Кыздарова Д.К., Ауельбекова А.К., Мусина Р.Т., Норцева М.А., Асылқанова Т.Ғ.

Е.А. Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университеті Казахстан

Artemisia absinthium L. және Artemisia albicerata L. анатомиясы.

Табиғат байлықтарын қорғау және оны тиімді пайдалану жөнінде алға койылған маңызды міндеттердің бірі ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау үшін табиғи жүйені қосымша түрде терең оқып, білу болып табылыды [3].

Қазақстанда 84 түрлі жусан түрлері өседі. Олардың көпшілігі халық шаруашылығында дәрі-дәрмек және мал азықтық шабындық ретінде пайдаланылады [7].

Әдеби деректерге жүгінсек, Орталық Казақстанда жусанның 16 түрі кездеседі. Бұлардың көпшілігі эфир - майлы және дәрілік өсімдіктер. Оның ішінде М.К. Кукенов, Р.А Егеубаевалар әртүрлі бірлестікте кездесетін жусан түрлерінде болатын эфир майының құрамын анықтаса [2], австрия жусанының құрамын В.Ю. Аверина, Л.М. Грудзинская, Г.Н. Нехаенко, Н.Г. Гемеджиевалар [3,6], ал ащы жусанды И. Е. Логвиненко, Л. А. Логвиненко, Л.В. Свиденко,  В.Д. Работяговтар [4-5] зерттеген. Осылардың қатарына Орталық Қазақстанда кездесетін ащы жусан - Artemisia absinthium  L. және боз жусан - Artemisia albicerata L. жатқызуға болады.

Жусан түрлерінің өте жақсы зерттелгеніне қарамастан, табиғи жағдайда әртүрлі бірлестіктерде кездесетін және мәдени жағдайда өсірілетін жусан түрлерінің биоэкологиялық, анатомиялық құрылыстары жайлы ғалымдардың әртүрлі көзқарастары бар. Әсіресе жоғарыда келтіріліп отырған түрлердің бейімделушілік белгілерін анықтайтын анатомиялық құрылысы жайлы әдеби деректер жоқтың қасы. Ал биоморфологиялық, анатомиялық ерекшелігін зерттеу, оның ішінде, әрбір түрге тән диагностикалық белгілерді анықтау Орталық Қазақстанның суық климататы жағдайында өсімдіктерді интродукциялауда аса маңызды орын алады. Сол себепті, осы жұмыстың негізгі мақсаты жусан туысына жататын екі түрдің вегетативті мүшелерінің анатомиялық құрылысын зерттеу. Сөйтіп бейімделушілік белгілерін, яғни әрбір түрге тән диагностикалық белгілерді анықтау және осы жусан түрлерінің өркен мүшелерінің құрылысының өсу ортасына байланысты өзгеріп отыратындығын дәлелдеу болып табылады. Зерттеуге Қарағанды облысының Бұқаржырау ауданында әртүрлі өсімдік бірлестігінде кездесетін Artemisia absinthium L. және Artemisia albicerata L. алынды.

Жиналған материалдарды өңдеу ботаника кафедрасында жүргізілді. Анатомиялық зерттеулерге жас сабақ пен ортаңғы жапырақтары алынды. Фиксация, препараттарды дайындау, анатомиялық зерттеулер баршаға белгілі жалпы қабылданған әдістемелер арқылы жүзеге асырылды [8]. Барлық сандық өлшеулерге статистикалық өңдеу жасалды [9].

