Каспий
теңізінің Қазақстандық секторындағы қауіптілік жағдайларының әсері
және апаттардың түрлері
Тауова Н.
Р.
жаратылыс
ғылымдары магистрі, аға оқытушы
Х.
Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Каспий теңізінің
тұйықтығына және Әлемдік мұхитпен
байланысының болмауына байланысты оның жоғары
экологиялық сезімталдығы оның акваториясында мұнай
операцияларын кеңейту Қазақстан Республикасы
заңнамасынының талаптарына және халықаралық
құқықтық актілердің шарттарына сәйкес
теңіз жобаларының операторлары мен қатысушыларының
өңірдің, соның ішінде мұнайдың
авариялық төгілуі және олардың зардаптарын жою кезінде,
толық экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуін талап
етеді.
Мұнай
операцияларын жүргізудің халықаралық практикасына
сәйкес төгілген мұнай көлеміне, ластану және
экологиялық-экономикалық зардап ауқымына, зардаптарды жою
үшін тартылатын материалдық, қаржы және адам
ресурстарының санына қарай мұнайдың төгілуінің
үш деңгейін ажыратады. 1-інші деңгейдегі төгілуді
оқшаулау және жою үшін компанияның да,
мамандандырылған мердігерлік
ұйымдардың да меншікті ресурстарын пайдалану
көзделеді.
Мұнайдың
апаттық төгілуін жою жөніндегі техникалық және
адам ресурстарымен жер қойнауын пайдаланушылардың қамтамасыз
етілуін талдау бүгінгі күні қолда бар 1-інші және 2-нші
деңгейдегі мұнайдың төгілуін оқшаулау
жөніндегі күштер мен құралдардың ажырап
кеткендігін және ұңғымалардың бақылаудан
шығу жағдайларын айтпағанның өзінде, 3-інші
деңгейдегі төгілуді жою үшін жеткіліксіз екендігін
көрсетіп отыр.
Қазіргі
таңда мұнайдың төгілуіне қарау-бақылау
жүйесі Қашаған
және Тенгиз жобаларында жұмыс істейтін Аджип ККО
компаниясының базасында құрал-жабдық және
техникасы бар шетел компаниялары және орындаушы фирмалар,(
Ұлыбританияның Саутгемптон қаласында орналасқан «Ойл
Спилл Риспонс Лимитед», және
т.б.) шетелдің арнаулы мекемелерінің бөлектенген
күштерінің арқасында жүзеге асып жатыр.
Мемлекеттік
қолдауға ие болып, Солтүстік-Каспий экологиялық
базасының қарау жоғарғы деңгейлі
құрылыс жобасы пайда болды.
Жобаның
мақсаты Каспий Теңізінің Қазақстан
Секторының солтүстік бөлігінде теңіз мұнай
операцияларын іске асыратын операторларды мұнайдың 2-ші
дәрежелі төгілуіне қарау қызметінде қамтамасыз
ету үшін база ашу. Солтүстік-Каспий экологиялық базасын
қараудың негізгі міндеті жануарлар әлемін қайта
жаңғырту, экологиялық және әдіснамалық
мониторингті өткізу, мұнайдың төгілуін жоятын
жабдықтың техникалық қызметі, оны сақтау болып
табылады.
Каспий
теңізінде теңіз мұнай операцияларын жүргізу
қауіпсіздігі авариялық фонтандарды сөндіру және өртті сөндіру
жөніндегі қаржылық, техникалық және адам
ресурстарымен толық қамтамасыз етілмегендігі уайым тудырады.Сонымен
бірге, Каспий теңізінің жабық су айдыны ретіндегі ерекшелігін
ескере отырып, теңізде мұнай кен орындарын барлау және игеру
кезінде кез келген аварияның туындауы халықаралық
деңгейдегі экологиялық апатқа әкеліп соқтыруы
мүмкін екендігін атап өткен жөн.
