ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ, ОНЫҢ АДАМ МЕН ИНДУСТРИЯЛЫҚ ІС- ӘРЕКЕТТЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

 

Тауова Н. Р.

жаратылыс ғылымдары магистрі, аға оқытушы

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

 

Кешенді гигиеналық сипаттама мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізетін әсерін бағалау жөніндегі жұмыстардың жүргізілу өзектілігі Қазақстан Республикасының алдында тұрақты даму қағидалары жүзеге асырылған жағдайда әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа деңгейіне қол жеткізу, бәсекеге қабілетті және дамыған әлемдегі елу елдің қатарына кіру міндетінің тұруымен түсіндіріледі. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың халық денсаулығына тигізетін әсерін бағалауда жаңа амалдардың әзірленуін қажет етеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың халық денсаулығына тигізетін қауіпті бағалау өнеркәсіптік кәсіпорындардың көп жылдық қызметі салдарынан болған (мысалы, Өскемен қ.) үлкен құлдырауға ұшыраған аймақта, тарихи ластану қалыптасқан аймақта (мысалы, Ақтөбе қаласы), қайта іске қосылып жатқан кәсіпорындар бар аудандарда (Павлодар қаласының электролизді өндіріс мысалында) жүргізілді.Атмосфералық ауа, топырақ, ауыз су, ашық тоғандар мен өсімдіктердің ластануына бағалау жүргізілді. Халық денсаулығы медициналық-демографиялық көрсеткіштер, н. 112/у мәліметтері бойынша дәрігерге жүгіну бойынша аурулардың талдану, дәрігерге күнделікті жүгіну, онкологиялық аурулармен ауру және онкологиялық аурулардан қайтыс болу көрсеткіштерін талдау, балаларды медициналық тексеру (300 адам), мектепке дейінгі балалар денсаулығындағы күнделікті өзгерістерді талдау (225 адам), халық арасында сауалнама жүргізу, биологиялық ортадағы металлдардың құрамын анықтау (580 сынама), халықтың иммунологиялық мәртебесін бағалау (320 адам), цитогенетикалық зерттеу жүргізу (18398 метафаза) сияқты сипаттамалардан тұрды. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың әсері бар аймақтарда қоршаған ортаның жекелеген факторларының халық денсаулығына тигізетін қауіпі гигиенада қабылданған әдістемелік тәсілдерге сәйкес есептелді.

Өскемен қаласында ластаушы заттардың өнеркәсіптік кәсіпорындардың залалды заттарымен бірге қоршаған ортаға шығарылу қарқынының азаюы аясында халық денсаулығының төмен көрсеткіштері анықталған. Мұны тіршілік ету ортасының қазіргі кездегі жағдайының қоршаған орта факторларының бұрынғы әсерінің қарқынды болуынан өзгерген ортаға тигізген ықпалынан болған әсер етумен түсіндіруге болады. Денсаулық үшін максималдық қауіп ластаушы заттар ингаляциялық жолмен ішке түскен кезде қалыптасады: қысқа мерзімді әсердің канцерогенді емес жиынтықты қауіп – 1,24–54,09; созылмалы – 2,60–156,50. Канцерогенді қауіп (1,8 · 10–3 – 5,1 · 10–3) атмосфера ауасындағы мышьяктың есебінен құрылады. Халық денсаулығы үшін қауіптің басымдық танытатын қалыптасу көзі болып, «Қазцинк» АҚ Өскемен металлургиялық кешеннің залалды заттары табылады.

Ақтөбе қаласы халқының денсаулығы үшін максималдық канцерогенді емес қауіп атмосфера ауасының ластаушыларының (15,63) созылмалы ингаляциялық әсері кезінде қалыптасады, басым заттар – күкіртсутек, формальдегид, өлшенген заттар. Атмосфера ауасындағы алты валентті хром құрамының деңгейі ШЖК төмен болғанымен, ол орташа деңгейдегі (2,4 · 10–4–8,5 · 10–4 бастап) канцерогенді қауіпті құрайды. Қауіптерді салыстырмалы талдау ингаляциялық жол алты валентті хромның адам ағзасына түсу арқылы Ақтөбе қаласы үшін басымдықта болатындығын анықтауға мүмкіндік берді.