Artemisia absinthium L. жапырағының көлденең кесіндісін алып қарасақ жапырақ мезофилін құрайтын ұлпалар изолатеральді типті, жапырақтың үстіңгі және астыңғы бетін жауып тұрған эпидермиске жанаса екі жағынанда бағаналы ұлпалар орналасқан, ал борпылдақ ұлпа осы екі ұлпаның ортасында жатады. Эпидермистің сыртында түктер анық көрінеді, пішіні сырғауыл тәрізді, профилінен қарағанда Т-әрпіне ұқсас. Жапырақ эпидермисінің жоғарғы және төменгі бөлігінің клеткалары сәл иректеліп келген. Оның жапырағынның бетіне, яғни үстіңгі эпидермаға жанаса орналасқан бағаналы ұлпа бір текті болып тығыз орналасса, борпылдақ ұлпаның клетка қабырғалары жұқа, клетка аралык кеңістігі үлкен болып келеді, ал астыңғы эпидерманың клеткалары біршама бір бірінен алшақ орналасқан, ал өткізгіш шоқтары сырт жағынан эндодермамен қапталған.

    Устьица аппараты (лептесік) жапырақтың екі жағында да айқын көрініп орналасқан. Эфир майы жиналатын бездеуіт түктері жапырақтың үстіңгі бөлігінің эпидермисінде көп және олардың пішіні 8 саны сияқты. Түктердің бас жағы 2-3 клеткалы, тармақтанған таяқша сияқты болып келеді, іші ауаға толы, кейбір түктерінің ұшы үшкірлеу, пішіні ұзынша болып келеді. Жалпы түктер микроскоппен қарағанда жапыраққа ерекше жібектей жылтыраған өң беріп тұрады. Ал кейбір бездеуіт түктері 3-4 қатар болып жүпсыз орналасқан, олардың бас жағында 6-8 клеткалы бөліп шығарушы бездеуіт түктердің клеткалары көрініп тұрады да оның кутикула қабатының астында пайда болған эндогенді қуыстарында эфир майы бөлінеді.

    Гүлінің жапырақ орамасының (обвертка) эпидермисі-ұсақ қатпарлары бар тік клеткалардан тұрады оның гүлінің күлте жапырақшасының эпидермисі- әлсіз иректі қабырғалы, клеткалардан тұрады. Тозаңының пішіні дөңгелек, тегіс, болып келгенімен оның сыртында эпидермис клеткаларының ұзаруынан пайда болған көптеген трихомалар анық көрінеді.

    Жол жиегінен жиналған Artemisia absinthium L. жапырағының кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, устьица апараттарының тереңірек орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшаларының қасаңданып сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы, ксерофиттік қасиеттерінің басымырақ болуы мен яғни өсу ортасында өсімдіктердің су тапшылығына көбірек ұшырағандығын анғартады.

Artemisia albicerata L. жапырағының эпидермисінің кұрлысын салыстырмалы зерттегенде оның жоғарғы және төменгі эпидермис клеткалары пішіні жағынан ұқсас, клетка қабықшалары әлсіз иректелетіндігі байқалады. Устьицаларының типі аномоцитті. Жапырағының үстіңгі және астыңғы жағында да жай түктер көбірек, ал бездеуіт түктер азырақ болып келеді. Жапырағы-изолатеральды, үстінгі эпидермистен кейін 2-3 қатар бағаналы ұлпа, ал астыңғы эпидермаға жанаса бір қатар бағаналы ұлпа орналасады. Олардың ортасында борпылдақ мезофилл клеткалары дамиды. Өткізгіш шоқ- коллатеральды, склеренхима клеткаларымен қоршалған. Жапырақтың борпылдақ клеткалары тығыз емес, клетка аралықтары бар.

Сабақтың көлденең кесіндісінің пішіні қөпқырлы, үш топографиялық аймақтан тұрады. Сабақтын сыртын бір қабатты эпидерма қаптап жатады. Бір қабатты эпидерма астында 3-4 қабат колленхима орналасады, оның астында паренхималық клеткалар бар,олардың саны көп 7-8. Сабағының әрбір қырында өткізгіш шоқтары орналасқан. Өткізгіш шоктар шеңбер жасап орналасқан, ашық және шоқтардың үстінде склеренхимасы болады. Ал сабақтың қырларында бұрыштық колленхимамен паренхимиялық клеткалар саны көп, оларда қор заттары көп жиналады. 

