Сельское хозяйство/Земледелие, грунтоведение и агрохимия.
Елемесов Ж, Дәлеш Ш, Ахбаева
Л.
Қазақ
Ұлттық аграрлық универсеті, Алматы, Қазақстан
республикасы
ШАЛҒЫНДЫ ҚАРА
ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТЫҢ ТҮЙІРТПЕКТІЛІГІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАР ӨНІМДІЛІГІНЕ
ӘСЕРІ
Қазақстан
Республикасының суармалы оңтүстік-шығыс
аймағындағы шалғынды және қара-қоңыр
топырағындағы мал азық дақылдарының
астығындағы топырақтың түйіртпектілігін
анықтау арқылы оның құнарлыққа
тигізетін әсерін зерттеу.
Бұрыннан
белгілі түйіртпекті топырақтар бытыранды топырақтарға
қарағанда жоғары өнім беретіндігі, әрбір
топырақтың түйіртпектілігі кеміген сайын оның
құнарлығы төмендейді [1]. Міне сондықтан
топырақтың құнарлығын арттыру үшін, топырақтың
құрылымына түйіртпектілігін қалыптастыру керек.
Түйіртпекті топырақтар шаңданған
топырақтарға қарағанда неге құралған деген сұрау туады. Оған жалпы
көңіл аудару ретінде, бұл топырақтардың негізгі
қасиеттерінің айырмашылығында, яғни қоректік зат,
су және ауа құбылымдарына көңіл аударамыз.
Түйіртпекті
топырақтар бытыранды шаңданған топырақтарға
қарағанда қоректік заттар деңгейі жоғары. Сонымен
біршама қылтүтікшесіз аралықтарына байланысты, жауған
жауын суларын олар толық сіңіреді. Ал бірқалыпты топырақтар
тек қылтүтікшелік құрылымына
тұрғандықтан жауын суының баяу сіңіріп оны нашар
сақтайды. Оған қоса түйіртпекті
топырақтардың бытыранды топырақтарға
қарағанда қылтүтікшесіз аралықтарының
көп болуына байланысты оған ауа алмасуы өте жақсы. Осы
аталған факторлардың барлығы қосылып түйіртпекті топырақтардың
құнарлығын арттырады. Түйіртпекті топырақта бір
мезетте су және ауа құбылымдардың болуы олардың
микроорганизмдер өміріне жақсы жағдай жасайды. Соның
нәтижесінде топырақта өсімдіктің
өсіп-өнуіне керекті қоректік заттар. Органикалық зат
мөлшері аз, ылғал мен ауа алмасуы нашар, микроорганизмдердің
дамуына қолайлы жағдай жоқ. Осы себепті белгіленген
шаңданған бытыранды топырақтарда түйіртпекті
топырақтарға қарағанда дақылдар өнімділігі
төмен болады.
Зерттеу нысандары ретінде топырақтың
механикалық құрамы, оның көлемі
жөнінен әртүрлі түйіршік бөлшектерден
тұрады. Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда
болса, соғұрлым топырақтар балшықты келеді. Топырақтың механикалық
құрамының топырақ түзуде, топырақты ауыл
шаруашылығы және басқа мақсаттарға пайдалануда
маңызы зор. Топырақтың механикалық
құрамымен оның кеуектілігі, су сыйымдылығы, ылғал
өткізгіштігі, ылғалды жоғары көтеру қасиеті,
қоректі заттарды жинау мүмкіншілігі, ауа-жылылық режимдері
сияқты қасиеттері тығыз байланысты.
Осы механикалық
бөлшектер топырақ түзілу және оның әрі
қарай даму процестерінде топырақ шіріндісі, өсімдік
тамырлары, топырақтағы жәндіктер әрекеттері
арқылы бір-біріне желімденіп, жабысып, әртүрлі топырақ
түйіртпектерін агрегаттарын құрады. Топырақ
құрылымы оның су-ауа алмасуына т.б. көптеген
физикалық қасиеттеріне әсер етіп, оның
құнарлылығына өте үлкен септігін тигізеді.
Топырақтың құнарлылығы
оның құрылымына байланысты шірінді мен кальцийге бай
қара топырақ құрылымы ең жақсы
топырақ болып саналады. Топырақ түйіршіктерінің
көлемі 10 мм-ге дейін болса, кеуек топыраққа ауа, су
оңай өтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы
жағдай туады.
Топырақтың
маңызды агрономиялық
қасиеттері оның гранулометриялық құрамына,
жылу, ауа, ылғал, қоректену режимдеріне, жерді өңдеу
құралдарының жұмыс органдарының тозуына
ықпал жасайды [2].
Гранулометриялық
құрамы әр түрлі топырақта егіс жұмыстарын
бастау мерзімі әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар ол
топырақтың физикалық «пісу» мерзіміне де байланысты. Осыған
орай өңдеу сапасы, еңбек өңімділігі,
жанар-жағар май шығыны, тыңайтқыш беру мерзімі мен
мөлшері әр түрлі болады.
Гранулометриялық
құрамы бойынша зерттеліп жатқан шалғынды
қара–қара топырақ ірі шаңды ауыр
құмбалшықтыға жатады және оны 1-ші кестенің
мәліметтерінен байқауға болады. Диаметрі 3 мм ірі
бөлшектер мүлдем кездеспейді. Ірі құмды
бөлшектерде көп емес және қабаттарда таралуы
жөнінде белгілі заңдылықтар байқалмайды. Ірі шаң
мөлшері көптеп кездеседі (кесте 1).