Жобаланып отырған, Қазақстандық электролизді зауыттың халық денсаулығына тигізетін ықтимал әсерін болжау нәтижесінде әсер етудің анағұрлым мүмкін жолы ингаляциялық, максималдық маңызды орта – атмосфералық ауа екендігі анықталды. Әсер ету аймағында мекен ететін халық үшін халық денсаулығына тигізілетін канцерогенді және канцерогенді емес қауіп айтарлықтай жоғары болмайды.

 

Соңғы жылғы ластану деңгейіне қалалардың және өнеркәсіп орталықтарының тигізген әсері

Сурет 1. Шаруашылық салалар және олардың түрлері – ластаушы көздер ретінде

1,2, 3,4,5,6,7,8,9 - жай зауыттар; 10 - ірі мұнай өңдеу зауыты; 11 - ірі мұнай өңдеу зауыты; 12 - ірі мұнай өңдеу зауыты; 13 -  орта МӨЗ; 14 -  орта МӨЗ;

15 - мұнай шығару зауыты; 16 - ірі мұнай өңдеу зауыты; 17,18,19,20,21,22 – металлургия;

 

Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол - биосферадағы физика - химиялық және биологиялық процестердің  жүруінің шарты және метеорогиялық режимнің маңызды факторы.  Атмосферадағы жекелеген компоненттердің қатынасы оның радиацияға, жылу  және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін, жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса онда, жер бетіндегі орташа жылдық температура +150С емес, -180С болар еді.

 Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті.

 

Кесте 1-Жер атмосферасына шығарылатын техногенді табиғаты бар

қалдықтардың әлемдік мөлшері.

Ластаушы заттар

Млн. т/жылына

Көмірқышқыл газы

6000

Түтіннің қатты бөлшектері

580

Көміртегі (ІІ) оксиді

360

Ұшқыш көмірсулар және т.б. орг. заттар

320

Күкірт тотығы

160

Азот тотықтары

110

Фосфор қосылыстары

18

Күкіртсутек

10

Аммиак

8

Фторлы сутек

1

Хлор

1

 

Көміртегі(ІІ) оксидінің көп мөлшері өте қауіпті, бірақ ол тұрақсыз және жылдам СО2 мен басқа да қосылыстарға айналады. Атмосфераның басқа ластаушыларының ішінен  азот тотықтарының, көмірсулардың, бенз-а-пирен, хлор, фтор және басқа қосылыстардың маңызы зор. Бұлардың көпшілігі жылу балансының өзгеруі (көміртегі қос оксиді, азот тотықтары, метан, фреондар және т.б.) немесе озонның  бұзылуы (фреон және азот тотықтары) арқылы әсер етеді.

 Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластау. Ластайтын заттар өндіріс, автокөлік және тұрмыс қалдықтары. Осы ластаушы заттар атмосфералық ауаның төөменгі қабатына күнде қосылып отырады. Ауаны ластауда автокөліктердің де үлесі  орасан зор. Соңғы жылдары көлік түрлерінің тез дамуына байланысты жүк және жеңіл автокөліктердің, тракторлардың, тепловоздардың және ұшақтардың бөліп шығарған улы заттарынан атмосфераға түсетін қалдықтардың үлесі біршама арта түсті.Ауаның ластануының негізгі себебі, жанармайдың толық және біркелкі жанбауынан болады. Жанармайдың бар болғаны 15%-ы ғана автомобильді қозғауға жұмсалса, ал қалған 85 %-ы ауаға шығарылады.

 Автокөліктер табиғи газбен жүрсе, тиімді болар еді. Газды пайдалану саны 1985 жылы -  512 болса, 1995 жылы - 1838 - ге жетті. Сондай-ақ автомобильдің қозғағышының  жану камерасы бұл улы заттарды синтездеп, оларды атмосфераға шығаратын өзгеше бір химиялық реактор. Тіптен ауадағы зиянсыз азоттың өзі жану камерасына түскенде, азоттың улы тотығына айналады.

 Іштен жану қозғағышының (ІЖҚ - ДВС) жанармайдан шыққан газдарында 170-тен астам зиянды компоненттер бар, олардың 160-қа жуығы қозғағышта жанармайдың толық жанбауынан пайда болған көмірсутектердің туындылары болып табылады. Жанармайдан  шыққан газдарда зиянды заттардың болуы  жанармайдың түрлері мен жану жағдайына тікелей байланысты.

