Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен
өндірілуінің тиімділігі
Удасбекова А.М.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада
терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда.
Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың
өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды.
Ұзақ уақыт бойы қоғамдық
әл-ауқат көздеріең алдымен материалды-техникалық
базаның қалыптасуы тұрғысында қарастыылады, ал
елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру
қарқындарымен анықталады.
Экономикалық ғылымдар
және экономикалық тәжірибесі көрсеткендей
инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді
модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР
үшін өте маңызды, өйткені 1990 жылдан бастап елімізде
технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің
техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми
өнімдекрдің шығуы азайды, ғылыми-техникалық
потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы
экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз
өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды.
Осының салдарынан ЖІӨ көлемі де 1990 жылмен
салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейін азайды.
Егер, өткен шаққа
көз салатын болсақ, Кеңестік Одақ кезеңінде
материалдық-техникалық қамсыздандыру, соғыстан кейінгі
жылдар қарқынмен дамып, жүйелі іске аса бастады.
Айталық машина құрылысындағы өндірістік
процестерді автоматтандыру деңгейінің елеулі артуы 40-50-ші жылдар
сандық бағдарламалық басқару (СББ) жүйелерінің
пайда болуымен және олармен металл кесуші станоктарға орнатумен
байланысты.
70-80-ші жылдары СББ бар
станоктардың негізінде автоматтандырылған бағдарламалау
жүйелері орнатылған икемді өндірістік жүйелер
(ИӨЖ) түрінде алғашқы салыстырмалы кішігірім
өндірістер құрыла бастады.
Қазақстанның
станок-құралдық өнеркәсібі негізгі қор
құрайтын сала ретінде өнеркәсіптің
ғылыми-техникалық прогресі мен өнімнің бәсеке
қабілеттілігіне жетудің негізі болып табылады. Станок жасау
дамуының деңгейінен мемлекеттің технологиялық
және де ақырында экономикалық қауіпсіздік
дәрежесі тәуелді. Осы саланың даму бағыттары оның
өнімдерін металл өңдеуде және мәшіне
құрылысында1, өнім ішкі және шетел
нарықтарында бәсеке қабілеттілігін арттыруда болашақ
технологияларын ендіру үшін тиімді пайдалану шарттарынан
анықталады.
Станок жасау саласының қор
құраушы рөлі өнім шығару
көлемініңЖІӨ артуы мен өнеркәсіптік
өндіріспен салыстырғанда өсуінің жоғары
қарқындарын анықтайды, оның сапасына жоғары
талаптар қояды.
Экономиканың әлемдік дамуы
келешекте мәшіне құрылысының келесідей салалары
приоритетті дамиды: ғарыштық және авиациялық техника,
автомобиль құрылысы,тұрмыстық және
шаруашылық техникасын өндіру, энергетикалық мәшіне
құрылысы және т.б. Бұл өнім түрлеріне
қойылатын негізгі талаптар: жоғары сенімділік, сапа мен дизайн,
сонымен қатар бөлшектерін жасау тиянақтылығы,
төмен материал, энерго, еңбек шығындары, жасап
шығарудың салыстырмалы қысқа циклі, қолайлы,
экономикалық негізделген баға.
Осыған сәйкес приоритетті
салаларда өндірілетін техниканың жоғары деңгейін
қамтамасыз етуге тиіс станок жасау өнеркәсібінің
өнімдеріне қойылатын талаптар: тапсырыс берушіге жабдықтарды
жеткізуде өндіріс проблемаларны кешенді шешу (алдыңғы
қатарлы техника немесе «ноу-хау», жиынтық жеткізу, ақпаратты
қамсыздандыру), оптималды өнімділік, өңделетін
бөлшекті жасаудың үздіксіздігі, сенімділік, жоғары
тиянақтылық, ұзақ мерзімді, минималды
қолданушылық шығындар, төмен материалды және
еңбек шығындары, бәсекеге қабілетті баға,
сервистік қызмет етудің жөнге салынуы.
Дүние жүзіндегі мәшіне
құрылысының дамуын зерттеу металл өңдеу
технологияларында үлкен өзгерістер күтілуде, алдымызда
станоктардың дамуының «үшінші толқыны» келе жатыр.
Қазіргі кезеңде технологиялардың дамуына тән
тенденциясы технологиялық жүйелердің қайта
құрылуы мен интеграциясы болып табылады. Олар өз кезегімен
әр салада тым күрделі, кең және тым
мамандырылған. Әрқашанда адам қуатты технологияны
басқара алмау жағдайының тәуекелі бар.
Әлемдік тәжірибе бойынша
өзіндік станок құрылыс дамуы мемлекеттің маңызды
приоитетінің бірі. Қазіргі даму кезеңінде негізгі
мақсаттарының бірі жоғары технологияларының
жетістіктерін қолдану, күрделі ғылыми өнімдеерді
құру болып табылады. Икемді өндірістік жүйеленржді
өндіруме байцланысты маңызды ұйымдастырушылық
техникалық шешімдер 2000 жылдыңғ басынан сынақты
компьютерлі интеграцияланған өндірістерді (КИӨ)
көзделді. Олар бұйымның өмір сүру циклінің:
маркетинг, бұйымды құру, технологиялық процестерді
құру, материалды қпамсыздандырылуы мен өндірісін
дайындау, өнімді жасап шығару, ноны өткізу, икемді
өндірістік жүйелерді іске кірісітіру процесінде қыщзмет ету
мен пайдаланудан шыққаннан кейін жоюдың барлық
мәселелерін шешекді. Бізлдің ойымызша КИӨ құрумен
кешіктіру Қазақстанның технологиялық және
тұтастай экономикалық қауіпсізілдігіне ұқатер
тудырады.
