік моральдық-этикалық позицияға да, ғылыми-құқылық позицияга да негізделеді. Бұл сияқгы жағдайларды қылмысты надандық деп атайды.

Автокөлік қылмыстары жөніндегі қылмыстық заңдылықгы жетілдіру үстінде қылмыстық абайсыздықгың жоғарыда аталған түрлерін есепке алу керек. ГДР қылмыстық кодексінің 8,9,10, параграфтары көңіл аударарлықтай, онда обьективті және субьективті орындай алатын міндеттерді саналы немесе санасыз түрде бұзу – абайсыздық түрлерін айқындаудың негізіне алынған, субьект жауап бермейтін айыпты жеке кабілетсіздік  жоқка шығарады.

Сөз соңында абайсыздықтан болған автокөлік қылмысының себеп-салдарын айқындау ерекшеліктеріне тоқталайық. Касакана қылмыс тұсында қылмыс жасаушыға байланысты шешім қабылдаудың себебін анықтасақ жетіп жатыр, ал абайсыздық қылмысында оның себебін анықтау процесі біршама күрделі жүреді. Ол процесстің даму кезеңін үшке бөлуге болады :

а/ субьект тәртібінің себебі мен мақсаты /әдетте , қоғамдық немесе жеке мұқтажын кднағаттандыру /;

ә/ кауіпсіздік ережесін бұзудың себебі мен мақсаты, егер бұл ережелер саналы түрде бұзылған болса /баскаша жағдайда-ережелерді санасыз бұзудың субьективті себептері /;

 б/ апатты жағдайдайы субьекті тәртібінің мақсаты мен себебі , субьекті зардаптың болу қалпын сезінген жағдайда.

Бүл себептер мен мақсаттар процесстің біркелкі динамикалық есебі салдарының элементі ретінде түрліше бағаланып, түрлі мәнге ие болуы мүмкін . Бірақ қауіпсіздік ережесін бұзуда әрбір себеп пен мақсат жетекші мәнге ие.

Себебі мен мақсатын жорамалдау құрылымы бойынша абайсыздық қылмыстары субьекті тәртібінің себеп – мақсаты мен іс жүзіңде болған /немесе калпы туған/ қылмыстық зардаптар арасындағы алшақтық ретіңде сипатталады. Сондықтан да абайсыздық қылмысында себеп пен мақсат мүдде қылмыс зардабы жөнінде емес, тек сапалы түрде тәртіп бұзған немесе оған тиісті көңіл бөлмеген жағдайындағы қауіпсіздік ережесінің бұзылу акті ретінде / субьект позициясынан/ «баяндайды», «ақтайды».

 

 

 

Әдебиеттер

 

1. Саркисов Г.С. Преступления по неосторожности. М. 2001ж.

2. Трайнин А.Н. Особенности преступлений по неосторожности. М.2003ж.

3. Зингер Г.Н. Жол қозғалысы зандары. М.  2000ж.

4. Квашис В.С.   Махмудов Ш.Д. Абайсыздық үшін жауапкершілік.
5. Д Злобин Г.А., Никифоров Б.С.  Пиғыл және оның түрлері.
М.  2000.