Кесте 1.
Шалғынды-қара қоңыр
топырақтың гарнулометрияық құрамы
|
Қабат
тереңдігі, см |
Диаметрі әртүрлі бөлшектердің мөлшері, % |
||||||||
|
>3мм |
3-1мм |
1-0,25мм |
0,25-0,05мм |
0,05-0,01мм |
0,01-0,005мм |
0,005-0,001мм |
<0,001мм |
<0,01мм |
|
|
0-20 |
жоқ |
0,10 |
4,8 |
10,4 |
37,2 |
14,7 |
12,3 |
19,7 |
46,7 |
|
20-40 |
// |
0,5 |
4,5 |
9,1 |
39,0 |
14,7 |
12,0 |
20,2 |
46,1 |
|
40-60 |
// |
0,6 |
7,9 |
4,2 |
38,0 |
12,2 |
21,7 |
15,4 |
49,4 |
|
60-80 |
// |
0,5 |
2,1 |
9,7 |
31,6 |
13,9 |
15,2 |
26,2 |
55,3 |
Тәжірибе
танабының шалғынды қара-қоңыр
топырағының негізгі гумус мөлшері 2-ші кестеде келтірілген.
Жыртылған
қабаттағы гумустың мөлшері 5,95% болса, ол
астыңғы қабаттарға қарай біртіндеп азаяды.
Кесте 2. Тың
шалғынды қара-қоңыр топырақтың гумус
мөлшері
|
Қабат,
см |
Қабат
тереңдігі,см |
Гумус
мөлшері, % |
|
Аж |
0-20 |
5,95 |
|
В1 |
20-40 |
4,76 |
|
В2 |
40-60 |
1,53 |
|
Вс |
60-80 |
1,12 |
Сонымен,
шалғынды-қара-қоңыр топырақ өзінің
су-физикалық қасиеттері және потенциалды
құнарлығы жағынан осында егілетін ауылшаруашылық
дақылдарын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ете алады.
Су
сыйымдылығы мәліметтері бойынша топырақтың
гранулометриялық құрамының ауыр болуына
қарамастан,оның су сіңіргіштігін
қанағаттанарлық
және тың жердегі су сіңіргіштік коэффициенті 0,9мм/мин
тең.
Берілген
тапсырманы орындау мақсатында далалық тәжірибе
жұмыстары "Агроуниверситет" тәжірибе станциясында,
шалғынды қара-қоңыр топырақта төмендегідей
вариантта жүргізілді:
|
Бақылау |
Тың жер |
Көң |
NPK |
|
Бақылаужүгері
0-20см |
Тың
жер 0-20см |
Рапс
көң 0-20см |
NPKжүгері 0-20см |
|
Бақылау
жүгері 20-40см |
Тың
жер 20-40см |
Рапс
көң 20-40см |
NPKжүгері 20-40см |
|
Рапс
бақылау 0-20см |
|
Көң
жүгері 0-20см |
NPK
рапс 0-20см |
|
Рапс
бақылау 20-40см |
|
Көң
жүгері 20-40см |
NPK
рапс 20-40см |
Мөлтектік
ауданы-54м2 (3,6x15).
Зерттелетін
топырақты өңдеу тәсілдері 240 м2
көлемдегі үлескелерде, үш рет қайталанып
жүргізілді. Көктемде, дән СЗП-3,6 сепкіші арқылы
себіліп, өңдеу ПН-4-35 соқасымен, сыдыра өңдеу
КПГ-250 қопсытқыш-сыдыра өңдеп-терең
қопсытқышпен, ерте көктемдегі ылғалды сақтау
үшін жабу – БИГ-3 инелі тырмамен жүргізілді. Егін «Сампо-130»
комбайнымен жиналды.
Жұмысымыздың
мақсатына және шешілетін мәселеріне сәйкес,
топырақты өңдеудің жоғарыдағы
тәсілдерін зерттегенде жалпыға белгілі химиялық және
құрал-саймандарды пайдаланатын әдістер қолданылып,
көктем, жаз бен күзде 0-20, 20-40 см қабаттардан
топырақ үлгілері алынып, анықталды.
Топырақтың
жыртылатын қабатындағы жалпы гумус мөлшерін Тюрин әдісі
арқылы анықталды.
Зерттеу
нәтижесінде шалғынды қара-қоңыр
топырақтың микроагрегаттық құрамы
минералдық тыңайтқыштар берілген вариантта, яғни NPK жүгері 20-40см тереңдікте жоғары
көрсеткішті көрсетті. Ал ең төмен көрсеткіш
бақылау вариантында болды.
Қорыта
келе, шалғынды қара-қоңыр топырақтың
гранулометриялық құрамы физикалық балшық
мөлшеріне байланысты беткі қабаттарында құм
балшықты, астыңғы қабаттарға
қарағанда оның біраз ауырлағанын көреміз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Почвы
Казахской ССР (Алма Атинская обл). Вып. 4А,1962,422 С.
2.Топырактар
практикумы. Елешев Р.Е., Елемесов Ж.Е.,
Мұхаметкәрімов Қ.М. Алматы 2006.17,75-76 бет.