Бұл
ретте, түп тереңдігінің әр түрлілігіне
(солтүстік – таяз сулы, ал оңтүстік – терең сулы)
байланысты КТҚС-та мұнайдың төгілуіне ден қоюды
және жоюды қамтамасыз ету таяз су үшін және терең
су үшін бөлек, теңіздің толқуы жағдайында
өту қабілеті (шөгуі), сондай-ақ олардың меншікті
қауіпсіздігі тұрғысынан да әртүрлі үлгідегі
мамандандырылған кемелердің (мұнай жинаушылардың,
өрт сөндіру, фонтанға қарсы, құтқару,
мұз жарғыш және басқа), сондай-ақ арнайы
жабдықтың қолданылуын талап ететіндігін ескеру керек.
Практика көрсетіп отырғандай аварияларды жоюға арналған
жаңа бірегей жабдық әзірлеуге тура келіп отыр.
Сондықтан
да кем дегенде үш ден қою базасын құру қажет,
өйткені ден қою тиімділігі мұнайдың
төгілуінің басталуы мен оны оқшаулау және зардаптарын
жою уақыты арасындағы уақыт аралығымен анықталады.
Қазақстан
Республикасы мұнайдың төгілуіне ден қою және
трансшекаралық контексте ластану жөніндегі соңғы
халықаралық құжаттар (Мұнайдың
төгілуіне Қазақстанның ден қою дайындығы
жөніндегі ЕҚЫҰ Дөңгелек стөлінің
хаттамасы, Каспий теңізі жөніндегі Негізгі конвенцияға
Тегеран хаттамасы) аясында Каспий теңізінде қауіпсіздіктің
қамтамасыз етілуі үшін үлкен жауапкершілікте болады[1].
Осыған
байланысты КТҚС мұнайдың төгілуі салдарының алдын
алу үшін 3-інші деңгейдегі төгілуге ден қоюдың
бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру, оны
қазіргі заманғы техникалық құралдармен және
жабдықпен жарақтау, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды
даярлау мәселесін Қазақстан Республикасының
Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Президенті
жанындағы Қауіпсіздік Қеңесі деңгейінде
қарауға аса қажеттілік болып отыр.
Сондай-ақ
құқықтық сипаттағы күрделі
мәселелер де бар. Мысалы, нақты жер қойнауын пайдаланушымен
шарт жасасқан мұнайдың авариялық төгілуін жою
жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың
ұңғымаларды сөндіру
және өрт сөндіру құралдары жоқ,
күш пен құралдарды шоғырландыру қажет
болған жағдайда басқа келісім-шарттық учаскеде
мұнайдың төгілуі үшін жауап бермейді және оны
жоюға құқығы жоқ. Сондай-ақ
мамандандырылған шетелдік ұйымдар тартылған жағдайда
кедендік рәсімдерді оңайлату жөнінде проблемалық
мәселелер бар, бұл қолданыстағы заңнамаға
және жасалған келісім-шарттарға өзгерістер мен
толықтырулар енгізуді талап етеді [2].
1)
Мұнай төгілгені үшін жауапкершілікпен қоса
табиғатқа залалы үшін, апаттың
құқықтық мәселелерін;
2)
Ұңғымалардағы қысымды бақылайтын
лақтырындыға қарсы құрылғының бар
болуын, компания-операторлардың апатқа қарсы техникалық
құрал-жабдығының жағдайын;
3)
Оқытуға қолданылатын шараларды және
компания-операторлар штатының дайындығын;
4)
Қолданылатын технологиялардың инспекция жүйесінің
тиімділігін, техникамен жабдықталғанын, қауіпсіз
химикаттарды, биорагенттерді, қышқылдарды, төгілген
мұнайды өртеуге арналған құралдарды,
компания-операторлардың апаттардың алдын-алуына дайындығын
және олардың салдарымен күресті бағалау жөнінде
жұмыс атқару қажет.
Екі
экспорттаушы құбырларының әрқайсысы үшін
шығындалудың 3 мөлшері үлгілендірілген: 5мм, 50мм
және толық кескінді шығыны. Кейбір жағдайларда бір
құбыр үшін бірнеше шығындылық ескерілген.