Компьютерлді интеграцияланған
өндірістер бпарлық КИӨ-ге ортақ үш
ерекшекліңктерімен сипатталады. Біріншіден, бұл икемдіңлік.
Яғни, жабдықтардың минималды ттоқтап тұруымен,
өнімнің тұрақиты сапасы мен оның нарық
жағдайында бәсекеге қабілеиттілігін қамтамасыз ете
отырып бұйымның бір түрінен екіншішісін өндіруге
көшудің мүмкіндігі. Екәінші ерекшелік –
ақпараиттық технологиялар негізінде интеллекуалды есептерді
шешетін, функционалдаудың оптималы режимін таңдайтын, кемшіліктерді
тауып, оларды жоятын және т.б. мүмкңндңктерң бар
«ойлайтын» мәшінелердің жаңа класы. Үшіншісі -
өндірісті, мркетингті және ндірісті дайындауды
(конструкторлық және технологиялық) ұйымдпастыратын
күрделі интеллектуалды процестерді автоматтандырылыған түрде
жүргізу.
Ғылыми және техникалық
тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын
жоғарғы деңгейлі иекмділігі мен автоматтандыроылуы бар
КИӨ мәшіне құрылысында автоматтандырылған зауыт
(АЗ) атауына ие болды.
Автоматтандырылған
зауыттың өндірістік жабдықтары әр түрлі
технологиялық қызметтері бар икемді өндірістік жүйелер
болып табылады. Осы жабдықтардың барлығы материалды
және ақпараттық ағымдармен бітұтас
өндірістік-ақпараттық АЗ кешеніне байланысқан.
Өндірісті басқарудың
автоматтандырылу және ақпараттандырудеңгейінің
жоғары болуы АЗ қызмет ететін адамдарға да –
операторларға, инженерлерге, бухгалтерлерге, ғылыми
жұмысшыларға және т.б. талаптарды өзгертеді.
Автоматтандырылмаған өндіріске қарағанда аз
физикалық күш жұмсаумен мұнда шешім қабылдау
жауапкершілігі мен қажеттілігіне байланысты психологиялық
ауыртпалық туындайды.
КИӨ-тің
артықшылықтары оларды әр түрлі бұйымдарда жасау
үшін: мәшіне құрылысы мен өнеркәсіптік
роботтарды жасау және жеңіл өнеркәсіпте
қолданудың кең аясын алдын-ала анықтады.
Экономиканың көптеген салаларында КИӨ
құрудың халықаралақ тәжірибесі
әдістемелік бағыттары бойынша, ақпараттық
ағымдарда құру қағидалары мен материалды
ағымдарды ұйымдастыру бойынша бұл өндірістердің
көп ұқсастықтары бар.
Кең технологиялық
номенклатуралық станоктарды жасап шығаратын әлемдік
алдыңғы ұатарлы фирмалардың тәжірибесіне
сүйеніп, Қазақстан өнеркәсібіндегі
актуалдық мәселелерді шешуде қазіргі автоматтандырылған
зауыттарды тәжірибелі түрде қолдану жөн.
Оларды Қзазақстанда
құрудың мақсаттары:
1)
Осындай жүйелерді құрудың
тәжірибесін алу, қазақстандық мәшіне
құрылысы саласының техникалық деңгейін елеуле
түрде арттыру үшін ғылыми-техникалық базасын
құру.
2)
Мәшіне құрылысында да,
өнеркәсіптің басқа салаларында да пайдалануға
жарамды жаңа бәсекеге қабілетті бұйымдарды,
материалдарды, технологияларды, жабдықтарды,
бағдарламалық-математикалық қамсыздандыруды,
ұйымдастырушылық-техникалық құрылымдарды, білім
базаларын құру.
3)
Еңбектің қоғамдануы. Жаңа
дәуірді СББ бар компьютерлер мен технологиялық жабдықтарды
қолдануға негізделген автоматтандырылған зауыттарда
қоғамдалған процестерді пайдалану. Мұндай СББ
кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктері бар және
акүрделі профессионалды білімдерді талап етеді және өз
кезегімен бұл жұмыстарға жастарды тартады.
Автоматтандырылыған зауытты
құру елеулі дәрежеде нақтылы шарттардан тәуелді.
Ал бұл шарттар зауыт өніміне қойылдатын талаптармен,
өндіріс көлемімен, басқа өндірістер мен
жабдықтаушылармен кооперация деңгейімен, зауыттың
қадлалық немесе басқа территорияда орналасуымен және
т.б. факторлармен анықталады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.
М. Тодоро « Экономическое развитие» - М. 1995 г., 15 бет
2.
Аубакиров Я. А «Экономикалық теория» - 1999ж.
Алматы, 135 бет
3.
Костюк В.К «История экономических учений» М-1997 г. 57
бет