 Жанармайдан шыққан газдар, автомобильдің механикалық бөлшектері  мен покрышкаларының,  сондай- ақ жол жабындары антропагендік  тектегі атмосфералық ластағыш заттардың жартысына жуығын құрайды.  Автомобильдің  қозғағышы мен  картерінің  шығарған ластағыш заттары  жақсы зерттелген заттар болып табылады.  Осы шығарылған заттардың құрамына азот, оттегі, көмірқышқыл газ бен судан басқа , көміртегінің тотығы , көмірсутектер , азот пен  күкірт тотықтары, қатты бөлшектер сияқты зиянды заттар  да кіреді.

 Жанармайдан шыққан газдың құрамы қолданылатын  жанармайдың, майдың түріне , қозғағыштың жұмыс режиміне, оның техникалық жағдайына, автомобильдің  қозғалу жағдайына  және тағы басқаға байланысты. Карбюратор  қозғағышының  жанармайдан  шыққан газдарының  улылығы, оның құрамындағы  көміртегі мен  азот тотықтарына, дизельді  қозғағыштарда  - азот  тотығы  мен  күйенің  болуына тікелей  байланысты. Солардан  атмосфераға  шығатын  зиянды  заттардың мөлшері  (шаң- тозаң , улы газдар ) 1985 жылы 189,6 мың тонна, 1995 жылы 256,2 мың тонна. Оны мына кестеден  көруге болады:

 Зиянды  компоненттердің  қатарына  құрамында қорғасын  мен күйе  бар  концерогендік  қасиеті бар  қатты ластағыш  заттар да  кіреді . Газтәрізді өнімдерге  тән заңдылықтардан  қатты  ластағыш заттардың  қоршаған ортаға  таралу заңдылықтары  арасында айырмашылық бар. Ірі фракциялар (диаметрі  1 мм-ден азырақ)  топырақ пен  өсімдіктің  бетіне шөге отырып, соңында топырақтың   беткі қабатына  жиналады. Ұсақ фракциялар  (диаметрі 1 мм-ден  азырақ) аэрозольдер  түзеді де, ауа массасымен  үлкен қашықтықтарға таралады.Бензин құйғыш түтіктен бензиннің бәрін құю мүмкін емес, оның аздаған мөлшері болса да, жерге төгілетінін әрбір көлік жүргізушісі біледі. Алайда, ойланып қарасақ қазіргі кезде жер бетінде қаншама автомобиль бар десеңізші.  Жыл санап оның мөлшері арта береді, соған орай атмосфераға да зиянды заттардың бөлініп шығуы көбейеді.  Автомобильге  құйған кезде төгілген бензиннің 300 гр ғана 200000 м3 ауаны ластайды. Осы мәселені шешудің қарапайым жолы  - жер бетіне бірде-бір тамшы бензиннің төгілуіне мүмкіндік  бермейтін жаңа конструкциялы май құйғыш автоматтарды жасау.

Атмосфераның ластануын анықтайтын әдістер

Анықтау әдісі

Анықталатын компонент

Спектральды анализдің адсорбциялық әдісі:

Спектрдің инфрақызыл  аймағы (0,2-0,4 мкм)

Спектрдің ультракүлгін аймағы (2-10 мкм)

Көміртегі оксиді, азот

Жалынды-ионизациялық

Көмірсутектер, органикалық заттар

Хемилюминесценттік

Азот, азоттың оксиді, диоксиді, жоғары оксидтері

Флуоресценттік

Күкірт диоксиді, күкіртсутек

Жалынды фотометриялық

Күкірт диоксиді, күкіртсутек

Радиометриялық

Шаң

Гравиметриялық

Шаң

Электрохимиялық

Көміртегі оксиді, күкіртсутек, Күкірт диоксиді

 

Осы кестедегі әдіспен атмосфераны ластаушы заттардың массаларын, көлемін анықтайды. Қазіргі кезде атмосфераны бақылаудың лидарлық жүйесі қолданылуда. Лидарлқ жүйе жоғарғы энергиямен шығатын лазерлік сәуленің көздерін пайдалану арқылы жұмыс істейді.  Лазерлі - локациялық әдіспен атмосферадағы залалды заттар бақыланады.

Атмосфераға шығарылған ластаушы заттарды есептеу коэффиценттері, шекті рұқсат концентрация, есептеу формулалары.

 Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеудегі бастапқы мәліметтерге мыналар жатады:

Автокөлік типі

Отынның орташа шығын мөлшері (100км/л)

Отынның меншікті шығыны           

            Уі (1км/л)

Жеңіл автокөлік

11-13

0,11-0,13

Жүк автокөлігі

29-33

0,29-0,33

Автобус

41-44

0,41-0,44

Дизельді жүк көлігі

31-34

0,31-0,34

 Жанармай түріне байланысты автокөліктің бөліп шығарған зиянды заттарын анықтайтын импирикалық коэффиценттердің мәні кестеде берілген.

 

Отын түрі

Коэффиценттер мәні (К)

Көміртегі оксиді (СО)

Көмірсулар

Азот оксиді

Бензин

0,6

0,1

0,04

Дизель отыны

0,1

0,03

0,04

К коэффицентінің шамасы сандық жағынан 1 км жол жүруге қажет

(яғни, меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компоненттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.

Жанармай түрі

Q, л

Зиянды заттардың мөлшері, л

СО

Бенз-а-пирен

NО2

Бензин

25,23

0,024

0,004

0,0015

Дизельді отын

4,875

0,020

0,006

0,008

Барлығы (V), л

0,004

0,01

0,0095

 

Зиянды заттың түрі

Мөлшері, л

Масса, г

Сұйылтуға қажет ауаның мөлшері , м3

ПДК мәні

мг/м3

СО

0,044

0,055

18

3

Бенз-а-пирен

0,01

0,1125

37,5

1,5

NО2

0,0095

0,02

6,7

0,04

 

 Кез келген ғаламдық проблема жердің әр түкпіріндегі әрекеттерден пайда болады. Өндіріс орындары тұрақты және автокөліктер саны едәуір көп ірі қалалардың атмосфералық ластануымен біздің зерттелген ауданымызды салыстыруға болмайды. Дегенмен аудандағы автокөліктер саны аз болғанымен,бұлардң да белгілі бір дәрежедегі залаады әсерін біз зерттеу жұмысымыздан байқадық.

 Біз зерттеген аудандағы автокөліктерден тәулігіне 300т зиянды заттар бөлініп шығады. ІЖҚ-ның жанармайдан шыққан газдарында 170-тен астам зиянды компоненттер бөлінсе біз атмосфераға бөлінетін ең негізгілері СО, С20Н12, NО2  ғана есептей алдық.

Кент ішіндегі көшелердің тар екендігін ескерсек, жүк автокөліктері осы көшелермен жүргенде бөлініп шығатын зиянды заттардың мөлшері еселеніп көбейіп шығады. Бұл жұмыстарды  жүргізу барысында көз жеткізген жағдайларға байланысты төмендегідей ұсыныстарды айтуға болады.

1.     Автокөліктердің барлығын табиғи газбен немесе сутегімен жүру жағдайына көшіру. Себебі жанармайдың бар болғаны 15 %-ы ғана автомобильді қозғауға жұмсалса, ал қалған 85% - ы ауаға шығарылады. Табиғи газдың 90 % -ы жұмсалады.

2.     Терек ағашын көптеп отырғызу. Себебі терек ағашы 20 % шамасында дыбысты, шуды бәсеңдетеді және жалпақ жапырақты болғандытан оттегін көп бөледі. Мысалы, 25 жылдық терек ағашы жазғы 5 ай ішінде 44 кг жуық көмірқышқыл газын сіңіретіндігін айтсақ, онымен теңесетін өсімдік табу оңайға түспес.

3.     Жиде ағашын көптеп отырғызу. Себебі жиде ағашы улы заттарды өзіне ең көп сіңіретін өсімдік. Сонымен қатар тамырынан топырақтың құнарлылығын арттыратын азотты қосылыстар бөледі.

4.     Жанармай құю станцияларының қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауын бақылау. Себебі атмосфералық ауаға көмірсутектердің түсуі тек автокөліктердің жұмыс нәтижесінде ғана болмайды, сондай-ақ бензин құйған кезде де болады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.     Е Алимжанова «Экология,  туризм, өлкетану», Алматы 2002ж.

2.     Ж.Серікбаева «Өлке экологиясы», Қызылорда 2001 жыл.

3.     «Экологиялық білім бағдарламасы», Алматы 1999 жыл.

4.     Экологическая оценка в процессе проектирования предприятий цветной металлургии: Монография. – Алматы: Искандер, 2002. – 191 с. (в соавт. Корчевский А.А., Слажнева Т.И. и др.).