3
мөлшерлі шығындылық үшін апатардың үш
түрі талданған болатын: өрттер, жарылыстар, газдардың
жану өнімдері (СО). Олардың әр түрлері үшін
сипаттамасы төменде беріледі.
Өрттер. Өрттердің 3
түрлері үлгіге алынған болатын: ағымды өрттер,
төгілген сұйықтық өрті және
тұтану-өрті. Ағмды өрттер, ағым қысым
үстіндегі құбыр немесе резервуардан шығу сәтінде
жанған кезде қалыптасады. Төгілген сұйықтық
өрті, егер сұйықтық жоғарғы
қабатқа шығып, содан соң өртенетін жағдайда
қалыптасады.
Тұтану-өрті жанармай сұйықтығының
қалдықтарынан қалыптасатын, газ немесе булардың қалдықтары
жанармай газының бұлтын құрады, және желмен бірге
таралып, тұтанған кезде қалыптасады. Экспортталатын
мұнай жанармай буларының бұлтын қалыптастыру үшін
қажетті мөлшердегі буды түзе алмайды. Өрттен
бөлінетін жылу мен оттың әсері, оның
ұзақтылығы мен интенсивтілігіне тәуелді жарақатқа
немесе өлімге әкелуі мүмкін [5].
Жарылыстар. Жиі жағдайларда
жанармай газының өртенуі немесе газ буларының бұлт
түзуі булы бұлттарының сабырсыз жарылыстарына әкеледі.
Бұл жағдайда өрттің жылдамдығы жоғары дыбыстық
көрсеткішке дейін қарқындайды, соның нәтижесінде
соққы толқындарының елеулі шығынды қысымы
құрылады. Табиғи газдың үлкен мөлшердегі
шығыны болуы қажет, және ол тепе теңдікте атмосферамен
араласуы тиіс. Экспортталатын мұнай жарылыстың себебі болуы
үшін, қажетті булардың мөлшерін түзе алмайды.
Жанармай өнімдері. Газ
қалдықтарының жартылай өртенуі үлкен
көлемдегі иісі бар газдың (СО) қалыптасуына әкеледі. СО
токсинді.
Жану процесінде қалыптасатын өте
жоғары температуралары шлейфты құрады, ол бастапқыда
жоғарыға көтеріледі. Үлгілендіру көрсеткендей,
көптеген жағдайларда СО потенциалды қауіпті концентрациялары
жердің бетіне дейін жетпейді. Кейбір жағдайларда, потенциалды
қауіпті концентрация көрсеткіштері 500м
қашықтықта жер бетіне түсе алады.
Қолданылатын үлгілер: Барлық
үлгілендіру технологиялық процестің қауіптерін талдау
(ТПҚТ) үшін бағдарламалық қамсыздандыру негізінде
орындалды.
ТПҚТ
адам өмірі, тұрғын үй/мүлік және
қоршаған орта үшін потенциалды қауіп төндіретін
жағдайларды бағалаумен айналысатын, өнеркәсіп
және ұйымдары ретінде халықаралық тұрғыда
танылды
Осы
мақсатта қалалар мен өнеркәсіп
орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су
көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну
қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты
пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау
туралы ақпарат зерделенді[3].
Кесте 1-Төгілген мұнай өрттері барысындағы
қауіпті қашықтықтары
|
МС |
Желдің жылдамдығы,
1м/с: Ғ тұрақтылық коэф |
|||
|
Жылу сәулесіне дейінгі
қашықтық (м) |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
Мұнай төгіндісі
резервуарының көлемі, м³ |
4 kW/м² |
12.5 kW/м² |
37.5 kW/м² |
|
|
1 000 |
180 |
120 |
50 |
|
|
10 000 |
600 |
300 |
120 |
|
|
100 000 |
1800 |
1130 |
490 |
|
|
1 000 000 |
5550 |
2650 |
1220 |
|
Жарылыстар. Экспорттаушы
мұнайдың төгіндісі барысында будың шағын саны
қалыптасады, будың жарылу ықтималдылығы
күтілмейді, сондықтан жарылыстарды үлгілендіру
орындалмаған. Экспорттаушы газ
құбыры: Экспорттаушы газ құбырларының екі
альтернативты маршруттары бар. Талдауда қолданылатын, экспорттаушы газ
құбырларының сипаттамасы 10- кестеде көрсетілген.