Жайылымдық жерден жиналған Artemisia albicerata L. сабағының көлденең кесіндісі көп қырлы, үш топографиялық аймақтан тұрады. Сабақтың сыртын бір қабат эпидермис қаптаған. Сабағының эпидермисінің сыртында жай және бездеуіт түктер орналасқан. Ал жапырағының эпидермасында жай түктер басым болып келеді. Бұнда тірі паренхималық клеткалар 5-6 қабат болып орналасқан. Artemisia albicerata L. сабағы толық сабақ, оның бұрыштық қырларында 5-6 қабат, эпидермистің астында 2-3 қабат  болып коленхима орналасады. Орталық цилиндр қабықтан энтодерма арқылы бөлінген. Өткізгіз шоктары шеңбер жасап орналасқан, ашық коллатеральды. Алғашқы прокамбиден пайда болған аналық өткізгіш шоқтардың аумағы шоқ аралық камбийден пайда болған қосымша өткізгіш шоқтардан екі еседей үлкен. Өткізгіш шоқтардың үстінде шоқ-шоқ болып орналасқан склеренхима клеткалары анық көрінеді. Өткізгіш шоқтармен жанасып жатқан шеткі паренхималық клеткалар өзектің ортасындағы паренхималық клеткаларға қарағанда көлемдері біршама кіші болып келеді және олар бір-бірімен түйісіп тығыз орналасқан. Өзектің осы шеткі клеткаларында қор заттары жиналады және одан лизигендік қуыстарды байқауға болады.

Сонымен зерттелінген өсімдіктердің Artemisia absinthium L. және Artemisia albicerata L. вегетативті  мүшелерінің анатомиялық құрлысын зерттеу нәтижесінде төмендегідей диагностикалық белгілер анықталды: олар, сабағы толық әрі қырлы, шоқты типті, устьица аппараты аномоцитті, эфир майлары шоғырланып жиналатын қуыстар, пішіні сырғауыл тәрізді, профилінен қарағанда Т-әрпіне ұқсас түктер, жапырақ эпидермасы сәл иректелген, эфир майы жиналатын бездеуіт түктер жапырақтың үстіңгі  эпидермисінде көп, пішіні 8 саны тәрізді және олардың бас жағы 2-3 клеткалы, тармақтанған таяқша сияқты болып келеді.

 

Әдебиеттер

1.     Егеубаева Р.А. Дикорастущие эфирномасличные растения юго-востока Казахстана.- Алматы, 2002. - 241с.

2.     Кукенов М.К., Егеубаева Р.А., Аверина В.Ю. Эфирномасличные растения Казахстана и их рациональное использование.-Алматы: Наука, 1990.С.5-9.

3.     Грудзинская Л.М., Нехаенко Г.Н., Гемеджиева Н.Г., Аверина В.Ю. Современное состояние популяций некоторых лекарственных растений Западного Тянь-Шаня // Ботанические исследования Сибири и Казахстана. – Барнаул, 2004. - Выпуск 10. - С. 107-114.

4.     Логвиненко И. Е, Логвиненко Л. А. Итоги интродукционно-селекционных работ перспективных видов и сортов рода Artemisia L. // Труды Никит. ботан. сада. – 2011. – Т. 133. – С. 115-132.

5.     Свиденко Л.В., Работягов В.Д. Итоги интродукции и селекции Artemisia balchanorum Krasch. в степной зоне юга Украины // Труды Никит. ботан. сада. – 2011. – Т.133. – С. 209-220.

6.     Грудзинская Л.М., Есимбекова М.А., Гемеджиева Н.Г., Мукин К.Б. Дикорастущие полезные растения Казахстана. - Алматы, 2008. - 100 с.

7.     Байтенов М.С. Флора Казахстана. Родовой комплекс флоры. – Алматы, 2001. - Т. 2. – 280 с.

8.     Клейн Х.Р., Клейн Д.Т. Методы исследований растений. М. Колос, 1974г.

9.      Зайцев Г. Н. Методика биометрических расчетов. М: Наука–1973. – 256с.