Экономические науки/12 Экономика сельского хозяйства.

 

PhD Куатбеков Ж., Ильяс Е., Еспенбетова Н.

 

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қаласы.

 

қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу

 

 

Қазақстанның аграрлық секторын мемлекеттік реттеу мәселесі Кеден одағының шеңберінде және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіргеннен бастап өте өзекті мәселеге айналып отыр. Осы жағдайларға байланысты Қазақстан өз тарапынан аграрлық секторға мемлекеттік қолдау көрсету барысында халықаралық талаптарды ескере отырып жаңа жүйені қалыптастыруда. Ол үшін бүгінгі жағдайды ескеріп, өзгерістердің жаңа деңгейін бағалау арқылы тиімді іс әрекеттер атқару қажет.

Соңғы жылдары Қазақстандағы экономикалық өзгерістер көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Аграрлық сектор соңғы 10 жылда нақтылы экономикалық тұрақтылықты көрсетіп отыр, салалар үлесі өсіп, мемлекеттің жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 9,6% құрады. Сонымен қатар Қазақстан аграрлық сектор өнімдерін дүниежүзілік саудасына белсене қатысып, жеткізу мөлшері көбейе түсуде[1.].

Қазіргі таңда Қазақстанның 170 жуық өнімі 2 млрд. доллардан астамы 38 мемлекетке, яғни сыртқа шығарылады. Қазақстанның агро өнеркәсіп кешені маңызды әлеуетті құрайды, ол туралы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлкен көлемі дәлел ретінде қарастырылып, олардың жалпы көлемі 223 млн.га құрайды, оның ішінде -21 млн.га жыртылған жер, яғни ауылдың жоғары еңбек әлеуетін білдіреді. (ауылдық жерлерде мемлекеттің 45% жуық халқы өмір сүруде), дәнді – бұршақты дақылдар, картоп пен өсімдіктерді өсіру үшін қолайлы ауа райы жағдайларының және мал шаруашылығы өндірісі үшін жайылымдар аумағының маңызды әлеуетінің болуы (пайдаланатын жердің жалпы көлемінің 84 %).

Агроөнеркәсіптік кешен дамытудың стратегиялық мақсаттарын іске асыру мақсатында ішкі нарыққа қолайла жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады, сыртқы нарықта алдынғы қатарлы орындарды иемдену мақсатында мемлекет тарапынан жүйелі институционалды саясат жүргізуде. Осыған байланысты «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі құрылған және ол өз кезегінде АӨК саласындағы қызмет жасайтын «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ; «КазАгроФинанс» АҚ; «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ; «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ; «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ;  «Казагромаркетинг» АҚ арқылы еншілес акционерлік қоғамдар арқылы корпоративтік мәдениетті және салымдық активтерді басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады [2.].

Холдинг компанияларының тобында қаржылық, өндірістік және инфрақұрылыс ресурстарын консолидациялау АӨК дамытуда келісілген қолдау мен бірлескен синергетикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты АӨК мемлекеттік реттеудің стратегиялық бағыттары болып АӨК еңбек өнімділігі болып табылады және ол индустриаландыру мен әртараптандыру арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы ішкі азық-түлік нарығын реттеп, АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру үшін және оны дамыту үшін қолдау жасай отырып, қол жетімді қаржылық, өндірістік және АӨК сервистік инфрақұрылымына өзіндік көмегін тигізеді.

Қазақстанның АӨК дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру жағдайында өңірлік деңгейде негізгі басымдық болып өндірісті әртараптандыру болып табылады және ол жерде әлемдік экономиканы дамытудың инновациялық ерекшеліктерін ескерген жөн. Осы орайда Қостанай облысының АӨК «Бизнестің жол картасы 2020», «Агробизнес 2020» және Мемлекеттік үддемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы (МҮИИДБ) мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда [3.].

Аграрлық саладағы Қазақстанның инновациялық саясаты ең негізгі стратегиялық және басымды бағыттардың бірі болып табылады.  Инновациялық процестердің, инновациялардың дамуы, үздіксіз техникалық, технологиялық жаңаруды және ауыл шаруашылығы өнімдерінің ұйымдастырушылық базасын кеңейуіне, дамуына әкеліп, сол арқылы жаңа бәсекеге қабілетті өнімдерді алып, АӨК дамытудың нәтижесін жақсартады. Қазақстандағы инновациялық саясаттың өңірлік аспектілері бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

АӨК дамытуда маңызды жетістіктерге қол жеткізу тек мемлекеттік қолдаудың кешенді құралдарына байланысты, себебі олар өз кезегінде ДСҰ кіру қарсаңында АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттіктерін жоғарлату үшін тиімді жағдайлар қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанның АӨК инновациялық дамытуды ынталандыру бойынша мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасайды.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.        «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 27 қаңтар, 2012 жыл.

2.        «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» акционерлік қоғамының  2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы. 31.01.2011ж.

3.        Мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен агро өндірістік кешендерді қолдау қағидалары. 7.07.2006 ж.