Кесте 2-Тұтану-өрттері барысында қауіпті
қашықтығы
|
1 |
2 |
3 |
|
МС |
Желдің жылд. 1м/с Ғ тұрақт.
коэф. |
Желдің жылд. 1м/с D тұрақт. коэф. |
|
Саңылау көлемі |
Қашықтығы (м)
50% төмеңгі өртенуге дейін |
Қашықтығы (м)
50% төмеңгі өртенуге дейін |
|
5мм |
45 |
36 |
|
50мм |
462 |
411 |
|
Толық құбыр
бөліні |
1600 |
1070 |
Кесте 3-Ағымды өрттері барысында қауіпті
қашықтығы
|
1 |
2 |
3 |
||||
|
МС |
Желдің жылд. 1м/с Ғ тұрақт.
коэф. |
Желдің жылд. 5м/с D тұрақт. коэф. |
||||
|
Саңылау көлемі |
Жылу сәулесіне дейінгі
қашықтық (м) |
Жылу сәулесіне дейінгі
қашықтық (м) |
||||
|
4 kW/м² |
12.5 kW/м² |
37.5 kW/м² |
4 kW/м² |
12.5 kW/м² |
37.5 kW/м² |
|
|
5мм |
6 |
4 |
1 |
5 |
4 |
1 |
|
50мм |
54 |
41 |
34 |
53 |
33 |
27 |
|
Толық құбыр
бөліні |
450 |
307 |
263 |
442 |
263 |
204 |
Өрттер. Экспортталатын мұнай газды
құрамайтындықтан, ол ағымды өрттің себебі
бола алмайды. Сонымен қатар, экспорттаушы мұнай жанармай газында
қалыптасатын, будың үлкен көлемін қалыптастыра
алмайды. Мұнай төгілуі барысында жер бетінен мұнай дағы
таралады. Егер төгінді жанатын болса, онда төгілген
сұйықтықтың өрті жүреді.
Төгілген сұйықтықтың өрті жылу
көзін қалыптастырады, ол жақын арадағы учаскесі
үшін қауіп төндіреді. Төгілген мұнайдың
өртінен қауіпті қашықтығы өрт болып
жатқан учаскесіне тәуелді болады.9-кесте әр түрлі
мөлшерде төгілген сұйықтықтың өрттері
үшін жылу қауіптерінің қашықтықтарын
көрсетеді.Экологиялық қауіпсіз және орнықты
дамуға көшу қазіргі уақытта
Қазақстанның даму стратегиясындағы басым
бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның
құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны
қорғау болып табылады[4].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1. Аджип
ККО, 2002. Техническое обоснование выбора вариантов строительства объектов
опытно-промышленной разработки месторождения Кашаган. Предварительная оценка
воздействия на окружающую среду (ПредОВОС), 2002.
2. Вредные
химические вещества. Углеводороды. Справочник. Под редакцией В.А.Филатова,
Ленинград, 1990.
3. Гольдберг
В.М. и др. Техногенное загрязнение природных вод углеводородами и его
экологические последствия, М.Наука, 2001.
4. Гусева
К.А. Влияние нефтепродуктов на развитие планктонных водорослей в пресноводных
водоемах // Антропогенные факторы в жизни водоемов. Ленинград: Наука, 1975. С.
127-130.
5. Диаров
М.Д. Кудайкулова А. К и др. Экология и нефтегазовый комплекс. Тома 1-5. Алматы,
2003.