Талапбаева Гульнар Едиловна

Э.ғ.к, ғылыми жетекші

Әбсадық Лаура Бағдатқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының 3 курс студенті

 

Мұнай – газ кәсіпорында контроллинг қызметін дамыту жолдары

 

Контроллинг өзін-өзі басқару болып табылады және оның басты міндеті басқару шешімдерін дайындау және сол шешімдердің орындалуын бақылау деген тұжырымға сәйкес, стратегиялық контроллингтің міндеті стратегияны дайындау және оның жүзеге асырылуын ұзақ мерзімді бақылау болып табылады. Басқару шешімдерін тиімді қолдау үшін стратегия дұрыс мақсатты бағытталуы тиіс. Дамудың анық бағытталуы кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын нақтылайды.

Мұнай газ саласы кәсіпорындарында стратегияны немесе жоспарланған көрсеткіштерді орындау бірінші кезекте атқарушылық тәртіпке байланысты болады. Тек қатардағы жұмысшылар емес, сонымен қатар барлық деңгейдегі менеджерлер де жататын атқарушылардың функционалдық міндеттері, сонымен бірге жоспарлар жасау барысында анықталатын қызмет аймағы бар. Басқару шешімдерін қолдауды мақсаттарды, тапсырмаларды және өздерінің функционалдық міндеттерін дұрыс түсінетін атқарушылар жүзеге асырады.

Атқарушылық тәртіпті бақылау барысындағы негізгі бағыт сапалы басқарушылық шешімдердің дұрыс, сындарлы және ынталы орындалуын бақылау болып табылады. Өндірістік бағдарламаны орындау барысында ресурстардың негізгі түрлерінің бірі персонал болып табылады, оның жұмысының тиімділігі жоғары деңгейде өндіріс пен ынталандыру шарттарына тәуелді болып келеді. Қажетті қаражаттар болған жағдайда қол жеткізілетін ресурстардың басқа түрлерімен салыстырғанда, персоналды таңдау және тиімді қолдану күрделірек болып табылады. Жұмысқа алу кезінде персоналды таңдаудың қазіргі әдістері үміткердің білім деңгейін, дағдыларын және тәжірибесін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ үміткер жұмысты орындау барысында оларды тиімді қолданатындығын анықтау мүмкін емес. Осыған байланысты қойылған міндеттерді тиімді шешуге персоналды ынталандырудың ролі жоғарылай түседі. Персоналды ынталандырудың әр түрлі құралдары туралы өте көп жазылаған және айтылған, бірнеше теориялар қатары мен атқарылған тәжірибелер бар. Мотивация персоналды белгілі бір тәртіпке, мінез-құлыққа ынталандыру үрдісін білдіреді.

1.    Қызметкерлердің жағымды тәртібі.

2.    Ынталандыру үрдісі, яғни ынталандыру ережелерінің, процедураларының, механизмдерінің жүйесі.

Атқарушылық қызметті бақылау көбінесе жоғары менеджмент жүзеге асыратын мақсаттың дұрыс қойылуына байланысты. Сондықтан мақсаттар жалпылай және әр позицияға, бөлімшеге, қызметкерге қатысты, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарда нақты анықталуы керек. Жоспар негізгі және қосымша мақсаттарды дәл айырып, оларға жету жолдарын, қызмет шарттарын және ақырғы нәтижені анықтауы керек.

Басқару персоналының көбеюінің жұмыстың ПӘК-не әсерінің сапалы көрсеткіштерінен басқа, әкімшілік персоналға кететін шығындар өндірістік шығындар мен табыстарға жанама қатысты болатынын, тұрақты шығындарды жоғарылататынын, бірақ басқару өнім өндірмейтіндігін, сондықтан өндірістің қажетті компоненті болмайтынын ескеру керек.  Пайдалы әрекет коэффициенті еңбек тиімділігі немесе өнімділігі көрсеткіштерімен сипатталады. Еңбек өнімділігін анықтау үшін қолданылатын әдістеме өнім бірлігіне кететін уақыт көлемін немесе уақыт бірлігінде өндірілетін өнім санын анықтауды қарастырады. Соңғы кезде өнімділікті анықтау үшін тек шығарылған және өткізілген өнімді есепке алу ұсынылады. Атқарушылық тәртіп ұғымымен еңбек сапасы ұғымы байланысты, бұл ұғым күрделілік, қауырттылық шамасын және қоғамдық мәнділікті сипаттайды.  Контроллерлер мен атқарушылардың еңбек тиімділігін анықтау кезінде, әдетте, жалпы кәсіпорынның немесе оның жеке бөлімшелерінің жұмысын жақсартуға кететін еңбек шығындарын анықтау туралы айтылады 1 - сурет.

Е с к е р т у – Автордың құрастыруы

 

Сурет 1. Кәсіпорында ішкі есептілікті жүргізу контроллингі

 

Интеллектуалды еңбек үлесін анықтау интеллект потенциалын Intellectual Quotient (IQ) есептеуді қарастырады, алайда IQ контроллинг көмегімен бизнесті жақсарту мүмкіндіктерін әрдайым анықтай бермейді.  «Еңбек сапасы» ұғымы кадрларды даярлау деңгейін, оларды ынталандыру мен еңбекке көзқарасын қарастырады, яғни сапаны басқару оқудан басталады және оқумен аяқталады, сонымен қатар, ол «тиімділік» және «өнімділік» ұғымдарымен тікелей байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1        Хан Д. Планирование и контроль: концепция контроллинга / Пер.с нем.; под ред. и с предисл. А.А. Турчака, Л.Г. Головача, М.Л. Лукашевича. – М.: Финансы и статистика, 2003. – 800 с.

2     Ташенова С.Д. Система контроллинга: теория и методология формирования и модель развития. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 286 с.

3        Контроллинг: учебник / А.М. Карминский, С.Г. Фалько, А.А. Жевага, Н.Ю. Иванова; под ред. А.М. Карминского, С.Г. Фалько. – М.: Финансы и статистика, 2006. – 336 с.